Пәннің қысқаша сипаттамасы

Пән туралы ақпарат

Пән атауы Кәсіби қазақ тілі Пән коды   Кредит саны Курс, семестр 3 курс 5 семестр
Мамандық аты Қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті Мамандық шифры 5В011700, 5В012100 кафедра Қазақ тілі мен әдебиеті Институт филология
Оқыту формасы (күндізгі, сырттай), (ОБ, АОБ, ЖО) Оқыту тілі: қазақша
Пәнді өткізу уақыты және орны: сабақ кестесіне сай
Консультация уақыты
Рубеждік бақылау кестесі
Оқытушының аты-жөні, лауазымы, дәрежесі, атағы Ф.ғ.к., аға оқытушы Қоқанова Ж.А. Контактілік ақпарат(телефон, e-mail) 87781866917 zharka 75 @mail.ru  
Оқытушы қолы Кафедра меңгерушісі: п.ғ.д., доцент Даулетбекова Ж.Т.

Пәннің қысқаша сипаттамасы.

Курсты оқытудың мақсаты.«Кәсіби қазақ тілі» пәні қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мамандығы бойынша білім алушы студенттерге кәсіби тұрғыда білім беруді көздейді. Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі «Кәсіби қазақ тілі» курсының мақсаты – кәсіби мамандыққа сәйкес қазақ тілінің теориясын, оқыту жүйесін, методологиясын, дәстүрлі және инновациялық әдістерді, өзге тілді мектептерде тілді үйретудің лингвистикалық және педагогикалық қағидаларын жан-жақты меңгерген мұғалім дайындау. Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі пәнінің маманы мемлекеттік тілді коммуникативтік тұрғыдан меңгерген, өз ойын қазақ тілінде ауызша дұрыс жеткізе алатын, жазба тілді сауатты түрде игерген тұлға (оқушы) тәрбиелеуді көздейді.

Міндеттері:

 

- өзге тілді мектептерге арналған кәсіби қазақ тілі бойынша берілетін білімнің мазмұны мен көлемін белгілеу;

- пән мақсатына сәйкес кәсіби қазақ тілінің басты ұстанымдарын анықтау;

- кәсіби қазақ тілінен берілетін білім нәтижесінде студенттердің лингвистикалық, лингвомәденитанымдық, қатысымдық және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру;

- қазақ тілінен берілетін білім мазмұнын коғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени ортамен байланыстырып жаңа сапаға көтеру;

- пәнді жүйелі оқытудың тиімді әдістемесін іске асыру;

- қазақ тілінде дұрыс сөйлеу мен дұрыс жазу нормаларының теориялық, әдістемелік жүйесін анықтау;

- ауызша және жазбаша қарым-қатынасқа тән тілдік бірліктер мен олардың қолданылу аясын саралау;

- қатысымдық бірліктерді (сөз, сөйлем, мәтін) белгілі бір әлеуметтік ортада қолданылу ерекшеліктеріне қарай жүйелеу;

- кәсіби қарым-қатынаста қолданылатын тілдік материалдарды іріктеу;

- болашақ маманның лингвомәденитанымдық білімі мен сөйлеу мәдениетін жетілдірудегі ұтымды әдістерді айқындау;

- қазақ тілін оқытудағы тиімді технологияларды саралау, дәстүрлі және жаңа бағыттағы оқыту ұстанымдарын анықтау;

- деңгейлік оқытудың әдіснамалық негізін зерделеу;

- деңгейлік оқытуға сай дидактикалық тәсілдер мен әдістемелік шеберлікті анықтау;

- кәсіби қазақ тілінен базалық түсінік қалыптастыратын кәсіби терминдер жүйесін саралау және студенттерге арнайы кәсіби терминдерді меңгерту;

- тілдік материалдарды прагматикалық және коммуникативтік қызметті анықтайтын лингвистикалық категорияларға сай іріктеу;

Тұлғалық нәтижелері. «Кәсіби қазақ тілі» курсын игеру нәтижесінде студент мына мәселелердібіледі және қолданаалады:

- қазақ тіліне тән төл дыбыстардың жасалуын және оларды қолдану жолдарын игереді;

- сөздердің айтылуы мен жазылуына, емлесі қиын сөздерге, интонацияға байланысты фонетикалық заңдылықтарды меңгереді;

- сөз мағыналарының семантикалық қабатын, кеңею, тарылу жолдарын, топтарын, лексика-грамматикалық категорияларға тән мағынаның берілу тәсілдері мен жолдарын игереді;

- тілдік норма мен сөйлеу мәдениеті, ондағы стильдік ерекешеліктерді біледі;

- жазбаша тілдік қатынас пен ауызша тілдік қатынастың және тілдік бірліктер мен қатысымдық бірліктердің айырым белгілерін таниды;

- ұлттық болмысты бейнелейтін сөздерді, мәтіндерді саралап, олардың куммулятивтік қызметін айқындай алады;

- қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік қызметін іске асырады;

- қазақ тілінен білім берудің дәстүрлі және инновациялық технологияларын меңгеріп, соған сәйкес дидактикалық әдіс- тәсілдерді қолдана алады;

- ресми құжаттар, эссе, баяндама жазудағы тілдік норма мен стильдік норманың арақатынасын талдайды;

- тілдік материалдарды сыни тұрғыдан ойлау, проблемалық және шығармашылық ойлау тұрғысынан талдай алады, пікір жаза алады;

- мамандығына қатысты тақырып бойынша пікірталастыра алады; тезис, баяндама, реферат т.б. дайындай алады;

- кәсіби мәтіндерге лингвистикалық талдау жасай біледі.

Студенттердің теориялық білімін тексеру мақсатында орындалатын өздік жұмыстар, тезистер, конспектілер, теориялық және практикалық тест жұмыстары, аралық бақылау жұмыстары олардың кәсіби қазақ тілінен меңгерген теориялық білімін практикада қолдануға жаттықтырады.

Пәнді оқу барысында студент мынадай құзыреттіліктерге ие болады:

Тілдік құзіреттіліктер:лингвоэкологиялық құзыреттілік, ақпараттық құзыреттілік, проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі.

Лингвомәденитанымдық құзыреттіліктер:қатысымдық құзыреттілік, танымдық құзыреттілік, әлеуметтік құзыреттілік.

3. Пән пререквизиттері:«Жалпы тіл білімі», «Нормативті қазақ тілі», «Қазіргі қазақ тілі» салалары, «Тілдік қатынас негіздері», «Лингвистикалық терминдер теориясы», «Қазақ әдеби тілі», «Көркем мәтінді лингвистикалық талдау», «Қазақ тілін оқыту әдістемесі», «Педагогика» т.б.

4. Пән постреквизиттері:«Әлеуметтік лингвистика», «Когнитивтік лингвистика», «Психолингвистика», «Паралингвистика», «Прагмалингвистика», «Коммуникативті лингвистика», «Этнолингвистика», «Жалпы педагогика», «Жалпы психология» «Этнопедагогика», «Этнопсихология» т.б.