Ішкі істер органдарының түсінігі мен атқаратын қызметтері

ҚР ның ішкі істер органдарыеліміздің заңдарына сәйкес анықтау, алдын ала тергеу мен жедел іздестіру қызметін, сондай ақ қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қылмыстық және өзге де заңға қарсы қол сұғушылықтардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі атқарушылық және өкім етушілік міндеттерін жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік орган болып табылады.

Ішкі істер органдарының қызметі заңдылық, дара басшылық, ішкі істер органдары жүйесінің бірлігі, жариялылық, құқық қорғау және басқа да мемелкеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара іс қимыл жасау қағидаттарына негізделіп жүргізіледі. Ішкі істер органдарының біртұтас жүйесін ҚР-ның Ішкі істер министрлігі, оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен республика астанасының, көліктегі оған бағынатын ішкі істер департаменттері, қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, поселкелік, желілік ішкі істер органдары, ішкі әскерлер, оқу орындары, мекемелер және өзге де ұйымдар құрайды. Ішкі істер органдарының құрамында криминалдық полиция, әкімшілік полиция және полицияның өзге де қызметтері, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің әскери құрылымдар мәртебесі бар әскери-тергеу органдары мен әскери полициясы құрылады.

Криминалдық полицияның негізгі міндеттері қылмыстарды анықтау, оның алдын алу, жолын кесу, оны ашу және тергеу, ішкі істер органдарының жүргізуіне жататын қылмыстар туралы істер бойынша анықтама ісін жүргізу, тергеуден, анықтамадан және соттан жасырынған, қылмыстық жазаны өтеуден жалтарған, хабарсыз кеткен және ҚРның заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда адамдарды іздестіруді ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылады.

Әкімшілік полицияның негізгі міндеттері қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау,оның алдын алу және жолын кесу, қылмыстарды ашу, ҚРның заңдарында белгіленген құзыретінің шегінде анықтама мен әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асыру, ұсталған және қамауға алынған адамдар, оның ішінде белгілі бір тұратын жері, құжаттары жоқ адамдар ұсталатын жерлерде құқық тәртібін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік қадағалау және бақылау жасау, ҚРның заңдарына сәйкес ішкі істер органдарына жүктелген лицензиялау мен рұқсат ету қызметін жүзеге асыру болып табылады.

Әкімшілік полицияны полицияның учаскелік инспекторлары мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторлар қызметтері, сақшылық қызмет, лицензиялық және рұқсат ету жүйесі, табиғат қорғау және мал дәрігерлік полиция, жол полициясы бөлімшелері, ішкі істер органдарының арнаулы мекемелері және әкімшілік полицияның алдында тұрған міндеттерді шешу үшін қажетті өзге де бөлімшелер құрайды.

Әскери-тергеу органдарының негізгі міндеттері әскери қылмыстарды және әскери қызметшілер жасаған, ішкі істер органдары тергеуге тиісті қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу болып табылады.

Ішкі істер министрлігінің әскери полициясы арнаулы орган болып табылады және ішкі әскерлердегі құқық тәртібін қамтамасыз етуге, әскери қылмыстар бойынша, сондай ақ ішкі әскерлердің әскери қызметшілері жасаған басқа да қылмыстар бойынша анықтаманы жүзеге асыруға, олардың арасындағы қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге, әскери қылмыстарда ашуға, ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін іздестіруге арналған.

 

24. Қазақстан Республикасының әділет органдарыөз құзыреті шегінде мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін атқарушы билік органдары болып табылады.

Әділет органдары қызметінің құқықтық негізін ҚР-ның Конституциясы, Әділет органдары туралы 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңмен өзге де нормативтік құқықтық актілер, сондай ақ ҚР-ның халықаралық шарттары құрайды.

Әділет органдарының біртұтас жүйесі: 1) ҚРның Әділет министрлігін; ҚР Әділет министрлігінің комитеттерін; аумақтық әділет органдарын; қылмыстық-атқару жүйесінің органдарын қамтитын әділет органдарынан; 2) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен және де өзге бағынысты ұйымдардан құралады.

Әділет органдарының қызметі: 1) заңдылық; 2) қорғалу құқығын қамтамасыз ету, баршаның заң алдындағы теңдігі, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау; 3) жариялылық, құқық қорғау органдарымен және басқа да мемлекеттік органдармен, өзге де ұйымдармен және лауазымды адамдармен өзара іс қимыл жасау; 4) саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бірлестіктердің қызметіне тәуелсіз болу; 5) гуманизм, демократия, қылмыстық жаза атқарудың жіктелуі мен дербестендірілуі, қылмыстық жазаны түзету ықпалымен ұштастыру; 6) әділет органдары жүйесінің біртұтастығы қағидаттарына негізделеді.

Әділет органдары мынадай қызметтер атқарады: 1) заң жобасы жұмысын жүргізу және заңдарды жетілдіру; 2) халықаралық шарттарды құқықтық қамтамасыз ету, шетелдік құқықтық көмекті үйлестіру; 3) сот-сараптама қызметін ұйымдастыру; 4) әділет органдарының құзыретіне жатқызылған қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды жүзеге асыру; 5) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді заңға сәйкес жүзеге асыру; 6) мемлекеттік тіркеу; 7) санаткерлік менщік құқықтарын қамтамасыз ету; 8) соттардың сотталғандарға қатысты үкімдерін, қаулылары мен ұйғарымдарын орындау; 9) құқықтық насихатты ұйымдастыру; 10) құқықтық көмекті ұйымдастыру және заң қызметін ұйымдастыру.