Stateflow ішкі жүйенің міндеті мен элементтерін түсіндіріңіз

Сыртқы оқиғалардан тәуелді болатын жүйелерді моделдеу оқиғалық моделдеу деп аталады. MatLab жүйесінің Simulink пакетінде осындай моделдеу арнайы Stateflow пакеті көмегімен жасалынады. Бұл пакеттің өзінің пайдаланушының графикалық интерфейсі бар, оны қолданып SF-диаграммалар деп аталатын графикалық диаграммаларды құрастыра аламыз. Бұл диаграммалар моделденетін жүйенің жұмысын визуалды көрсетеді. Онда жүйенің жұмысының барлық қадамдары көрсетіледі. Statefiow (chart) терезесі менюді және инструменттер панелін қолданып, осы терезеде күйлер мен олар арасындағы байланыстарды бейнелей аламыз, айнымалылырды, қажетті көшулерді және басқа басқаруға қажетті элементтерді анықтаймыз. Statefiow диаграммасында элементтердің негізгі екі тобы бар: графикалық және графикалық емес. SF-диаграмманың маңызды объектісі күй (state) болып табылады. Әрбір күй оқиға байланысты басқарылатын жүйенің жұмысының бір режимін көрсетеді. Мысалы,

SF-диаграмманың тағы бір маңызды графикалық объектісі - көшулер (Transition). Көшулер бір объекттің басқа объектпен байланысын көрсетеді және диаграммада стрелкалармен көрсетіледі.

Event [condition] {condition_action}/transition_action,

мұнда Event – көшуді бастайтын оқиғаны анықтайды. сondition – ақиқат болған кезде көшуді бастайтын логикалық өрнек; condition_action – көшудің өзі әлі ақиқат болып анықталмай (қабылдаушы күй анықталмады) бірақ көшу шарты ақиқат болғаннан кейін орындалатын әрекет; transition_action – егер де алдында бейнеленген шарттардың барлығы ақиқат болса және қабылдаушы күй анықталған болса, орындалатын әрекетті анықтайды. Statefiow пакетінің келесі түсініктемесі оқиғалар (Event) – бұл графикалық емес диаграмманы басқаратын объекттер. SF-диаграмма редакторының Add/Event менюі көмегімен оқиға типін және оның қасиеттерін орнатуға болады. Мәліметтер – сандық мәліметтерді сақтауға негізделген Stateflow диаграммасындағы графикалық емес объекттер. Мәліметтерді жасауға және өзгертуге Add/Data менюді қолдану керек.

31. Simulink ортасында объекттер модельдерінің ішкі жүйелері орнатылған. t=5

Уақытына дейін бірінші модельдің өтпелі процесін, содан кейін екінші модельдің өтпелі процесін қарап шығу керек. Осы есептің блок-диаграммасын құрыңыз. қолданылған блоктарды түсіндіріңіз.

 

Ол үшін, алдымен Fcn-ге екі қандайда бір модель үшін өтпелі процесін көрсететін функция жазып, уақыттың 5-ке тең болғандығына тәуелді өзгеретін оқиғалар орындалуын жүзеге асыратын Stateflow пакетін қолданамыз. Ол үшін Statefiow (chart) терезесінде төменде көрсетілгендеі етіп оқиғалардың орындалуын жазамыз, ал оның кірісіне уақытты көрсетіп, шығысын Swich көмегімен салыстырамыз, яғни уақыттың мәніне байланысты керекті өтпелі процес Scope-қа барады, онда графикалық түрде көрінетін болады: