ші сурет. Екіншілік иммунды тапшылық жағдайларына негізгі себепкер стресстік факторлар

 

Тимус және басқа лимфоидты ағзалар стресстік әсерге өте сезімтал болады. Созылмалы түрде өткен стресс салдарынан пайда болатын адаптивті иммунды жүйенің тапшылығы қатерлі ісіктердің, жұқпалардың, аллергиялық және аутоиммунды аурулардың пайда болуын жоғарлатады.

Екіншілік ИТЖ – дың пайда болуына темекі шегу, маскүнемдік және нашақорлықүлкен әсер етеді.

Көптеген зерттеулердің нәтижесінде туы біткен және адаптивті иммундық жүйеге темекі шегудің өте зиянды екені дәлелденген. Өйткені темекі шеккен кезде цитотоксикалық лимфоциттердің қызметтік активтілігі мен фагоцитоз барынша тежеледі. Темекі шеккен адамдарда қатерлі ісіктердің пайда болу жиілігі (миелоидты лейкемия, еріннің және ауыз қуысының қатерлі ісіктері, жатыр мойынның қатерлі ісігі және т.б.) айтарлықтай жоғарылайды. Олар вирусты жұқпаларға, оның ішінде ЖИТС – жұқпасына да жиірек шалдығады. Сонымен қатар темекі шегу көптеген басқа жұқпалық ауруларға әкелеуі мүмкін, мысалы үшін менингококктық жұқпа (2,4 ретке дейін), пневмококтық пневмония (2,5 ретке дейін), туберкулез (2,6 ретке дейін). Темекі шегу, сонымен қатар, ота жасағаннан кейінгі жұқпалардың пайда болуына себеп болу мүмкін. Осы темекінің зиянды қасиеттерін темекі шегушілердің шырышты қабаттарының бактериалды тұқымдануымен, тыныс жолдарының қызметтік әсерлерінің бұзылуымен, туа біткен иммунитеттің әлсіреуімен түсіндіруге болады. Сонымен қатар темекі шегетін адамдарда аллергиялық реакцияларға әкелетін қан сарысуындағы IgE деңгейі жоғарылайды. Көптеген зерттеулерде темекінің аутоиммунды аурулардың пайда болуына және олардың күрделене түсуіне себепші болатыны көрсетілген.

 

Қазіргі уақытта темекі түтінінің токсикалық және канцерогендік қасиеттері нақты екінішілік иммунотапшылықтың пайда болуына себепкер екені дәлелденген. Иммунды жүйеге токсикалық әсерді тигізетін темекі түтінінің құрамындағы келесі заттар болып келеді: көміртегі оксиді, азот оксидтері, цианидті сутегі, ацетальдегид және кадмий. Ал концерогендік әсерді темекі шегу барысында қоршаған ортаға бөлінетін формальдегид, гидразин, хлорлы винил, уретан, 2-нитропропан, хинолин, нитрозаминдер, бензпирен, полоний-210, 5-метил-хризен қамтамасыз етеді.

 

Сонымен қатар, өмір сүру салтының қауіпты факторларына маскүнемдікте жатады.Этил спиртінің ыдырау өнімдері ағзаның созылмалы интоксикациясын тудыра алады.

 

Организмде ацетальдегид концентрациясың жоғарлауы иммунды депрессияны шақыратын фактор болып табылыды, ал этанолдың жоғары концентрациялары эндогенді ИЛ-2-нің активтілігін тежейді, Т– лимфоциттердің митогендерге пролиферативтік жауабын, нейтрофилдер мен моноциттердің фагоцитарлық активтілігін тежейді, NK – жасушалардың және цитотоксикалық Т–лимфоциттердің қызметтерін төмендетеді. Осының салдарынан қанда иммунды комплекстер саны жоғарылайды.

 

Алкоголді гепатиттің ең жиі кездесетін нәтижесі - бауыр циррозы. Бұл кезде бауырдың детоксикациялық және ақуызтүзу қызметі күрт бұзылады, альбуминдер, комплемент компоненттерінің, оксидазалық тасымалдаушы ақуыздардың, сарысулық протеазалар ингибиторларының синтезі тежеледі, нәтижесінде иммунды гомеостаздың туа біткен резервтерінің адекватты және өз уақытында қайта толтырылу қабілеті нашарлап екіншілік иммунды тапшылық жағдайы күшейеді.

Сонымен қатар, алкоголдің шамадан тыс мөлшерде қабылдануы посталькогольдік астения жағдайына әкеледі, осы жағдай созылмалы аурулардың өршуіне және жедел патологиялық жағдайлардың созылмалы жағдайға ауысуына әкеп соғады: біріншіден – иммунокомпетентті жасушаларға тікелей әсер ету арқылы; екіншіден – екіншілік иммунды тапшылықты күрделендіретін нейроиммуномедиаторлардың әсер етуі арқылы.

Нашақорлық– вирустық және бактериалдық жұқпалардың пайда болуының қаупін жоғарылататын айқын иммунды тапшылықтың қалыптасуымен сипатталады. Нашақорларда иммунды тапшылықтың пайда болуына екі жағдай әкелуі мүмкін:

• Опиоидты нашақорлы токсиканттардың тікелей токсикалық әсері, олардың макрофагтар мен лимфоциттер апоптозын күшейту қабілеті.

• Нашақордың нашақорлық заттарды қабылдау уақытының ұзақтығына байланысты өмір салтынын бұзылуы – тамақтану, ұйқы бұзылыстары, өзіндік гигиеналық шарттарын сақтамауы, психикалық деградация және т.б.

Нашақорларды опиоидты және басқа нашақорлық заттардың әсерінен иммунды жүйесінің реттеу қызметтерің бұзылуы салдарынан ИТЖ пайда болуы ерекше орын алады. Нашақорлық заттар лимфоцит рецепторларының және антиген таныстырушы жасушаларға әсер етіп, олардың қарымқатынасын, эндогенді нейропептидтер және гармондар жағынан болатын реттеу қасиеттеріне сезімталдығын жояды, нәтижесінде иммунды қорғаудың эффетивтілігін азайтады.

Сонымен, екіншілік иммунотапшылықтың қалыптасуында адамның өмір сүру салтынаң факторлары өте маңызды. Екіншілік иммунды тапшылықтың алдын алу үшін салауатты өмір салтына жататын дұрыс, баланстанған тамақтану, адекватты физикалық жүктемелер, қалыпты гигиеналық шарттарын орындау, қауіпті үйреністерден айырылу және дұрыс медициналық тәртіп сақтау маңызды.