Төмендегі мысалдарға талдау жасай отырып, еліміздегі монополиядан айыру қандай нәтижелерге алып келгендігін көрсету керек

1-ші мысал. Қарағанды облыстық "Жеміс-көкөніс сауда бірлестігін монополиядан айыру. Оның кұрамында - 6 жеміс-көкөніс базасы бар (83 бөлшек сауда көкөніс дүкендері бар) облыстық сауда бірлестігі болатын. Ол жеміс-жидек және көкөніс өнімдерін сатып алып, сақтап және облыс халқына сататын. Жаппай жекешелендіру бағытына сай аталған бірлестіктің құрылтайлық құжаттарын қараған Қарағандының антимонополиялық комитеті оның құрылымдық базаларының технологиялык, жағынан өзара байланысты еместіктерін анықтаған. Сондықтан, облыстағы қалалар халқын жеміс-жидек және көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ететін бәсекелестікті тудыру үшін, Қарағанды антимонополиялық комитеті осы сауда бірлестікпен заңды тұлғалық, құқықтары бар тәуелсіз 6 акционерлік компания құрып, дербестендіру туралы шешім қабылдап, олардың қолдарына тиісті қағаздарын берген. Сондай-ақ көкөніс бөлшек саудасы да ішінapa монополиядан айырылған. Ассоциацияның 83 дүкенінің 42-ci уақталып, шағын жекешелендіру түрінде ендірілген. Ол мынандай нәтиже берді:

• жеміс-жидектер мен көкөністерді тарату және бөлшек сауда деңгейіндегі бәсекелестік басталды;

• жсміс-жидектер мен көк-өністердің жеткілікті бола бастады;

• тұтынушылардың таңдап алуларына мүмкіндік туды;

• жеміс-жидектер мен көкөністер бағалары төмендей бастады;

• жеміс-көкөніс базаларында халықтың жұмыспен қамтылу жағы жақсарды;

• акционерлік қоғамдардың қаржылық жағдайлары жақсарды.

2-ші мысал. "Қарағанды нан өнімдері өндірістік бірлестігін (ӨБ) монополиясыздандыру.Бірлестік 17 кәсіпорыннан, астық қабылдау пункттерінен (АҚП), элеваторлардан және тарату базаларынан тұратын. Комитет ӨБ-тің құрылтайлық құжаттарын және монополиядан айыру жоспарларын қарап, осы ААҚ (ашық акционерлік қоғамды) уақтату мақсатында заңды тұлғалық мәртебесімен 17 АҚ құру туралы (бәсекелестікті дамыту туралы заң негізінде) тиісті қағазын берді. Нәтижесінде:

• құрылған АҚ-ньң шаруашылық қызметтерінің түрлері кеңейді. Кейбір АҚП өсімдіктер майларын шығаруды ұйымдастырды;

• облыс халқының жұмыспен мол қамтылуды мүмкін етті;

• құрылған АҚ-ның қаржы жағдайын жақсарта түсті.

• жеміс-жидектер мен көк-өністерді бөлшек саудамен сататын дүкендер мен тасымалдайтын автокөлік өндірістік бірлестігі құрылды.

• құрылған АҚ-дың қаржылық жағдайлары жақсарды.

3-ші мысал. Қарағандының автоөнеркәcіптiк және (ОБ) монополиядан айыру.Бірлестік дербес жеті кәсіпорын және автоөнеркәcіптік кешеннен тұратын. Комитет монополиядан айыру жоспарын қарап, 7 АҚ-ның құрылуына ықпал eттi. Сондай-ақ автокәсіпорынды акцияландыру үдерісі үстінде жекеменшік секторын дамытуды да назарға ала отырып, комитет шағын жекешелендіруді тездете жүргізу үшін, автокөлік ресурстарының (барлығының 20 пайызын) бөліну қажеттілігі туралы жазба түрде шешім шығарған. Бұл жекеменшік секторын және автокөлік аясындағы бәсекелестіктікті дамытуға ықпал еткен.

4-ші мысал. Қарағанды облыстық «Агроөнеркәсіпэнерго» кәсіпорнын монополиядан айыру. Бұл кәсіпорын ауыл шаруашылығы тұтынушыларының электр жабдықтарына техникалық қызмет көрсететін 5 аудандық кәсіпорыннан тұратын ААҚ (ашық акционерлік қоғам) еді. Қарағанды облысындағы АСМК (антимонополиялык саясат жөніндегі мемлекеттік комитет) акциялау жөнінде құрылтайлық құжаттарды қарап, «Агроөнеркәсіпэнергодан» 5 Акционерлік қоғам құру туралы шешім шығарып берген. Қол жеткізілген негізгі оң нәтиже мынау:

• аудандық "Агроөнеркәсіпэнерго" өзінің шаруашылық қызметінде толық тәуелсіздікке ие болды;

• қызмет түрлерін көбейтті;

• осы саладағы рынокты дамыту үшін алғы шарттар жасалынды.

Қандай шынайы себеп болмасын (ал пайдакүнемдік жүйенің тез ыдырауы, cірә, оған қаншалықты барлық қалған факторлар саны сондайлық шамада ықпал еткен), жалпы құқық соты монополияға барған сайын жауыға түсті. 19-шы ғасырдың заңдары осы үpдісті жалғастырды және көптеген алпауыттардың өмір сүруінің заңдық негізін өзгертті. Осы мысалдармен қатар соңғы кездегі баспасөз материалдарын пайдалана отырып монополиялық іс-әрекеттер (мысалы «Петроказахстан»)жөніндегі басқа мысалдарды келтіру керек.