Алынған мәндерді өңдеу

Есептеу бойынша сорғы өнімділігін біле отырып, сұйықтың жылдамдығын келесі формуламен анықтауға болады:

Мұндағы:

М - сорғы өнімділігі; м³/с

- құбырдың ауданы, м²

d - құбырдың ішкі диаметрі, м

 

Сорғының толық ағыны:

Мұндағы: Н - ағын, м

Pd –сорғының шығысындағы қысым, Па

Ps -сорғы ішіндегі қысым, Па

– сұйықтық тығыздығы, кг/м³

 

Есептеу нәтижесін №2 хаттамаға енгізу

Шүмектің бұрылу бұрышы Сорғының өнімділігі, м³/с Сорғыдан пайда болған ағын, м
   
30°    
60°    

 

Хаттамадағы мәлімет бойынша сорғы өнімдегі мен сорғыдан пайда болған ағынның мінездеме грфигін тұрғызу керек.

 

Зін-өзі тексеру сұрақтары

1. Сорғы түрлері

2. Орталық сорғы қызметінің принципі

3. Сорғының негізгі мінездемесі

 

Зертханалық жұмыс

Гомогенизатор құрылысы мен жұмысын зерттеу

Жұмыс мақсаты

o Құрылғының құрылысын және жұмыс істеу принципімен танысу;

o Зертханалық гомогенизатордың геометриялық және кинематикалық параметрлерін анықтау;

o Зертзаналық гомогенизатордың кинематикалық сызбасын салу;

o Есептеуші және экспериментальді жолмен гомогенизатор жұмысының технологиялық көрсеткіштерін анықтау;

Керекті құрал-жабдықтар: монометр, секундометр, термометр, штангенциркуль, сорғыш, өлшеуге арналған ыдыс.

 

Жалпы ақпарат

Сүтті гомогендеу.

Гомогенизация – бұл май түйіршіктерін майдалау процесі. Тұтас сүттің құрамындағы май түйіршігінің қлшемі d=1мкм. Гомогенизация май түйіршіктерін 10 есе майдалайды. Сүт өнеркәсііптерінде гомогенизация сүт, кілегей, балмұздақ қоспасы үшін қолданылады. Майдалау нәтижсінде сүт біркелкі, аздап тұтқырлығы жоғары болып келеді. Сүттен кілегейдің бөлінуі тез жүреді, 2-3 сағаттан кейін сүттің беткі жағында кілегей қабатын көруге болады. Кілегей бөліну жылдамдығына май түйіршіктерінің өлшемі сүттің тұтқырлығы және май түйіршіктері агрегаттары әсер етеді. Сүттің құрамындағы белгілі мөлшерде глобулиннің ақуызы болады. Сүттің төменгі температурасында ол адсорбцияланып, май түйіршіктері бір-біріне жабысып агрегат түзеді. Агрегат жалғыз түйіршіктерге қарағанда жылдам балқып шығады. Сүттің температурасы жоғарылаған кезде глобулин мен сүт плазмасына көшеді. Мұнымен жылы сүтке қрағанда суық сүтте кілегей бөлінуі тез өтеді. Егер салқындату кезінде сүтті аралсатырып отырсақ, кілегей бөлінуі жылдамдайды, май түйіршіктерінің анренат түзуіне жағдай жасайды. Глобулин ақуызы жоғары температура және мезаникалық әсерінен оңай денатурацияланады. Осыдан кейін глобулин май түйіршіктерінің балқып шығу жылдамдығы стокс формуласы бойынща анықталады:

\

Осыдан май түйіршігінің балқып шығуы оның радиусының квадратына пропорционал екендігі анықталады.