Оқытудың соңғы нәтижесі. Патологиялық физиология кафедрасы

ММУ Ф 4/3-03/04

ММУ БЕ 4/04

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Патологиялық физиология кафедрасы

СИЛЛАБУС

«Тыныс алу жүйесі», «Жүрек-тамыр жүйесі», «Тірек-қимыл жүйесі», «Эндокриндік жүйе», «Жүйке жүйесі», «Асқорыту жүйесі», «Несеп-жыныс жүйесі»,

«Қан түзуші жүйе» модулдері бойынша

PF – 2 3212 Патологиялық физиология - 2 бойынша

 

«5В130100 - Жалпы медицина» мамандығы үшін

 

Кредиттердің көлемі – 3 кредит (135 сағат)

 

Курс III

 

Семестр V - VI

 

 

АРАҒАНДЫ 2015 ж.

Силлабус 5В130100 жалпы медицина мамандығы үшін «Патологиялық физиология 2» пәні бойынша «Тыныс алу жүйесі», «Жүрек-тамыр жүйесі», «Тірек-қимыл жүйесі», «Эндокриндік жүйе», «Жүйке жүйесі», «Асқорыту жүйесі», «Несеп-жыныс жүйесі», «Қан түзуші жүйе» модулдерінің «___» ________ ___ ж. №__ хаттамамен бекітілген интеграцияланған жұмыс бағдаралмасы негізінде құрастырылған.

 

 

Силлабус кафедра мәжілісінде қарастырылып және бекітілген

Хаттама № ___ «___» __________ 2015 ж.

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., проф. С.Б. Жәутікова.

 

 


Оқытушылар туралы мәлімет:

Кафедра меңгерушісі:Жәутікова Сауле Базарбайқызы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары категориялы дәрігер, педагогикалық жұмыс стажы - 22 жыл.

Ғылыми ізденісі: зат алмасу патофизиологиясы және эндокринология.

Ғылыми мектебі: кандидаттық диссертациясы “Влияние глибенкламида на углеводный обмен и липопероксидацию при сахарном диабете”, 14.00.03 – Эндокринология, ғылыми жетекшісі м.ғ.д., проф. Сейсембеков Т. З., м.ғ.д., проф. Корчин В.И., Алматы қ. Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы. “Патогенетическая взаимосвязь кардио-респираторной и метаболических нарушений при сахарном диабете в эксперименте и клинике”, шифры 14.00.03 – Эндокринология, докторлық диссертация жұмысын қорғады; қазақ және орыс тілдерінде дәріс оқиды және тәжірибелік сабақтар жүргізеді.ҚММА-да «Эндокринологияның өзекті мәселелері» БКФ өтті 2000 ж. (1 ай), 2004 ж. «Менеджмент сапа жүйесіне кіріспе» атты ПБКФ өтті; 2004 ж. ҚММА-да БКФ (1ай) өтті; 2006 ж. «Медициналық ЖОО-дағы оқыту технологиясы» әдістемелік біліктілікті көтеруді өтті;2006 ж қараша айында Мәскеу қаласында патологиялық физиология және клиникалық физиология маманданудан өтті.2008 ж (1ай) «Медициналық оқытудағы инновациялық технология» циклы бойынша ҚММА-да БКФ өтті. 2008 ж. ҚазММА (Стюарт Меннин). ҚММУ-те 2010 жылдың сәуір айында БКФ «Совершенствование обучающих технологий с использованием симуляций» тақырыбы бойынша өтті. Эндокринологтар қоғамының мүшесі.

Кафедра доценті: Әбікенова Фатима Самитқызы, медицина ғылымдарының кандидаты, патологиялық физиология кафедрасының доценті, педагогикалық жұмыс стажы - 23 жыл. Ғылыми ізденісі: зат алмасудың патофизиологиясы.

Ғылыми мектебі: кандидаттық диссертациясы «Влияние гепарина на липопероксидацию и морфофункциональное состояние ß-клеток поджелудочной железы при экспериментальном сахарном диабете», 14.00.016 – Патологиялық физиология, ғылыми жетекшілері м.ғ.д., проф. Мейрамов Г.Г.., б.ғ.д., проф. Муравлева Л.Е., Астана қ, Акмола мемелекеттік медицина академиясы. 1991 ж. Гродно қаласында (1 ай) медицина тарихы бойынша БКФ өтті; 1999 ж. ҚММА-да педагогикалық біліктілігін көтеруден өтті; 2003 ж. ҚММА-да (1 ай) БКФ өтті, 2006 ж. «Медициналық ЖОО-дағы оқыту технологиясы» әдістемелік біліктілікті көтеруді өтті; 2007 ж. «Мәселелі-бағдарлы оқыту» циклы бойынша педагагогикалық біліктілікті көтеруден өтті; 2008 ж (1ай) «Медициналық оқытудағы инновациялық технология» циклы бойынша ҚММА-да БКФ өтті. Қазақ және орыс тілдерінде дәріс оқиды және тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

Кафедра доценті: Быстревская Любовь Кирилловна, медицина ғылымдарының кандидаты, патологиялық физиология кафедрасының доценті, педагогикалық жұмыс стажы – 48 жыл.

Ғылыми ізденісі: зат алмасудың патофизиологиясы.

Ғылыми мектебі: кандидаттық диссертациясы «Экспериментальный диабет, вызываемый 8 – (п-толуолсульфониламино) хиномином» 31 наурыз 1972 ж. Шифр ВАК: 14.795. Мамандығы: «Патологиялық физиология», ғылыми жетекшісі м.ғ.д., проф. Лазарис Я.А. Қарағанды қ., Қарағанды мемелекеттік медицина институті. 2006 ж. «Медициналық ЖОО-дағы оқыту технологиясы» әдістемелік біліктілікті көтеруді өтті; 2007 ж. «Мәселелі-бағдарлы оқыту» циклы бойынша педагагогикалық біліктілікті көтеруден өтті; «Патологиялық физиология және клиникалық патофизиология» тақырыбы бойынша «Сургут мемлекеттік университетінде Ханты-Мансий Югра аймағында» БКФ өтті. Медициналық институтта 2012 ж; ) 2012 ж (1 ай) «Медициналық оқытудағы инновациялық технология» циклы бойынша ҚММУ-де БКФ өтті. 2013 жылы «Мамандығы адалдығы үшін» грамотасымен және ақшалай сйыақымен марапатталған. Орыс тілінде дәріс оқиды және тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

Кафедра оқытушылары:

Аға оқытушы: Аринова Сапаркүл Махамбеталиқызы, педагогикалық жұмыс стажы - 13 жыл.

Ғылыми ізденісі: зат алмасудың патофизиологиясы.

Ғылыми мектебі:2005ҚММА-да (1 ай) БКФ өтті. 2008 ж «Инновационные технологии в медицинском образовании» циклы бойынша (1 ай) ҚММА-да БКФ өтті.

Қазақ тілінде дәріс оқиды және тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

Аға оқытушы:Жиенбаева Кымбат Мураткызы, педагогикалық жұмыс стажы – 11 жыл.

Ғылыми ізденісі: Гигиеналық еңбек, зат алмасудың патофизиологиясы. 2014 ж. «Магистр» академиялық дәрежесін алды.

Жетістіктері: 2006 ж. (1 ай) ҚММА-да БКФ өтті, 2008 ж (1ай) «Медициналық білім берудегі инновациялық технология» циклы бойынша БКФ өтті. Қазақ тілінде дәріс оқиды, қазақ және орыс тілдерінде тәжірибелік сабақ жүргізеді.

Оқытушы:Бесков Владимир Николаевич, медицина ғылымының кандидаты, доцент, педагогикалық жұмыс стажы – 51 жыл.

Ғылыми мектебі: 1974 жылы «Морфологические и чистохимические изменения миометрия крыс в процессе беременности и получил ученую степень кандидата медицинских наук (раздел цитология и гистология)» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғаған.

1979 жылы патологиялық анатомия мамандығы бойынша аға ғылыми қызметкер оқу атағына ие болған, ҚММА-ның ОҒЗЛ патоморфологиялық тобының жетекшілік лауазымын атқарған.

1980 жылдан 2005 жылға дейін ҚММА-ның гистология кафедрасының доценті болған.

2003 жылы ҚММА-да БКФ өткен.

2009 жылдын 1 қыркүйегінен бастап патологиялық физиология кафедрасының оқытушысы болып жұмыс атқарады. Орыс тіліндегі тәжірибелік сабақтарды жүргізеді.

Оқытушы:Мохир Юрий Михайлович, медицина ғылымының кандидаты, доцент, педагогикалық жұмыс стажы – 41 жыл.

Ғылыми ізденісі: биохимия

Ғылыми мектебі: 1969 ж. «Влияние унитиола на обмен холестерина при лучевом поражении» кандидаттық диссертациясын қорғаған. 093 – биологиялық химия бойынша, ғылыми жетекшілері б.ғ.д., проф. В.И. Якубовская Қарағанды қ., Қарағанды мемлекеттік медицина институтында. 1970 жылы Новосибирскіде биохимия пәні бойынша квалификациясын жоғарлатқан. 1971 және 1985, 1987 ж. Москва қаласында квалификациясын жоғарлатқан. 1989 жылы биохимия бойынша Ленинградта педиатрия институтында квалификациясын жоғарлатты.ҚММИ 1996 жылы педагогикалық квалификациясын жоғарлатты,1998 жылы ҚММИ клиникалық биохимия бойынша квалификациясын жоғарлатты. 2003 жылы КММА квалификациясын жоғарлатты. 2010 жылдың 1 қыркүйегінен бастап патологиялық физиология кафедрасында оқытушы болып еңбек етеді. Орыс тілінде тәжірибелік сабақ жүргізеді.

Оқытушы:Умер Фарук, педагогикалық жұмыс стажы – 4 жыл.

Ғылыми ізденісі: зат алмасудың патофизиологиясы.

Жетістіктері: ҚММУ ішінде «Повышение пед.квалификации» циклі бойынша

БКФ Қарағанды қ. - 2012 ж.,

Ағылшын және орыс тілдеріндегі тәжірибелік сабақтарды жүргізеді.

Оқытушы:Мұқұшев Мейрам Райымқұлұлы,педагогикалық жұмыс стажы – 4 жыл

Ғылыми ізденісі: зат алмасудың патофизиологиясы.

Қазақ тілінде тәжірибелік сабақ жүргізеді

Оқытушы:Қойшыгарина Гүлжамал Бектенқызы,педагогикалық жұмыс стажы – 3 жыл

Ғылыми ізденісі: зат алмасудың патофизиологиясы.

Қазақ және орыс тілдерінде тәжірибелік сабақ жүргізеді

Оқытушы:Жалмаханов Мұрат Шарапатұлы, педагогикалық жұмыс стажы – 3 жыл

Ғылыми ізденісі: зат алмасудың патофизиологиясы.

Қазақ тілінде тәжірибелік сабақ жүргізеді

Оқытушы:Таласпекова Юлия Павловна, педагогикалық жұмыс стажы – 4 жыл

Ғылыми ізденісі: зат алмасудың патофизиологиясы.

Орыс тілінде тәжірибелік сабақ жүргізеді

Оқытушы:Володина Наталья Николаевна, педагогикалық жұмыс стажы – 2 жыл

Ғылыми ізденісі: зат алмасудың патофизиологиясы.

Орыс тілінде тәжірибелік сабақ жүргізеді

Оқытушы:Карипова Әсима Мұратқызы, педагогикалық жұмыс стажы – 2 жыл

Ғылыми ізденісі: зат алмасудың патофизиологиясы.

Қазақ және орыс тілдерінде тәжірибелік сабақ жүргізеді

Байланыс ақпараты:

Патологиялық физиология кафедрасы мына мекен жайда: Қарағанды қ..

Алалыкин көшесі 7, ІІ корпус, 3 қабат, тел.; 55-06-42 (1243)

Пәннің саясаты:

Патологиялық физиология кафедрасының басты талабы студенттердің теориялық материалдардан алған білімдері мен тәжірибелік дағдыларды игеруін патологиялық физиология 2 пәнінің «Тыныс алу жүйесі», «Жүрек-тамыр жүйесі», ,«Тірек-қимыл жүйесі», «Жүйке жүйесі», «Асқорыту жүйесі», «Эндокриндік жүйе», «Несеп-жыныс жүйесі» «Қан түзуші жүйе» модулдерінің сұрақтарын игеру үшін қолдану; зақымдануының жиі кездесетін синдромдарының анықтамасы, негізгі түсініктері, себептерін, жалпы заңдылықтарын, даму механизмдерін, ағымы мен соңы және олардың айқындалу патогенезін; эксперименттік жануарлармен жұмыс жасау дағдыларын игеру, осы жүйелердің қызметінің бұзылуының эксперименттік үлгілерін алу; негізгі типтік патологиялық процестердің экспериметтік моделдерін таба білу; даму механизмін анықтау мақсатында алынған қорытындыларды өңдеу және анализдеу; сонымен қатар студенттер ҚММА-да қабылданған жалпы талаптарды сақтау қажет: тәжірибелік сабақ уақытнда ұялы телефондарды қолданбау, тапсырма тапсырғанға дейін себепті жағдайға байланысты босатылған сабақтарын өтеу; сабақта формада болу: бейжды бар ақ халат, қалпақ және ауыстыратын аяқ киім. Пән бойынша бойынша студентті бағалау берілген тапсырмаға жауап беру барысында (аудиториялық және аудиториядан тыс), сонымен қатар студенттің дәріс тақырыптарынан тұрады. Тапсырмаларға материалдар тәжірибелік сабақтарға, СОӨЖ, СӨЖ арналған әдістемелік нұсқаулықтарда берілген, бағалар электронды бағдарлама «Платонусқа» қойылады. Оқу үрдісінде оқытудың белсенді әдістері: TBL және RBL қолданылады, тақырыптары тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспарында көрсетілген. СОӨЖ, СӨЖ және тәжірибелік сабақтың ауызша жауаптары таңдау және тәжірибелік сабағындағы тәртібіне, оның сырт келбетіне байланысты қойылады. Пән бойынша 8 тапсырма (әр модуль бойынша 8). Әр тапсырма модульге сай күнтізбелік-тақырыптық жоспарда көрсетілген дәрістердің, тәжірибелік сабақтардың, СОӨЖ, СӨЖ бойынша бағалау бағалар шкаласы және Миллер пирадимасын есепке ала отырып студенттер білімін бағалаудың баллдық-рейтингтік жүйесіне сай пайызбен қойылады. Қорытынды бақылау СОӨЖ бойынша ақырғы сабақта тапсырылатын тапсырмаға сай 8 аралық бақылаудан және пән бойынша жазбаша емтиханнан тұрады.

Кіріспе

Тәжірибелік денсаулық сақтау міндеттері, халыққа медициналық қызмет көрсетуді жақсарту және олардың сапасын артыру мәселелері жоғарғы медициналық мектептерге тұтас мамандықтық талғамдылығы және дүние танымы бар мамандарды дайындауды жетілдіру бойынша жаңа талаптар қойып отыр. Білім берудің біршама жоғары сапасына қол жеткізу білім беру интеграциясы, жаңа ғылыми мәліметтер және инновациялық қызмет есебінен қамтамасыз етілуі мүмкін. Мамандықтық білім беруде бағдарламалық немесе институциялық интеграция мамандардың дайындық сапасын академиялық бағдарламалардың мазмұнды сабақтастық, сонымен қатар қорларды тиімді пайдалану есебінен жоғарлату қажеттілігіне негізделген. Интеграцияланған бағдарламаның мақсаты негізгі пәндермен қоса патологиялық физиологияны жас балалар ерекшеліктерімен бірге игерудің соңғы нәтижелеріне жетуді қамтамасыз ету болып табылады. Дәрігерлерді дайындау кезіндегі берік білім мен икемділіктің қалыптасуының басты шарты негізгі пәндерден (қалыпты және патологиялық анатомия, қалыпты және патологиялық физиология, гистология, биохимия, фармакология және т.б.) алған білімінің клиникалық пәндерде, оның ішінде алдымен ішкі аурулар пропедевтикасында алған білімдерімен және машықтанған тәжірибелік икемдер мен дағдыларға қилысып, сәйкес келуі болып табылады.Студенттермен ертеректе басқа пәндерде игерілген мәліметтердің қайталанып баяндалмағаны жөн. Интеграцияланған білім беру негізгі пәндерді және ішікі аурулар пропедевтикасын жекеленген жүйелер бойынша студенттердің біртіндеп игеруін жорамалдайды. Оның негізіне адам мүшелерінің сегіз жүйесі бойынша моделдеу принципі алынған: жүрек-қантамырлар, тыныс алу, асқорыту, нерв, несептік-жыныстық, эндокриндік, тірек-қимыл жүйесі, тері мен оның қосымшалары, қан түзуші жүйелер. «Тыныс алу жүйесі», «Жүрек-тамыр жүйесі», «Несеп-жыныс жүйесі», «Тірек-қимыл жүйесі», «Жүйке жүйесі», «Эндокриндік жүйе», «Асқорыту жүйесі»,«Қан түзуші жүйе» модулдерінің басты міндеті – негізгі және клиникалық пәндердің интеграциясы негізінде студенттерге патологиялық жағдайлардағы адамның тыныс алу жүйесін, олардың жұмысын қамтамасыз ететін физиологиялық үрдістерін және негізгі клиникалық синдромдардың қалыптасуының патофизиологиялық механизмдерін түсіну барысында, клиникалық тексеру негіздерін үйрету болып табылады.

Пәннің мақсаты:клиникалық ойлау қабілетін және берілген жүйелердің әлеуметтік маңызы зор ауруларының емдеу негіздерін қалыптастыру үшін тыныс алу, жүрек-тамыр, несеп-жыныс, тірек-қимыл жүйелері, жүйке, эндокриндік, асқорыту, қан түзуші жүйелері бойынша білімнің интеграциясын көрсету.

 

Оқытудың міндеттері:

· тыныс алу, жүрек-тамыр, тірек-қимыл, эндокриндік, несеп-жыныс, жүйке, асқорыту, қан түзуші жүйелерінің зақымдану барысында пайда болған негізгі симптомдары мен синдромдардың патофизиологиялық механизмдерін түсіндіру

· тыныс алу, жүрек-тамыр, тірек-қимыл, эндокриндік, жүйке, асқорыту, несеп-жыныс, қан түзуші, жүйелерінің ауруларының патогендік терапиясының негізгі принциптерін құрастыру.

Оқытудың соңғы нәтижесі

Дескрипторлар Блум пирамидасы Оқытудың соңғы нәтижесі Құзыреттілік
А Сол саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қосқанда, оқыған саласы бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу Білу     Түсіну «Тыныс алу жүйесі», «Жүрек-тамыр жүйесі», «Несеп-жыныс жүйесі», «Тірек-қимыл жүйесі», «Жүйке жүйесі», «Эндокриндік жүйе», «Асқорыту жүйесі», «Қан түзуші жүйе» жүйелерінің патологиясы кезінде синдромдардың себептері мен даму механизмдерін қысқаша түсіндіру; 2, 3, 4, 6
В Осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу Қолдану Жалпы 8 жүйелік модульдары бойынша терминологиялық білімді көрсете білу; осы жүйелердегі патологиялық үрдістердің даму механизмдері бойынша клиникалық есептер шешу; аталған жүйелердің қызметтерінің бұзылыстарын нақты мысалдарда көріністерін салыстыру 2, 3, 4, 6
С Аргументтерді қалыптастырып, осы саладағы мәселелерді шешу Анализ Жүйелердің патологиясы кезінде дамитын бұзылыстары мен синдромдары жайлы, олардың даму механизмдерін білу негізінде есептердің шешімі бойынша нәтижелерін бағалап, пікір қалыптастыру; тыныс алу, жүрек-тамыр, несеп-жыныс, жүйке, эндокриндік, асқорыту, қан түзуші, тірек-қимыл жүйелерінің бұзылыстары кезіндегі көріністерінің негізгі механизмдері. 2, 3, 4, 6
  D   Е Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттарды жинау және интерпретациялауды жүзеге асыру Синтез Патологиялық физиология-2 тұрғысынан тыныс алу, жүрек-тамыр, несеп-жыныс, жүйке, эндокриндік, асқорыту, қан түзуші, тірек-қимыл жүйелерінің бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезі бойынша мәліметтерді компиляциялауға, оның маңызын бағалауға, өзінің жеке тұжырымдарын құрастыруға, реферат, презентация, жоба түрінде практикалық сабақтарда, студенттік үйірмелерде, студенттердің ғылыми конференцияларында рәсімдей алу 2, 3, 4, 5, 6
Ақпараттарды, идеялар, проблемалар және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де хабарлау Бағалау Клиникалық есептерді шешу барысында студенттерге/ оқытушыларға/ емтихан қабылдаушыға өзінің білімін және ептілігін көрсетіп, тыныс алу, жүрек-тамыр, несеп-жыныс, жүйке, эндокриндік, асқорыту, қан түзуші, тірек-қимыл жүйелерінің бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезі бойынша білім негізінде тұжырымдарын түсіндіруге қабілетеу. Студенттерге өзінің мәліметтермен (оқулық, анықтамалық, ғылыми) жұмыс істеу ептілігін беруге қабілеттеу. Зерттеу аймағында өзінің тұжырымдарын, алған мағлұматтарының анализін және синтезін ұсына отырып ашық баяндау әдістерін меңгеру. 2, 3, 4, 6

Реквезитке дейінгі: анатомия - 1, гистология - 1, физиология - 1, анатомия - 2, гистология - 2, физиология – 2, патологиялық анатомия - 1, патологиялық физиология - 1.

Реквезиттен кейінгі: балалар аурулары, акушерлiк және гинекология, ортақ дәрiгерлiк тәжiрибе, iшкi аурулар, хирургиялық аурулар

Пәннің қысқаша мазмұны

«Тыныс алу жүйесі», «Жүрек-тамыр жүйесі», «Тірек-қимыл жүйесі», «Жүйке жүйесі», «Асқорыту жүйесі», «Эндокриндік жүйе», «Несеп-жыныс жүйесі», «Қан түзуші жүйе» модулдері бойынша патологиялық физиология 2 – клиникалық тәжірибе үшін теориялық база болып табылатын эксперименталдық пән. Осы модулдер бойынша патологиялық физиология 2 - зақымдануының жиі таралған симптомдары мен синдромдарының себептері мен жағдайларын, даму механизмдері мен соңдарын зерттеумен айналыса отырып, диалектикалық материализм принциптері және эксперимент пен клиникада алынған анық мәліметтер негізінде, барлық жүйелерінің ауруларының патогендік терапиясының негізгі принциптерін құрастырады. Бұлардың дәрігер клиницисттің дүние танымын қалыптастыруда үлкен маңызы бар.