Мимика және пантомимика – байланыс орнату құралдары ретінде

48. Педагог – педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі ретінде.

79. Педагогикалық мамандықта актерлік және режиссерлік шеберліктің элементтері.

50. Педагогикалық қабілеттер және оның қалыптасу жолдары:

Педагогикалық қабілеттілік – мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетте жоғары нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз ететін жеке-дара психологиялық ерекшеліктері мен кәсіби маңызды сапасының қорытынды жиынтығы.

Коммуникатив-тілігі: адамға деген оң қатынасы, тілектестігі, пер-цептивтігі, кәсіптік байқағыштығы, педагогикалық интуициясы.

Динамизмі: еріктік әрекетке, логикалық сендіруге қабілеттілігі.

Эмоционал-дық орнықтылығы: өзін-өзі меңгеруі, оптимистік болжау.

Креативті-лігі: шығармашылыққа қабілеті

Мынадай түрлерге ажыратылады:

- гностикалық (тани білу және танымнан қанағат алу бірлігі);

- дидактикалық (білімді түсіндіру, бере білу және оқыту білігі);

- коммуникативтік (қарым-қатынас жасау, ынтымақтасу білігі);

- ұйымдастырушылық (тәрбиеленушілерді алуан түрлі іс-әрекеттерге қосу, оларда оған деген қызығушылықты шақыру,өкілеттік беру, барлық қатысушыларды біріктіру және олардың қызығушылығын қойылған мақсаттарды іске асыруға бағыттау білігі);

- перцептивті (баланың ішкі әлеміне ену, олардың қобалжыған сезімін және күйін, қабілеті мен эмоциясын түсіну білігі);

- болжамдық (педагогикалық болжай білуді жүзеге асыру, педагогикалық іс-әрекетте өзара әрекет нәтижесін болжамдау білігі);

- суггестивті (мұғалімнің эмоционалды-жігерлі иландыруы, оның бекем қайратты сөзі көмегімен ықпал етудің қажетті нәтижесіне жету білігі);29

- экспрессивті (өзінің білімі мен нанымын эмоционалды және мәнерлі етіп бере алу, мұғалімнің әртістігі, сөйлеудің көп бейнелі интонациясын, ымды, қозғалысты, икемділікті меңгеру білігі)

51 Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеті стильін сурет түрінде көрсетіп, талдаңыз. Педагогикалық іс-әрекет күрделі, әлеуеметтік маңызды іс-әрекеттердің бір түрі. Педагогикалық іс-әрекет өз кезегінде бірнеше іс-әрекет түрлерінен құралады. Төмендегі суретте педагогикалық іс-әрекеттің бірнеше түрлері көрсетілген. Тәрбиелеу іс-әрекеті - бұл оқушыларға адамзат баласы жинақтаған әлеуметтік тәжірибені мақсатты түрде алмастыруға және олардың тұлғалық сапаларын, қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекет түрі. Тәрбиелеу іс-әрекеті педгог қызметіндегі басты іс-әрекеттердің бірі.

Оқыту іс-әрекеті - бұл мұғалімнің оқушылардың бойында білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыруға, олардың ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған, танымдық іс-әрекеттерін басқаратын іс-әрекет түрі.

Педагогикалық іс-әрекеттің түрлері көп болғандықтан оның атқаратын қызметтері де жеткілікті. Педагогикалық іс-әрекеттің атқаратын қызметтерін келесі 2-суреттен көруге болады. Диагностикалық қызмет – бұл оқушылардың дамуын, тәрбиелік деңгейін зерттеп, анықтауға бағытталады. Мұғалім өзінің жұмысын нәтижелі, әрі жүйелі ұйымдастыру үшін психологпен бірлесе отырып, оқушыларды әр түрлі әдістемелер бойынша зерттеп, бақылау жүргізеді. Бұл жұмысты диагностикалық қызмет деп атайды.

Бағыттаушы-болжаушылық қызмет – мұғалімнің тәрбиелік іс-әрекеттің бағытын анықтап, олардың дамуын алдын-ала болжауға бағытталған іс-әрекеті. Мұғалім өз іс-әрекетінің мақсаттары мен міндеттерін алдын-ала болжап, анықтайды.

Конструктивті-жобалаушылық – педагогтың оқушылар меңгеретін білім мазмұнын таңдап, ұйымдастыру, оқушылардың іс-әрекетін жобалау, өзінің болашақ әрекетін және мінез-құлқын жобалауға бағытталған іс-әрекет. Бұл қызмет барысында мұғалім өз іс-әрекетіне қажетті әр түрлі жоспарлар мен жобаларды әзірлейді.

Ұйымдастырушылық – педагогикалық процесті, оқушылар іс-әрекетін жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекет. Мұғалім нақты міндеттерді анықтап, оларды ұйымдастыру формаларын, оқушылармен өзара байланыстылықты таңдап, өз іс-әрекетін ұйымдастырады.

Ақпараттық-түсіндірмелік – бұл өз іс-әрекетін қажетті ақпараттармен жинақтап, оны оқушыларға түсіндіруіне бағытталған іс-әрекет.

Коммуникативті-ынталандырушы – бұл мұғалімнің педагогикалық процеске қатысушылармен қарым-қатынас орнатып, олардың іс-әрекетін ынталандыруға бағытталған іс-әрекеті.

Талдау-бағалау – бұл мұғалімнің педагогикалық процестің жеткен нәтижелерін мақсатпен салыстыруға, оның деңгейін анықтауға бағытталған іс-әрекет. Талдау-бағалау қызмет мұғалімге өзінің жіберген кемшіліктерін болашақта болдырмауға, нәтижелі жұмыс жүйесін жасауға және т.б мүмкіндік береді.

Зерттеу-шығармашылық - педагогтың өз іс-әрекетін жетілдіре, дамыта түсуіне мүмкіндік беретін ізденіс жұмысы. Педагогтың зерттеушілік қызметі өзінің жеке зерттеу тақырыбы бойынша немесе оқушылардың ғылыми жұмыстарына басшылық жасау арқылы жүзеге асуы мүмкін.

52. Педагогикалық эрудиция педагогикалықшеберліктіңталабыретінде. Педагогикалық шеберліктің басты шарты педагогикалық эрудиция мен құзыреттілік болса, педагогикалық эрудиция дегеніміз мұғалімнің педагогикалық міндеттерді шешу барысында икемді пайдаланатын қазіргі заманғы білім қоры. Ал, құзыреттілік дегеніміз қызметтегі тұлғаның жеке мүмкіндіктерін, оның белгілі бір мәселені шешуге жағдай жасайтын біліктілігін (білім, тәжірибе) атайды.

53. Педагогикалық құзыреттілік педагогикалықшеберліктіңталабыретінде. Құзыреттілік – жұмыскердің өз білімі, біліктілігі және дағдылары негізінде нақты кәсіп аясында жоғары сапалы және мөлшерлік еңбек нәтижелеріне жету үшін нақты жұмыс түрлерін білікті атқара алу қабілеті. Жоғары оқу орнындағы педагог құзыреттілігі педагогикалық қабілеттер негізінде және құзыреттілік түрлерінің жиынтығынан тұрады десек, В. А. Сластенин: «Педагогтың кәсіби құзыреттілігі педагогикалық - іс-әрекетті атқару үшін қажетті теориялық және практикалық дайындығы және ол мұғалімнің кәсіби профессионализімі» деп сипаттайды.

Педагогтың кәсіби құзыреттілігі ұғымы мұғалімнің жеке мүмкіндіктерін білдіреді, ол педагогикалық ситуацияларды дербес және тиімді шешуге ықпал етеді. Ол үшін мұғалім педагогикалық теорияларды және оны практикада қолдануды білуі керек. Ғалым В. А Мижериков бойынша, мұғалімнің педагогикалық құзыреттілігі дегеніміз кәсіби іс-әрекетті орындаудағы теориялық және практикалық дайындықтарының бірлігі.

Педагогикалық құзыреттілік – педагогтың кәсіби көрсеткіші; педагогтың дайындығы және «қабілеттенуі» арқылы, іс-әрекеттерді меңгерудің әдістері мен құралының шынайылығында, алға қойған міндеттерді шешу мүмкіндігінде көрінетін нәтиже.

54.Педагогтың теориялық және практикалық дайындық деңгейінің мазмұнын талдаңыз.Ғалым В. А Мижериков бойынша, мұғалімнің педагогикалық құзыреттілігі дегеніміз кәсіби іс-әрекетті орындаудағы теориялық және практикалық дайындықтарының бірлігі.

Педагогикалық құзыреттілік – педагогтың кәсіби көрсеткіші; педагогтың дайындығы және «қабілеттенуі» арқылы, іс-әрекеттерді меңгерудің әдістері мен құралының шынайылығында, алға қойған міндеттерді шешу мүмкіндігінде көрінетін нәтиже.

Жоғары оқу орны оқытушысының кәсіптік-тұлғалық құзіреттіліктері Энциклопедиялық сөздікте былайша жіктеледі:

-Бейімделу -өркениетті адамның жайлы өмірді қамтамасыз етуде, қоршаған әлем туралы білімінің, табиғатқа қатынасы, ортаның өзгергіштігіне бейімделу және бірегей табиғи байлықты шынайылықтың шығармашылық жолмен түрленуін сақтау арқылы қолданылатын интеллектуалды, физикалық және психомоторлы біліктіліктердің жиынтығы;

- Әлеуметтік - ұйымдастырушылық -әр түрлі нақты әлеуметтік жағдаяттарды шешу үшін мақсатты таңдалған жол іздеу негізінде адамдардың арасындағы қарым-қатынастардың барлық қатынасушылар үшін қолайлы өзгеріске әкелетін, нәтижесінде өз мақсаттары, көңіл-күйі, әрекет ету тәсілдерін реттеуді қажет ететін тұлғаның білімдерінің, рефлексивті біліктіліктерінің және қабілеттіліктерінің жиынтығы;

- Коммуникативті құрылымы жағынан күрделі және білім беруді ұйымдастыруда тұтас, қарым – қатынас жасаудағы негізгі міндеттерді табысты жүзеге асыруды және тұлғаның өз мүмкіндіктерін ашуын қамтамасыз ететін және лингвистикалық біліктіліктерді меңгерумен сипатталатын, тілдік тәртіптің арнайы әлеуметтік – мәдени нормалары мен қарым – қатынас жасаушылар арасында психологиялық заңдар, қолайлы жағдайды қолдау, тұлғаның әсерлі сезімтал ортасын дамыту;

Құндылықты-мәнді -тарихи дәуірге, әлеуметтік немесе тендерлік топқа, адамның белгілі бір уақыт аралығындағы кәсібіне қатысты өзгермейтін (инвариантты) сипаттағы құзыреттіліктердің жиынтығы, сонымен қатар олар тұлғаның озық ойы мен әрекетін анықтайды, оның «уақыттан озу» қасиетін келешектің әулиесі және жаратушысы болуын, күн ілгері тұлғаның сыртқы әрекеттерге қатысты тұрақтылығын анықтайды, кез келген жағдайда адамның «дербестігін» сақтауды қамтамасыз етеді.