кесте. Жердін беткі қабатында жер сілкінісінің карқындылығы

Балл Жер сілкінісінің атаулары Белгілері
Білінбейтін Сейсмикалық аспаптармен белгіленеді
Өте әлсіз Тыныштық қалыпты жағдайда тұрған адамдарға сезіледі
Әлсіз Тұрғындардың бір шамасына сезіледі
Біріңғайлы Есіктің шиқылдауы, шыны ыдыстың, терезенің, заттардың жай тербелуі
Күштілеу Ғимараттың қозғалуы, жиьаздың тербелуі, сы- лактар мен терезе шыныларының шытынауы
Күшті Барлығына сезіледі. Қабырғадан суреттер күлап түседі, қабырғалар жарылады, сылақ бөлшек- теніп түседі, ғимараттар аздап зақымдалады
Өте күшті Тасты үйлердің қабырғалары жарылады
Қирататын Үйлер біршама құлайды. Мүсіндер орнынан жылжиды.
Алапатты Тасьы үйлер күшті бұзылады және қирайды
Жойқын Тасты құрылыстардың қирауы. Теміржол рельс- терінің майысуы. Көшкіндер, опырылып кұлау- лар, жерде жарьщтардың пайда болуы
Апат Тасты үйлердің қиралуы. Көшкіндер, жерде жа- рықтар пайда болуы, опырылып кұлаулар
Күшті апат Бір де бір ғимарат қалмайды. Жер бетінде өте үл- кен жарықтар пайда болады. Көптеген көшкін- дер мен опырылып қүлаулар. Сарқырамалар пайда болулары, өзен ағыстарының озгеруі, көлдерде су тоғандау

 

 

Жер сілкінісі пайда болуына да байланысты бөлінеді. Олар
тектоникалық жэне жанартау әсерінен, опырылып құлаулардан
адамзаттың іс-әрекетінің (су койманың толуы, суды скважинаға
тарту) әсерінен пайда болуы мүмкін.Жер сілкінісі ерекшіліктерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер олардың қарқындылығы, көздің тереңдігі мен баллдығы. Планетамызда жыл бойында балл бойынша бөлінуі менкатар жерсілкінусанымен топталуы (жиі қайталануы) 3-кестеде келтірілген.
З-кесте. Жыл бойында планетадағы жер сілкінісіиің баллдық топталуы

Жер сілкінісі Баллдығы Жылдық орташа саны
Әлсіз жергілікті 5-6 5000-7000
Орташа 6-7 700-1000
Күшті жергілікті (локальді) 7-8 100-150
Күшті аймақтық 9-10 15-20
Глобальді 11-12 1-2

Жер сілкіністерінің қандай жерлерде болатыны, олардың күші
мен аумағы 4-кестеде берілген.

Кесте. Жер сілкіністерінің аумактары

Аймақтар Қаркындылық балл бойынша аумақ мың км2)
9 және одан жоғары
Шығыс Сібір
Якут және Магадан ауданы -
Алтай және Саян таулары
Камчатка және Командор аралдары
Теңіз жағалауы (Приморье) - -
Чукотка - -
Куриль аралдары   - -
Сахалин - -
         
Кырым -

 

 

1948 жылы казанда Түрікменияда (7,3 балл) мағыналы жер
сілкінісі болды. Ашхабад қаласы түгел қирады, 110 мың адам
қаза тапты.

1988 жылдың 7 желтоқсанында 7,7 баллдық жер сілкінісі Ар-
менияда өтті. Спитак, Ленинакан, Кировакан қалалары түгелімен
қирады. Шамамен 30 мың адам қаза тапты, 15 мың адам қираудың
астынан құтқарылды.

1995 жылдың 17 қаңтарында өте күшті жер сілкінісі Жапонияның батысында елдің жиелікті үлкен Кобе портының ауданында өтті, түрғын үйлерді жермен жексен етіп, коммуналды жүйелерді қиратып, 5 мың адамды жерастына көміп тастап, жарты миллиондай түрғындарды баспанасыз қалдырды.
1995 ж. 27 мамыр, сенбі, түн. Сахалиннің Солтүстігіндегі
Нефтегорск қаласы жерастындағы өте күшті соққыдан (19,2
балл) толық қиралды. Мүндай қирау Спитактада болмаған еді.
Авариялық қүтқару жүмысы кезінде 2247 адам бөгеулерден
шығарылды, оның ішінде 1841 қаза тапқандар, ал жарақаттанған 764 адамға медициналық көмек көрсетілді.

1995 жылдың желтоқсан айының басында Курил Итуруп
және Уруп аралдарынан 100-150 км арақашықтықта 6-8 баллдық
бірқатар мүхит орталығында орналасқан өткен өте қатты жерастылы соққылармен белгіленді.

1996 жылдың қаңтарында Солтүстік Сахалиннің Охе қаласында апат тағы да қайталанды. 6,1 балл жер сілкінісінің нәтижесінде 8 қаңтардан 9 қаңтарға қараған түнде 800 отбасы тұратын 14 көп қабатты түрғын үйлер қирады. 2 сағат ішінде 7 соққы тіркелді. Бүл уақытта Сахалин ғана емес, Курилдің Уруп аралы да сілкінді. Бүл жер сілкінісінің барлығы-тектоникалық, яғни жер қабатының қыртысы қозғалуынан пайда болған.
Ғалымдардың болжамына байланысты Жер планетасында жер
сілкінісінің белсенділігі жылдан жылға көбейеді.

 

Эвакуация

Эвакуация- адамдардың өмірін сақтау және өндірістің жұмыс істеуіне жағдай жасау мақсатында халық пен материалдық құндылықтарды төтенше жағдайлар аймақтарынан және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан ұйымдасқан түрде әкету шығару.

Эвакуацияланған барлық халық қауіпсіз аймаққа орналыстырылған пункттерде тіршілік қызметіне қажеттілермен аз шамада қамтамасыз етілуге тиіс.

Төтенше жағдай тәртібін енгізе отырып, соғыс кезінде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда эвакуациялауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар жүргізеді.

Халықты эвакуациялау сабақтас тәсілмен-халықты жаяу немесе көліктің барлық түрімен көп мөлшерде әкетуді үлестіру жолымен жүзеге асырылады.

Төтенше жағдайлар қауіпі туындағанда халықты қауіпті аймақтардан қауіпсіз жерлерге уақытша көшіру жүзеге асырылады.

Эвакуация мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі. Халықты қауіпті аймақтардан тыс жерлерге жеткізу ( шығару) мерзімі оның аяқталуы болып саналады.

Қауіпті аймақта эвакуацияланатын халық өз облысының аумағында орналастырылады. Әрбір ұйымға орналастыру ауданы ( пункті) белгіленеді.

Халықты соғыс кезінде орналастыру аудандары (пункттері) күні бұрын белгіленеді, жергілікті атқарушы органдармен келіседі, және солардың шешімімен қаулысымен бекітіледі.

Бытыраңқы орналастыру –соғыс кезінде өндірістік қызметін одан әрі жүргізіп отырған ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін категорияланған қалалардың, ұйымдасқан түрде әкету және қауіпсіз аймаққа орналастыру.

Эвакуациялық тізімдер мен төлқұжаттар бытыраңқы орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты қауіпсіз аймақта есепке алатын, орналастыратын негізгі құжаттар болып табылады. Орналастыру аудандарын алмастыруға айрықша жағдайларда ғана жол беріледі.

1. Бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялауды жоспарлау;

2.Азаматтық қорғаныс жоспарында көрсетілген эвакуациялық шараларды орындауға төтенше жағдай мен Азаматтық қорғаныс қызметтерінің басқару құрамы мен басқармалардың ,бөлімдердің қызметкерлерін даярлау;

3.Эвакуациялық органдарды өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға даярлау;

4.халықты эвакуациялық шараларды орындауға даярлау;

5.көліктің барлық түрлерін халықты әкетуге даярлау;

 

6.стансаларды,аймақтарды және кеме жайларды халықты отырғызатын және түсіретін пункт ретінде жабдықтау,көлік коммуникациялары мен кіре беріс жолдарын отырғызу және түсіру пункттері мен эвакуацияның аралық пункттеріне ұластыру;

7.халықты жаяу алып шығуға арналған жолдар мен сап түзету жолдарын таңдау,барлау және даярлау,марш схемасын пысықтау мен егжей-тегжейлі зерттеу;

8.жерасты құрылғаларын,жекпелерді және басқа да халықты жасауға болатын орындар мен құрылыстарды анықтау және оларды одан әрі жабдықтау;

9.Ааматтық қорғаныстың басқару пункттерін,байланыс және хабарлау құралдарын даярлау;

10.қауіпсіз аумақта селолық жерлерде материалдық жабдықтардың, азық-түлік пен дәрі-дәрмектердің қорын жасау,сумен қамтамасыз ету пункттерін жабдықтау.

Халықты бытыраңқы орналыстыруға және эвакуациялауға даярлау жөніндегі бүкіл жұмысты азаматтық қорғаныстың бастықтары эвакуациялық комиссия арқылы жүргізеді.

Эвакуациялық комиссиялар жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың Азаматтық қорғаныс бастықтарының жұмысшы органдары болып табылады. Олар халықты бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялау жөніндегі шаралардың бүкіл кешенін орындауға және осы шараларды жан-жақты қамтамасыз етуге жауап береді.

Эвакуациялық комиссиялардың құрамын жергілікті атқарушы органдардың тиісті басшылары бекітеді.

Эвакуациялық комиссия құрамына жергілікті атқару органдарының, Азаматтық қорғаныс қызметтерінің білімі, әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімдерінің, қорғаңыс істері жөніндегі мекеменің, ұйымдардың және басқалардың өкілдері енеді.

Эвакуациялық қабылдау комиссияларына эвакуация кезінде келетін халықты қарсы алуды есепке алу мен орналастыруды, сондай-ақ келетін халықты тұрмысқа қажеттілермен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға бақылау жасау жүктеледі.

Эвакуациялық жиналу пункттерін орналастыру үшін әралуан қоғамдық бөлмелер пайдаланады.Эвакуациялық жиналу пункттерінде тікелей жақын жерде халықты қорғау үшін тіршілікті қамтамасыз етуге арналған

(медицина, тамақтандыру,күзету және т.с.с.) орындар әзірленеді.

Эвакуациялық жиналу пунктіне рет нөмірі беріледі шаруашылық жүргізу объектілері мен пәтерлерді иемденушілердің кооперативтері тіркеліп жазылады.Эвакуациялық жиналу пунктінің әкімшілігі қала мен аудан әкімдерінің қаулысымен және бұйрығымен, ұйымдар басшылығының бұйрығымен тағайындалады.

 

 

Эвакуациялық жиналу пункті әкімшілігінің саны оған тіркеліп жазылған халықтың санына байланысты болады.Эвакуациялық халыққа газтұтқыштар беру пункттері құрылады.

Аудандар мен қала ұйымдарының Азаматтық қорғаныс жоспарлары бытыраңқы орналастыру және эвакуациялау мәселелері бойынша аудандардың, меншіктің барлық түріндегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының Азаматтық қорғаныс жоспарларымен келіседі.

Категорияланған қаланың (қалалық ауданның) Азаматтық қорғаныс жоспарының орналастыру мен эвакуациялауға қатысты бөлімінде мыналар көрсетіледі:

1. әрбір қалалық аудан, ұйым, пәтер иеленушілердің кооперативі бойынша орналастыруға және эвакуациялауға жататын халықтың саны;

2. қауіпсіз аймақтағы халықты орналастыратын аудандар мен пункттер;

3. орналастыру мен эвакуациялау мерзімдері (басталуы және аяқталуы);

4. жергілікті атқару органдарымен ұйымдардың басшыларына, сондай-ақ жұмысшыларға, қызметшілерге және халықтың басқа бөлігіне орналастыру мен эвакуацияның басталу мерзімі туралы хабарлар тәртібі;

5. эвакуациялық органдардың құрамы және оларды даярлыққа келтіру мерзімдері;

6. жаяу тәсілмен әкелетін және көліктің барлық түрімен шығарылатын халық саны;

7. халықты шығару мен әкету маршруттары, жаяу тәсілмен эвакуациялаудың әрбір маршрутындағы эвакуациялаудың бастапқы пункттері, демалыс орындары, реттеу пункттері, аралық пункттер;

8. халықты көлікпен әкетудің және жаяу тәсілмен шығару кезектілігі;

9. эвакуациялық жинау пункттері және оған бекітілген ұйымдар мен пәтер иеленушілердің кооперативі;

10. халықты көлікке отырғызу пункттері;

11. оны қауіпсіз аймаққа түсіру;

12. халықты қауіпсіз аймақта қабылдауды және орналастыруды ұйымдастыру жөніндегі шаралар;

13. қауіпсіз аймаққа орналастыратын және эвакуацияланатын халықты қамтамасыз ету жөніндегі қорғану жайларын дайындау тәртібі мен мерзімдері, жекеше қорғану құралдарымен қамтамасыз ету және басқа шаралар;

14. халықты эвакуациялаудың аралық пункттерінен және түсіру пункттерінен оларды орналастыру орындарына жеткізу үшін аудандардың көлігін пайдалану;

 

эвакуациялық шараларды жүргізу кезінде бақылауды басқаруды және байланысты ұйымдастыру;

15. жұмысшылар ауысымын қауіпсіз аймақтағы орналастыру аудандарынан қалаға және кері қарай тасымалдау тәртібі;

Ұйымдардың Азаматтық қорғаныс жоспарының орналастыру мен эвакуациялауға қатысты бөлімінде мыналар көрсетіледі:

1. орналастыру мен эвакуациялауға жататын жұмысшылар мен қызметшілердің, олардың отбасы мүшелерінің саны;

2. орналастыру мен эвакуациялау мерзімдері ;

3. жұмысшылар, қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерін көлікпен ( транспорт түрлері бойынша) және жаяу тәсілмен әкетілетіні;

4. эвакуациялық шаралар үшін ұйымдарға берілетін көлік құралдары;

5. жұмысшыларды, қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерін жаяу тәсілмен шығару маршруттары эвакуацияның бастапқы пункттері, демалу аудандары, аралық пункттері;

6. ұйымдар бекітілген немесе өрістірілген эвакуациялық жинау пункттері, олардың нөмірлері мен орналасатын орындары, ұйымдардың эвакуациялық пункттерін өрістету уақыты;

7. жұмысшылардың, қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің эвакуациялық жинау пунктіне келген уақыты;

8. жұмысшыларды, қызметшілерді және олардың отбасыларын отырғызуға және тасымалдауға жауапты эшалондардың бастықтары, автомобиль легінің басқарушысы және басқа лауазымды адамдар, жаяу саптың бастықтары;

9. адамдарды көлікке отырғызуды ұйымдастыруға бөлінген пункттер мен қауіпсіз аймақтағы аралық эвакуациялық пункттері;

10. қауіпсіз аймақта жұмысшыларды, қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерін қабылдауды ұйымдастыру;

11. халықты түсіру пункті мен эвакуациялаудың аралық пункттерінен орналастыру орындарына жеткізу тәртібі және ол үшін бөлінетін көлік ( саны, сиымдылығы, келетін уақыты, бөлген адам);

 

Пайдаланған әдебиеттер:

· «Өмір – тіршілік қауіпсіздігі». С.Арпабеков. – Алматы, 2004.

· Ә.Нұрмағамбетов. А. Сыдықов. Жер сілкіну: сипаты, ошағы, болжау. Алматы-2002

· Жанұзақов Қ.И Жер сілкінісін болжауға бола ма?- Алматы 2013

· Әбдімұқанов А.С. Жер сілкінісінің зардаптары. – Түркістан 2001.

· Оспанов М.О. Жер сілкінуі – тілсіз жау. – Алматы ақшамы – 2001