Тақырып. ҚР-ның азаматтық және отбасылық құқығының негіздері

Сабақ жоспары:

1. Азаматтық құқық туралы ұғым.

2. Азаматтық - құқықтық қатынастың субъектілері.

3. Меншіктің құқығы. Міндеттемелер

4. Мәмілелер. Мәміленің көріністері.

5. Отбасылық құқық және отбасылық заңнама. Отбасылық құқықпен реттейтін қатынастар.

6. Некенің тұжырымы. Некенің бұзу

7. Дербес, мүліктік құқық және міндеттері.

8. Отбасының мүшесінің алименттік міндеттемелері. Бала-шағаның тәрбиесі. Баланы (қызды) асырап алу жолдары.

Сабақ мақсаты: Азаматтық құқықтың жалпы ережесiн қарап шығу. ҚазақстанРеспубликасындағы кәсiпкерлiктiң негiзiн талқылау.

Бақылау сұрақтары:

1. Азаматтың құқығының нелер жатады?

2. Қандай қатынастар азаматтық құқыкпен реттеледі?

3. Мүліктік қатынастарға нелер жатады?

4. Азаматтың құқығының субьектісін ата.

5.Қандай міндеттер ара қатынас оның әке-шешелерінің бала-шағаларға деген артады?

6.Қандай уақиғада және мақсаттарда қамқорлық және қамқоршылық тағайындалады?

7. Бала асырау не үшін бекітілген?

8. Бала асырау үшін қандай жауапкершілік керек?

Глосарий:

Азаматтық- адамның нақты бір мемлекетке саяси және құқықтық қатыстылығы. Мемлекет пен оның билігі астында болатын адам арасындағы өзара қатынастар түрінде көріңеді: мемлекет азаматқа оның заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге, шетелдерде оны қорғауға және жанашырлық танытуға кепілдік береді. Өз кезегінде азамат заңдарды, мемлекеттің басқа жазбаша өкімдерін, ол бекіткен міндеттерді орындауға міндетті. Бұл құқықтар мен міндеттердің жиынтығы, азаматтың (азаматтығы жоқ адамдардан айырмашылығы) саяси құқықтық мәртебесін құрайды.

Азаматтық құқық - азаматтық айналысқа қатысушылардың (оның негіздеріне мәмілелер әкімшілік актілер, азаматтық құқық бұзушылықтар және т.б., сондай-ақ меншік құқығы, авторлық құқық өнертап қыштық құқық, жаңалық ашу құқығы, мүлікті иелену және өкімдік ету бойынша қатынастар) мүліктік және сонымен байланысқан жеке мүліктік емес қатынастарды (мысалы, ар-намыс пен абыройды қорғау) реттейтің құқықсаласының нормалары.

Азаматтық жауапкершілік - Азаматтық құқық нормаларымен бекітілген заңдық жауапкершілік түрлерінін біреуі; басқа адамның субъективті азаматтық құқықтарынын бұзылуымен байланысты, азаматтық құқықпен қарастырылған міндеттерді адамның орындамауының немесе тиісті жолмен жүзеге асырмауы.

Азаматтық айналым - міндеттемелік құқықтың шарттық және шарттан тыс институттары арасына келтірілген, экономикалық айналыстын азаматтық-құқықтық айтылуы. Азаматтық айналымның қатысуылары ұйымдар, өздерінің табыстарына иелік ететін және түрліше мүліктік құқықтық, қатынастарға түсетін жеке және заңды тұлғалар болып саналады.

Отбасы- бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді кажеттіліқтерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.

Неке – отбасының заң жүзіндегі негізі, әйел мен еркектің өзара түсінісу, еріктілігі негізінде құрылатын одағы, адамның әлеуметтік-табиғи, сонымен қатар материалдық және рухани өмір қажеттілігі.

Мәнжазба тақырыптары:

1. Азаматтық құқығының реттеу әдістері.

2. Азаматтық субъекттілер құқықтықтың қатынастары

3. Меншіктің құқығы. Міндеттемелер.

4. Мәмілелер. Мәміленің түрлері

5. Отбасылық құқық және ҚР отбасылық заңнамасы

6. Некенің тұжырымы. Некені бұзу

7. Дербес, мүліктік құқық және ерлі-зайыптылардың міндеттері.

Блиц –тесттер:

Р Азаматтық заңы қашан қабылданды?

А) 27.12.1994

В) 1.07.1999

С) 16.12.1995

D) 26.07.1992

Е) 30.08.1995

Азаматтық құқықтықтың қатынастарына қай элементтер тиесілі

А) ал обьективная строна, субьект, обьект

В)Субьект, обьект, мазмұн,

С)Обьнкт, субьет, обьективная строна субьективная строна

D)мазмұн, обьективная строна, субьект

Е)Барлық жауап дұрыс

Андай қатынастар азаматтық құқықты реттейді?

А) Мүліктік және емесмүліктік

В) Еңбектік

С) Некелік отбасылыққа

D) Қылмыстық

Е) Барлық жауап дұрыс емес

Азаматтық құқықтың объектілерін көрсетіңіз?

А) Мүліктік және мүліктік емес игіліктер

В) Заңды тұлғалар

С) Жеке тұлға

D) ҚР азаматтары

Е) Шет ел азаматтары

Азаматтық құқықтың мүліктік игіліктерді көрсетіңіз?

А) Жеке адам өмірі

В) Заттар, ақша

С) Жеке өмірге қол сұқпаушылық

D) Автор болу құқығы

Е)Аталғандардың барлығы