Тауарлардың жіктелуі

Тауар дегеніміз нарықты зерттей отырып тұтынушылардың қажеттіліктерімен мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін өндірілетін игілік. Сонымен қатар тауар маркетингтегі 4Р элементтерінің ең негізгісі болып табылады.

Пайдалану мерзімі бойынша:

- ұзақ мерзімді; ұзақ уақытқа қолданылады сондықтан шешім қабылдау процесі де ұзақ болады.( Мысал келтір)

- қысқа мерзімді. Бұл тауарларды бір немесе бірнеше рет пайдалануға болады. (мысал келтір)

Түпкі тұтынылуына байланысты тауарды:

- тұтыну тауарлары негізгі тұтынушының қолдануы үшін сатып алатын тауарлар жатады. Бұл былайша жіктеледі:

А) күнделікті сұраныс тауарлары;(нан, шампунь) ә) алдын-ала таңдалатын тауарлар(жиһаз, техникалық тауарлар); б) пассивті сұраныстағы тауарлар (сақтандыру, күзет жүйесі немесе темекі тартпайтындар үшін темекі өнімдері)

-өндіріске арналған тауарлар – кейін қайта өндеуге немесе өндіріске пайдалану үшін алынатын тауарлар. (шикізат, материалдар, жабдықтар).

 

 

 

26. Тауардың өмірлік циклі және оның түрлері.Экономика ғылымында көлемдердің кезең түріндегі толқуын және өнім өмірінің кезеңдерін экономикалық циклі , немесе тауардың өмір циклі деп аталады. Тауардың өміршендік кезеңі дегеніміз тауардың рыноктағы өмір сүру мерзімі, өмір сатылары болады.. Тауардың өміршендік кезеңі:

· Рынокқа енгізу

· Өсу

· Кемеліне жету

· Құлдырау

Рынокқа енгізу фазасында-жаңа тауарға рынок қалыптасады. Сату көлемі, маркетинг шығындары шамалы болады. Бұл фазада пайда алынбайды, керісінше шығын болуы мүмкін. Өсу фазасында тауардың болашағына әсер етеді. Тауарды өткізуден түскен пайда барынша максималды деңгейіне жетеді. Мұндағы фирманың негізгі мақсаты сату көлемінің өсуін неғұрлым ұзақ уақытқа созу керек.Кемеліне жету фазасы жаңа тауар дәстүрлі тауарға айналады, сату көлемі шектеледі. Пайда көлемі төмендей бастайды. Алайда тұтынушылардың көпшілігі тауарды әлі де сатып алады. Құлдырау фазасында сату көлемі төмендей түседі. Бұл фазада тауардың қасиеттерін зерттеп, оны жаңарту мүмкіндіктерін немесе оны өндірістен шығаруды қарастыру қажет. Бір фазадан бесқасына ауысқан кезде күрт өзгерістер әдетте байқалмайды. Сондықтан маркетинг бағдарламасына дер кезінде ұтымды өзгерістер енгізу үшін сату көлемінің өзгерісіне зер сала қадағалау қажет. Тауардың өміршеңдік кезеңінің түрлері: Дәстүрлі ирегі: рынокқа тауарды енгізу, өсу, кемеліне жету және құлдырау фазалары нақты мезгілдерімен қамтылған. Классикалық ирегі:тауардың тұрақты өтімі аса тез көтеріліп және тез төмендеуімен сипатталған. Ұзаққа созылған елігу ирегі: бұл да жоғарыдағыдай тек өнімнің өтімі төмендеп барып бір деңгейде сақталады. Мерзімді немесе сән ирегі: тауар жақсы өтімін тауып, маусым мерзіміне қарай осы ирек сипатын алады. Жаңару немесе зарығу ирегі: белгілі бір уақыт өткеннен кейін, тауарға қайтадан сұраныс пайда болғанын сипаттайды.

 

27. Тауарлық саясат - тауар ассортименті, тауар номенклатурасы, сапасы, бәсекеге қабілеттілік деңгейі, өмірлік циклі, орамы және сервистік қызмет көрсету бойынша шешім қабылдауды қажет ететін фирманың көп факторлы қызмет көрсету аумағы. Тауарлық саясатты өңдеу (қалыптастыру) болашақтағы өндіріс, өткізу және экспорттау мақсаттары туралы, фирманың өндірісті өткізушілік қызметінің стратегиясы туралы, рынокті жақсы білу және оның талаптары туралы, қазіргі уақытта және болашақтағы өз мүмкіндіктері және ресурстары (зерттеушілік, өндірушілік, өткізушілік және т.б.) туралы айқын мағлұмат талап етеді Тауарлық саясат тауар өндірушінің іс-әрекеттерінің нақты бағытын немесе рыноктағы мінез-құлық ұстанымдарының жиынтығын бетке ұстайды, бұлар оған бәсекелестік басымдылық әпереді. Анық-айқын тауарлық саясат тауарлық ассортиментті жаңарту үрдісін оңтайландырып қоюмен қатар іс-әрекеттердің жалпы бағытталуының сілтемесі де бола алады. Тауар саясатының бағыттары: 1) өнім түрлері(автомобиль, тоңазтқыш)2)өнім сапасы(өнім негізі, өнімнің функциясы)3)сыртқы түрі(өлшемі, формасы, дизайны, қорабы, түсі)4) өнімді таңбалау(тауардың сұрыпталым саясаты, тауар белгісі, сызықшалы код)5) жаңа тауар (тауарды жетілдіру, инновациялық тауар)6)ТӨЦ(өнімнің өмірлік циклінің кезеңдері)7) тауар имиджі(брендинг, жарнама)8)тауардың бәсекеге қабілеттілігі(параметрлері: техникалық, норматив тік, экономикалық, маркетингтік)9) сервис(сатуға дейінгі және кейінгі сервис)

 

 

28.делдалдар ж\е түрлері -делдалдар- компанияны тұтынушылармен байланыстыратын буын. Нарықтық жүйе қатынастарында көтерме кәсіпорындары тәуелсіз және тәуелді ұйымдар болып бөлінеді. Тәуелсіз ұйымдар тауарларды өз иелігіне сатып алып, кейін оларды тұтынушыларға сатып, өткізетін жеке дара делдалдық ұйымдар. Тәуелсіз ұйымдар- бұл тауарға меншік құқығы жоқ, бірақ орындаған қызметтері үшін сыйақы алаиын делдалдар.оларға: көтерме саудагерлер(коммивояжерлар)- ұзақ сақталмайтын, тез бұзылатын тауарларды сату және оларды тұтынушыға жылдам жеткізумен айналысады. Көтерме брокерлер. Олардың негізгі қызметі сатушы мен сатып алушыны кездестіру. Брокерді жалдаған адам оған жалақы төлейді. Олардың тауарға құқығы жоқ, тауар қорын жинамаайды, ешбір тәуекелді міндеттемелерді алмайды. Көмір, машина жасау, ағаш өңдеу сияқты ірі көлемді өнеркәсіп салаларында жұмыс істейді. Агенттер-ол сатушының немесе сатып алушының мүддесін қолдайды, жұмыстары брокерге қарағанда тұрақты болады. брокерден айырмашылығы өндірушіден де тұтынушыдан да пайыз алып отырады. Көтерме саудагерлер (консигнанттар)-олар азық-түлік емес, кітап, журнал, кеңсе тауарлары сияқты тауарлармен қамтамасыз етеді. Сауда маклерлері- өндіріс құралдарының көтерме нарығында және жылжымайтын мүлік нарығында жиі әрекет жасайды. Сауда джобберлері- бөлшектік сауда мен көтерме саудада сөрелерді тауарлармен қамтамасыз етеді. Олар өз жұмысы үшін делдалдық сыйақы алады. Сөрелері джобберлер тауарларжды іріктеу, көрсету, жеткізу, сақтау, бақылау жауапкершілігін мойнына алады.

 

 

29. Тауарлық ассортиментМар/гі тауарлық ассортимент дег/зфункционалды және тұт/қ сипаттамасы, сондай ақ бөлу арналары бойынша ұқсас тауарлардың тобы. Тауар асс/тін толықтырудың себептері:

Ø Табысты көбейту қажеттілігі

Ø Асс/ті кеңейтуді сұрайтын делдалдардың пікірлерін ескеру

Ø Бәсекелемтерлдің іс қимылын бейтараптандыру

Ø Фирманың іске қосылмаған өндірісін жүзеге асыру

Тауар асс/н толықтыру туралы шешім қабылдау тауар номенклатурасы ұғымымен тығыз байланысты. Тауар номенклатурасынақты сатушылардың сатып алушыларға ұсынатын тауарлар мен тауар бірліктерінің барлық ассортименттік топтарыныі жиынтығы:

Ø Тауар номенклатурасының кеңдігі фирма шығарған асс/к топтардың жалпы санын айтады.

Ø Тауар ном/ның тереңдігі бұл әр түрлі асс/ті топ шегіндегі ұсынылған тауар нұсқалары

Ø Тауар ном/ның үйлесімділігі әр түрлі асс/т топтарындағы тауардың соңғы тұтынуды, өндіруді ұйымдастыруға қойылатын талаптары, тарату арналары немесе басқада көсеткіштері тұрғысынан өзара ұқсастығы жатады.

 

30.Жаңа тауарды жасау кезеңдері –жаңа тауар дегеніміз – бұл өнімнің модификациясы, жаңалық енгізу және жаңартпасы. Жаңа тауарды жасау кезеңдері:1) идеяны таңдау, іздеу. Жаңа тауар шығару мүмкіндіктерін үздіксіз ізденуден тұрады. Ол идеяларды фирманың қызметкерлерінен, үкімет органдарынан, бәсекелес\ң тауар\ы салыстыру арқылы жинауға болады. 2) тұжырымдама жасау және тестілеу. Ол жазбаша, ауызша жобалар мен безендірулер прототиптерді жасау түрінде болуы мүмкін. 3) маркетинг стратегиясын жасау – жаңа тауарды жасауға кеткен шығындар көрсетілген маркетинг жоспары жасалады. 4) экономикалық сараптама бұл – кезеңде өткізу көлемі, пайда , баға, фирма бәсекелстерінің рыноктағы үлесі сияқты көрсеткіштерталданады. 5) жаңа тауарды жасау кезеңі 6) сынақ маркетингі. 7) коммерциялық өткізу кезеңі.