Силлабус кафедра мәжілісінде қарастырылды және бекітілді

Ф КГМУ 4/3-03/03

ПП КГМУ 4/03

 

АРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

 

Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасы

 

СИЛЛАБУС

 

Элективті пән «Ауруханаішілік инфекциялар»

 

5В130100 - «Жалпы медицина» мамандығы үшін

 

Оқу сағатының көлемі 45 (1 кредит)

 

Курс 3

 

Семестр 5-6

 

Қарағанды 2014ж.

 

Силлабус «Эпидемиология» пәні бойынша жұмыс бағдарламасының негізінде 5В130100 – «Жалпы медицина» мамандығы үшін құрастырылған. «____» _______2014ж. Хаттама

№ ____

 

 

Силлабус кафедра мәжілісінде қарастырылды және бекітілді

«____» ____________________ 2014 ж. Хаттама № ____

 

Кафедра меңгерушісі, доцент______________ Шайзадина Ф.М.

 


Оқытушылар туралы мәліметтер:

Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент: Шайзадина Фатима Мейрхановна, пед. Өтілі – 21 жыл.

Ғылыми қызығушылығы: Ауруханаішілік инфекциялардың эпидемиологиялық ерекшеліктері.

Ғылыми мектебі: кандидаттық қорғады: тақырыбы «Хирургиялық стационардағы іріңді-септикалық инфекциялардың эпидемиологиялық сипаттамасы» - 14.00.30. – эпидемиология. Ғылыми жетекшілері м.ғ.д., профессор А.Б. Абишева, м.ғ.д., профессор К.Б. Оспанова.

Мемлекеттік тілде дәріс оқиды.

Медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Пак Анатолий Сан-Нериевич, пед. өтілі 43 жыл. 1995 ж. Алматы қ. КИЭМИБ «Ірі кәсіби қалалардағы шигеллездердің эпидемиологиясы (Қарағанды қаласының кәсіптік аймақ мысалында) тақырыбына кандидаттық диссертация қорғады. мамандығы – эпидемиология – 14.00.30. 52 ғылыми еңбектің авторы.

Аға оқытушы: Брицкая Татьяна Михайловна, пед. өтілі – 32 жыл. Баспа жұмысы – 28, 3- әдістемелік ұсыныс (баспа).

Ғылыми қызығушылығы: туберкулездің эпидемиологиялық мәселелері; иммунопрофилактика.

Орыс тілінде дәріс оқиды және тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

Аға оқытушы Бейсекова Мауза Мараловна Пед. өтілі – 9 жыл. Басылымдар саны – 13, оқу-әдістемелік құрал – 2.

Мемлекеттік және орыс тілінде дәріс оқиды және тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

Аға оқытушы: Алышева Несипкуль Орынтаевна Пед. өтілі – 17 жыл.

Ғылыми қызығушылығы: «Эхинококкоз мысалында паразитарлық инвазияларға эпидемиологиялық қадағалау»

Ғылыми мектебі: м.ғ.д., профессор Оспанова К.Б., ғылыми консультант м.ғ.д., профессор Сыздыков М.С. мамандығы – 14.00.30- «эпидемиология». Баспа жұмысы – 23, 3 - әдістемелік оқу құралы (баспа).

Мемлекеттік және орыс тілінде дәріс оқиды және тәжірибелік сабақтар жүргізеді

Оқытушы: Камарова Айсулу Макашевна. Пед. өтілі – 9 жыл. Ағылшын, орыс, қазақ тілінде тәжірибелік сабақ жүргізеді және дәріс оқиды.

Ғылыми қызығушылығы: паразитарлы аурулар. Басылымдар саны – 3, ағылшын тілінде

Оқытушы: Абуова Ғазиза Темиралиевна. Пед. өтілі – 3 жыл. Мемлекеттік және орыс тілдерінде тәжірибелік сабақ жүргізеді.

Оқытушы: Мендибай Салтанат Танашқызы. Пед. өтілі – 14 жыл. Мемлекеттік және орыс тілдерінде тәжірибелік сабақ жүргізеді және дәріс оқиды. Басылымдар саны – 9.

Оқытушы: Омарова Алуа Ораловна. Пед.өтілі – 2 жыл, оқытушы-машықтанушы. Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде тәжірибелік сабақтар жүргізеді. Басылымдар саны – 8.

Кафедра оқытушылары оқу процесінде оқытудың белсенді әдістерін қолданады: TBL (топтық оқыту), PBL.

Байланыс ақпараты: Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасы мына мекен жайда орналасқан: №4 оқу корпусы, Гоголь көшесі 40, тел.51-37-98 (127). epidemiology00@mail.ru.

Пәннің саясаты:

Эпидемиология пәнін оқыған кезде, студенттер эпидемиологияны интегративті, әдістемелік ғылым ретінде көрсететін, инфекциялық патологияны, медициналық биология мен микробиологиядан бастап инфекциялық аурулардың клиникасына дейінгі және тәжірибеде профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастырудың мәселелерін біріктіру мүмкіншілігі бар эпидемиялық процесс туралы ғылым ретінде меңгеруі қажет.

Пәнді оқып білу КО-тың кестесі бойынша жүргізілетін емтиханмен аяқталады. Емтиханға жіберілу рейтингісі 50% және одан жоғары студенттер жіберіледі.

Тәжірибелік сабақты себепті жағдаймен босатқан студенттер сабақтың тақырыбын кафедраның білім алушылармен жеке жұмысы және кеңес беру кестесіне сәйкес кезекші оқытушыға ауызша өтейді. Себепсіз жағдаймен босатқан тәжірибелік сабақтар өтелмейді. Егер босатқан сабақтар 50% құраса және нақты тапсырмаға қарасты тәжірибелік сабақтарға берілген барлық сағаттар санынан жоғары болса білім алушы тапсырманы тапсыруға жіберілмейді. Электронды журналға «0» қойылады.

Студентке күнделікті бағаларын оқу журналына оқытушы әрбір орындалған тапсырмаға (бірнеше тақырып енетін интегрленген тақырып) 100-балды шкала бойынша қояды. Тапсырманың күнделікті бағасы оқу жұмысының барлық түрін ескереді (дәрістер, тәжірибелік сабақтар, ОЖСӨЖ, СӨЖ). Пән бойынша аралық бақылау кафедрада ОЖСӨЖ кезінде аралық бақылауды тапсыру кестесіне сәйкес жүргізіледі. Пән бойынша аралық бақылау басынан бастап жүргізілген барлық материалдар көлемін және тәжірибелік сабақтардың сұрақтарын, ОЖСӨЖ және СӨЖ енгізеді.

Ағымды үлгерім рейтингісін есептеу (жіберу рейтингісі) барлық ағымды бағалардың орташа арифметикалық есептеулерімен және аралық бақылауды есептеумен жүргізіледі.