Азақстан Республикасының прокуратура органдары

Республикада Конституция, заңдар, Президент жарлықтары және басқа нормативтік актілер талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге тиісті құқық қорғау органдары құрылған. Құқық қорғау органдарына жататындар: прокуратура, ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік комитеті.Құқық қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі прокурорлық қадағалау. Прокурорлық қадағалауды жүзеге асыратын орган прокуратура болып саналады.«Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Жарлыққа сәйкес Республика Прокуратурасы:1)Республика аумағында заңдардың, Президент жарлықтарының, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің бірізділікпен қолданылуына, жедел іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады;2)сотта мемлекеттің мүддесін қорғайды;3)қылмыстық қудалауды іске асырады.Прокурорлық қадағалау-заңдардың бірізділікпен қолданылуын бұзуды анықтап, кемшілікті түзетіп отыру және кіналы адамдарды жауапқа тарту арқылы прокуратура қызметін мемлекет арқылы жүзеге асыру.Прокурорлық қадағалаудың салалары:Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекеттің мүдделерін сақтауды қадағалау;Жедел іздестіру қызметін қадағалау;тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау;әкімшілік іс жүргізудің заңдылығын қадағалау;Осы бағыттардың мақсаты Конституция мен заңдардың үстемдігін қамтамасыз ету, адамның азааттың құқықғы мен бостандығын және құқықтық ықпал ету әдісін қорғау.

Қадағалау әрқашан тексеру жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Оған Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы; Заңдардың бұзылғандығы жөнінде арыздар, шағымдар, хабарлау және басқа да деректер; Заңдардың бұзылғандық белгілерін тікелей айғақтау; Жоғары тұрған прокурордың тапсырмасы немесе сұрау салуы. Прокуратура жүйесіндегі ең жоғарғы орган-Бас прокуратура. Бас Прокурорды Парламент Сенатының келісімімен 5 жыл мерзімге Президент тағайындайды.Орталық аппарат Бас прокурордың ұсынысы бойынша Президент қызметке тағайындайтын және жұмыстан босататын 1-ші орынбасардан, 3-4 орынбасарлардан, секретариаттан, басқармалардан, бөлімдерден тұрады. Бас Прокуратура прокуратураның бүкіл жүйесіне басшылық етеді, басқа құқық қорғау органдарымен өзара қарым-қатынаста болады. Бас прокуратурада және облыстық прокуратураларда ұйымдық мәселелермен қоса заңдардың бұзылғандығын айғақтайтын елеулі фактілерді қарайтын кеңесші органдар – алқалар құрылады. Прокуратура жүйесіндегі төменгі буынға жергілікті жерлерде өз құзіреті шегінде заңдардың дұрыс қолданылуын қаматамасыз ететін, қылмыстық қудалауды ұйымдастыратын және сот жүйесі негізгі тармағының соттарындат мемлекет мүддесін қорғайтын қалалық, аудандық және соларға теңестірілген прокуратуралар жатады. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» заң күші бар жарлығына сәйкес мыналар прокурор бола алады: Республиканың Бас прокуроры, оның 1-ші орынбасарлары, Аға көмекшілері мен көмекшілері, ерекше тапсырмалар жөніндегі көмекшілері Прокуратура басқармалары мен бөлімдерінің бастықтары және олардың орынбасарлары, Барлық төмен тұрған прокурорлар, олардың орынбасарлары, көмекшілері Қадағалау саласының прокурорлары әскери, өкілетті және мамандандырылған прокурорлар.Осылардың барлығы Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен прокуратура органдарында қызметтен өту туралы Ереже негізінде прокуратура органдарында қызметтен өтеді. Прокуратура қызметкерлері үшін қойылатын міндетті талаптар:Қазақстан Республикасының азаматтығы;Заңгерлік жоғарғы білімі бар; Сотталмағандық, мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылмағандық; Денсаулық жағдайы; Іскерлік және моральдық қасиеттері. Әскери прокурорлар міндетті түрде әскери қызметкерлер болуы керек. Прокуратураның басшы құрамына қосымша талаптар қойылады-жасы 25-тен кем болмауы және прокуратурадағы еңбек стажы 3 жылдан кем болмауы керек. Прокуратураның барлық қызметкерлері 3 жылда бір рет аттестациядан өтуге тиіс.

Р ішкі істер минимтрлігі

Ішкі істер органдарының қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы «ҚР-ның ішкі істер органдары туралы» заң күші бар Жарлығымен және оларға қайшы келмейтін өзге де нормативтік актілермен реттеледі. Ішкі істер органдарының негізгі міндеттері:Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; Қылмыстың және өзге де құқық бұзудың алдын алу, айғақтау, жолын кесу; Қылмыстық істер бойынша анықтауды және алдын ала тергеу жүргізуді жүзеге асыру; әкімшілік құқық бұзу істері бойынша іс жүргізу; кәмелетке толмағандардың панасыздығын және құқық бұзуын айғақтау және болдырмау; жол қауіпсіздігін сақтауға және қамтамасыз етуге бақылау жасау;

· төлқұжат және визалық жұмыстарды іске асыру, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан аумағында болу ережелерін сақтауына бақылау жасау;Заң белгілеген басқа да мәліметтер. Ішкі істер органдарының принциптері:заңдылық, дара басшылық, біржүйелілік, жариялылық, басқа да құқық қорғау органдарымен қарым-қатынас, ұйымдармен және азаматтармен бірлесіп қызмет істеу.Ішкі істер органдарының жүйесін ҚР-ның Ішкі істер Министрлігі,оның құрамына кіретін департаменттер және өзге де құрылымдық бөлімшелер, оған бағындырылған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және республика астанасының ішкі істер басқармалары, көліктегі, қалалық, аудандық, поселкелік, жол ішкі істер органдары, ішкі әскерлер оқу орындары, мекемелер және басқа ұйымдар құрайды. Бүкіл жүйені ішкі істер Мнистрі басқарады. Оны премьер-министрдің ұсыныс бойынша Президент тағайындайды.