Дістемелік нұсқаулар. Сұраныс пен ұсыныс заңдарының теориялық мазмұнын ашып графикалық түрде түсініктемелер берілді

Сұраныс пен ұсыныс заңдарының теориялық мазмұнын ашып графикалық түрде түсініктемелер берілді. Сұраныс және ұсыныс теориясы, әсер етуші факторлары. Нарықтық тепе-теңдік мәселелері толығымен дәрісте қарастырылды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Әубәкіров Ж. Ә, Байжұманов Б.Б, Жақыпова Ф. И, Табеев Т.П. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті 1999– 280 бет

2. Крымова В. Экономикалық теория. Кестелі оқу құралы. Алматы, Аркаим 2003ж – 117бет

3. Макконнелл К.Р, Брю С. Экономикс в 2 х томах. Таллин. 1995. – 400 стр

Тақырып. Жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайындағы нарықтық құрылымдар және олардың қызметтері.

1. Жетілген бәсеке, оның шарттары. Жетілмеген бәсеке жағдайындағы нарықтық құрылымның негізгі түрлері.

2. Монополия және монополистiк бәсеке. Олигополия. Таза монополия. Табиғи монополия.

Мақсаты: Нарықтың жетілген бәсеке және жетілмеген бәсеке жағдайындағы қызмет ету ерекшеліктерін қарастыру арқылы, олардың негізгі тетіктерінің қалай қызмет атқаратының көрсету, айырмашылықтарына талдау жасау.

Негізгі түсініктер:Жетілген бәсеке, жетілмеген бәсеке,сұраныс көлемі, ұсыныс көлемі, сұраныс заңы, ұсыныс заңы, сұраныстың өзгерісі, ұсыныстың өзгерісі, бағаға және табысқа сұраныстың, ұсыныстың икемділігі (созымдылығы), жеке нарықтағы тепе-теңдік, тепе-теңдік баға, монополия, табиғи монополия, таза монополия, монополистік бәсеке, олигополия, дуаполия, монопсония, олигопсония.

Дәріс мәтіні

1. Бәсеке - нарықта реттеушілік қызметін атқарады. А. Смит – бәсекені нарықтың - «Көрінбейтін қолы» деп атаған. Бәсеке арқылы нарықтық субъектілері өз пайдасына қарай әрекет етіп, тұтас болғанда қоғам үшін тиімділіктің негізін қалайды. Осы айтылған элементтердің өзара қатынасы арқылы нарық қалыптасады. Бәсеке – нарық субъектілерінің пайданы барынша ұлғайтуға, яғни қойылған мақсатты жүзеге асыру жолында өндірістің аса қолайлы жағдайлары үшін кәсіпкерлердің өзара күрес қатынастар ретінде көрінетін экономикалық жарысы.

Бәсекені бірнеше белгілері бойынша мынадай түрлерге бөлуге болады:

1. Даму масштабы бойынша:

1.1. Жеке бәсеке – жеке бір қатысушы нарықтың аса қолайлы жағдайларын таңдап алуға талаптанады.

1.2. Жергілікті бәсеке – жергілікті қайсыбір территорядағы тауар иелерінің жарысы.

1.3. Сала ішіндегі бәсеке – сала ішіндегі жарыс.

1.4. Сала арасындағы бәсеке - әртүрлі сала субъектілерінің жарысы.

1.5. Ұлттық бәсеке – ел ішіндегі жарыс.

1.6. Ғаламдық бәсеке - әр түрлі мемлекет субъектілерінің жарысы.

2. Жүргізу әсеріне қарай:

2.1. Бағалық бәсеке – бағаны төмендету арқылы

2.2. Бағасыз бәсеке – тауар сапасы, жарнама, қызмет көрсету арқылы.

3. Ниет тәсілдері бойынша:

3.1. Адал ниеттілік бәсеке

3.2. Ниетсіз бәсеке – нарықтық ережелерін бұзу, жалған жарнаманы қолдану және т.б. арқылы.

4. Бәсеке даму сипатына қарай:

4.1. Жетілген бәсеке

4.2. Жетілмеген бәсеке (олигополия, монополия, монополистік бәсеке).

Бәсеке- дегеніміз латын тілінен аударғанда "соғысып- қалу" деген сөз.

Бағалы бәсеке - өндірушілер өзінің өнімін өткізу үшін, нарықта монополиялық жағдай алу үшін бағамен манипуляция жасайды, бағаны арзандатады, кұпия сыр ретінде өзгертеді. Бағалы емес бәсекеде өндірушілер өнімнің белгілі бір артықшылығын пайдаланады: өнімнің сапасы, дизайны, дамыған технология, кепілді жөндеу мерзімі т.б.

Еркін бәсеке нарығында тауар өндірушілер және тұтынушылардың саны өте көп болады. Тауар өндірушілер біртекті тауар өндіреді. Нарықта өндірушілер мен түтынушылар саны көп болғандықтан бір өндіруші немесе бір тұтынушы бағаға, сұраныс пен ұсьнысқа әсер ете алмайды. Еркін бәсеке нарығының ерекшеліктері:

• Тұтынушылар мен өндірушілердіңсаны өте көп болады;

• Бағаға бақылау болмайды;

• Салаға кіру мен шығу оңай;

• Бағалы бәсеке қолданылады.

Еркін бәсеке нарығында экономикалық билік кеңінен жайылған және бұл жағдайды дамыған экономикалык бәсеке дейді. Нарықта адамның кажеттіліктерін толық қамтамасыз ететін өнімді шығару үшін бәсеке стратегиясы анықталады. Фирмаларды әз стратегиясына қарай мынадай бәсекелес типтерге бөлуге болады:

• Лидер - 40%;

• Лидерлікке претенденттер - 30%;

• Қызмет атқарушылар - 20%;

• Жаңалар-10%.

4-ші топ нарықта өз орнын іздейді және сонымен қатар жеткілікті пайда алуды көздейді. Олар бәсекелестерді қызықтырмау керек. 3-ші, 1-ші, 2-ші топтармен бәсекеге түспейді. Олар орта және ірі фирмалардың артынан жүреді. Сондықтан өз күштерін үнемдейді. 2-ші топ монополиялық жағдай алуға тырысады. Бәсекені жарнама, тауардың сапасын жоғарылату, тауардың жаңа түрін ұсыну т.б. арқылы жүргізіп отырады. 1-ші топ өзімен бірдей лидерлермен және 2-ші топпен бәсекеге түседі.