Мезентериалды қанайналымның жедел бұзылыстары 8 страница

 

~ Қысылған шап-ұмалық жарық қандай болып келеді?

| қиғаш

| тік

| сырғымалы

| рецидивті

| жүре пайда болған.

 

~ Қысылған шап-ұмалық жарықтарды қай аурулардан ажырата білу керек?

| аталық бездің шемені

| сан липомасы

| шап лимфадениті

| сан жарығы

| туберкулезді іріңдік.

 

~ Іштің ақ сызығының жарықтары кезінде не жиі қысылады?

| ішастар алдылық май

| асқазан

| аш ішек

| тоқ ішек

| өт қабы

 

~ Енгізілмейтін жарығы бар науқаста 2 сағат бұрын жарықтық томпаюдың айқын ауру сезімі және керулуі пайда болды. Не істеу керек?

| шұғыл хирургияға жеткізу

| спазмолитиктер енгізу

| іш қуысына қайта енгізу

| бандажды шешіп, динамикалық бақылау

| жарыққа жылы грелка басу.

 

~ Енгізілмейтін және қысылған шап жарығының дифференциальді диагностика үшін маңызды симптом:

| жарықтың айқын ауру сезімі және керіліп тұруы

| жарық қайта енбейді

| жарық құрамы ұмада

| жүрек айнуы және құсу

| дене қызуының жоғарлауы

 

~ Қиғаш шап жарығына тән емес симптом:

| жарық қабының қабырғасы ішастармен толық емес қапталған ағза болуы мүмкін

| жарықтық томпаюдың пішіні сопақ

| жарық құрамы ұмаға түсуі мүмкін

| жарық туа біткен болуы мүмкін

| жарық екі жақты болуы мүмкін

 

~ Жарық қысылуына тән емес:

| «жөтелдік түрткі»

| кенеттен басталуы

| жарықтық томпаю аймағындағы айқын ауру сезімі

| ішек түйілу симптомдары

| іш қуысына қайта енбеуі

 

~ Қысылған жарықтың өздігімен қайта енген кезіндегі тактика:

| хирургиялық стационарға шұғыл госпитализация

| ауру сезімі болмаса, емханаға жіберу

| ауру сезімі болса – ауру сезімін жою, спазмолитиктер, 2 сағаттан кейін қайта қарау

| ауру сезімі болса – ауру сезімін жою, спазмолитиктер, хирургиялық стационарға жатқызу

| амбулаторлы емдеу

 

Жарық қысылуының ең анық ерте белгісі:
| жарықтағы керілу және ауру сезімі
| жарықтың қайта енбеуі
| «жөтел түрткісі» симптомының оң болуы
| жарықтық томпаюдың болуы және оның ауырсынуы
| жарықтық томпаю үстіндегі терінің керілуі, тіндердің ісінуі.

 

~ Жарық асқынуларының өмірге ең қауіптісі:
| қысылу
| эвентрация
| қайта енбеуі
| жарақат
| копростаз
| қабыну

 

~ Қабырғалық(рихтер) қысылуын анықтауға ең маңызды симптом:
| ішектің механикалық түйілу белгілері жоқ

| іш қату
| ішектің механикалық түйілу симптомдары
| газ шығып тұрған кезде, үлкен дәреттің болмауы
| жүрек айну және құсу

 

~ Жарық қысылуының ерте белгілері:
| жарық ауырсынуы , ішке қайта енбеуі - жарықтық томпаюдың керіліп тұруы
| жүрек айну, құсу , жарық ауырсынуы
| жүрек айну, құсу ,жарықтың қайта енбеуі
| жүрек айну, құсу , ішек түйілуі
| дене қызуының жоғарлауы , қысылу аймағындағы тері гиперемиясі

 

~ Келесі симптомдар жарық қысылуына тән, біреуінен басқасы:

| іш қуысына оңай қайта енуі

| жарықтық томпаю аймағындағы айқын ауру сезімі

| аурудың кенеттен басталуы

| ішек түйілу симптомдары

| іш қуысына қайта ену мүмкіндігінің кенеттен жоғалуы

 

~ Алдыңғы іш қабырға жарықтары мен эвентрацияны ажырату үшін маңызды белгілер:

| жарық қақпасы, жарық қабы және жарық құрамының болуы

| Іш қабырғасының бұлшықет-апоневроздық құрылымындағы туа біткен және жүре пайда болған ақаудың болуы

| жарық қақпасынан тек жарық қабының шығып тұруы

|эвентрация тек кәрі адамдарда пайда болады

|жарық құрамында тек ішек ілмектері болады

 

~ Көп сағат қысылған жарықты күшпен қайта енгізген кезде, қандай нәтиже болуының ықтималдығы аз:

| қысылудың жойылуы, сауығу

|ішек жарылуы разрыв кишки

|перитонит дамуы

|жалған қайта ену

|шажырқай жарылуы, қансырау

 

~Қысылған сан жарығы мен жедел лимфаденитті ажырату мүмкіндігі болмаса, не істеу керек?

| шұғыл операция

| 12 сағат бойы консервативті ем, ауру сезімі басылмаса -- операция

| 24 сағат бойы консервативті ем(антибиотикотерапия), ауру сезімі басылмаса, операция

|жедел операция срочная операция

|жоспарлы операция

 

~Қысылған жарық кезінде жедел ішек түйілу симптомдары сақталып, ауру сезімі басылса, не ойлауға тиіспіз?

| ішек некрозы

|ауруға бейімделу

|сауығу

|қысылудың қайта енбеуге айналуы

| копростаз

 

~Қысылған шап жарығының уманың су шешегінен ақпаратты салыстырмалы диагностика әдісі:

| Диафаноскопия

| УЗИ

| КТГ

| Рентгеноскопия

| Ирригоскопия

 

~ Науқас шап-умалық жарығының қысылуымен 3 тәулігінде түсті. Температурасы 39 градус, гиперемия, инфильтрация және уманың ісінуі. Науқаста қандай асқыну байқалады?

| шап қабының флегмонасы

| атабез некрозы

| фуникулит

| жіті орхит

| атабез су шешегі

 

~ Ішкі жарықтар кезінде жіңішке ішек қысылуы кезіндегі ерте клиникалық көрінісі:

| Іштің толғақ тәрізді ауруы, газдардың шықпауы

| диарея

| коллапс

| іштің тітіркену симптомы

| дегидратация

 

~ Жедел ішек өтімсіздігінің қай түрі жіңішке ішектің ретроградты қысылуын тудырады?

| аралас

| жабысулы

| функциональді

| обтурациалық

| странгуляциялық

 

~ Алдыңғы құрсақ қабырғасының қысылған жарығының көрінісіне жатпайды:
| жоғары температура
| кенет ауру сезімі
| кенет жарықтың енбеуі
| жарық шығыңқысының ауруы және күш түсуі
| аурудың жіті басталуы

 

~ Көп уақыттан бері қысылған шап жарығы кезінде сіздердің алғашқы көрсететін көмектеріңіз:
| шұғыл операция
| жылы ванна
| жарықты енгізуге тырысу
| жарықты енгізуді жеңілдету үшін спазмолитиктер енгізу
| жарық енгізу алдында анальгетиктер енгізу

 

~ Клиникаға науқас түсті. Сіз онда рихтерлік қысылуды болжайсыз. Сіздің тактикаңыз
| шұғыл операция

| нақты диагноз қойғанша бақылау
| консервативті ем
| жарықты енгізу
| 6 сағ бойы бақылау – эффект болмаса операцияға алу

 

 

~ Өздігінен енетін қысылған жарық кезіндегі шұғыл операцияға көрсеткіш:
| перитонеальді белгілердің пайда болуы
| жарық шығыңқысының болуы
| температураның жоғарылауы
| дизуриялық белгілер
| ешқайсысы

~ Қысылған жарық операциясы кезінде жарық қапшығын ашқанда жіңішке ішектің екі ілмегі анықталды. Қысылудың қай түрі?
| ретроградты
| қабырғалық
| жарық қабында түйіннің түзілуі
| ішектің 2 ілмегінің қысылуы
| ешқайсысы

 

~ Құрсақ қабырғасы жарығының қысылуының ерте көрінісі:

| жарықтың енбеуі
| лейкоцитоз
| жарық шығыңқысының ауру сезімі
| дене температурасының жоғарылауы
| жарық аймағының гиперемиясы

~ Жақында инфаркт миокардын басынан кешірген егде жастағы науқаста қысылған шап жарығы кезіндегі тактикаңыз:
| кардиальді еммен бірге шұғыл операция
| жарыққа назар аудармай кардиальді ем жүргізу
| спазмолитер мен аналгетиктер тағайындау
| жарықты енгізу
| наркотиктерді тағайындау

 

~ Неге қысылған жарық кезінде шұғыл операция жасау керек:

| қысылғын ағзаның некроздануына байланысты

| ауру сезіміне байланысты

| қысылудың рецидивіне байланысты

| жарықтың енуіне байланысты

| диагностиканың қиындығы

 

~ 28 жасар ер адамда сол жақтық қысылған шап жарығы себебінен болған операция кезінде жарық қабының флегмонасы анықталды. Осы жағдайда төмендегілердің қайсысы анағұрлым тиімді араласу болады?

| Жарық қабын ашпай лапаротомия жасау

| Жарық қабын ашу және дренирлеу

|Жарық қабын ашу және ревизия жасау

| Жарық қабын ашу, ішек резециясы, сосын лапаротомия

| Жарық қабын бөліп алу және кысып тұрған сақинаны кесу

 

~ жасар әйел қысылған вентральді жарық клиникасымен ауру басталғаннан 26 сағат өткеннен кейін шұғыл түрде госпитализацияланды. Операция кезінде 20 см ұзындықта ащы ішек ілмегінің некрозы анықталды. Осы жағдайда анағұрлым дұрыс тактика қандай?

| Некроз орнынан 30-40 см проксимальді және 15-20 см дистальді шегініп, резекция жасау

| Некроздалған ілмектің резекциясы және анастомоз салу

| Некроз орнынан 10 см проксимальді және 5 см дистальді шегініп, резекция жасау

| Некроз орнынан 20 см проксимальді және 40 см дистальді шегініп, резекция жасау

| Некроз орнынан 40 см проксимальді және 40 см дистальді шегініп, резекция жасау

 

~ 23 жасар ер адамға қысылған шап жарығы себебінен болған операция кезінде жарық қабының бір қабырғасы қуық екені анықталды. Осы жағдайда хирург жарықтың қай түрін анықтады?

| Жылжымалы

| Ішкі

| Литтре жарығы

| Сирек орындағы жарық

| Спигелий сызығының жарығы

 

| Қысылған шап жарығының диагностикасы үшін қандай зерттеу әдісі қолданылмайды?

| Ішек бойынша барий пассажы

| Жөтел түрткісін анықтау

| Құрсақ қуысының УДЗ

| Қарау және пальпация

| Лапароскопия

 

~ Шап жарығы кезінде қандай мүше ең жиі қысылады?

| Шарбы

| Жіңішке ішек

| Шәует өзегі

| Қуық

| Жуан ішек

 

~ Науқас К. 23 жаста, оң шап аймағындағы қатты ауру сезіміне, жүрек айнуға, жоғары температураға шағымданып келді. Ауырғанына 12 сағат болды. Қарап тексергенде дәрігер ішінің кепкенін, шап аймағындағы қатты ауру сезімді түзіліс, гиперемия, ісіну, гипертермия бар екенін анықтады. Осы жағдайға төмендегілердің қайсысы анағұрлым сәйкес?

| Жарық қабының флегмонасы

| Ішек өтімсіздігі

| Шап лимфадениті

| Қысылған шап жарығы

| Оң жақтық жедел эпидидимит

 

~ Төмендегілердің қайсысы Рихтерлік қысылудың белгісі болып табылады?

| Қабырғалық қысылу

| Жіңішке ішектің қабырғасының қысылуы

| Меккелев дивертикулының қысылуы

| Диафрагмада асқазанның қысылуы

| Жуан ішектің қысылуы

 

~Төмендегілердің қайсысы қысылған жарық кезінде ішек қабырғасының өмірге қабілеттілігін көрсетпейді?

| Ішек қуысында сұйықтықтың жиналуы

| Белсенді перистальтика

| Ишемиялық ошақтардың болмауы

| Шажырқай тамырларының пульсациясы

| Сірлі қабаттың жылтыр түсі

 

~ 34 жасар С. науқаста қысылған шап жарығы себебінен болған операция кезінде жарық қабының жалпы қынаптық қабықтан тыс және шап байламының элементтерінен медиальді орналасқаны анықталды. Осы жағдайда шап өзегінің қай қабырғасын қатайту керек?

| Артқы

| Медиальді

| Бүйір

| Жоғарғы

| Алдыңғы

 

~ Науқас К., 72 жаста, оң жақ шап аймағындағы ісік тәрізді түзіліс, ауру сезімі, 37,30С шамасындағы температура деген шағымдармен ауруханаға жатқызылды. Кезекші хирург шап лимфаденитіне күмәнданды және қысылған шап жарығын да жоққа шығармады. Осы жағдайда қандай емдік тактика анағұрлым дұрыс?

| Шұғыл операция

| Антибиотиктерді тағайындау

| Динамикада бақылау

| Жоспарлы операция

| Лапароскопия жасау

 

~ Науқас А., 26 жаста, қысылған шап жарығы себебінен болған операция кезінде жарық қабының жалпы қынаптық қабықтың ішінде, шап байламының элементтерімен бірге орналасқаны анықталды. Осы жағдайда шап өзегінің қай қабырғасын қатайту керек?

| Алдыңғы

| Медиальді

| Артқы

| Бүйір

| Жоғарғы

 

~ 44 жасар А. науқаста операция кезінде қысылған кіндік жарығы анықталды. Науқасқа жарық қақпаларының пластикасының қай түрі көрсетілген?

| Сапежко

| Бассини

| Мартынов

| Руджи-Парлавеччио

| Жирар-Спасокукоцкий

 

~ Жарық қабының флегмонасы кезінде операцияны неден бастау керек?

| Лапаротомия

| Флегмонаны ашу

| Жарық қабын ашу

| Жарық қақпаларын кесу

| Жарық қабының пункциясы және іріңді сору

 

~ Қысылған жарық көбіне шақырады:

| перитонит

| құсу

| диарея

| аллергиялық реакци

| ішек некрозы

 

АІЖ қан кету

 

~.Ойық жаралық қан кетуге не тән емес?

| брадикардия

|ОКҚ-ң төмендеуі

|АҚ-ң төмендеуі

| кофе «қойыртпағы» тәрізді құсық

|мелена

 

~35 жасар ер адам хирургияның қабылдау бөліміне әлсіздікке, бас айналуға, қара нәжіске шағымданып келді. Жағдайы нашарлағаннан 1 апта бұрын эпигастрий аймағындағы ауру сезімі мазалаған, алмагель ішкен. Осы жағдайда төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысы анағұрлым мәліметті?

| Эндоскопиялық зерттеу

| Асқазанды зондтау

| Диагностикалық лапароскопия

| Құрсақ қуысының рентгенографиясы

| Өңеш, асқазан және он екі елі ішек рентгеноскопиясы

 

~.43 жасар ер адам қабылдау бөліміне әлсіздікке, бас айналуға, кофе тұнбасы тәрізді құсуға шағымданып жеткізілді. Ауырғанына 1 тәулік болған. Төмендегілердің қайсысы қан кету фактісін орнату үшін бірінші кезекте жасалуы тиіс?

| Тік ішекті саусақпен зерттеу

| Жалпы қан анализі

| Асқазанды зондтау

| Коагулограмманы зерттеу

| Альговершок индексін анықтау

 

~.49 жасар әйел қатты әлсіздікке, қанмен құсуға, қара нәжіске шағымданып жедел түрде жеткізілді. Анамнезінде 5 жыл бойын 12 елі ішектің ойық жарасымен ауырады. Эндоскопиялық зерттеу кезінде асқазанда жаңа қан, 12 елі ішектің артқы қабырғасында өлшемдері 1,5х1,0 см болатын, сорғалап жатқан қан кетумен асқынған ойық жара. Осы науқаста анағұрлым дұрыс емдік тактика қандай?

| Шұғыл операция жасау

| Асқазанға зонд қою, суық сумен жуу

| 2 сағаттан кейін эндоскопиялық бақылау жасау

| Гемостатикалық терапия жүргізу

| Операцияны жеделдетілген түрде өткізу

 

~.49 жасар ер адам 1 апта бойы алкоголь қабылдаған. 7-тәулікте үйінде көп реттік құсу болғанын айтады. Түскеннен 3 сағат бұрын қан аралас құсу және қара нәжіс болады. Төмендегілердің қайсысы анағұрлым ықтимал болжам диагноз болады?

| Мэллори-Вейсс синдромы

| Асқазанның немесе 12 елі ішек ойық жарасы

| Өңештің варикозды кеңейген веналары

| Эрозивті-геморрагиялық гастрит

| Рефлюкс-эзофагит

 

~.Қабылдау бөліміне 34 жасар науқас асқазан-ішек жолынан қан кету клиникасымен жеткізілді. Шұғыл ЭФГДС кезінде жалғасып жатқан қан кету көзі ретінде өңештің төменгі үштен бір бөлігіндегі варикозды кеңейген веналар анықталды. Анамнезінде 5 жыл бойы бауыр циррозы. Алдында бірнеше рет консервативті ем қабылдаған. Осы жағдайының нашарлауы 1 тәулік бойы. Осы жағдайда анағұрлым бірінші кезекте жасалынатын емдік тактика қандай?

| Сенстакен-Блейкмор зондын орнату

| Спленэктомия жасау

| Портокавальді анастомоз салу

| Консервативті ем жүргізу және бақылау

| Гастротомия, оңештің варикозды кеңейген тамырларын тігу

 

~.Төмендегілердің қайсысы гемобилия көрінісін шақырады?

| Ішек жолына өт жолдары арқылы қан кету

| Асқазан мен 12 елі ішектің шырышты қабатынан қан кету

| Асқазан мен 12 елі ішектің көптеген эрозиялары

| Прокоагулянттар түзілісінің төмендеуі

| Өңештің варикозды веналарынан қан кету

 

~.Асқазанның стресстік ойық жарасы жиі немен көрінеді?

| Қан кетумен

| Малигнизациямен

| Перфорациямен

| Пенетрациямен

| Стенозбен

 

~.45 жасар науқаста 12 елі ішектің ойық жарасы себебінен 6 ай бұрын Бильрот II бойынша асқазан резекциясы операциясы болған. Хирургқа қара нәжіске шағымданып келді. Зерттеп тексергенде анастомоздың қанталаған пептикалық жарасы анықталды. Осы жағдайда төмендегілердің қайсысы ойық жараның анағұрлым ықтимал себебі болады?

| Резекцияның жеткіліксіз көлемі

| Асқазан тұқылының рефлюкс гастриті

| Асқазан тұқылының гастриті

| Әкелетін ілмек синдромы

| Резекцияның кең көлемі

 

~.Меллори-Вейс синдромы дегеніміз не?

| Асқазан мен өңештің шырышты қабатының сызаттары

| Эрозивті гастрит

| Эрозивті-ойық жаралы эзофагит

| Диафрагманың өңештік тесігінің жарығы

| Асқазан мен өңеш веналарының варикозды кеңеюі

 

~.Қандай ауру кезінде көп реттік құсу жиі гастродуоденальді қан кетуге алып келеді?

| Меллори-Вейс синдромы.

| Золлингер- Эллисон синдромы

| Жедел панкреатит

| Асқазан қалтқысының стенозы

| Жедел гастроэнтерит

 

~.Асқазан мен өңештің варикозды кеңейген веналарынан қан кетуді ненің көмегімен тоқтатуға болады?

| Эндоскопиялық зерттеу

| Ултьтрадыбыстық зерттеу

| Компьютерлі томография

| Мезентерикография

| Портокаваграфия

 

~.Науқас С., 60 жаста, түскен кезде үлкейген бауыр пальпацияландаы, тері жамылғысының сарғаюы байқалады, УДЗ-де гепатоспленомегалия, құрсақ қуысы ішінде бос сұйықтық бар. 1 тәуліктен кейін науқаста профузды гастродуоденальді қан кету болды. Қан кетудің анағұрлым ықтимал себебі қандай?

| Өңеш веналарының варикозды кеңеюі

| Маллори-Вейсс синдромы

| Асқазанның жедел ойық жарасы

| Асқазанның гепатогенді ойық жарасы

| Эрозивті геморрагиялық гастрит

 

~.Бильрот II бойынша асқазан резекциясынан кейін назогастральді зонд арқылы 500 мл қан бөлінді. Өткізіліп жатқан гемостатикалық және орын басушы терапия нәтижесіз. Қандай емдік тактика анағұрлым тиімді?

| Науқасқа шұғыл операция жасау

| Динамикада бақылау

| Орын басушы терапия жүргізу

| Асқазан тұқылына зонд өткізіп, жергілікті ем жүргізу

| Жергілікті гемостатикалық терапияны жалғастыру

 

~.12 елі ішектің диаметрі 2,0 см және одан да үлкен ойық жараларынан қан кетіп жатқан кезде анағұрлым оңтайлы операция түрі қандай?

| Бағаналық ваготомия пилоропластикамен

| Ойық жараны кесіп алу

| Ойық жараны тігу

| Селективті проксимальді ваготомия

| Антрумэктомия ваготомиямен

 

~.Ішек өтімсіздігінің қай түрінде тік ішектен қанды бөліністер байқалады?

| Инвагинация

| Бұралу

| Жабысқақты

| Спастикалық

| Обтурациялық

 

~.Науқас Ш. 74 жаста, қабылдау бөліміне іштегі толғақ тәрізді ауру сезіміне, іш кебуге, 5 тәулік бойы нәжістің болмауына шағымданып түсті. Анамнезінен: жиі іш қату, дефекация кезінде шырыш, қан бөліну. Ешқашан қаралмаған. Қарап тексергенде: іші біркелкі кепкен, перкуторлы жоғары тимпанит, перистальтика естілмейді, пальпация кезінде ауру сезімді. Per rectum: ампуласы бос. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

| Жуан ішектің ісігі

| Дивертикулярлы ауру

| Жуан ішектің дискинезиясы

| Созылмалы проктосигмоидит

| Бейспецификалық жаралы колит

 

~Науқас Ш. 74 жаста, қабылдау бөліміне іштегі толғақ тәрізді ауру сезіміне, іш кебуге, 5 тәулік бойы нәжістің болмауына шағымданып түсті. Анамнезінен: жиі іш қату, дефекация кезінде шырыш, қан бөліну. Ешқашан қаралмаған. Қарап тексергенде: іші біркелкі кепкен, перкуторлы жоғары тимпанит, перистальтика естілмейді, пальпация кезінде ауру сезімді. Per rectum: ампуласы бос. Науқасқа осы жағдайда қандай нақтылайтын зерттеу әдісі көрсетілген?

| Колоноскопия

| Құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы

| Компьютерлі томография

| Ректороманоскопия

| Ирригоскопия

 

~Науқаста бауыр циррозымен асқазан-ішек жолынан 2 рет қан кету болған. Төменде келтірілгендердің қайсысы, осы науқаста қан кету себебі бола табылады?

| Өңештің венасының варикозды кеңеюі

| Жедел эрозиялы гастрит

| Асқазан созылмалы ойық жарасы

| Көкбауыр венасының тромбозы

| Бейспецификалы жаралы колит

 

~Блейкмор-Санстегкен зондын қоюға көрсеткіш не болады?

| Қанмен тоқтаусыз құсу

| Асқазан жарасынан қан кету

| Асқазан жедел эрозияларынан қан кету

| 12-елі ішектің шырышты қабатының жыртылуы

| Өңештің варикозды венасынан қан кету.

 

~Өңештің варикозды кеңейген веналарынан қан кетуі бар науқастарда портальды қысымды төмендету үшін төмендегілердің қайсысы анағұрлым орынды?

| Сандостатинді қолдану

| Викасолды қолдану

| Гептралды қолдану

| Окситоцинді қолдану

| Дицинонды қолдану

 

~Науқас іштің сол бөлігіндегі толғақ тәрізді ауру сезіміне, 39 С0 дейінгі жоғары температураға, көп мөлшерде қан, ірің, шырыш аралас сұйық нәжіске, айқын интоксикацияға шағымданып түсті. Науқасқа болжам диагноз қойылған: бейспецификалық жаралы колит. Науқасқа қандай зерттеу әдісін жасау анағұрлым орынды?

| Ирригоскопия

| Колоноскопия

| Ректороманоскопия

| Аноскопия