Экономикалық теория. Коды ET1109. 2 кредит

Азақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК

Экономикалық теория кафедрасы

 

 

БЕКІТЕМІН

«Л.Н. Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық

университеті» ШЖҚ РМК

Экономика

факультетінің деканы

э.ғ.к., доцент Б.А.Алибекова

_______________________

________________2013 ж.

 

Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша

Экономика факультеті 5В090200 - Туризм

(бакалавриат)мамандықтарына арналған

ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК КЕШЕН

 

 

Астана 2013

МАЗМҰНЫ

Силлабус ..................................................................................
Пән бойынша глоссарий және пәннің ұғымдық аппаратымен жұмыс бойынша жалпы әдістемелік нұсқаулар......................
Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс конспектісі және дәрісті оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар.......................
Оқу курсы мен тақырыпқа арналған міндетті және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі.................................................
Бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар....................
Білім алушының оқу материалын меңгеру деңгейін өздігінен анықтауына көмектесетін теориялық білімді бақылауға арналған сұрақтар және/немесе тапсырмалар, өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау.....................................................................
Семинар сабағын өткізу жоспары және оларға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқау....................................................
Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау........................................................................................

 

Силлабус

Ауелбекова Айгүл Құрманбайқызы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, «Экономикалық теория» кафедрасының доценті, э.ғ.к.

Ғылыми қызығушылығы: Қазақстан Республикасын мемлекеттік реттеу, ақша-несие саясаты, бюджет-салық саясаты, шағын бизнестің дамуы, халықаралық сауда принциптері.

Ғылыми мектебі: Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, ғылыми жетекші – э.ғ.д., профессор М.Р.Расулов.

Экономикалық теория. Коды ET1109. 2 кредит

3) Өткізілетін уақыты мен орны:1, 2-семестр, сабақ кестесіне сәйкес

4) Пререквизиттер:Математика; Тарих; Философия.

Постреквезиттер:Экономикалық саясат; Микроэкономика; Макроэкономика.

5) Оқу пәніне сипаттама:

5.1 Оқу пәнінің бағыты: «Экономикалық теория негіздері» пәні – барлық сала мамандықтары бойынша жоғары білімді мамандарды даярлауда оқылатын міндетті курсын құрайтын пәндердің бірі.

5.2 Пәнді оқытудың мақсаты: Экономикалық теория негізін түсіндіру, оның шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуын, ғылыми теориялық ойлау қабілеттерін, әрі нарықтық шаруашылық жүйесінің негізін меңгеру, студенттерге нарықтық пайымдау мен тиімді экономикалық іс - әрекетті қалыптастыру.

5.3 Пәнді оқытудың міндеттері:

· Экономикалық теория пәнінің (ілімінің) тарихи даму кезеңдерімен таныстыру.

· Экономиканың және оның қызметі мен реттеуіндегі мәселелерін шешуге қажетті экономикалық теориялық принциптерін , заңдарын және түсініктерін меңгеруді үйрету.

· Болашақ маманның нарықтық ортаға икемделуі және дұрыс экономикалық шешім қабылдауы үшін нарықтық жүйемен оның қызмет ету заңдылықтарын оқу.

· Экономикалық құрылымда тиімді жұмыс істеуге бағыттау.

· Студенттерді игерген экономикалық біліммен келешектегі экономикалық теория мен шаруашылық тәжірибесінде өзіндік және терең зерттеу жүргізуге қолдануды үйрету.

· Мемелекеттің экономикадағы ролін, әсіресе Қазақстан Республикасының негізгі институттарының тиімді даму жолдарын ашып түсіндіру.

· Дүниежүзілік шаруашылық экономикасына арналған бөлімде бар.

5.4 Оқу пәнінің мазмұны

«Экономикалық теория» курсы экономикалық мамандықтар бағыттарында оқытылатын негізгі пән болып табылады. Бұл пән студенттерге жүйе түріндегі экономика туралы, негізгі түсініктер, экономикалық дамудың заңдары мен заңдылықтары туралы түсініктеме береді. Пән дербес ойлап және жауапкершілікті шешім қабылдай алатын экономикалық сауатты мамандарды тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

5.5 Оқу пәнін оқытудың жоспары