Ызыл қан патофизиологисы» тақырыбы бойынша глоссарий

Анемия /гр. a, an- жоқ, жоққа шығару+haima- қан/-қанның көлемдiк бiрлiгiнде эритроциттердiң және /немесе/ гемоглобинның мөлшерiнiң азаюымен сипатталатын патологиялық күй

Абсолютты эритроцитоз -сүйек кемiгiнде эритроциттердiң түзiлуi жоғарылағандықтан қанда эритроциттердiң абсолютты санының өсуi

Салыстырмалы эритроцитоз -организмде эритроциттердiң жалпы саны өзгермесе де қанның көлемiнде эритроциттердiң санының өсуi

Гемоглобин-гем және глобиннен тұратын хромопротеид. Эритроциттердiң негiзгi құрайтын бөлiгi болып саналады, қанның тыныстық қызметiн қамтамасыз етедi

Түстiк көрсеткiш-эритроциттердiң гемоглобинмен салыстырмалы қанығуын айқындайтын көрсеткiш

Нормохромды анемиялар /гр. сhromos- түс+a, an- жоқ, жоққа шығару+haima- қан/-түстiк көрсеткiш қалыпты жағдайдағы /0,85-1,05/ анемиялар

Гипохромды анемиялар /гр. hypo-аз, төмен+ сhromos- түс +a, an- жоқ, жоққа шығару+haima- қан/-түстiк көрсеткiш 0,8-ден төмен болатын анемиялар

Гиперхромды анемиялар /гр. hyper-жоғары, үстем+ сhromos- түс +a, an- жоқ, жоққа шығару+haima- қан/-түстiк көрсеткiш 1,05-тен жоғары болатын анемиялар

Микроцитарлы анемиялар /гр. micros- кiшкентай, ұсақ, майда+ cytos- клетка +a, an- жоқ, жоққа шығару+haima- қан/-эритроциттердiң орташа диаметрi 7,02-ден төмен болатын кездегi анемиялар

Нормоцитарлы анемиялар /гр. cytos- клетка +a, an- жоқ, жоққа шығару+haima- қан/--эритроциттердiң орташа диаметрi қалыпты /7,2-8,0/ болатын кездегi анемиялар

Макроцитарлы анемиялар /гр. macros-үлкен+ cytos- клетка +a, an- жоқ, жоққа шығару+haima- қан/-эритроциттердiң орташа диаметрi 8,1 мкм-ден жоғары болатын кездегi анемиялар

Мегалоцитарлы анемиялар /гр. megalos- iрi, алып+ cytos- клетка +a, an- жоқ, жоққа шығару+haima- қан/-эритроциттердiң орташа диаметрi 9,0 мкм-ден жоғары болатын макроцитарлық анемиялардың түрiне жататын анемия

Регенераторлы анемиялар /лат. regeneratio- жаңарту, қайта даму+a, an- жоқ, жоққа шығару+haima- қан/-сүйек кемiгiнiң қызметi жеткiлiктi болған жағдайдағы шеткi қанда эритроциттердiң регенераторлы түрлерiнiң пайда болуымен сипатталатын анемия /ретикулоциттердiң саны 0,2-1,2% және одан жоғары/

Гипорегенераторлы анемиялар / гр. hypo-аз, төмен+ лат. regeneratio- жаңарту, қайта даму +a, an- жоқ, жоққа шығару+haima- қан/-сүйек кемiгiнiң регенераторлы қызметi азайған кездегi шеткi қанда эритроциттердiң дегенеративтi түрлерiнiң пайда болуымен сипатталатын анемия /ретикулоциттердiң саны 0,1 % және одан төмен/

Арегенераторлы анемиялар /гр. a, an- жоқ, жоққа шығару+ лат. regeneratio- жаңарту, қайта даму +haima- қан/-эритропоэз процестерi тез арада тежелген жағдайдағы шеткi қанда эритроциттердiң регенераторлы түрлерiнiң жойылуымен сипатталатын анемия

Диспластикалық қаназдық -қан түзуiнiң қалыпты түрiнiң мегалобласттық түрiне толық немесе жарым-жартылай ауысқан кездегi анемия

Гемолиз /гр. haima- қан+lysis- ыдырау/-гемоглобинның қан плазмасына өтуiмен қатар жүретiн эритроциттер мембранасының ыдырауы

Мембранопатиялар - эритроциттермембранасыныңбелоктық-липидтiк құрылымының генетикалық ақауынан клетканың түрiнiң және серпiмдiлiгiнiң өзгеруiмен сипатталатын тұқым қуалайтын гемолиздiк анемиялардың тобы

Тұқым қуалайтын микросфероцитоз /Минковский-Шоффар ауруы/-тұқым қуалайтын /аутосомдық-доминатты тұқым қуалаушылық/ гемолиздiк анемия, эритроциттер мембранасының натрий иондарына өткiзгiштiгi артуымен сипатталатын мембранопатия

Энзимопатиялар -эритроциттердiң бiр қатар ферменттерiнiң /глюкоза-6-фосфат ферментiнiң жеткiлiксiздiгi жиi кездеседi/ тапшылығынан дамитын тұқым қуалайтын гемолиздiк анемиялардың тобы

Гемоглобинопатиялар -гемоглобинның сандық және сапалық бұзылыстарынан дамитын тұқым қуалайтын гемолиздiк анемиялардың тобы

Орақтәрiздi-клеткалық анемия /гемоглобиноз/ - глобинның бетта-тiзбегiндегi глутамин қышқылы валинге ауысқан патологиялық S гемоглобинын тұқым қуалауымен байланысты сапалық гемоглобинопатияларға кiретiн тұқым қуалайтын гемолиздiк анемия

Талассемия--қалыпты А гемоглобинның альфа, бетта /жиi/ немесе гамма тiзбектерiн түзу жылдамдығының бұзылуымен байланысты сандық гемоглобинопатиялар тобына кiретiн тұқым қуалайтын гемолиздiк анемия

Жедел постгеморрагиялық /қан кетуден кейiн/ анемия -қанның көп мөлшерiн тез арада жоғалту салдарынан дамитын анемия

Темiртапшылық анемиялар -ағзадағы темiр жеткiлiксiз болғандағы қан түзуi бұзылуынан дамитын анемия

Койлонихия-тырнақтардың касық тәрiздi қисаюы. Ауыр темiр тапшылықты анемияда байқалады

Сидеропения -организмде темiр мөлшерiнiң азаюы

Пернициозды анемия /Аддисон-Бирмер анемиясы/-сүйек кемiгiнде мегалобласттардың пайда болуымен, сүйек iшiнде эритроциттердiң ыдырауымен, үш жүйенiң /ас қорыту, жүйке, қан/ бұзылуымен сипатталатын В12 -тапшылықты анемияның түрi

Гипо- және апластикалық анемиялар / hypo-аз, төмен +a, an- жоқ, жоққа шығару+haima- қан/-сүйек кемiгiндегi барлық клеткалардың өндiрiлуi азаюымен сипатталатын қан түзуi бұзылуынан дамитын анемиялардың тобы

Сидероахрезиялық анемиялар -(темірге қаныққан, темір-рефрактерлі) порфириндер мен гемның түзулерiне қатысатын ферменттердiң белсендiлiгiнiң бұзылуымен байланысты аурулардың /жүре пайда болған және тұқым қуалайтын/ гетерогендi тобы. Қанның сары суындағы темірдің жоғары мөлшерімен сипатталады.