Сурет. Тамшы тәрізді резеруарлар

 

Темірбетон резервуарларының металды үнемдеуден басқа да технологиялық артықшылықтары бар, олар жылуын тез жоғалтпайтындықтан мұнай және мұнай өнімдерінің қызуын жақсы сақтайды. Жерасты темірбетон резервуарлары күн сәулесінен қызбайтындықтан, оларда тез буланғыш ашық түсті мұнай,өнімдері сақталады. Мұндай резервуарлар дөңгелек, не төртбұрыш пішінді болып келеді. Дөңгелек пішінділері экономикалық жағынан тиімді болса, төртбұрыш пішінділері жасауға жеңіл.

2) Тік болат цилиндрлік резервуарлар (ТБЦР).

Мұнай қоймасы және айдау станциясы жағдайында төменгі қысымды, конустық және сфералық төбелі тік болат цилиндрлік резервуарлар кең тараған.

Әр конструкцияда резервуар төбесін пайдалану сақталатын мұнайөнімі мен климаттық жағдайға байланысты болады.

Резервуарларды заводтар орамабет ретінде жасайды және мұнай қоймасы немесе айдау станциясы жағдайында дайын іргетасқа қондырылады. Мұндай резервуарлар 2000 Па-ға дейінгі артық қысымға есептелген. Мұндай резервуарларды 100-ден 120000 м3-ға дейінгі көлемде жасайды.

Резервуар табаны мен корпусын 1,2-6 м болатын болат беттерден қалыңдығын 4-25 мм-де жасайды. Резервуарды корпусын жасаған кезде беттерді ұзына бойы көлденең орналастырады. Резервуарды беттермен айналдыра дәнекерлеу – белдеу деп аталады. Белдеулер бір-бірімен сатылай, телкскопты және түйістіріліп дәнекерленеді.

Қалқымалы төбелі және пантонды резервуарлар жеңіл буланатын мұнай және мұнайөнімдерін сақтауға арналған. Бұл резервуарлардың корпусы атмосфералық резервуарлардың қарапайым цилиндрлік жабындысынан тұрады.

Мұнай қоймаларында және мұнайөнімдерін айдау станцияларында резервуарлардың жүзгіштігін қамтамасыз ететін қалқымалы дискілі пантонды резервуарлар кең тараған. Пантон мен резервуар қабырғасы арасында ені 100-300 мм болатын саңылау қалдырады. Ол резервуардың герметикалық қасиетін арттырады. Мұнай және мұнайөнімінің буланудан болатын шығынын азайту саңылаудың герметикалық қасиетіне байланысты. Резервуар табанынан 1,8 м биіктікте шекті бөлігінде металлдық пантон айналдыра орнатылған тіректерге бекітілген. Резервуарда стационарлы төбелі пантондарды орналастыру да кеңінен тараған. Олар пантонның бетіне атмосфералық жауын-шашынның түспеуін қамтамасыз етеді. Осы себепті пантондаоды жеңіл конструкциялы, яғни синтетикалық және пластмассалық материалдардан жасау тиімді және қолайлы. Резервуардың қалқымалы төбесін бақылау және тазала укезінде арнайы «катучая» сатысы қолданылады. Оның бір ұшы шарнир арқылы резервуардың жоғарғы бөлігіне бекітілген, ал екінші ұшы резервуар төбесінің тік қозғалысы кезінде рельс бойымен көлденең қозғалады.

Қалқымалы төбеге түскен жаңбыр суы центрге ағып келіп, су қабылдагыш арқылы шарнирлі құбыршамен дренажды келте құбыр арқылы парктің канализациясы желісіне әкетіледі.

Мұнай қоймасында жазық табанды тік болат цилиндрлі резервуарларды «Отстойник» ретінде көп қолданылады. Оларды биік сақиналы іргетасқа орналастырады. Мұндай конструкция пайдалану кезінде үлкен артықшылықтар береді. Олардың салмағы аз болады.

Жоғарғы қысымды тік болат цилиндрлі резервуарлар үлкен қысымдағы мұнай өнімдерін сақтауға арналған. Бұл резервуарлар цилиндрлік корпустан, сфералық төбеден және жайпақ табаннан тұрады. Табанның периферриялық бөлігінің қысымның әсерінен көтеріліп кетпес үшін, корпустың төменгі белдемі топырыққа анкерлік болттармен және темірбетонды плитамен бекітіледі. Мұндай резервуар 400, 700, 1000 және 2000 м3 көлем.

0,025 МПа-ға дейінгі артық қысымға және 5000 м3 көлемде 0, 02 МПа қысымға арнайылап шығарылған. Қазіргі кезге дейін мұнай қоймаларында 200 тарта 700 – 1000м3 көлемді, ішкі артық қысымы 0,018 МПа-ға есептелген резервуарлар құрастырылған.

Тамшы тәріздес резервуарлар да артық қысым кезінде қаныққан бу қысымы жоғары жоғары мұнай өнімдерін сақтауға арналған. 0, 07 МПа артық қысым үшін, көлемі 2000, 3000, 5000 және 10000 м3 резервуарлар жасалған. Резервуарлар формасы тамшы тәрізді, ол жабын материалының техникалық мүмкіндігін толық пайдалануға және резервуарды жасауға кететін болат шығынын азайтуды қамтамасыз етеді. Резервуарды жасау қиындығымен мұнайды тек сақтау кезінде ғана буланудан болатын шығынды азайту себепті оны көп пайдаланбайды.