Тергеу экспериментінің процессуалдық ережелері

Тергеу іс – әрекеті өндірісінің тәртібі. ҚР ҚПК 197 – бабында белгіленген жалпы ережелер негізінде жүзеге асады. Тергеу іс – әрекеттерін тек қылмыстық іс қозғалғаннан кейін арнайы өкілетті органдар мен лауазымды адамдар жүргізеді.

Барлық тергеу әрекеттері нақты және заңды негіздемелер болған кезде ғана жүргізіледі.

Нақты негіздемелер – бұл белгілі бір қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерін орындайтын заңды күшінің жиынтығы.

Кейде тергеу әрекеті өндірісі туралы шешім қаулы ( тінту ) түрінде, ал кейде хаттама түрінде ( күдіктіні ұстау ) көрініс табады.

Бірқатар тергеу әрекеттерін анықтау барысында куәгерлердің және заңмен көзделген адамдардың қатысуы талап етіледі ( тінту, алу, куәландыру, тергеу эксперименті, тану ).

Тергеу әрекеттері барысында ғылыми – техникалық құралдар мен жабдықтарды қолдану мүмкіндігі туындайтынкездер болады. Бұндай жағдайда ол туралы тергеу әрекеті басталмас бұрын қатысушылардың барлығына хабарлануы керек.

Тергеу әрекеттері өндірісіне арнаулы танымы мен іскерлігін қолдана отырып бұл құралдармен іске көмек көрсету мақсатында маман қатысуы мүмкін және аудармашы, педагог, қорғаушы қатысуы мүмкін.

Тергеу әрекеттерінің нәтижесі бойынша хаттама толтырылады, яғни арнайы формасы бар, тергеу әрекетінің нәтижесі, мазмұны, фактісі көрсетілген жазбаша құжат толтырылады ( ҚР ҚПК 198 – бап ).

Тергеу әрекеттері өндірісінің негізділігіне, заңдылығына және уақытысында өткізілуіне жауапты болу қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізетін адамға міндеттеледі.

Тергеу эксперименті ( ҚР ҚПК 258 – бап ).Тергеу эксперименті – бұл іс үшін маңызы бар мәліметтерді зерттеліп отырған оқиғаның белгілі бір әрекеттерін, жай – жапсарын, мән – жайларын қайта жаңғырту және тәжірибе жүргізу арқылы тексеру мен нақтылау мақсатында жүргізілетін тергеу іс – әрекеті. Бұған қоса, қарастырылып отырған бапты осы тергеу әрекетінің жалпы мақсаты көрсетілген. Мақсаты – тергеу жолымен дәлелдемелер туралы мәліметтер алу, белгілі бір фактілерді қабылдау мүмкіндігі, белгілі бір оқиғалардың болу мүмкіндігі туралы мәліметтер алу, сондай – ақ болған оқиғадан кейінгі әрекеттерді анықтау және олардың іздерін анықтау механизмі.

Тергеу экспериментінің өзіне тән сипатты белгісі – бұл түрі шарттарда және әртүрлі жағдайларда қайталама эксперименттерді жүргізу.

Тергеу эксперименті айғақтарды оқиға болған жерде тексеру және нақтылау әрекетінен былай ажыратылады: эксперимент айғақтарды оқиға болған жерде тексеру және нақтылау әрекетінде жүргізілмейтін тікелей тәжірибелі әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Бұған қоса, айғақтарды оқиға болған жерде тексеру және нақтылау әрекетінде бұл тергеу ісін жауаптары тексерілетін адамның қатысуынсыз жүргізуге болмайды.

Қылмыстық іс жүргізу заңы тергеу экспериментін жүргізудегі жалпы тәртіпті белгілейді. Онда мыналар қарастырылады:

а)куәгерлердің қатысуы;

б)жәбірленушіні, күдіктінің, айыпталушының, куәнің қатысуы мүмкін,

в)маманның қатысуы мүмкін;

г)тергеу экспериментіне қатысушы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп келтіретін, олардың ары мен намысына нұқсан келтіретін оларға материалдық зиян келтіретін әрекеттерге тыйым салынады;

д)эксперименттің барысын, шарттарын, нәтижесін мұқият баяндайтын хаттаманың жасалуы;

е)суретке түсіру, дыбыс және бейне жазу, киноға түсіру, басқа да техникалық құралдарды қолдану, жоспар, схема, сызбаларды жасау мүмкіндігі.

Тергеу эксперименті зерттелетін оқиға қатысты қолданылатын құралдармен, сол оқиғаға қатысты ауа – райымен, тексерілетін оқиғаның шарттарына сай жүргізіледі.

Кіріспе бөлімінде эксперимент жүргізілген уақыт, орын және оның шарттары мен мақсаттары көрсетіледі, адамның құқықтары түсіндіріледі.

Мазмұндалатын бөлімінде эксперимент өндірісіндегі әрекеттер баяндалады және оның реті көрсетіледі.

Қорытынды бөлімінде – эксперимент нәтижесі беріледі. Тергеу экспериментінің нәтижесі оның жеткілікті және дәлелді мәнінің тәртібі бойынша бағаланады.

Тергеу эксперименті үшін маңызы бар мәліметтерді зерттеліп отырған оқиғаның белгілі бір әрекеттерін, жай – жапсарын, мән – жайларын қайта жаңғырту және тәжірибе жүргізу арқылы тексеру мен нақтылау мақсатында жүргізіледі. Эксперипент жүргізу кезінде, атап айтқанда, әлде бір фактілерді қабылдау, жекелеген әрекеттердің жасалу, әлдебір оқиғаның болу ықтималдығы тексерілуі, сондай – ақ болған оқиғаның реті және іздердің пайда болу тетігі анықталуы мүмкін.

Тергеу эксперимент жүргізуге оған қатысушы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп келтірмегенде, ары мен намысына нұқсан келтірмегенде, оларға материалдық зиян болмағанда жол беріледі.

Тергеу эксперименті қайта жаңғыртылып отырған оқиғалар немесе әрекеттер болған жағдайларға барынша ұқсас жағдай жүргізіледі. Қажет болған жағдайларда тергеу экспериментін жүргізу кеезінде суретке түсіру, дыбыс және бейнежазба, киноға түсіру жүргізіледі, басқа ғылыми – техникалық құралдар қолданылады, жоспарлар, схемалар, сызбалар жасалады.

Тергеу эксперименті жүргізілгені туралы ҚР ҚПК – нің 187 - бабының талаптарын сақтай отырып хаттама толтырылады. Хаттамада тергеу экспериментінің шарты, барысы мен нәтижелері егжей – тегжейлі баяндалады және мыналар көрсетіледі:

-эксперимент қандай мақсатпен, қашан, қайда және қандай жағдайда жүргізілуі;

-оқиғаның жай жапсары мен мән – жайлары қайта жаңғырту нақты неден көрінеді;

-қандай әрекеттер қандай реттілікпен жүргізіледі, оны кім және қанша рет жасады;

-қандай нәтижелер алынады ( ҚР ҚПК – нің 239 – бабы ).