Педагогикалық шеберліктің мазмұны

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

В012000 Кәсіптік оқыту мамандықтар топтары үшін

Педагогикалық шеберлік» пәні бойынша емтихан билеттері

Педагогикалық шеберлік ұғымы мен мәні.

Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог — өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман. Педагогикалық шеберлік – ұстаздық талантпен тығыз байланысты. К.Д.Ушинский: «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр – сырын меңгермейінше бұған оның оның қолы жетпейтіндігін», — айтады.
Педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жан – жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді оқушылырға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік: 1) мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі; 2) пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі; 3) оқыту мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады.

2.Оқытушылық қызметтің моральдық мәні. Педагогикалық мораль моральдың жалпы функцияларын іске асырады. Олар реттеуші, шағылыстырушы немесе гуманистикалық болып жүктеледі Оқытушының өнегелік сапасының мазмұнына көңіл аударған жөн, оның негізін оқытушының өнегелік ой-пікірі және оқытушының сенімі құрайды. Оқытушы өнегелік қарым-қатынас, педагогикалық этика категорияларын іске асыру негізінде құрады, олар жалпы моральдық категориялардан тұрады: ізгілік, борыш, қарыз, ар-ұждан, абырой, ар-намыс, әділдік, адалдық. Педагогикалық этиканың барлық категорияларын педагог өзінің педагогикалық өнегелік қызметінде іске асырады, оның негізі үш аксиомадан тұрады: Педагогтың студенттерге сый-құрмет,қошеметпен қарауы; Педагог студенттерді жақсы көруге міндетті; Студент білмеуге құқығы бар.

3. Педагогикалық қарым-қатынастың ерекшеліктері.Педагогикалық қарым-қатынас - белгілі бір педагогикалық қызмет атқаратын, жәйлі психологиялық климат құруға және оқу іс-әрекетін, педагог пен оқушы арасындағы, оқушылар ұжымы ішіндегі қатынастарды психологиялық тиімді етуге бағытталған оқытушы мен оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы кәсіптік қарым-қатынасы. Қарым – қатынас сан алуан сипатта; оның көптеген формалары, түрлері бар. Педагогикалық қарым – қатынас адамдар қарым – қатынасының жекеше түрі. Оған осы өзара әрекет формаларының жалпы қасиеттері де, білім беру процесіне тән қасиеттері де лайық. Қарым-қатынастың түрлерi:
1. Маскiлi қарым-қатынастар; бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию. Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық). Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi.
2. Формалды рөлдiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады.
3. Iскерлiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады.
4. Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы – мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi.
5. Маникулятивтiк қарым-қатынас сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне байланысты түрлi әдiстер пайдаланады.
6. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас.

Педагогикалық шеберліктің мазмұны.

Педагогикалық шеберлік – мұғалімге оқу-әрбие процесін ұйымдастыруда қажетті кәсіби білім, білік және дағдылардың жиынтығы. Педагогикалық шеберліктің негізі жоғары оқу орнында қалыптасады. Оның мазмұнына:

1. Кәсіби педагогикалық білім;

2. Педагогикалық тәжірибе;

3. Шығармашылық тәжірибе;

4. Тұлғалық қасиеттері;

5. Кәсіби педагогикалық бағыты енеді.

5.Педагогикалық шеберлікке берілген анықтамалар (Н.К.Крупская, В.А.Сухомлинский В.А.Сластенин және т.б.)

В. А. Сухомлинсий (1981) бұл түсінікке нақты анықтама бермейді, дегенмен, ол педагог тұлғасы тәрбиеленушіні тәнті ететін, өзіне тарта білетін, рухтандыратын болуы керек деген пікір айтады. Ол : «Идеалдар мен қағидалардың, көзқарастары мен талғамының, симпатия мен антипатияның, моральдық-әдептілік қағидаларының педагогтың сөзі мен ісіндегі гармоналды тұтастығы – міне, осындай қасиеттер жалындаған жас ұрпақтың жүрегіне жол табатын шоқ жұлдыз болады» дейді.

А. И. Щербаков (1968) педагогикалық шеберлік – мұғалімнің ғылыми, әдістемелік өнерінің, білігі мен дағдысының, жеке қасиеттерінің үндесіп, үйлесуі деп санайды.

Н. В. Кузьмина (1972, 1980) шеберлікті маманның өз жұмыс жағдайын зерттеп, зерделей білуі, кәсіптік міндеттерін оңтайлы шешу үшін кәсіби біліктілікті меңгеруі деп анықтайды.

Ю. К. Бабанский (1989) «мұғалім – кәсіби технологияны еркін меңгерумен, шығармашылығымен бала оқытуда және бала тәрбиелеуде ерекше шебер» деп көрсетті.

В. А. Сластениннің (1998) педагогикалық шеберлікке берген анықтамасы Ю. П. Азаровтың (1989) пікіріне жақын, ол педагогтық шеберлікті педагогикалық технологиямен өзара байланыстырады, дегенмен, ол тек операциялық компоненттерімен шектелмеуі керек, адамның жеке іскерлігі мен оның бойында педагогтік прцестің жоғары тиімділігін анықтайтын қасиеттерінің сабақтасып жатуы керек деген пікір айтады.

А. А. Сидоров, М. В. Прохорова, Б. Д. Синюхин (2000) педагогтік шеберлік педагогикалық мәдениеттің тірек компоненті деп есептейді және шеберлік сан алуан оқу-тәрбие ісіне байланысты міндеттерді табысты шешуде педагогтың жеке басының қасиеттерімен қоса оның психологиялық-педагогикалық ойлауы, кәсіби білігі, дағдысы мен эмоциясы өзара сабақтастық табатын ерекшеліктері деп анықтайды.