Кәсіпорындардың банктермен өзара әрекеттестігі

 

Кәсіпорындар шаруашылық қызметін жүзеге асыру процесінде банктердің, инвестициялық қорлардың, сақтандыру, т.б. ұйымдардың көрсететін қызметтерін пайдаланады.

Кәсіпорындар есептесу және кассалық қызмет көрсету үшін банкты өз бетімен таңдап алады. Банктер өз кезеңінде кәсіпорындарға әртүрлі шоттарды, оның ішінде есеп айырысу шоттарын ашады. Банктер кәсіпорындардың өтініштері бойынша қысқа және ұзақ мерзімде несиені ұсынуы мүмкін. Несие берер алдында банктер мына критерийлерді есепке алады:

- кәсіпорынның тиімді қызмет атқаратындығын;

- меншік нысаны - жекеменшік, акционерлік немесе бірлескен кәсіпорындар, т.б.;

- кәсіпорындардың сенімділігі, төлем қабілеттілігі, басшыларының құзыреті;

- жарғылық қордың мөлшері;

- кепілдік беру кейде басқа тұлғадан кепілдік алу.

Банк несиесін алу үшін меншік нысанына қарамастан, заңды тұлғалар келесі құжат түрлерін ұсынуы қажет:

- өтініш;

- бизнес-жоспар немесе техника-экономикалық негіздеу;

- келісім-шарттардың жобаларын;

- қарыз алушының сауал-сұрағы;

- қарыз алушының құрылтай құжаттары;

- кәсіпорынның жарғысы, құрылтайшылық келісім-шарт, тіркелу жөніндегі куәлік;

- кәсіпорынның салық инспекциясымен куәландырылған қаржы құжаттары (кәсіпорнның балансы, қаржы нәтижелері мен оларды пайдалану туралы есептеме);

- кепіл және кепілдік құжаттар.

Банктер ұсынылған жобаларға, бизнес-жоспарға техникалық және экономикалық негіздеуге өте жоғары талаптар қояды. Олар несие беруді, егер кәсіпорын қарызгер жобаны орындау үшін меншікті қаражатын пайдаланып, жобаға жұмсалатын шығынның 25 пайызын көтеретін болса ғана қолдайды. Банк проценті Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесі (оның мөлшері 2008 жылдың 1 қаңтарында 9 % болған) мен инфляция деңгейіне байланысты.

Аржы коэффициенттері

 

Қаржы коэффиценттері - кәсіпорын қызметінің нәтижесі мен қаржы жағдайын, сондай-ақ оның активтерді басқару әдістерін жақсырақ түсінуге көмектеcетін талдау аспаптары.

Ең маңызды қаржы коэффициенттері - өтімділік (өтемпаздық), төлем қабілеттілігі, пайдалылық және активтерді басқару тиімділігі. Өтімділік - кәсіпорынның аса маңызды көрсеткіші мен сипаттамасы, оның қызметінің тұрақтылығы мен тиімділігі жайында осы көрсеткіш бойынша пайымдайды. Осы көрсеткіш, кәсіпорынның міндеттемелерін, берешегін, пассивтерін мезгілінде өтеу үшін активтерінің ақшалай қаражатқа тез айналу мүмкіндігін көрсетеді.

Жалпы өтімділік коэффициенті мына қатынаспен анықталады:

 

Ақшалай айналым қаражаты

Кжө = (10.4)

Қысқа мерзімді міндеттемелері

 

Өтімділік коэффициент – өтімділігі жоғары активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелер арасындағы арасалмақты көрсетеді. Өтеу коэффициенті - айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелер сомасына қатынас:

Барлық айналым қаражаты

Кө = (10.5)

Қысқа мерзімді міндеттемелері

 

Неғұрлым өтімділік коэффициенті жоғары болса, солғұрлым кәсіпорынның төлем қабілеттілігі де жоғары болады. Төлем қабілеттілігі кәсіпорынның алдағы төлемдерді уақтылы толық төлеуіне, олардың түсуіне қарай өзінің міндеттемелерін орындауына мүмкіндік беретін қаржы жағдайы. Төлем қабілеттілігінің коэффициенті мына формуламен анықталады:

 

Меншік капиталы

Кт = * 100, %. (10.6)

Жалпы міндеттемелері

 

Негізгі капитал мен меншікті капиталдың пайдалылығы пайда мен сәйкес капитал мөлшерінің қатынасымен анықталады.

Кәсіпорынның активі - негізгі құралдар мен бейматериалдық активтер, материалдық өндірістік қосалқы қорлар, ақшалай қаражат, қаржы жұмсалымдарын, сондай-ақ басқа заңды тұлғаларға қойылатын ақшалай талаптар түрінде мүліктік құқықтарының жиынтығы.

Активтерді пайдалану тиімділігін мына көрсеткіштер айқындайды:

а) жұмыс капиталының пайдалылығы (табыстылығы):

Пайда

Т = * 100, %. (10.7)

Жұмыс капиталы

 

Егер жұмыс капиталының табыстылығы 78 %-ға тең болса, онда жұмыс капиталының әр 100 теңгенің 22 теңгесін пайдаланбайды дегеніміз. Сонымен, кәсіпорын өзінің коммерциялық қызметін күшейту керек;

ә) дайын өнім айналымының коэффициенті:

 

Өткізілген өнім өндіруге

жұмсалған тікелей шығындар

Ка = , (10.8) Дайын өнім

 

б) дайын өнімнің айналым кезеңі:

n а =360 /Ка. (10.9)

Егер n а = 100 күнге тең болса, онда дайын өнімнің шартты бірлігі, жыл аяғындағы қоймадағы қорларына тең, 100 күн бойы сатылды.

Аржылық есеп беру

Қаржылық есеп беру мыналарды кірістіреді:

1) бухгалтерлік балансты;

2) қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепті;

3) ақшаның қозғалысы туралы есепті.

Қаржылық есеп беру басқа құжаттар және материалдар мен бухгалтерлік есеп стандарттың талаптарына сәйкес толықтырылуы мүмкін.

Қаржылық есеп беру мәліметтерін пайдаланып:

1) инвестициялық шешімдерді қабылдауға және несие беру

туралы шешім жасауға;

2) субъектің келешектегі ақша ағындарын есептеуге;

3) субъектің ресурстары мен міндеттемелерін бағалауға;

4) басшылық етуші құрылымардың қызметін бағалауға мүмкіндік

береді.

Қаржылық есеп беру құжаттары бір-бірімен тығыз байланысты. Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп – бухгалтерлік баланс пен ақша қаражатының қозғалысы есебін пайдаланбаған жағайда кәсіпорын қызметін толық көрсетпейді.

Бухгалтерлік баланста кәсіпорынның активтері, меншікті капиталы, міндеттемелері бейнеленеді. Бухгалтерлік баланс келесі көрсеткіштерді қамтиды (10.1-кесте):

Бухгалтерлік есептің стандарттарына сәйкес кәсіпорынның қаржы шаруашылық нәтижесі жөніндегі есепте келесі мәліметтерді (ақпаратты) анықтау керек:

1) негізгі қызметтен алынған табыс;

2) өткізілген өнімнің (жұмыс, қызметтің) өзіндік құны;

3) жалпы табыс;

4) кезеңнің шығындары:

жалпы және әкімшілік шығындары;

проценттер бойынша шығындар;

өткізу шығындары;

5) негізгі қызметтен алынған табыс (залал);

6) негізгі емес қызметтен алынған табыс (залал);

7) салық салынғанға дейінгі кәдімгі қызметтен алынған табыс

(залал);

8) корпорациялық табыс салығы;

9) салық салынған кейінгі кәдімгі қызметтен алынған табыс

(залал);

10) төтенше жағдайлардан алынатын табыс (болатын зиян);

11) таза табыс (залал).

Қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижесі туралы есептің мазмұны, экономикалық көрсеткіштерді талдауға мүмкіндік береді.

Өнім өткізуден алынған табыс өнім өткізуден түскен түсімнен қосылған құн салығын, акциздерді, т.б. салықтар мен төлемдерді шегеріп тастағанда анықталады. Бухалтерлік есепте осы көрсеткішті негізгі қызметтен алынған табыс деп атайды.


10.1-кесте

Бухгалтерлік баланс

 

Тарау Баптар тобы Баптар
Ұзақ мерзімді активтер Материалдық емес активтер Гудвил. Патенттер, тауар белгілері мен басқа да пайдаланымдағы материалдық емес активтердің амортизациясы
  Негізгі құралдары Жер. Ғимараттар мен құрылыс. Машиналар мен жабдықтар. Негізгі қорлардың басқа да түрлерінің тозып жинақталуы, аяқталмаған күрделі құрлыс
  Инвести-циялар Еншілес серіктестіктің инвестициялары Тәуелді серіктестіктердің инвестициялары Басқа инвестициялары
  Дебиторлық берешек Алуға арналған шоттар Алынған шоттар Негізгі шаруащылық серіктестік пен еншілес серіктестікері арасындағы ішкі топтық операциялар бойынша берешек Акционерлік қоғамдардың, лауазымды азамат-тардың берешегі. Басқа дебиторлық берешек
Ағымдағы активтер Тауар-материал-дық қосалқы қорлары Материалдар. Аяқталмаған өндіріс. Тауарлар. Болашақ кезеңдердің шығындары
  Дебиторлық берешек Аванс төлемдері. Алуға арналған шоттар. Алынған шаруашылық серіктестіктер мен олардың еншілес серіктестіктердің ішкі топтық берешектері.
Меншік капитал Ақшалай қаражаттар Қысқа мерзімді қаржы. Жарғылық капитал, акциялар бойынша сыйлықтар, қайтып бағалаудың сомасы. Резервтегі капитал
Ұзақ мерзімді міндет-темелер Несиелер Бөлінбеген табыс. Қамтамасыз етілген несиелер. Негізгі шаруашылық бірлестіктермен және еншілес бірлестіктердің өзара берген несиесі, овердрафт
Ағымдағы міндетте-мелер Кредиторлық берешек Ұзақ мерзімді несиенің ағымдағы бөлігі. Төлеуге арналған шоттар мен вексельдер. Алынған аванстар. Салық бойынша берешек. Төлеуге берілген дивиденттер. Негізгі шаруашылық серіктестік пен оның еншілес серіктестіктері арасындағы ішкі топтық операциялар бойынша берешек. Акционерлік қоғамдардың, лауазымды адамардың қарыздары. Басқа несиелік қарыздар. Төлеуге арналған есептелген шығындар. Алдағы кезеңдердің кірістері. Төтенше жағдайларға байланысты төлемдерді есептеу.

 

Өткізілген өнімнің өзіндік құны өнім шығарумен тікелей байланысты нақты шығындарды енгізеді. олар экономикалық маңызына сәйкес келесі элементтер бойына топталады: материалдық шығындары, еңбекке ақы төлеуге жұмсалған шығындар, әлеуметтік сақтаныруға төлемдері, негізгі құралдардың тозуы, басқа шығындар.

Жалпы табыс кәсіпорын қызметінің жалпы қаржы нәтижесі, ол өнім өткізуден алынған табыс пен өткізілген өнімнің өзіндік құны арасындағы айырым ретінде анықталады.

Кезеңнің шығындары – өнімнің өндірістік өзіндік құнына енгізілмейтін шығындар.

Кәсіпорынның негізгі қызметінен алынған табыс жалпы табыс пен кезеңнің шығындары арасындағы айырымға сәйкес келеді.

Негізгі емес қызметтен алынған табыс айналымнан тыс активтерді табыстаудан, биржа айналыстағы бағалы қағаздарды қайта бағалаудан және т.б. пайда болады.

Салық салғанға дейінгі кәдімгі қызметтен алынған табыс (залалы) – кәсіорынның сальдоланған қаржы нәтижесі, ол негізгі қызметінен алынған табысқа негізгі емес қызметтен алынған табысты қосу немесе қызметтен түскен залалды шегеру жолымен есептеледі. Осы көрсеткіштен корпорациялық табыс салығын шегергенде кәсіпорынның салық салынғаннан кейінгі кәдімгі қызметінен алынған табысы.

Салық салынғаннан кейінгі қызметтен алынған табысқа төтенше жағдайлардан алынған табысты немесе залалды ескергенде таза табыс (залалы) анықталады.

Табыс – есептік кезеңде активтердің көбеюі немесе міндеттемелердің азаюы.

Кәсіпорынның негізгі және негізгі емес қызметтерінен алынған табыстар жиынтық табысты құрастырады.