Соғыста қолданылатын химиялық биологиялық улы заттар

Улағыш заттарды топтастыру.
Жүйке жансыздандыратын әрекетті УЗ:
VX (ви — икс), зарин, заман.

Зарин- түссіз не сарғыш зат. Иісі жоқ, қыста қатпайды. Қай қатынаста болсын сумен, органикалық еріткіштермен араласады, майларда жақсы ериді.
Ви – икс (VX) –ұшпалы емес, түссіз сұйық, иісі жоқ, қыста қатпайды. Суда біршама, ал органикалық еріткіштер мен майда жақсы ериді. Ашық су қоймаларын өте ұзақ мерзім- 6 айға децін зақымдайды. Негізгі ұрыстық күйі ұсақ дисперсті аэрозрль..
Иприт – аздап сарғыш не қара – қоңыр, сарымсақ, не қыша иісі шығып тұратын, органикалық еріткіштерде жақсы, суда нашар еритін сұйық. Иприт төңіректі жазда 2 тәулікке дейін, қыста 2 – 3 апта зақымдай алады.
Иприттің тән ерекшелігі білдірмей әрекет ететін кезеңі болады (зақымдану бірден емес, біраздан соң, 2 сағ. және одан да көп өткеннен кейін білінеді). Белгілері: тері қызарады, ұсақ қалдырғандар шығып, кейін тұтасып барып жарылады да, жазылуы қиын жараға айналады. Иприт буы әсіресе көзге зиянды. Көзге әсері әуелде бірдеңе түскендей болып жасаурайды, жарыққа қаратпайды, бұдан әрі көз бен қабақтың кілегейі ісініп қатты былшықтанады. Асқазан – ішек жолына түссе, 30-60 м. кейін асқазан қатты ауырады, түкірік көбейіп, жүрек айниды, құстырады, одан әрі іш өтеді.
Тұншықтырғыш әрекетті УЗ: фосген, дифосген.

Фосген – түссіз газ, ауадан 3,5 есе ауыр, қызған шөп не шіріген жеміс иісі шығып тұрады. Суда нашар ериді және онда тез ыдырайды. Ұрыстық күйі – бу. Төңіректегі тұрақтылығы 30-50 миннут, орлар мен сайларда 2-3 сағатқа дейін тұрып қалуы мүмкін.
Фосген ағзаны онымен тыныс алғанда ғана зақымдайды, ондайда көз қабығы тітіркенеді, жас ағады, ауыз жылымшы татиды, аздап бас айналады, әл құриды, жөтеледі, кеуде қысылалы, жүрек айнйды.
Жалпы улы әрекетті УЗ: синил қышқылы, хлорциан

Заман қасиеттері жағынан зарин мен ви – икс аралығындағы жағдайда. Ағзаға қай әдіспен түскенде де адамды зақымдайды.
Олар бу тәрізді және тамшы – сұйық күйде болуы мүмкін, ағзаға тыныс органдары, тері, асқазан – ішек жолы арқылы тамақпен және сумен бірге түседі, жүйке жүйесін зақымдайды. Тұрақтылығы жазда – қыста бірнеше апта не бірнеше ай. Бұл УЗ ең қауіптілері: адамдардызақымдауға өте аз мөлшерінің өзі жеткілікті. Жеткізу құралдары: артиллерия, ракеталар және тактикалық авиация.

Заман қасиеттері жағынан зарин мен ви – икс аралығындағы жағдайда. Ағзаға қай әдіспен түскенде де адамды зақымдайды.
Олар бу тәрізді және тамшы – сұйық күйде болуы мүмкін, ағзаға тыныс органдары, тері, асқазан – ішек жолы арқылы тамақпен және сумен бірге түседі, жүйке жүйесін зақымдайды. Тұрақтылығы жазда – қыста бірнеше апта не бірнеше ай. Бұл УЗ ең қауіптілері: адамдардызақымдауға өте аз мөлшерінің өзі жеткілікті. Жеткізу құралдары: артиллерия, ракеталар және тактикалық авиация. Заман қасиеттері жағынан зарин мен ви – икс аралығындағы жағдайда. Ағзаға қай әдіспен түскенде де адамды зақымдайды.
Олар бу тәрізді және тамшы – сұйық күйде болуы мүмкін, ағзаға тыныс органдары, тері, асқазан – ішек жолы арқылы тамақпен және сумен бірге түседі, жүйке жүйесін зақымдайды. Тұрақтылығы жазда – қыста бірнеше апта не бірнеше ай. Бұл УЗ ең қауіптілері: адамдардызақымдауға өте аз мөлшерінің өзі жеткілікті. Жеткізу құралдары: артиллерия, ракеталар және тактикалық авиация.

66Мұнай токсикологиясы

Кеме жүзуінен ластану.Жүктерді су жолымен тасымалдау көліктің ең арзан түрлеріне жатады. Осы себеппен, бұл жүктерді жеткізудің ең баяу тәсілі екендігіне қарамастан, ол дәл сол кезде, әсіресе шикізатты жеткізу кезінде, ең кең таралған да тәсіл. Теңіз тасымалдарының жартысы мұнайға келеді. Кез келген мұнайда азды-көпті шамада су болады. Тасымалдау барысында мұнайдан су біртіндеп бөлініп шығып, танкердің түбіне жинақталады. Мұнайды сорып, айдағаннан кейін бұл су сонда қалады.

Теңіздің жағалаудан 50 мил шегінде мұнаймен ластануының алдын алу жөніндегі халықаралық конвенцияға сәйкес, егер олардағы мұнай өнімдерінің концентрациялары 50 мг/л асып түссе, теңіз кемелерінен балласт, фекалий жэне өзге төгінді суларды ағызуға тыйым салынады. Мұнайды тасымалдау ауқымын ескере отырып, қорғау аймағынан тысқары жерде де суды ағызудың Дүниежүзілік мұхиттың ластануына алып келетіндігі айдан анық. Мұнай өнімдерімен ластану цистерналарды шаю кезінде ғана емес, мұнай құйылған кемелердің апаттары кезінде де жүреді.

Теңіздердің мұнаймен ластануы теңіз өсімдіктеріне -Жер атмосферасына оттегін жеткізушілерге қысым көрсетілуіне алып келеді.

Өндірістік ағынды суларды тазарту әдістері.Өндірістік ағынды суларды тазалауда келесі әдістер қолданылады: механикалық, химиялық, физико-химиялық және биологиялық.

Механикалық тазалауға кіреді: сүзу (сығу) ол торларда (ірі қоспалар үшін) және барабанды торларда (ұсақ өлшенді заттар үшін) жүргізіледі; тұндыру өте жиі қолданылатын әдіс, тұрмыстық ағындарды тазартатын қондырғылардан еш айырмашылығы жоқ көлденең және радиальді тұндырғыштар қолданылады. Ағынды суларды ірі дисперсті заттардан тазарту үшін тұндырғыш ретінде соңғы жинағыш, яғни сулардағы кенді байытқаннан кейінгі соңғы ұнтақты жинауға арналған ағын тоғаны қолданады
Тұндыру үрдісіне ағынды суларды центрифугада және гидроциклонда тазартуды жатқызуға болады. Горьков политехникалық институтында гидроциклонды аспапты қолдану кезінде полимерлік өнімнің өлшенді заттарынан ағынды суларды тазарту әдісі ұсынылған. Тюмен ауыл шаруашылық зерттеу институтында мұнай өнімдерінен ағынды суларды тазарту кезінде гидроциклон-тұндырғыш ойлап табылған, ол тәлігіне 10 000 м3 ағынды тазартады. Ленинград ауыл-шаруашылқ институтында центрифугирлеу жолымен ағындарды тазартудың тиімділігін жоғарылатуға болатындығын анықтады

67Химиялық биологиялық өндірістік улардың организмге әсері кандай

Өнеркәсіптік токсикология- өнеркәсіптік улардың ағзаға зиянды әсерлері заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Заманымызға сай токсикологияны шартты түрде, бір-бірімен тікелей байланысты екі үлкен тарауға бөлуге болады: 1) токсикометрия; 2) интоксикация патогенезі.

Өнеркәсіптерде қолданылатын химиялық заттардың басым бөлігі организмге зиянды әсерлерін тигізеді. Жұмыс кезінде ауаға бөліну арқылы немесе жұмыс сәтінде тікелей жанасудың барысында бұл заттар адам денсаулығына, өміріне белгілі бір қауіптер туғызады. Химиялық заттардың организмге тигізетін бұл жағымсыз әсерлері уытты қасиеттер деп аталып, ал осындай қасиеттері бар өнеркәсіптерде қолданылатын немесе өндірілетін заттар өнеркәсіптік улар деген атқа ие болады.

І. Тұншықтырғыштар:

а) қарапайым тұншықтырғыштар, олардың әсері организмге енетін ауа құрамынан оттегін ығыстыру (азот, сутегі, гелий).

б) химиялық әсер етуші тұншықтырғыштар организмге ауамен оттегі жеткілікті мөлшерде түскенімен қандағы және тіндердегі газ алмасуы бұзылады (көміртегі тотығы, синильді қышқыл).

ІІ. Тітіркендіргіштер: - тыныс алу жолдарымен тікелей өкпенің шырышты қабаттарын тітіркендіреді, бұл асқыну реакцияларының дамуына септігін тигізеді (аммиак, қостотықты азот, күкіртті газ т.б.)

ІІІ. Ұшқын есірткілер және оларға туыс заттар: қанға түскеннен кейін әсер етеді. Жедел әсерлерінен наркоз тудыра отырып, нерв жүйелеріне тигізеді. Физикалық-химиялық қасиеттері мен биологиялық әсерлеріне

Тыныс алу мүшелерінің зақымдануы. Тыныс алу мүшелерінің зақымдануына негізінен тітіркендіргіш заттардың газдары мен булары және әр түрлі шаңдар себепкер болады.

Қан жүйесіндегі өзгерістер. Біз жоғарыда атап өткендегі карбоксигенаглобин түзушілер (көміртек тотығы) және метгемаглобин түзушілердің (бензолдың амидті және нитро қоспалары, натрий нитраты, кейбір органикалық асқын тотықтар) арнайы гемоглобин бөгеуші қасиеттері бар.

Жүрек–тамыр жүйесінегі (ЖТЖ) өзгерістер. Өнеркәсіптік улармен уланған кезде ЖТЖ зақымдануы вегетативтік – қан тамырларының дисфункциясы, миокард дистрофиясы шектелген ошақты зақымданулар түрінде айқындалады.