Шы кесте. Екіншілік ИТЖ қалыптасуындағы кейбір химиялық заттардың үлесі

Химиялық заттар Иммунотропты әсерлер.  
Пестицидтер Терінің бактерицидтік қасиеттерінің басылуы. Нейтрофилдердің фагацитарлы активтілігінің тежелуі. Т – және В–лимфоциттер сандарының азаюы. Иммуноглобулиндер өнімінің көбеюі. Циркуляциялаушы иммунды комплекстер концентрациясының жоғарылауы.
Фосфорлы қосылыстар Т – және В – лимфоциттер, макрофагтар санының азаюы. Адаптивті иммунды жауаптың реттелуінің бұзылуы. Т–лимфоциттердің қызметтерінің тежелуі. Жұқпаға қарсы бейспецификалық қорғаныстың көрсеткіштерінің төмендеуі.
Нитраттар мен нитриттер Адаптивті гуморалды және жасушалық иммунитет көрсеткіштерінің төмендеуі. Спецификалық антидене титрлерінің төмендеуі, нәруызды және майлы дистрофия, бауыр амилоидозы, көкбауырішілік микронекроздар.
Күкірттік ангидрид, бензолдың, күкірт қышқылының буланулары, көміртегінің қышқылдануы Фагоцитарлы белсенділіктің тежелуі. Адаптивті иммунитеттің гуморалды және жасушалық көрсеткіштерінің төмендеуі. Респираторлы жұқпаларға шалдығудын жоғарылауы.
Ауыр металдар (қорғасын, мырыш, кадмий, берилий). Туа біткен жұқпаға қарсы механизмдерінің тежелуі. Аллергиялық реакцияларға себеп болатын адаптивті иммунды жүйенің реттеуші қызметінің бұзылуы. Нейротоксинділік, гепатотоксинділік. Гемопоэз бұзылыстары.

 

Ксенобиотиктер иммунды жүйенің жасушалары мен мүшелеріне генотоксикалық, мутагендік, мембранотоксикалық және ферментотоксикалық әсерін тигізеді.

Көбінесе гендер мутациялары лимфоциттерде және тимоциттерде кездеседі, олар тұқым қуаламайды, бірақ иммунды жүйенің көптеген ауыр ауытқуларына әкелуі мүмкін. Осындай әсерлер адаптивті иммунды жүйенің жасушаларының әртүрлі даму сатыларында пайда болуы өте қауыпты. Нәтижесінде қайтымсыз “минорлы” ақаулар қалыптасып жұқпалы ауруларға және басқа да иммунотапшылықты көріністерге әкеледі.

Бұл аурулардың жиілігі қоршаған ортаның (ауа, су қоймалары), азық-түлік тағамдарының, жұмыс және тұрмыс орындарының ауасының, ауыз судың және т.б. ластану дәрежесіне тура байланысты.

Иммунологиялық резистенттілікке әсер ететін, қоршаған ортаның келесі маңызды физикалық факторлары бар:

Электромагниттік толқындар және АЖЖ (СВЧ) өрістері. Созылмалы әсер еткен кезде олар нейтрофилдердің фагацитарлық активтілігінің фазалық тербелістеріне және антиденелер синтезенің бұзылыстарына алып келеді.

Шудың 2 ай және одан да көп уақыт бойы 60 – 90 дб қуатылығымен әсер еткенде қан сарысуының бактерицидтік және комплементарлы активтілігінің бәсендеуі, антиденелердің спецификалық және жалпы титрлерінің төмендеуі байқалады.

Иондаушы радиация сүйек кемігі жасушаларының пролиферациясын тежейді, терінің, тері астылық майлы қабаттың, өкпелік, гематоэнцефалдық және гематоофтальмикалық тосқауылдардың және де асқазан-ішек тамырларының ішіне өту қабілетін жоғарлатып, асқазан әртүрлі бөгде антигендердің өтуін жеңілдетіп, иммунопатологиялық реакцияларды (сонын ішінде - аллергия) туғызады.

Сәулеленудің лимфоцитттерге тұра зақымдағыш әсері бар. Лимфоциттердің әртүрлі популяциялары мен субпопуляциялары және пісіп жетілулерінің әртүрлі кезендеріне әртүрлі радиосезімталдық тән.

Сәлеленудің зиянды әсері лимфоциттерге ғана емес, иммунды жүйенің көмекші жасушаларына да бұзылыстар береді. Көбінесе тимустың стромасы және эпителиалды жасушалары зақымдалады, ал осы жағдай тимозиннің және басқа да тимустық факторлар продукциясының төмендеуіне әкеледі. Нәтижесінде, кей кезде тіпті бірнеше жылдан соң, айырша без қыртысында жасушалар саны азаяды. Т – лимфоциттер түзілуі бұзылады, лимфоидты жүйеде шеткері мүшелердің функциялары әлсірейді, айналымдағы лимфоциттер саны азаяды. Сонымен қатар, иммундық жүйенің "сәулелік қарттауына" әкелетін, тимус тініне қарсы антиденелердің түзілуі жүреді. IgE синтізінің жоғарлауы байқалады және сәулеленген ағза ішінде аллергиялық және аутоиммундық үрдістердің пайда болу қаупі жоғарылайды.