Тәжірибеде бақылаулар мен есептеулер

Метеорологиялық жағдайлар Ақмола облысы, Астана қаласы метеостанциясының деректері негізінде есепке алынады.

1.Танаптық тәжірибеге жер телімін таңдау;

Алдымен, сол мезгілге,сол уақытқа сай, өзінің алдына қойған мақсаттарын жүзеге асыруға қабілеттілігі жоғары қажетті типтілікті сақтап,жұмыстың дәлдігіне,бағдарламасына ешбір күмән туғызбайтындай етіп таңдау қажет.Топырақ жамылғысы мен жер бедері бойынша типтілігі болу шарт, сол аймаққа тән. Топырақ картасы мен агрохимиялық картограмманы қолдану,танаптар тарихы ( соңғы 3-4 жыл кемінде), топырақ өңдеу жүйесі, алғы дақыл жүйесі, енгізілетін минералды, органикалық тыңайтқыштардың мөлшері ескеріліп, зерттеледі.

2.Топырақ үлгілерін сұрыптау;

Жыртылатын және одан да терең қабаттан топырақ үлгілерін алу үшін бур Малькова -ВИУА,Розанова, бур-щуп қолданылады. Әрбір алынған сынама этикеткамен қапталады( уақыты, сынама алынған орны,нөмір, топырақ қабаты-см,сынама алған жауапты қызметкердің қолы).

2.1 Қарашірінді мөлшері – Тюрин әдісі негізінде тәжірибені жүргізу алдында, дақыл айналымының ортасында және соңында анықтайды, сонымен қатар органикалық тыңайтқыш қолданылатын тәжірибелерде кубель-тиман әдісі қолданылады.

2.2 Жалпы азот мөлшері - Къелдаль әдісі негізінде (микро және макрометод).

2.3 Жалпы фосфор мөлшері - Лебедянцева әдісі негізінде фосфорды анықтау, фосфаттың фракциялық құрамын Чирикова әдісімен анықтау.

2.4 Топырақтың агрегаттық құрылымын Н.И. Савинов әдісі арқылы анықтау.

3. Пайдалы ылғал қорын анықтау. Топырақтағы пайдалы ылғал қорын өлшеу әдісі бойынша анықтау. Топырақты бұрғылау арқылы 1 м-ге әр 10 см сайын , әрбір аядан 4 қайталым бойынша алынады. Топырақ ылғалдылығы әрбір 10 см сайын 1 м тереңдіктен орташа үлгі алынады .

Арнайы Израильдік бұрғылағышпен топырақ үлгілерін алып, /ВС – 1 20 – 23 г/ көлемдегі алюминий бюкстерге орналастырылады. Кейін ылғалды топырағы бар бюкстерге / ВЛТК -500/ таразысымен 0,01 г-ға дейін дәлділікпен өлшеніп алынады. Содан соң үлгілер арнайы электрлі кептіргіш шкафтарға орналастырып, бір қалыпты салмақ қалыптасқанша 150 0С –та кептіріледі.


Топырақ үлгілерін кептіргеннен кейін бюкстер қайтадан өлшенеді. Ылғалды топырағы бар бюкс пен кептірілген бюкс арасындағы айырмашылық арқылы буланған судың көлемін анықтайды. Ылғал пайызы мына формула бойынша есептелінеді:

мұндағы: W – топырақ ылғалдылығы, %

М – кептіргенге дейінгі топырақ үлгісінің салмағы, г.

m– кептіргеннен кейінгі топырақ үлгісінің салмағы, г.

Пайдалы ылғал қорын мына формула бойынша есептейді:

Мұндағы, W – пайдалы ылғал қоры, мм;

б - топырақтың көлемдік салмағы, г/см3 ;

h – топырақ қабатының қалыңдығы, см;

Wф – топырақтың егістік ылғалдылығы, %;

0,1 – топырақ ылғал қорын су қабатына ауыстыру коэффициенті, мм;

WВУЗ – тұрақты солу ылғалдылығы, %

4.Топырақтың көлемдік массасын салмақтық – көлем әдісімен анықталады.

5. Гидротермиялық коэффициентті Г.Т.Селянинова әдісі арқылы есептеу.

Фенологиялық бақылаулар –тұқымның өнуі,көктеу, сабақтың бұтақтануы, бүрлену және гүлдену, бұршаққаптардың түзілуі, пісу( пісудің басы), толық пісу.

Тұқымның өнуі- тамырша нүктесінің негізінен тұқым жарнақтарындағы қоректік заттар-дың есебінен өсуі;

Көктеу- топырақ бетінде бірінші нағыз жапырақтар пайда болады (үштік және саусақ-салалы жапырақты дақылдарда тұқым жарнағы шығады);

Сабақтың бұтақтануы- сабақтың қарқынды түрде ұзара өсуі және оның бұтақтануы;

Бүрлену және гүлдену- бүрлену кезеңі алғашқы үш-бес гүл шоғырының пайда болуымен сипатталады. Бүрлер жарылып, гүлдердің түсі жақсы байқалғанда гүлдену кезеңі белгіленеді;

Көктемде егін көгінің жиілігі және өсімдіктердің сақталуын (1м2) Б.А. Доспеховтың (1985) бойынша есептеледі;

6. Қолайлы сабақ жиілігі- кем дегенде 2 рет, толық көктеу және жинау алдында есептеулер жүргізіледі. Әрбір зерттелетін мөлдекті диагональ бойымен ауданы 0,25м2 болатындай етіп 4 есептеу алаңына бөледі, жалпы бір мөлдектегі есептеу алаңы 1м2 құрауы тиіс.

7. Өсімдік биіктігін анықтау. Негізінен өсімдіктің биіктігін белгілі бір даму кезеңіне байланысты анықтайды. Әдетте өсімдік биіктігін өлшеуіш сызғыш арқылы есептейді. Өлшеуіш сызғыштың төменгі жағы топырақтың беткі қабатына орналастырылады. Мөлдектің көлеміне байланысты әдетте диагональ бағытымен танапқа көлденең 50-100 өсімдік үлгігісі есептеледі. Нәтижесінде мөлдектегі өсімдіктердің орташа биіктігі алынады.

8. Өсімдіктің жерасты және жерүсті қалдықтарын есептеу Н.З.Станков әдісі бойынша жүргізіледі. Есептеу жұмыстары әрбір нұсқаға 6 қайталым бойынша көлемі 1*1 болатын рамканы қолдану арқылы жүргізіледі. Барлық өсімдік қалдықтарын мұқият қағаз пакетке жинақтап, мерзімі, нұсқасы,нөмірі мен қайталым саны көрсетілген этикетка жапсырылады. Лабораториялық жағдайда қағаз пакетті өлшеп , абсолютты құрғақ массасына дейін кептіргіш шкафқа орналастырып ауытқуы 0,1 г. аспайтындай есептейді.

9. Танаптың арамшөптермен ластануы дәрежесі Доспеховтың сандық-өлшеу әдісін қолдану арқылы өсімдіктің бұтақтану, гүлдену және пісу кезеңдерінде 1,0 м2 рамканы диагональ бағытымен 4 жерге орналастыру арқылы барлық нұсқалар бойынша 4 қайталым бойынша анықтайды. Арамшөптерді есептеу және өлшеу олардың жеке түрлерінің толық кепкені бойынша әдістемеге сәйкес жүргізіледі.

10. Фотосинтетикалық потенциал А.А.Ничипорович әдісімен(1961 г) анықталады.Пайдаланған ФБР мөлшерінде өсімдіктер топырақтан транспирацияға қажетті ылғал мөлшерін алған жағдайда қалыптасқан егістіктердің жапырақ беті ауданы – қолайлы жапырақ беті ауданы деп есептеуге болады. Фотосинтетикалық потенциал (ФП) белгілі бір уақыттағы жапырақ ауданы қызметінің ұзақтығын сиппатайды (тәулік м2) және мына формуламен есептеледі: ФП=Ж*Т, мұнда:

ФП – фотосинтетикалық потенциал, м2*тәулік;

Ж – жапырақ беті, мың. м2/га;

Т – кезең ұзақтығы, (тәулік);

Вегетациялық кезеңінде ФП бірнеше рет анықталады, сондықтан есеп келесі формула бойынша есептеледі:

ФП=((Ж12)*Т1)/2+ ((Ж23)*Т2)/2+((Ж34)*Т3)/2....., мұнда:

Ж1, Ж2 – өлшем жүргізілген уақытындағы алғашқы және соңғы кезеңіндегі жапырақ ауданы (мың. м2/га);

Т – кезең ұзақтығы, тәулік, тәжірибелерде әдетте 10-15 тәулікке сәйкес.

11.Фотосинтетикалық таза өнімділігі (ФТӨ) және оның оңтайлы параметрлері. ФП жұмысын бағалау үшін фотосинтез өнімділігін (фотосинтездің таза өнімділігін) білуіміз керек, ал ол 1 м2 жапырақ ауданымен бір тәулікте синтезделетін абсолют құрғақ зат (тыныс алуға қажетті шығынды алып тастағанда) мөлшерімен сипатталады. Есептеу мына формула бойынша жүргізіледі: ФТӨ = (В12)/12)*Т мұнда:

ФТӨ – бір кезеңде фотосинтездің таза өнімділігі, г/м2;

В1 – алдындағы анықталған өнім массасы, г/м2;

В2 – кейінгі анықталған өнім массасы, г/м2;

Ж1, Ж2 – сол уақыттағы жапырақ ауданы, м2;

Т – кезеңнің ұзақтығы, тәулік.

12. Толық пісіп-жетілу кезеңінде өнімділік құрылым элементтерін талдау.

13. Астық өнімін жинау және есепке алу әр мөлдектегі егіннің пісу ретіне қарай жүргізіледі. Стандарттық ылғалдылығына (14%) және 100% физикалық тазалығына байланысты нақты астық өнімі есептеледі (Доспехов Б.А. Методика полевого опыта Москва 1985).

14. А.И.Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ҒЗИ-ның зертханасында стандартты әдістеме бойынша шай жүгері - тары тұқымындағы ақуыз мөлшері мен ауыр металдардың мөлшерін анықтау .

15. Белгіленген шаралардың экономикалық тиімділігі технологиялық карта негізінде нақты орындалған агрошаралардың орындалуына байланысты есептеледі.

16. Алынған мәліметтер бойынша математикалық талдаулар жасау (Доспехов Б.А. Методика полевого опыта Москва 1985);

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.«Почвенные азотфиксирующие бактерии».Е.Н. Мишустин., В.Т. Емцев. Издательство наука. Москва 1974г.250с;

2.«Свободноживущие азотфиксаторы почв Казахстана».Д. Карагуйшиева. Издательство наука. Алмата 1972г.199с;

3.«Азотобактер и сельскохозяйственные растения» Х.Г.Зиновьева. Киев 1962г.179с;

4.«Микробиологические и физико-химические исследования почв Казахстана».

Ш.А. Чулаков. Алмата 1963г.212с;

5.«Использование достижений микробиологической науки в повышении эффективности земледелия».Сборник научных трудов.Киев 1989г.104с;

6. «Биохимия азотобактера».Г.Н. Зайцева. Москва 1965г.303с ;

7.«Научные основы и практические приемы управления плодородием почв и продуктивность культур в Северном Казахстане. Рекомендации. В.Г.Черненок. Астана 2009г.65с;

8.«Азотный режим почв Северного Казахстана и применение азотных удобрений».В.Г.Черненок. Акмола 1997г.90с.

9.Рекомендации НПЦ зернового хозяйства им. А.И.Бараева.Каскарбаев Ж.А., Чуркина Г.Н., ПохоруковЮ.А., Ибраева А.Т., Заболотских В.В. Девяткина Г.В. - Астана, 2010-с;

10.«Интегрированная борьба с сорной растительностью при минимальной и нулевой

технологиях возделывания зерновых культур». Р.Х.Карипов. Научно-технический проект;

11. Посыпанов Г.С. Растениеводство/ Г.С. Посыпанов, В.Е. Долгодво-ров, Б.Х. Жеруков. - М.: Колос , 2006. - 612 с.

12. Вавилов П.П., Посыпанов Г.С Бобовые культуры и проблема растительного белка. – Москва: Россельхозиздат,1983. - С. 44 -100;

13. Балашов А.В. Применение гербицида раундап в посевах нута// Тезисы док. 4 межвуз. конф. студентов и молодых ученых Волгоградской обл. - Волгоград, 1999. – С. 26-27;

14.Винокуров В.А. Формирование урожая нута в зависимости от стимуляции семян, срока посева, площади питания и способов основной обработки почвы в степной зоне Северного Казахстана: дис. канд. с.-х. наук. –Кокшетау, 2000. – 15;.