Iсiк жасушаларының антигендiк құрамы

Өзiнiң антигендiк құрамы жағынан iсiк тiндерi мен сау тiндер тек сан жағынан ғана емес, сонымен қатар, сапасы жағынан ерекшелінеді. Адамда кездесетiн қатерлi iсiктерде ерекше антигендердiң болуын алғаш рет тәжiрибе жүзiнде Л.А. Зильбер ашқан. Кейiн ол көптеген тәжiрибе және клиникалық зерттеу кезiнде дәлелдендi. Ол антигендер iсiкке байланысты болып, соған сәйкестiк бiлдiредi, мұндай өзгерiстер сау тiндерде жоқ немесе өте аз мөлшерде кездеседi.

Обыр жасушалары геномының жұмысы белсендi түрiнде, басқа тiндерге зиянды әсерiн тигiзу нәтижесiнде iсiк жасушасының бетiнде басқа тiндерге тән антигендер пайда болады (гетерогендік антигендер).

Қатерлену кезiнде жасушалардың аз немесе үлкен мөлшерде табиғи қызметтерi кемидi және олар әлсiз дамыған жасушаларға айналады. Бұл үрдiс сау тiндерде сатыерекшелі антигендердiң жойылуына соқтырады.

Одан басқа, осылай эмбрионалды кезеңде болатын гендер белсенденуі арқылы ракэмбрионалды антигендер де пайда болады (РЭА).

Қазiргi кезде iсiктер түрiмен бiрлескен көптеген эмбрионалды антигендер анықталған. Оның iшiнде толық зерттелгені: альфа-фетопротеин, карцино-эмбрионалды антиген, эмбрионалды сульфогликопротеин, Н-цитокин, Реган фосфатазасы, т. б. Ракэмбрионалды антигендердiң науқастың қан сарысуында анықталуы обырдың ерте анықталуына мүмкiндiк бередi.

Альфа-фетопротеин – адам iсiктерiнде бiрiншi анықталған эмбрионалды антигендердiң бiрi. Ол аурулар қанында және бауыр гепатоцеллюлярлы iсiктер жасушаларында кездеседi, сонымен қатар, аналық және аталық жұмыртқа бездерiнiң тератобластомаларында кездеседi. Бұл антиген асқазан iсiгi бар ауруларда, қуық асты без iсiгiнде және асқазан iсiгiнiң бауырға жайылуы кезiнде қан сарысуында кездеседi.

Карциноэмбрионалды антиген ауру қанында серологиялық әдiс көмегiмен анықталады және тiк iшек, тоқ iшектiң қатерлi iсiк жасушаларында табылады.

Эмбрионалды сульфогликопротеин асқазан шырышты қабатының қатерлi өзгерген жасушаларында байқалады, ал Н-цитокин асқазан-iшек, сүт безi, өкпе, қуық асты безi, қалқанша без, лимфогранулематоз сияқты қатерлi iсiгi бар аурулардың қан сарысуында анықталады және ол жүктi әйелдердiң қан сарысуында табылған.

Реган фосфатазасы қатерлi өкпе және асқазан-iшек жолдары iсiгiнде 10-20% жағдайда болады. Бұл фермент плацентаның сiлтiлi фосфатазасымен бiрдей, ол плацентамен түзiледi және жүктi аналар қанында кездеседi.

Тәжiрибелi зерттелуде жануарлар қатерлi iсiктiң жасушаларында, шақыру тәсiлiне қарамастан (әртүрлi онкогендi вирустар, химиялық канцерогендер, сәулелену), бiрнеше ракэмбрионалды антигендер табылған. Бұл антигендердiң қатерлi жасушаларда пайда болуы маңызды және ол iсiктегi эмбрионалды гендердi жаңартып, жұмыс iстеуiн айқындатады. Бұл гендердiң тежелуi вирус геномымен шақырылады және жасушаларда химиялық, физикалық канцерогендердiң, гормондардың әсерiмен туындайды.

Сөйтiп, қатерлену кезiнде iсiк жасушаларында екi үрдiс бiрдей жүредi: антигендiк қарапайымдану - қалыпты тiндерге сай антигендердің жойылуы; антигендiк күрделену - берiлген тiндерге тән емес жаңа антигендердiң пайда болу. Солардың iшiнде iсiкерекшелi, рак-эмбрионалды, вирусерекшелi және гетеромүшелiк антигендер.

Iсiкерекшелi антигендердiң сипаты жағынан тәжiрибелiк iсiктердi екi негiзгi топқа бөлуге болады:

1. Канцерогенәсерлі (рак туғызушы заттармен) iсiктер. Бұл iсiктердiң әрқайсысында өзiндiк антигендерi бар, мысалы, таза бiр топқа жататын әртүрлi жануарлардың барлық тiндерiнде немесе бiр жануардың әртүрлi тiндерiнде бiрдей канцерогенмен туғызған антигендер.

2. Вирусәсерлі iсiктер. Бiрдей вируспен әсерленген iсiктердiң антигендерi ұқсас болады (тiптi олардың әртүрлi жануарларда кездесiп, әртүрлi морфологиялық құрылымы болса да).

Тура осындай заңдылық адамда кездесетiн қатерлi iсiктерде де байқалады. Вирусәсерлi iсiктерде (лейкоз, лимфома, т.б.) iсiк түрiне тән көпшiлiк ауруларда болатын ортақ антигендер табылады. Сонымен қатар, адамда кездейсоқ пайда болатын вируспен байланысты емес iсiктерде, осы ауруларға тән ортақ антигендер табылмайды, бiрақ өзiндiк iсiкерекшелi антигендер кездеседi.

Iсiкерекшелi антигендер iсiк жасушаларының iшiнде де, бетiнде де орналасуы мүмкiн. Жасуша iшiндегi антигендердiң рөлi iсiкке қарсы тұру серпілістерде маңызды емес немесе рөлi өте аз болады, себебi иммунды жүйенiң оны тануына жетiстiгi жоқ. Iсiк жасушасының бетiнде орналасқан антигендер танылуы өте оңай, және олар арнайы иммунды жауапты тудыратын негiзгi бiр себебі болып табылады.

Iсiкке қарсы иммунды жауаптың түзiлуiнде iсiкерекшелi трансплантациялық антигендер (ОСТА-опухолеспецифические трансплантационные антигены) маңызды рөл атқарады; олар адам обырының көптеген жасушаларында кездеседi және көбiнесе гистосәйкестiктiң әлсiз антигендері қатарына жатады. Олардың мөлшерi iсiк жасушаларының бетiнде қанша төмен болса, сонша ол iсiк, қатерлi екенін көрсетеді.