Мемлекеттің нысандары

Мемлекеттің нысаны – мемлекеттік биліктің қалыптасу, бөліну және іске асырылу тәсілдерінің жиынтығы, мемлекеттік билікті ұйымдастыру және оның құрылымы.

Мемлекет нысаны, бұл – мемлекет пен басқарудың жоғарғы органдарын құру мен ұйымдастырудың белгіленген тәртібі, мемлекеттің аумақтық құрылысын жасаудың тәсілі, мемлекеттік билікті жүзеге асырудың әдістері, амалдары мен жолдары. Сонымен, мемлекет нысаны негізгі 3 элементтен түзіледі:


Мемлекетті басқару нысанынан


Мемлекеттің құрылым нысанынан


Мемлекеттік, саяси тәртіп нысанынан

Мемлекет нысандары- саяси өкіметті ұйымдастыру жолдары, басқару нысанын, мемлекеттік ұйымдастыру нысанын және саяси режимді қосып алады.

Егер «мемлекеттің негізі» санаты мемлекеттегі басты, зандылық неге байланысты екенін белгілесе, «мемлекет нысаны» санаты – қоғамда кім және қалай басқарады, қалай ұйымдасқан және ондағы мемлекеттік билік құрылымы қалай қызмет істейді, ол аумақтың тұрғындары қалай біріккен, әр түрлі аумақтық және саяси құрылымдар мемлекетпен қалай қатынаста, қандай әдістердің және жолдардың көмегімен саяси билік жүргізілетіндігін көрсетеді.

6. Мемлекеттің саяси режимі және нысаны

Мемлекеттің саяси режимі– мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асыру әдістерінің жиынтығы. Саяси режимдердің түрлері:


Демократиялық


Антидемократиялық


Антидемократиялық саяси режим өз кезегінде:


Авторитарлық


Тоталитарлық


Фашистік режимдер болып жіктеледі


Демократиялық саяси режимнің нышандары:


Әр түрлі партиялар, бірлестіктер, қозғалыстар Конституция шеңберінде еркін әрекет етеді


Қоғамда әр түрлі идеологиялық ағымдардың, бағыттардың болуына және үстемдік етуші бірден – бір идеологияның болмауына жағдайлар жасалады


Мемлекет өз органдарын сайлау жолымен құрады.


Қоғамда демократиялық құқықтар мен бостандықтар орын алады


Антидемократиялық саяси режимнің нышандары:


Демократиялық партиялар мен ұйымдарға тыйым салынады


Идеологиялық пікір алуандығы болмайды


Сайлау жолымен құрылған органдар болмайды


Демократиялық құқықтар мен бостандықтар шектеледі


Жаппай қуғын – сүргін және заңсыздықтар орын алады


Тоталитаризм белгілері: бір ғана бұқаралық партия, бір идеологияның үстемдігі, экономиканы басқару мен бақылаудың орталықтанған жүйесі.

Авторитаризм көп жағдайда тоталитаризмнен демократияға өтпелі кезең ретінде қарастырылады. Авторитаризм тұсында көппартиялылық, меншіктің көптүрлілігі, біртұтас идеологияның болмауы байқалады.
7. Мемлекеттің құрылым нысаны– мемлекеттің орталық және жергілікті органдары арасындағы биліктік өкілеттілікті бөлу, мемлекеттің тұтас және жеке бөлшектерімен арақатынасын анықтайтын биліктің аумақтық ұйымдасуы. Мемлекет әкімшілік – аумақтық құрылымына қарай біртұтас, федеративті, конфедеративті болып келеді.

Біртұтас мемлекет – өз ішінде салыстырмалы саяси еркіндігі жоқ ұсақ әкімшілік – аумақтық бірлестіктерден тұратын тұтас мемлекет. Біртұтас мемлекеттің белгілері:


Жалпы елге ортақ заң шығару, атқару, сот органдарының болуы.


Халықтық деңгейде әрекет жасайтын құқық және ақша жүйелерінің тұтастығы


Бүкіл біртұтас мемлекеттің аумағына ортақ заңдардың болуы


Федеративті мемлекет – орталық пен жергілікті жердегі билік органдарының қарым – қатынастары ортақ конституциямен бекітілген билік нысаны мен құзыретінің бөлінуіне негізделген, салыстырмалы мемлекет тектес бірлестіктерден құралған тұтас одақтас мемлекет. Федерациялық одақ жекелену қағидатына негізделеді. Федерацияның нысандық белгісіне қосарланған азаматтық болуы жатады.

Конфедерация – белгілі бір тарихи кезеңде, өздерінің алдына қойған мақсаттарына жету үшін егеменді мемлекеттердің уақытша жасасқан келісімдері бойынша құрылған одақ.
8. Мемлекеттің механизмі

Мемлекет пайда болғаннан кейін саяси билік жүргізу қажеттігі туыңдайды. Осыған байланысты қоғамда басқару, билік жүргізу арнайы мамандандырылған адамдардың топтарын қалыптастырады, олардың атқаратын қызметтері айқындалып, салаларға бөлінеді, кәсіби дәрежеге көтеріледі.
Мемлекеттік билікті ұйымдастыру, халықты басқару үлкен өнер. Осыған байланысты қоғамда мемлекеттің арнайы тетіктері қалыптасады. Тетіктердің көлемі, құрылымы, таптық сипаттары, атқаратын қызметтері мемлекеттің тарихи типтеріне байланысты болып ұйымдастырылады.
Мемлекеттің механизмі (аппараты) дегеніміз билік жургізу және мемлекеттің міндеттерін, функцияларын іс жузіне асыру ушін кәсіби дайындық негізінде қурылган органдардың жүйесі.
Мемлекеттің құрамдас бөлігін мемлекеттік органдар құрайды. Мемлекеттік органдар дегеніміз мемлекет механизмінің құрамдас бөлігі ретінде құқықтық негізде басқару, билік жүргізу мақсатында құрылган жүйе.
Билік жалпы түрде субъектінің (инвидтердің, ұйымдардың, ұжымдардың) басқа субъектінің тәртібін (жеке адамның, ұжымның, ұйымның), еркін жеке пайдасына не басқаның назарына бағындыру қабілеттілігі.
Билік құбылыс ретінде мынандай белгілермен сипатталады:
Билік әлеуметтік құбылыс, яғни қоғамдық;
Билік қоғамның барлық даму кезеңдеріндегі белгісі болып табылады (бөлінбейтін компоненттері ретінде). (Сондықтан сөз тіркестері «әлеуметтік билік», өзінің мазмұнына сай келмейді, себебі билік әр уақытта әлеуметтік).
Билік қоғамның тұрақты қосағы, себебі қоғамның өзі күрделі ұйымдасқан жүйе (әлеуметтік организм), ол әруақытта басқаруды қажет етеді, яғни жүйені жөнді қызметке қаблетті жағдайда болуын қолдау процессін тәртіпке салу – қызмет істеу жағдайлары.

9. Мемлекеттің функциялары
Мемлекет функциясы

Қазақстан Республикасы мемлекетінің функциясы, яғни (миайтын ролі ретінде оның қызметінің негізгі бағыттары мемлекеттің қызметінің өзі түсініледі.

Мемлекет функииясы ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді.

° Ішкі функцияларға еліміздін материалдық-техникалық базасын құрып. дамытуға бағытталған мына қызмет салалары мәдени-тәрбие жұмыстары, яғни жеке адамның жан-жақты кетпеуіне мүмкіндік туғызатын және оның құқықтары мен бостандықтарын нақты қамтамасыз ету үшін алғышарт жасайтын жұмыстар:

әлеуметтік қызмет көрсету, яғни адамдарға жан-жақты камкорлық жасаудың ізгілікті саясатын жүзеге асыру. Ата Заңымызда атап көрсетілгендей, мемлекетіміздің қызметі, бәрінен бұрын адам және адамның өміріне, құқықтары мен бостандықтарына, мүддесіне сай құрылады;

құқық тәртібін қорғау Конституцияға сүйене отырып, бақылау арқылы оның талаптарын орындауда, қоғамдық, мемлекеттік кұрылысқа, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, меншікке қол сұғушылықтың жолын кесуде көрініс табатын функциялар. Мемлекет бұдан басқа да көптеген функцияларды, мысалы, экологияны қорғау және табиғатты тиімді, ұтымды пайдалану, азаматтардың мемлекет пен оның органдарын тікелей өздері немесе өз екілдері аркылы басқаруға катысу функцияларын, қаржылық, экономикалық, идеологиялық функцияларды жүзеге асырады.

° Мемлекеттің сыртқы функциялары оның Конституцияда белгіленген Қазақстан Республикасы аумағының біртұтастығын, бөлінбейтіндігін және қол сұғылмайтындығын көздейтін қағиданы қамтамасыз етуге бағытталған қызметін қамтиды. Отанымызды қорғау, еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету — мемлекетіміздің аса маңызды сыртқы функцияларының бірі. Басқа мемлекеттердің аумағында тұратын азаматтардың құқығын қорғау жөнінде Конституцияның 11-бабының 2-тармағында былай делінген: "Республика өзінің одан тыс жерлер-де жүрген азаматтарын қорғауға және оларға камқорлық жасауға кепілдік береді".

Мемлекетіміздің маңызды сыртқы функцияларының бірі — басқа мемлекеттердің азаматтарымен және қоғамдық бірлестіктерімен біздің республика азаматтарының және қоғамдық бірлестіктерінің карым-катынастарын нығайтуға ықпал жасайтын саясат, экономика, мәдениет, ғылым саласындағы байланыстарды жүзеге асыру болып табылады.

10. Мемлекеттің функцияларының түрлері.

Мемлекет функциялары

Мемлекет функцияларын анықтауда, біз ең алдымен мемлекеттің қоғам өміріндегі жалпы рөлін басшылыққа алуымыз керек. Бұл жерде бірінші орынға мемлекеттің адамдарды қауымдастыққа біріктіретін, олардың мүдделерін түйістіретін, жалпы нормаларды сақтауға мәжбүрлейтін және геосаяси тұтастықты қалыптастыратын біріктіруші рөлі қойылады. Бұдан мемлекеттің ең бірінші функциясы мәжбүрлеу функциясы екендігін көруге болады.

Мәжбүрлеу функциясы әр түрлі әдістер мен құралдар арқылы іске асуы мүмкін. Бұл не тікелей күш көрсету болуы мүмкін, не жанама мәжбүрлеу болуы мүмкін. Барлық мемлекеттерде билік құрушы субъект мәжбүрлеуді пайдаланады, бірақ оны әр жағдайда әркалай қолданатындықтан мазмұны мен сипаты, әдістері мен құралдары әрқилы болуы мүмкін.

Осы функцияны жүзеге асыру үшін мемлекеттік биліктің құрылымында мәжбүрлеу күштері қалыптасады, яғни олар: әрекеттерді нормативті тұрғыда бағалайтын және кінәлі немесе кінәлі еместігінің объективті ақиқатын белгілейтін, мәжбүрлеу шаралары туралы мәселелерді шешетін заң органдары; тергеу органдары; полиция; пенитенциарлық мекемелер және басқалары.

Келісімдік функция — мемлекеттің маңызды функциясы, оның іргетасы. Бұл функция қоғамның саяси мәдениетінің қалыптасу мен даму деңгейіне, оның өркениеттенуінің артуына орай жан-жақты және маңызды бола түседі. Келісімдік функция адамгершілік, қайырымдылық, ізгілік, төзімділік секілді ұғымдар басты болатын ділдің дамуымен де байланысты. Мемлекеттің келісімдік функциясының жүзеге асуында азаматтық қоғам институттары маңызды мәнге ие.

ұйымдастырушылық функциясы. Мемлекет адамдардың әлеуметтік өмірінің негізгі аспектілерінің ұйымдасуына қатысады. Бұл үшін мемлекеттік меншіктің; мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктерінің; мемлекеттік органдар қызметінің жалпылық, міндеттілік және басқарушылық сипаттарының; құқықтық базаның; мемлекет шараларының заңдылығының болуы шарт. Мемлекет өзінің табиғи, функционалдық ерекшеліктеріне орай экономикалық дамудың күшті факторы бола алады. Этатизм (мемлекеттің экономикаға ықпалы) айқын формада барлық мемлекеттерде болады, ал кейбір мемлекеттердің қызметінде басты болып барлығын қамтиды. Этатизм кауымдастықтың тіршілік әрекеті үшін қажетті бағдарламалық мәселелерді, мақсаттарды шешуге кажетті күштерді жұмылдыруға мүмкіндік береді. Мәселен, экономика саласында — бұл мемлекеттің экономикалық куаты мен экономикалық дербестігінің артуы, ішкі рынокты қорғауы, әлемдік қауымдастықта экономикалық белсенділігін камтамасыз етуі және т.б.

Алайда, қазіргі саяси тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекеттің экономикалық салмағының шектен тыс күшеюі мемлекеттік биліктің ықпалының қалыптан тыс ұлғаюына, азаматтық қоғам институттарының шектелуі мен шеттетілуіне, қоғамның саяси тоқырауына алып келетін демократияға жат тенденциялардың пайда болуына әкеліп соғады.

қорғау функциясы. Мемлекет қоғам тұрақтылығы мен оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып қорғайды. Ол адамдар қауымдастығын сыртқы теріс әсерлерден және ішкі деструктивті, қиратушы күштерден қорғауы қажет. "Милитаристік мемлекеттер", "полициялық мемлекеттер" деп аталатын мемлекеттерде қарастырып отырылған функция шектен тыс артып, үстемдік етеді. Қарастырылып өткен функциялардың барлығы қандай дәрежеде болмасын барлық мемлекеттерге тән, себебі олар мемлекет мәнінің көрінісі болып табылады, және оның табиғаты мен негізінен туындайды. Бірақ мемлекет түрлерін анықтауда бұл функциялардың арақатынастары әр түрлі екендігі байқалады. Олардың мемлекеттің тіршілік әрекетіндегі орнын басқару формалары мен саяси режим ерекшеліктеріне сай құрылған мемлекеттік органдардың құрылымдық өзіндік ерекшелігі анықтайды.

11. Құқықтық мемлекет

Құқықтық мемлекет – жеке адам және қоғам мүддесін қорғайтын, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделген мемлекет. Құқықтық мемлекеттің мақсаты: жеке тұлға мен қоғамның құқықтары мен бостандықтарының құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету. Адамдардың жаратылыстық, табиғи құқықтарының арасындағы ең маңыздыларының бірі – адамның меншік құқығы. Адамның табиғи құқықтарының бірі – өмір сүру құқығы және бостандық, еркіндік құқығы. Құқықтық мемлекетке тән ерекшеліктер:


Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі мен мызғымастығы толық сақталады. Мемлекет адам мен жеке тұлғаның белгілі бір еркіндік шеңберін мойындап, ол аумаққа қол сұқпауға тырысады.


Адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары, билік пен жеке адамның арақатынасы халықтың егемендігі мұратына негізделеді.


Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен қамтамасыз етудің құралы мемлекеттік биліктің заң шығару, атқару және сот билігі сияқты тармақтарға бөлініп атқарылуы.


Құқықтық мемлекет өмірдің барлық саласында құқықтың үстем болуымен сипатталады.


Мемлекет пен жеке тұлғаның өзара жауапкершілігі нығаяды.


Құқықтық мемлекет – адамның мемлекетпен және басқа адамдармен қарым – қатынасы барысында құқықтық қорғалуына, бостандығына, әділдікке кепілдік берілуі арқылы мемлекеттің биліктік ықпалы шектелетін, мемлекет пен жеке адам арасындағы құқыққа негізделген байланыстың тәсілі.

Құқықтық мемлекет – жеке тұлға мен қоғамның құқықтары мен бостандықтарының құқықтық қорғалуын өзінің негізгі мақсаты етіп қойған мемлекет. Бұл мемлекеттің белгілері:


Құқықтың басымдылығы


Адам мен азаматтың құқықтық қорғалуы


Мемлекеттік биліктің бөлінуі


Заң үстемдігі


Құқық пен заңның тұтастығы


Мемлекет пен жеке тұлғаның өзара жауаптылығы


Азаматтық қоғамның орнауы


Қоғамның құқықтық мәдениетінің жоғары болып, оның құқықтық санасы деңгейінің өсуі


Соттардың тәуелсіздігі


Антимонополиялық құрылымдардың тұрақты түрде қызмет етуі


Құқықтық мемлекеттің мақсаты: адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарын ең толық түрде қамтамасыз етудің тиісті жағдайларын жасау, сондай – ақ билікті асыра пайдалануға, оның диктатураға, деспотияға айналып кетуіне жол бермеу үшін мемлекеттік билікті құқық арқылы шектеп отыру, зорлық – зомбылықтарға, диктатура мен қанаудың орнауына жол бермеу.

12. Азаматтың қоғам түсінігі

Азаматтық қоғам – саяси өкіметке тәуелсіз жұмыс істейтін және оған ықпал жасауға қабілетті әлеуметтік қатынастар мен институттар жиынтығы; дербес жеке адамдар мен әлеуметтік субъектілер қоғамдастығы. Қандай да болмасын қоғамдық мәні бар идеяларды қабылдау қашанда сұхбатты, яғни сұхбаттасушы жақтардың түрлі көзқарастарын және маңызды тепе-теңдігін білдіреді. Ешкім ешкімге өз түсінігін мойындатуды да, ешкім ешкімді дәлме-дәл қайталауды да мақсат етпейді. Идеялар белгілі қоғамның, әлеуметтік дамудың талаптарына сәйкес келетіндіктен қабыл алынады. Сондай идеялардың қатарына азаматтық қоғам идеясы жатады. Азаматтық қоғам туралы әр түрлі көзқарастар, әр түрлі бағдарлар бар. Қазірде азаматтық қоғамның жалпыға бірдей ортақ анықтамасы жоқ. Дегенмен әлемдік әлеуметтік-философиялық ғылымда бұл феноменді зерттеудің екі түрлі бабы бар. Біріншісі азаматтық қоғамды әлеуметтік әмбебап категория ретінде қарастырады. Бұл ұғымға олар мемлекетке, өкімет құрылымдарына қарама-қарсы қойылған қоғамдық қарым-қатынастардың бүкіл жиынтығын сыйғызады. Екіншілері азаматтық қоғам ұғымының мағынасына шынайы батыстық феноменді жатқызады да, оны буржуазиялық (нарықтық- демократиялық) қарым-қатынастардың қалыптасуымен байланыстырады. Азаматтық қоғам деп адамның жеке тұлғасының және бейресми, мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдардың дамуына қолайлы жағдай туғызатын әлеуметтік тәртіп түрін айтады. Аталған мемлекеттік емес ұйымдардың іс-әрекеті арқылы ғана жеке адам социумның, әлеуметтің даму жолына әсерін тигізе алады. Сондықтан да азаматтық қоғамды коммуникацияның, қарым-қатынастың өзіндік ерекше формасы деп қарастырса да болғандай, себебі азаматтық қоғам арқылы мемлекет пен азамат арасындағы сұхбат жүзеге асады. Азаматтық қоғам өкімет, билік құрылымдарынан тысқары жатқан әлеуметтік байланысты танытады. Азаматтық қоғам аса дамыған экономикалық, мәдени, саяси, құқықтық қарым-қатынастар болуын талап етеді. Егер біз мемлекетті билік институты, бақылау және жазалау көзі ретінде қарастыратын болсақ, онда азаматтық қоғамды оған қарама-қарсы құрылым ретінде абсолютті еркіндік — анархия деп түсіну дұрыс емес. Шындығында әлеуметтік біртұтастықты қалыптастыратын осы екі бөлік бірін-бірі толықтыра отырып өмір сүреді. Мемлекетсіз азаматтық қоғам жоқ. Онсыз ретсіздік, төртіпсіздік, хаос, ұйымдаспағандық, ыдырау ғана мүмкін. Және де, керісінше, дамымаған азаматтық қоғамсыз демократиялық, құқықтық мемлекет те жоқ, тек зорлық-зомбылық, басыбайлық, тирания ғана бар. Азаматтық қоғамның пайда болуын іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі азаматтың пайда болуымен байланыстыратын көзқарастар да жоқ емес. Азамат белгілі құқықтар мен міндеттерге ие болған іс-әрекет субъектісі. Азаматтық қоғамды осы тұрғыдан түсіндірудің бастамасы антикалық полис феноменімен байланысты. Азаматтық қоғам - ол жеке тұлғаның негiзгi құқықтыры мен еркiндiктерi заң жүзiнде қамтамасыз етiлетiн және саяси қорғалатын, мемлекеттен тыс қатынастар саласы үйлесiмдi дaмығaн қoғaм. Оны iшкiмемлекеттiк қaтынacтapдың дамуына ықпал жасайтын адамдар топтарының ұйымдасқан әpeкeтi ретiнде де aнықтayғa болады. Қoғaм мүдделерiне бағытталған азаматтық бастама азаматтық қoғaмның маңызды белгiсi болып табылады. Дамыған демократиялық мемлекеттер, сонымен қатар өркендеген азаматтық қoғaмaдap да болып табылады. Сонымен бiрге азаматтық қoғaмның дамуына бағытталған түрлi әлеуметтiк топтардың немесе жеке азаматтардың бастамалары (азаматтық бастамалар аталынатын) мемлекет арқылы қабылданады және оны жетiлдiре түceai. Дамушы және «өтпелi экономика» мемлекеттерiне жататын елдерде жағдай бiршама басқаша. Coңғылары азаматтық бастамалар мемлекет құрылысының тiкелей мiндеттерi шектерiнен шығып кeтyiнe байланысты азаматтық бастамаларға күдікпен қарайды.

12. Азаматтық қоғам белгілері

Қоғамдық мүдде-мақсат, қоғамдық тілек уақытша емес, түпкілікті, нақты, объективтік мағынада қалыптасуы керек. Сонда ғана қоғамның жақсы дамуға, нығаюға мүмкіншілігі болады. Себебі қоғам саналы адамдардың ерікті түрде қалыптасқан одағы. Егер бұл одақ, бұл бірлік еріксіз, озбырлық түрде ұйымдастырылса, ондай қоғам нәтижесіз тез тарқап кетер еді. Адам қоғамның бірінші — клеткасы. Қоғам адамдардың күрделі әлеуметтік бірлестігі. Бұл бірлестік, бұл қоғам дұрыс, жақсы даму үшін оның ішіндегі қарым-қатынастарды реттеп, басқару керек болды. Оны қоғамның объективтік даму процесінің заңдарына сүйене отырып, адамдар өздері әлеуметтік нормалар арқылы реттеп, басқарып отырады. Сондықтан мемлекет пен құқықпайда болды. «Адамдар өз тарихын өздері жасайды, — деп жазды Маркс, — бірақ олар оны өз қалауынша жасай алмайды, қолындағы барды, бұрынғыдан қалған мұраны қолдануға мәжбүр болады»

Азаматтық қоғамның тарихи объективтік қалыптасқан негізгі белгілері:

— саналы адамдардың ерікті түрде бірлесіп одақ құруы;

— қоғамдық түпкілікті, нақты, объективтік мүдде мақсаттың

— адамдардың өзара ынтымақтастығының, бірлігінің қалыптасуы;

— қоғамдық мүдде — мақсат, тілек арқылы қарым — қатынастарды реттеп — басқару;

— қоғамды басқаратын, қоғамдық тәртіпті қорғайтын аппараттың, мемлекеттік биліктің өмірге келуі.

Қоғам — саналы адамдардың бір мүддені, бір мақсатты орындау үшін саналы түрде өзара бірігуі. Мұнда міндетті түрде екі шартты элемент бар: мүдде-мақсаттың қалыптасуы және саналы адамдардың саналы түрде бірігуі.

14. Құқықтың түсінігі, мәні

Құқық – қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекет бекітіп, қамтамасыз ететін, жалпыға міндетті, формальды анықталған заңдық нормалар жүйесі. Құқықтың таптық мәні – құқықты қоғамдағы экономикалық жағынан басым, үстем болып отырған таптың еркі деп түсіну. Құқықтың жалпыәлеуметтік мәні – құқықтық қоғамды ұйымдастырып, татулықта, бірлікте ұстап отырған және адамдардың барлық топтарының еркі деп түсіндіру. Құқық – ресми түрде танылған, жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып әрекет жасау мүмкіндігі, құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы. Құқық – адам мен қоғамның жаратылысымен байлансты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін жалпыға бірдей міндетті құқықтық нормалардың жиынтығы. Құқықтың белгілері жалпы және ерекше болып 2 топқа бөлінеді.

1Құқықтың жалпы белгісі: әлеуметтік – тарихи табиғаты, құқық бір тарихи кезеңнің, нақты бір қоғамдық қатынастардың жиынтығы.

2Құқықтың ерекше белгілері:


Нормативтілігі: рұқсат берудің, тыйым салудың және міндеттеудің шегін анықтайтын құқық нормасында мінез – құлықтың жалпы көлемін бекіту.


Жалпы міндеттілік сипаты: Нормаларының талаптарын қоғамның барлық мүшелері еріктерімен сақтап, орындауға тиістілігі.


Формальды айқындылығы: құқықтың нормалары мемлекеттің нормативтік құқықтық актілерінде бекітіледі.


Рәсімділігі: құқықтық нормативтік актілердің, заңдардың қабылдану, іске асырылу және орындалу тәртібінің белгіленген рет – жосықтылықпен реттелуі.


Бір тұлғаға ғана бағытталмағандығы: құқық бір ғана тұлға емес, халықтың ортақ мүдделерін іске асыруға, құқықтарын қорғауға бағытталуы.


Бір әрекетті еместігі: құқықтың нормалары бір сәттік емес, керісінше өзінің күшін жойғанша үнемі күшінде болатындығы.


Мемлекетпен байланыстылығы: құқықты мемлекет белгілеп, айқындайды.


15. Құқықтың қағидаларын айтып беріңіз.

Құқық салаларын, оның пәнін, әдісін құқықтық реттеудің салалық әдісін және құқықтық жүйені тұтасымен теориялық талдаудың маңызды инструментіне құралына құқық қағидасының түсінігі жатады.Құқықтық қағидалар қалай болмасын, құқықта көрсетілгендей, негізгі идеялар ретінде осы уақытқа дейін көрсетілуде.Қазіргі кездегі, біздің құқықтануда, құқықтық қағидалар теориясы құқық қағидасы ретінде қабылдаып, қандай күйде болсын құқықта бекітілгендей, негізгі бастаушы идеялар ретінде қалды.
Ғалыдардың көзқарастарындағы ол мәселе туралы ұқсастықтар орынды.Шектен тыс дауласу, әрине бұл жұмысқа кедергі.Алайда, бұл оқиғада проблема басқадай: құқық қағидалары біржақты түсіндіріледі, олардың түсінігінің дамуы сол күйінде тоқтап қалды,ол жалпы құқық теориясының даму деңгейіне жауап бермейді және соған байланысты теориялық мәселелерді шешуге кедергі жасайды.
Сонымен бірге, мынандай үш компонеттерді біріктіру: Жалпы жүйе теориясының жағдайын, құқықтық реттеу тетігінің идеяларын, бірақ олардың синтезі емес, барлығы құқықтық құбылыстар өмірінен, обьективтік құқықтың ашылу тетігіг ретіндегі сыртқы жағдйы және құқықтың табиғатын блу. Бір жағынан, олардың негізгі құқықтық ықпалдың құралы туралы мәлісеті бар, екінші жағынан - маңызды элементі, құқықтық құралдардың шын мәніндегі жалғасы, нақтылы тәртіп актісін реттеу процесінде объективтік құқықтан шығарылған. Ол теориялық реакцияны туғызып, нәтижесінде құқықтық қағиданың түсінігіне тиіті жаңа көзқарас туды.
Құқық қағидаларының дәстүрлі түсінігінің қалыптасу түріндегі жағдайы туралы айтсақ, ол шын мәнісінде басқа емес құқықтық жүйедегі бар шын мәніндегі құқықтағы негізгі ақпараттық көрініс болып табылады. Бұл бағытта, қағидалар жалғыз ғана құқық жүйесінің ақпараттық компонеттер жүйесі болып қалды, оған қатысты еш қандай екіжақты онтологиялық ұқсастық құқықтық шындықта іздеушілік әрекеттері жоқ.
Барлық қазіргі қалыптасқан құқықтық қағидаларды ( ойдан шығарылғаннан басқа) қағидалар- байланыстарына сай бөлуге болады, яғни әрқайсысындағы идея қағидаларында өздері негіз жасаған қағида- қатынастарды табуға болады.
Салалық идея қағидалары екі топтағы құқықтық байланыстарғанегізделеді:
1)Салалық пәнде көрсетілген байланысқа;
2)Оның құқықтық реттеу тетігіндегі байланысқа, яғни құқықтың ықпал құралы мен пәннің арасындағы.
Бұл қағидалар байланыстарынаң кейбіреулері бір- біріне сәйкес келуі мүмкін.Мысалы, құққықтық реттеу тетігіндегі ( ҚРТ) маңызды құрылыс байланысына субъектілер арасындағы байланыс жатады, яғни құқықтық қатынастар. Сонымен қатар, салалық пән құқықтық құрылысты тегін өтеді (құқықтық қатынастар жүйесі).
Кейбірқұқықтық қағидалар идеяларының объективтік ұқсастықтарын іздеу бағытында қараймыз. Мысалы, заңдылық қағида шын тәртіп пен құқық нормаларының арасындағы маңызды байланыстарды көрсетеді, дәлірек (фактідегі) тәртіп пен құқық талаптарының арасындағы сәйкес келу қатынасын ақпараттық басқаружүйесі ретінде көрсетеді. Не, мысалы, азаматтық процессуалдық құқықтағы бекітілген процессуалдық құқықтардың қағидаларының жақтары, азаматтық құқықтағы субъектілердің қатынастарының маңызды ерекшеліктерін көрсету, өз кезінде екіжақтық теңдігімен, азаматтық айналумен қамтамасыз етілген. Ал қағидалар- идеялар (қылмыстық- процессуалдық құқық) азаматтық және қылмыстық процестердің материалды- құқықтық ортаның байланысының ерекшеліктерін сипаттайды. Объективтік шыңдықтың процессуалдық қағида процестің байланысына, оның объектісі мен мақсатына негізделеді.
Процессуалдық құқыққа кіргізілген қағидалар- идеялар бөлігі- қағидалар байланысындағы соттық ұйымдастыру құрылысының және басқа юрисдикциялық жүйелердің көрінісі ( халық заседательдерінің қатысуы жөнінде және істі қараудағы коллегиялық жағдай.

Құқықтың қағидалары- бұл құқықтың ерекше әлеуметтік реттеуші ретіндегі мәнін көрсететін негізгі бастамалар, ережелер, идеялар. Олар құқықтың заңдылығын, табиғатын және әлеуметтік мәнін көрсетеді және заңдардың өзінде тікелей көрініс тапқан немесе олардың мәнінен туындайтын жүріс- тұрыс ережелері болып табылады. Таралу саласына қарай жалпы құқықтық, салааралық және салалық қағидаларды бөліп қарастырады.
Жалпы құқықтық қағидалар барлық құқық салалаында күшке ие болып келеді. Оларға мына қағидалар жатады:
-әділеттілік
-азаматтардың заң мен сот алдындағы заңды теңдігі;
-ізгілік ( гуманизм)
- демократиялық;
-құқықтар мен міндеттердің біртұтастығы;
- сендіру мен мәжбүрлеуді үйлестіру.

16. Құқықтың функциялары

Құқықтың функциясы
Құқықтың функциялары – бұл құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөлін көрсететін, өқұқықтық әсер етудің негізгі бағыттары.
Құқықтың функцияларын түрлерге бөлудің негізінде жатқан екі жақты шартты түрде бөліп қарастыруға болады:
1) Сыртқы жақ, бұған сәйкес құқықтың әлеуметтік функциялары анықталады, олар:
-экономикалық (құқық өңдірістік қатынастарды, реттейді,меншік нысанын бекітеді және т.б.)
-саяси (құқық саяси қатынастарды, саяси жүйе субъектілерінің қызметін реттейді және т.б.),
- тәрбиелік (құқық белгілі біридеологияны көрсетеді, тұл,аларға арнайы педагогикалық әсер етеді және т.б.) функциялар.
2) ішкі жақ, бұл құқықтың табиғатынан туындайды, олар реттеуші және қорғаушы функциялар.
Реттеуші функция- бұл позитивтік жүріс- тұрыс ережелерін орынқтырудан, қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның мүдделеріне сәйкес қатынастарды дамытуға жәрдем беру мақсатында құқық субъектілеріне субъективтік құқықтар беруден және заңды міндеттер жүктеуден көрініс табатын, құқықтық әсер етудің әлеуметтік мақсатпен байланысты бағыты.
Бұл функцияның шеңберінде оның екі түрін бөліп қарастырады: реттеуші статистикалық және реттеуші динамикалық функциялар.
Реттеуші статистикалық функция құқықтың қоғамдық қатынастарға оларды белгілі бір құқықтық институттарда бекіту жолымен әсер етуінен көрінеді. Статистикалық функцияны жүзеге асыруда кронституцияда бекітілген саяси құқықтар мен бостандықтар институты ерекше мәнге ие.
Реттеуші динамикалық функция құқықтың қоғамдық қатынастарға құқық субъектілерінің белсенді жүріс- тұрысын қамтамасыз ету жолымен әсер етуінен көрінеді. Ол азаматтық, әкімшілік,еңбек құқығының инститтарынан көрініс табады.
Қорғаушы функция- бұл ерекше маңызды экономикалық, саяси, ұлттық және жеке қатынастарды қорғауға, заңды қорғау мен заңды жауапкершіліктің шамасын,оларды жүктеу мен орындаудың тәртібін орнықтыруға бағытталған құқықтық әсер етудің әлеуметтік мақсатпен байланысты бағыты.
Бұл функцияның әдіс – тәсілдері;
- қоғамдағы қатынастардың дұрыс орындалуын бақылау;
- құқықты нормада тыйым салудың себептерін көрсету;
- жауапкершіліктің түрін көрсету;
- жасағанқателіктері үшін субъектілерді жаупқа тарту.

17. Құқықтың қайнар көздерінің түсінігі.

Құқықтың дереккөздері (қайнары) – жалпыға міндетті, заңдық маңыз берілген, мемлекеттен шығатын және мемлекет мойындаған ресми іс – құжатты нысанда көрінетін нормалардың жиынтығы. Құқықтың дереккөздері құқықтық нысан түрінде институтталған. Құқықтың 6 дереккөздерін бөліп көрсетуге болады:


Құқықтық дәстүр: адамдардың үнемі қолдануының барысында әдетке айналған, сақталуы мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілетін, мінез – құлық ережелерінің жиынтығы.


Ғылыми құқықтық доктрина: доктрина деген сөз ілім, ғылыми философиялық не құқықтық теория, құқықтық білімдер жүйесі деген мағына береді. Мысалы, діни доктринаға сүйеніп біршама қоғамдық қатынастар құқықтық сипатқа ие болады.


Соттық құқықтық үлгі: төменгі деңгейдегі немесе сол дәрежедегі басқа соттарға осыған ұқсас істерді қарағанда өнеге болатын соттың белгілі бір іс бойынша қабылдаған шешімі.


Нормативтік құқықтық актілер: референдумда қабылданған не уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат.


Нормативтік құқықтық актілер негізгі және туынды актілер болып бөлінеді. Нормативтік құқықтық актілердің негізгі түрлері:


Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар


ҚР Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлықтары


ҚР Парламенті мен оның палаталарының нормативтік қаулылары


ҚР Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы сотының, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары.


Орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары


Нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлері:


Регламент – қандай да бір мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің ішкі тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық акт.


Ереже – қандай да бір мемлекеттік органның немесе оның құрылымдық бөлімшесінің мәртебесі мен өкілеттігін белгілейтін нормативтік құқықтық акт.


Қағида – қандай да бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық акт.


Нұсқаулық – заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бір саласында қолданылуын егжей – тегжейлі көрсететін нормативтік құқықтық акт.


Нормативтік құқықтық актілер ішінде заңдық күші жағынан ең жоғарғы тұрған – ҚР – ның Конституциясы.

Нормативтік құқықтық актілердің бірі – Кодекс. Кодекс – біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар біріктіріліп, жүйеге келтірілген заң. ҚР – ның кодекстері: Бюджеттік, Азаматтық, Азаматтық іс жүргізу, Неке – отбасы, Экологиялық, Су, Жер, Орман, Салық, Кеден, Көлік, Еңбек, Қылмыстық жазаларды орындауға байланысты, Әкімшілік жауапкершілікке тартуға байланысты, Қылмыстық жауапкершілікке тартуға байланысты, Қылмыстық іс жүргізу.

Нормативтік құқықтық актілердің бірі – заңдар. Заңдар – белгіленген тәртіппен қабылданған нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы.


Құқықтың қайнар көзі болып табылуы үшін әрбір осындай нысанда бірқатар мынадай белгілер болуы қажет:

1) Субъектілердің белгілі бір категориялары орындау үшін міндетті бір немесе бірнеше мінез – құлық ережелері (құқық нормалары) болуы қажет.

2) Осындай болуы үшін мемлекеттік билік ресми түрде мақұлдауы қажет.

Әкімшілік құқықтың басқа құқық салаларымен арақатынасы — әкімшілік құқық бірыңғай жүйенің құрамды бөлігі бола отырып құқық салаларының барлығымен өте тығыз байланысты.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 28 бабына сәйкес Әкімшілік құқық бұзушылық – бұл мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, белгіленген басқару тәртібіне қол сұғатын, құқыққа қайшы, кінәлі әрекет немесе әрекетсіздігі, сол үшін заңнамада әкімшілік жауаптылық қарастырылған

18.Құқық нормалары.

Құқықтық норма – құқықтың бір ғана ереже, қағидасы. Мемлекет таныған және оны өзі қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарға араласып түсушілердің құқықтары мен міндеттерін туындататын, олардың әрекеттерін үлгі, эталон, масштаб, өлшем есебінде реттей алатын жалпыға бірдей міндетті ереже, норма. Әрбір құқықтық норманың 3 элементі болады:


Диспозиция – мінез құлық ережесі


Гипотеза – жорамал


Санкция – жаза, шара


Құқықтық норманың гипотезасы – құқықтық норманы қолдану немесе қолданбау үшін қажетті мән – жайлардың бар екенін көрсететін құқықтық норманың бөлігі.

Құқықтық норманың диспозициясы – құқықтық қатынастарға қатысушылардың мінез – құлқы қандай болуы керек екенін анықтайтын құқықтық норманың бөлігі. Диспозиция 3 түрлі болады:


Қарапайым диспозиция, егер мінез – құлықтың мазмұны ашылмаса


Сипаттамалы диспозиция, мінез – құлықтың барлық мәнді белгілері анықталса


Сілтемелі диспозиция, егер құқықтық норма диспозициясы анықталған басқа құқықтық нормаға сілтеп нұсқаса


Құқықтың норманың санкциясы – құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлігі. Санкцияның түрлері:


Абсолютті – анық


Баламалы


Салыстырмалы


Заң нормаларын жіктеуде оларды реттеуші және қорғаушы деп бөлу жіктеудің ең бастысы болып табылады.


Реттеу нормалары – міндеттеу, тыйым салу, құқықты белгілеу нормаларына бөлінеді. Міндеттеу мен тыйым салу нормалары әдеттегі қағида бойынша өктемдік болып келеді. Белгілеу нормалары жиі түрде диспозитивтік санаттағы нормаға жатады.


Факультативтік нормалар – белгілі бір жағдайларда мінез, іс – әрекетінің басты нұсқасынан ауытқуға мүмкіндік жасайды.


Ұсыныстық нормалар – бірнеше түрлі мінез, жүріс – тұрыс нұсқасынан біреуі ғана артықтау немесе тәуірлеу деп кеңес береді.


Анықтамалық – пайымдық /дефинитивтік/ нормалар – мемлекеттік құқықтық институттардың белгі – нышандары мен анықтамалары келтіріледі.


Қағидаттық нормалар – принципті білдіреді


Коллизиялық нормалар – нормалардағы қайшылықтарды шешуге мүмкіндік беретін нормалар.


Нормалардың негізгі және туынды, тұрақты және уақытша деген түрлері болады.
19. Құқықтың қатынастар түсінігі

Құқықтық қатынас» категориясы құқықтың жалпы теориясында негізгі, орталық категориялардың бірі болып табылады және адамдардың жүріс-тұрысына құқықтың қандай жолмен әсер ететінін түсінуге мүмкіндік береді. Құқықтық қатынас – бұл қатысушылары субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерді иеленетін, құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынас.

Қоғамдық қатынастар әртүрлі болады: саяси, моральдық, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, діни т.б. байланыстар. Бұл байланыс — қатынастар моральдық, әдет-ғұрып, діни, құқықтық нормалармен реттеледі. Мысалы, отбасы қатынастардың көпшілігі дәстүр, діни нормалармен реттеліп жатады.

Қоғамдағы барлық қатынастар құқықтық нормалармен реттелмейді, тек әлеуметтік, қоғамдық мүдде-мақсаттарды қамтитын қатынастарды реттеп, басқарып отырады.

Құқықтық қатынас дегеніміз — мемлекеттік кепілдіктегі екі жақты құқықтары мен міндеттері бар қоғамдық қатынас. Құқықтық қатынастардың нышан-белгілері:

Бірінші - құқықтық қатынастар тек нормативтік актілер арқылы реттеліп отыратын қарым-қатынастарды біріктіреді. Нормативтік актілерде қатынастың мазмұны, субъектілердің құқықтары мен міндеттері, дұрыс орындалмаса жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі. Құқықтық қатынастар арқылы нормативтік актілер іске асады, орындалады.

Екінші — қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтары мен міндеттерінің толық көрсетілуі. Бір жағының құқығы екінші жағының міндеттеріне сәйкес, тең келеді. Субъектілердің бостандығы тең болады.

Үшінші - субъектілер өз еріктерімен, өз мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін құқықтық қатынас жасайды.

Төртінші — егер қатынаста нормативтік актінің мазмұны бұзылса немесе субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің қатынасуымен бұл кемшіліктер түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауға тиіс.

Құқықтық қатынастарды түрлерге бөлу, құқық нормаларын түрлерге бөлудегі сияқты, әр түрлі негіздер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

20. Құқық шығармашылық және оны жүзеге асыру

Құқықтық шығармашылық — пісіп жетілген қоғамдық даму қажеттіліктеріне сәйкес, нормативтік құқықтық актілерді жасау мен қабылдау бойынша мемлекеттік органдар мен екілеттелген қоғамдық, ұйымдардың ғылыми негізделген шығармашылық қызметі.Құқық шығармашылық – бұл мемлекет органдардың заңи нормалары қабылдау, өзгерту және жоюмен байланысты қызметі. Құқық шығармашылық субъектісі ретінде тиісті өкілеттігі бар мемлекеттік органдар мемлекеттік емес құрылымдар, сондай-ақ референдумда заң қабылдаған кезде азаматтар бола алады. Құқық шығармашылық қызмет конституция, заңдар және регламентпен белгіленген көлемде жүзеге асады. Құқық шығармашылық жаңа құқық нормасын қабылдаумен өзгерістер мен түзетулер енгізу арқылы ескі заңдарды жетілдірумен сипатталады. Құқық шығармашылықтың белгілері: - ол белсенді, шығармашылық мемлекеттің қызметі; - оның негізгі өнімі – құқық нормалары; - бұл қоғамды басқарудың маңызды құралы; - құқық шығармашылықтың деңгейі және мәдениеті, қабылданған нормативтік актілердің саласы – бұл қоғамның өркениетінің және демократиялығының бір белгісі. Құқық шығармашылықтың қағидаттары – бұл құқықтық нормаларды қабылдау, жою немесе ауыстырумен байланысты қызметтің негізге алушы идея, бастаулар, ережелер, құқықты шығаратын органдар үшін бағыт. Құқық шығармашылыққа келесі қағидаттар тән: 1) ғылымилық; 2) кәсібилік; 3) заңдылық; 4) демократиялық; 5) ашықтық; 6) жеделділік. Құқық шығармашылық субъектілеріне байланысты келесі түрлерге бөлінеді: 1) референдум жүргізу барысында халықтың тікелей құқық шығармашылығы; 2) мемлекет органдардың құқық шығармашылығы; 3) жекелеген лауазымды тұлғалардың құқық шығармашылығы; 4) жергілікті өзін - өзі басқару органдарының құқық шығармашылығы; 5) локальді құқық шығармашылық; 6) қоғамдық бірлестіктердің құқық шығармашылығы. Құқық шығармашылық мәніне байланысты келесі түрлерге бөлінеді: - заң шығармашылық (жоғарғы өкілдік органның құқық шығармашылығы); - құқық шығармашылықты тапсыру (Парламенттің тапсырысы бойынша атқарушы органның норма шығармашылық қызметі); - заңға тәуелді құқық шығармашылық - бұнда норманы Президент, Үкімет, министрлік, жергілікті органдардың ұйым жетекшілерінің қабылдауы. Құқық шығармашылық қызметі екі негізгі бөліктен тұрады: бірінші, әрекеттік заңи мәнінен тәуелсіз құқық шығармашылықтың ұйымдастырушылық мәселелерінен тұрады (заң жобасын дайындау, оны талқылау). Бұнда заңның жобасын дайындауда мемлекет еркін алдын ала қалыптастыруды көздейді. Екінші, құқықтық бастауларға негіз болады, заң жобасын дайындау туралы шешімді қабылдаумен байланысты. Заңда мемлекеттің еркі ресми бекітіледі де, заң жобасы жалпыға міндетті құқықтық актіге айналады.

21. Құқық бұзушылық түсінігі

Құқық бұзушылық - Қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Құқық бұзушылық: аза