Мемлекеттік басқарудың нормалары

Алғашқы қауымдық кезеңнен бастап адамзат қоғамдастығында басқару әрқилы нысанда орын алған болатын. Басқару адамдардың бірлесе, қоғамдаса тіршілік жасау ортасында пайда болады. Басқарудың басты мәні оның өзгеге әсер етуінен көрініс табады, басқарудың басты белгісі оның қоғамдық қатынастарға және адамдардың санасы мен жүріс-тұрысына тікелей әсер етуі болып табылады. Басқару субъектісінің басқаруды жүзеге асыру үшін тиісті өкілеттілігі (билігі) болады, яғни бағынушының жүріс-тұрысын өз еркіне бағындыра алатын қабілеті болады. Сонымен қатар, басқару субъектісінің қоғамды басқаруы үшін жоғарғы кәсіби біліктілігі мен білімі болуы тиіс Жалпы алғанда, басқарудың ұйымдастырушылық, реттеушілік, үстемдік және жүйелілік сипаты болуы тиіс. Тек осы қасиеттері болған жағдайда ғана басқарудың қоғам үшін тиімді болары сөзсіз. Қоғамды басқару бірнеше функциядан, яғни негізгі іс әрекет бағытынан тұрады. Ең көп тараған басқару функциялары: 1)әлеуметтік ақпарат жинау және талдау;2болжау;3 жоспарлау;4) ұйымдастыру;5)өкім ету қызметі;6)бақылау және тіркеу; Қоғамдағы әлеуметтік басқару екіге бөлінеді: 1) мемлекеттік басқару, яғни мемлекет істерін басқару.2)қоғамдық, бұл қоғамдық ұйымдардың істерін басқару болып табылады. Мемлекеттік басқару дегеніміз - бұл қоғамдағы қоғамдық процестерді іс жүзінде тікелей ұйымдастырудағы атқарушылық және өкім ету қызметі. Басқаруды атқару қызметі деп айтатын себебіміз, ол заңдар мен заң күші бар актілердің орындалуына бағытталған, ал өкім ету қызметінің көрінетін жері, басқару процессінде мемлекеттік басқару органдары мемлекеттің күші мен қорғалатын билік ету актілерін шығарады. Атқарушы органдардың жүйесін Үкімет басқарады.Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес біздің мемлекетімізде мемлекеттік билік біртұтас, ол заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары болып үшке бөлінеді. Атқару билігі органы дегеніміз - мемлекеттік билікті жүзеге асырудағы мемлекеттік билік өкілеттігіне ие саяси ұйым. Бір жағынан, атқару билігі органы мемлекеттік билік органдарының бір түрі, ал екінші жағынан, билікті іс жүзінде және формальды жүзеге асырылуына арналған атқару билігінің субъектісі болып табылады. Олар мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады және олардың өздеріне тән арнайы белгілері болады. Басқару - белгілі бір мақсатқа жету үшін жүзеге асырылатын адамдардың ұйымдасқан қызметі. Басқарудың мақсаттары: жүйені реттеу және оның жұмысын қамтамасыз ету.

21)Мемлекеттік басқару механизмінің түсінігі, мазмұны, құрылымы.Мемлекеттік басқару тетігі - мемлекеттік басқару аумағында болатын қатынастарға құқықтық әсер етудің құқықтық құралдар жүйесі.Мемлекеттік басқару тетігі мынадай элементтерден тұрады:1)Қазақстан Республикасының және басқа да заңдарда белгіленген құқық нормалары және қағидалары;2) құқықтық қатынастар;3) өкілетті органдардың шығарған құқықтық нормаларын түсіндіру актілері;4)құқық нормаларды қолдану актілері.Құқықтық нормалар дегеніміз - мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың лауазымды тұлғалар мен барлық азаматтардың орындауы міндетті мемлекет белгілеген мінез - құлық ережелері, яғни заңды ресмилендірілген, жалпыға міндетті қоғамдық қатынастарды реттейтін, мемлекеттің атынан баянды етілген нормативтік нұсқаулар.Құқықтық қатынастар - құқықтық нормалармен реттелген, құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар.Заңды маңызы бар айғақтар - нақтылы өмірлік мән-жайлар. Заңды маңызы бар айғақтар мен құқық нормалары құқықтық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін немесе тоқтатылуын байланыстырады. Кейде бұл айғақтың құқықтық нәтижесі болады, ал кейде бірнеше айғақтардың жиынтығы құқықтық қатынастар тудырады, оны өзгертеді немесе жояды. Мысалы, зейнеттік қатынастар пайда болуы үшін үш айғақ қажет: жас, еңбек өтілі және зейнетақы тағайындау туралы акт. Айғақтардың бұндай жиынтығын айғақтық құрам деп атайды.Заңды маңызы бар айғақтарды бірнеше негіздер бойынша жіктеуге болады. Нәтижесінің сипатына қарай олар мынадай топтарға бөлінеді:-құқық құратын (еңбек шартын жасауға байланысты жалдаушы мен жалданушының құқықтары мен міндеттері пайда болады)-құқық өзгертетін (үй айырбастау нәтижесінде құқықтық қатынастың объектісі өзгереді, соған сәйкес құқықтар мен міндеттері де өзгереді) .Мемлекетті басқару функциясын лауазымды адамдар мен органдар нақты іс-әрекеті арқылы жүзеге асырады.

22)Мемлекеттік басқарудың қағидаларыМемлекеттік басқару негізгі ережелер мен қағидаларға негізделген. Мемлекеттік басқару қағидалары дегеніміз - ол негізгі басшылық бастамасы, ал басқару қызметі соның негізінде құрылады және қызмет етеді сонымен қатар, қағидалар құқықта бекітілген белгілі бір ереже, тәртіп ретінде қалыптастырылады.Мемлекеттік басқарудың қағидалары екі топқа бөлінеді:1) әлеуметтік-саяси; 2) ұйымдастырушылық.Жалпы қағидалары:1 заңдылық;2) жариялық; 3) халық билігі және ұлттардың теңдігі; 4)биліктің тармақтарға бөлінуімен өзара тежеу қағидасы; 5) тұлғаның құқықтарының кепілдігі және үстемділігі қағидасы;6) тиімділік.Ұйымдастырушылық қағидалары:1)салалық;2)жергіліктілік;3) функционалдық;4)өкілеттіктерді тиімді бөлу.