Педагогикалық техника:педагогтың өзінің психикалық жағдайын кәсіби өзіндік реттеуі

23.Педагогикалық техниканың элементтері.Педагогикалық техника – мұғалімнің өздерінің жеке психофизиологиялық жай-күйін, көңіл күйін, эмоциясын, денесін, сөзін және педагогикалық мақсатты қарым-қатынасын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін жалпы педагогикалық және психологиялық білім кешені. Педагогикалық техникадағы педагогикалық шеберлік төмендегідей критерийлерге бөлінеді:

-мақсаттылық (бағытталған)

-продуктивтілік (білім, тәрбие деңгейінің нәтижесі).

-оптималдық (таңдамалы)

-шығармашылық (құрамына байланысты)

Педагогикалық техника:

- Дене қозғалысы - жест, поза, пантомимика;

- Адам қозғалысының мәні туралы кинетика ғылым зерттейді;

- Пантомимика –дене, қол, аяқ қозғалысы, ол ойдың негізгісін бөліп көрсетеді және бейне жасайды;

- Жест – қол сермеуі, ол бейнелеуші және психологиялық жесттер болып бөлінеді;

- Бейнелеуші жесттер – ойдың барысын бейнелейді, иллюстрациялайды;

- Психологиялық жесттер – сезімді білдіреді;

- Мимика - өз ойын, сезімін, көңіл-күйін, жағдайын беттің бұлшықет қозғалысымен білдіре алу өнері;

- Жест және мимика ақпараттың эмоциональды мәнін арттырып, оның жақсы меңгерілуіне жағдай жасайды;

- Дикция – бұл сөздерді, буындарды және дыбыстарды айтудағы ашықтық, нақтылық.

Педагогикалық техниканың құрамдас бөліктері:

- Өзін-өзі басқару іскерліктері;

- Ұжыммен, жеке тұлғамен өзара әрекеттесу іскерліктері жатады.

24.Педагогикалық іс-әрекет ерекшеліктері.Педагогикалық іс-әрекет – мақсатты бағытталған адам іс-әрекетінің ерекше түрі, себебі педагог өзінің алдына белгілі бір мақсат қоймауы мүмкін емес: мысалы, географиялық картаны оқуды үйрету, патриотизм сияқты тұлға қасиетін тәрбиелеу. Кең мағынада педагогикалық іс-әрекет жинақталған адамзат тәжірибесін болашақ ересектерге беру мәңгі әлеуметтік функциясын орындауға бағытталған. Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты үйлесімді дамыған тұлғаны тәбиелеу мақсатын жүзеге асырумен байланысты пайда болады. Бұл жалпы стратегиялық мақсат әртүрлі бағыттарда оқыту мен тәрбиелеу нақты есептерін шешу үрдісі кезінде орындалады.

Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз оқушының тұлғалық, интеллектуалдық, іс-әрекеттік дамуына бағытталған және сонымен бірге оның өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі жетілдіруінің негізі болып табылатын мұғалімнің тәрбиелеуші және оқытушы ықпалы болып табылады.

25. Педагогтың психологиялық мәдениеті.Педагогтің білім мен ақпаратты тасымалдаушы ғана болуы бүгінгі күнде жеткіліксіз. Ендеше бүгінгі мұғалім жоғары педагогикалық және психологиялық меңгеруі міндетті.182

Психологиялық мәдениетке адамның психологиялық саулығы мен өзін-өзі және басқа адамды тануы, өзін-өзі тануы, өзін-өзі ұстауы және қарым-қатынас жасау мәдениеті жатады.

26. Педагогикалық шығармашылықтың көрсеткіштері.Шығармашылық – барлық әрекеттің сапа белгісі, ал шығармашыл мұғалім – барлық реформаның негізгі кейіпкері.

Шығармашылық – мәселені белгілі тәсілдермен шешуге болмайтын жағдайда туындайды. Дегенмен, бұл қисынсыз шешім қабылдауға әкелетін әрекет әр түрлі деңгейде, бірнеше кезеңдерден 183

тұратын күрделі психологиялық үрдіс. Осы мәселені зерттеген ғалымдар педагогикалық шығармашылық төмендегідей кезеңдерден тұратынын анықтаған;

1) педагогикалық ойдың пайда болуы;

2) түпкі ойды талдау;

3) педагогикалық ойды әрекетке айналдыру;

4) шығармашылықтың нәтижесін талдап бағалау (В. А. Кан-Калик, Н. Д. Никандров);

5) жаңалықты көру;

6) педагогикалық өнертапқыштық құрастыру, модельдеу;

7) жетілдіру (В. И. Загвизинский).

Көрсеткіштері:

- кәсіби әрекетте шығармашылық элементтерін қолдану

-шығ-қ материалының күрделі деңгейі

- өз шығ- н балаларға үйрету,шығ-қ қабілетін дамыту.

27. Педагогикалық қызметтегі мұғалімнің инновациялық-креативтілік мәдениеті.“Инновациялық – креативтілік мәдениеті” ұғымы тӛмендегімәдениеттерді қамтиды:

материалдық және рухани;

тұлғалық және әрекеттік;

қарым-қатынас және тәртіп;

ізгіліктілік және әдіснамалық.

“Инновациялық – креативтілік мәдениеті” ұғымы тӛмендегімәдениеттерді қамтиды:

материалдық және рухани;

тұлғалық және әрекеттік;

қарым-қатынас және тәртіп;

ізгіліктілік және әдіснамалық.

Басқаша айтқанда педагогикалық мәдениет феноменін педагог

-профессионал тұлғаныңинтегралдық сапасы ретінде, тиімді педагогикалық қызметтің шарты және алғы шарты ретінде,оқытушының кәсіби құзіреттілігінің жалпылама кӛрсеткіші ретінде және кәсіби ӛзін-ӛзі жетілдірудің мақсаты ретінде қарастыруға болады.

Әдістемелік негіздеу тұрғысынан инновациялық – креативті мәдениет моделін аксиологиялық,технологиялық және тұлғалық- шығармашылық элементтері құрайды.

Инновациялық – кретивтілік мәдениеттің аксиологиялық компоненті адамзат құрған жоғарғымектептің қалыптасуының қазіргі заманғы даму кезеңінде біртұтас педагогикалық құндылықтаржиынтығынан құралған.

Инновациялық-кретивтілік мәдениеттің тұлғалық-шығармашылық компоненті шығармашылықакт ретінде оны игеру және іске асырудың механизмін ашады.

Инновациялық – креативтілік мәдениеттің эвристикалық компоненті “эвристиканыңұғынымдылығы” атты когнитивті эмпирикалық әдісі түсіндіреді.

Эвристика – қарапайым тиімдіойлау стратегиялары. Эвристиканың ұғынымдылығы айқын сипаттамалар негізгі базалықстатистикалық ақпаратқа қарағанда нанымды екенін кӛрсетеді.