Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим)

Басқару нысаны дегеніміз мемлекеттік биліктің жоғары органдарының құрылымы, ұйымдастырылу тәртібі, өкілеттік сәйкестігі. Басқару нысанына қарай монархиялық және республикалық болып екі түрге бөлінеді. Монархия дегеніміз елдегі жоғарғы мемлекеттік билік мұрагерлік арқылы берілетін өмір бойғы, дара билеудің нысаны. Монархиялық мемлекет өз кезегінде абсолюттік, парламенттік, конституциялық, аралас монархия болып бірнеше түрге жіктеледі. Республика монархиялық басқарумен қатар пайда болып дамыған. Республика мемлекеттік биліктің жоғары органдары халықтың еркін дауыс беруі арқылы белгілі бір мерзімге сайлау арқылы қалыптасатын басқару нысаны. Республикалық басқару нысанының негізгі белгілері төмендегідей: мемлекет басшысы мен мемлекеттік биліктің ең жоғарғы органдарын халықтың сайлайтындығы; мемлекеттегі органдар мен лауазымды қызметтердің өмір бойы емес, белгілі бір мерзімге сайлануы; мемлекеттің жоғарғы органдарын сайлайтындықтан олар халықтың атынан сөйлеу, әрекет жасау құқығына ие болады және осы тұрғыдан қарағанда мемлекеттік биліктің көзі халық деп мойындалады; мемлекеттік биліктің заң шығару билігі, атқару билігі және сот билігі болып үш тармаққа бөлінеді. Республиканың президенттік, парламенттік және аралас басқару сияқты болады. Мемлекеттің орталық және жергілікті органдары арасындағы биліктік өкілеттілікті бөлу, мемлекеттің тұтас және жеке бөлшектерімен арақатынасын анықтайды биліктің аумақтық ұйымдасуы мемлекеттің құрылым нысаны деп аталады. Мемлекет әкімшілік аумақтық құрылымына орай біртұтас, федеративті, конфедеративті болып келеді. Кез келген мемлекетте негізгі қарым қатынастар бибилік, қоғам және жеке адам арасында қалыптасады. Аталған үш жақты өзара қарым қатынастардың сипаты мен тәсілдері сол елдегі өмір сүріп отырған саяси режимнің тұрпаттарына тікелей байланысты болады. Сондықтан саяси режим дегеніміздің өзі мемлекеттік биліктің іске асырылуының амал айла, әдіс, тәсілдерінің жиынтығы. Осы тұрғыдан қарағанда саяси режимнің тұрпатына қарай мемлекет нысаны жағынан демократиялық емес(тоталитарлы және авторитарлы режимдер) және демократиялық (президенттік және парламенттік) болып үлкен екі топқа бөлінеді.

Азақстан Республикасындағы сот билігі.

Құқық қорғау органдары жүйесіндегі маңызды орын алатын мемлекеттік органдардың бірі Сот. Сот әділеттігін іске асыра отырып соттар, жаза тағайындау, жазадан босату т.б секілді шешімдер қабылдай отырып, құқықты қолданып, өзінің биліктік құзіретін жүзеге асырып, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін анықтай отырып, олардың мүдделерін, әділ, заң арқылы қорғауға тиіс орган. Адамдар қажет болғанда әділдік үшін сот төрелігіне жүгінеді. Сот билігі азаматтық, қылмыстық және заңда белгіленген өзге де сот ісін жүргізу нысандары арқылы жүзеге асырылады.

75 бап . ҚР сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады; сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот ісін жүргізу алқа мүшелерінің қатысуымен жүзеге асырады;заңмен құрылған Республиканың Жоғарға Соты және Республиканың жергілікті соттары Республиканың соттары болып табылады; Республиканың сот жүйесі Республика Конституциясымен және Конституциялық заңмен белгіленеді. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол берілмейді.76 бап. Сот билігі ҚР атынан жүзеге асырылады және өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің , халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды; сот билігі Республика Конституциясының, заңдарының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қолданылады; соттар шешімдерінің, үкімдері мен өзге қаулыларының Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады.