Активтердің экономикалық пайдалылығын (рентабелділігін) реттеу. Дюпон формуласы

Активтердің экономикалық рентабельдігі немесе кәсіпорынның бүкіл немесе кәсіпорынның бүкіл капиталының экономикалық рентабельдігі, оның меншікті және қарыз қаражатының сомасы. Біз салым және шығын тиімділігін сипаттаушы өндіріс рентабнльділігінің жалпы формуласы негізделген, жалпы көрсеткіштерді қолданамыз. Өндіріс нәтижесі *100 Шығын және салым. Біз бұл формуланың алымына инвестицияны пайдаланудың нетто нәтижесін қоямыз, ал бөлімін кәсіпорын активтер байланысындағы шығындармен салыққаражаттарын ескеріп, активер көлемін қоямыз.ИПНН БП+өнімнің өзіндік құнына жатқызатын несие проценті ЭР= *100*100 Актив Актив Актив пен пассивтің тең болуына байланысты, ол меншікті және қарыз қаражаттарының жиынтығы көрсетеді. Актив пассив меншікті қаражат+қарыз қаражат кәсіпорынның жинақы капиталыЭР-кәсіпорын үшін өте маңызды көрсеткіш,өйткені, экокномикалық рентабельдіктің жеткілікті деңгейі-қазіргі және келешектегі табыстың кепілі. Экономикалық рентабельдіктің негізгі элементтерінің анықталуы. Экономикалық рентабельдік формуласын айналым/айналым=1 көбейту арқылы ЭР өзгертеміз. Мұндай, операциядан рентабельдік көлемі өзгермейді, бірақ рентабельдіктің екі маңызды элементтері пайда болады: коммеррциялық маржа (КМ) және трансформациялық коэффициент(ТК). ИППН айналым ИППН айналым ЭР= ────* ───── *100= ───── *100*───── =КМ*100*ТКАктивайналым айналым актив Дюпон формуласы:Факторларды талдау нәтижесінде рентабельдіктің өзгеруінің негізгі көрсеткішінің қайсыс, коммерциялық маржа немесе трансформациялық коэффициент жылдам және жай өзгеретіндігін анықтауға болады. Ретабельдіктің осындай өзгерістерін Дюпон формуласы арқылы анықтайды.Қаржылық менеджменттің төрт негізгі көрсеткіштері және Дюпон формуласы кәсіпорынның көптеген қаржы жағдайын қарастыруға жеткілікті.Айта кететін жай, Дюпон формуласында айтарлықтай қажетті модивикация , акционерлік капиталдың таза табысына талдау жасауына болатындай көсеткіштер бар. Бұл таза пайданы қарапайым акциямен акционерлік каптиталдың соммасына бөлу. Акционерлік Таза пайда таза пайда айналым актив каптиталдың = ──────── = ────── * ────── * ──────── *100% таза табысы акционер капитал айналым актив акцион капитал бұл формулада акционерлік капиталдың аза табысының шапшаң өсуін анықтауға болады. Дюпон формуласы рентабельдіктің өзгеруі неліктен болғаның анықтауға мүмкіндік береді.

Акциздер: мәні, салық салу механизмі. Салыктар- занды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде, мерзімде мемлекеттік бюджетке теленетін міндетті төлемдері.Акциздер - бағага косылатын және сатып алушы толейтин тауарларга салынатын жанама салыктардың бір түрі. Акциз салығын өзінін ерекшелігіне байланысты тұтынуга салынатын салык тобына жаткызылады.Салык төлеушілер: 1.ҚР аумағында акцизделетін тауар өндіретін заңды және жеке тұлгалар; 2.ҚР аумағында акцизделетін тауар импорттайтын заңды және жеке тұлғалар; 3.КР аумағында авиабензиннен баска бензин және дизель отындарының көтерме және бөлшек саудасын жүргізетін заңды және жеке тұлғалар; 4.ҚР аумағында акцизделетін қызмет түрімен айналысатын занды және жеке тұлғалар; 5. иесіз тәркіленген акцизделетін тауарларды өткізумен айналысатын өкілетті орган (егер бұл тауар б/ша акциз төленбеген болса).Акциз ставкаларын ҚР үкіметі бекітеді ж/е тауар кунына %-пен (адвалорлык) ж/е заттай нысандагы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада (тұрлауды) белгілейді.Акцизделетін тауарларга:спирттің барлық турі, алкогольді өнімдер, темекі өнімдері, авиабензиннен басқа бензин және дизель отындары, мүгедектерге арналғаннан басқа жеңіл автокөліктер, шикі мунай, газ конденсаты.Акцизделетін кызметке: ойын бизнесі (ойын автоматтары, тотализатор кассалары ж.т.б.), лотерея уйымдастыру жэне өткізу.Салык ставкасы акцнзделетін әр тауар туріне байланысты ҚР Үкіметі дербес аныкталады (шыгарылған елде акцизделетін өнімнің құрамына колдану максатына б/сты). Акциз салыгының ставкасы тенге немесе шартты бірлікпен әр тауар түрінін данасы, литрі, көлемі жэне барреліне б/сты салынады. Акциз салыгы салык телеушінін тіркелген жері б/ша төленеді. Салық ай сайын төленеді, ол б/ша декларация салық төленген айдан кейінгі айдың 20 дейін тапсырылады. Акцизделетін тауарлар міндетті түрде маркаланады, оны жүргізу жауапкершілігі салык төлеушіге (өндірушіге) жуктеледі.Мынадай импортталатын акцизделетін тауарларга салык салынбайды: ҚР Кеден заннамасына сәйкес үкімет белгілеген нормада жеке тулғаның импорттаған тауарлары, ҚР аумағына жеткенге дейін бұзылған, бүлінген акцизделетін тауарлар,елшілік қызметтегі жеке тұлғалардың және олардың отбасы мүшелерінін жеке пайдалануы үшін ҚР аумагына әкелген акцизделетін тауарлар; медициналык мақсаттағы спирт (0.1 лдейін); КР кеден заннамасына сәйкес еркін айналыстағы тауар ретінде Қазакстан аумағына акелінген тауарлар.

Ақша айналымы мазмұнының түсінігі.Ақша айналымы — ақшаның айналымдағы қозғалысы, оның айналым және төлем құралы ретінде қызмет етуі. Ақша айналымының тауар айналымынан өзгешелігі — әрбір тауар айналымда уақытша болады, ал ақша өзінің айналым құралы қызметін атқарғаннан кейін, айналыс арнасында тұрақты қалып, тауарларды өткізуге қызмет ете береді. Ақша айналымының объективтік заңы төмендегідей: тауарлар бағасының айналыстағы жиынтығы аттас ақша бірліктерінің айналым саны қатынасына байланысты. Дәлірек айтқанда, айналымдағы ақша аумағы тауарлар бағасы мен аттас ақша бірліктерінің айналым саны арқылы анықталады. Ақша айналымы мен тауар айналымы арасында тығыз байланыс бар, біріншісі екіншісіне тікелей тәуелді. Ақша айналымы теңелген сайын шаруашылықты дамытуға қажетті ақша массасы азая түседі. Бұл ретте ақша айналымын жоспарлау және реттеу айрықша рөл атқарады. Ақша айналымын жоспарлау — мемлекеттің айналымға керекті нақты ақша мөлшерін жоспарлы түрде белгілеп, жалпы ақша жиынын ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажетіне сәйкес реттеуі. Экономикалық үздіксіз дамып отыруы үшін айналымдағы ақша мен тауар жиыны арасында қажетті сәйкестік сақталуы керек. Ақша айналымын дұрыс реттеу мақсатымен барлық кәсіпорындар ақшалай қаржыларын банктерде ұстап, тек төлемге қажетті мөлшерін ғана алып отырады. Тауар айналысы процесіндегі қолма–қол ақша қозғалысы ж/е төлемақыны жүзеге асыру кезінде қызмет көрсету, сонымен бірге кәсіпорындар мен қаржы-несие мекемелерінің арасындағы ақшалай қаражаттарының алмасуы –ақша айналысы д.а. Жалпы ақша айналысының көлемі тауар бағаларының сомасынан әрдайым артық болады. Ақшаның қызмет көрсетуі тек сату-сатып алумен шектелмейтіні түсіндіріледі. Ақша еңбекақы, зейнетақы, стипендия төлеу үшін, бюджетке төлемдер аудару үшін, банктен қарыз алу үшін ж/е т.б. мақсаттар үшін қолданылады. Соныменен, бүкіл ақша айналысы: қолма-қол ж/е қолма-қолсыз ақшалар болып бөлінеді. Қолма - қол ақшалар –нақты ақшалардың қозғалысын білдіреді. Оларға: банкноталар, монеталар, қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет етеді. Қолма – қолсыз ақшалар –бұл қолма–қолсыз ақша айналымының ақшаларының қозғалысы. Оларға: чектер, пластикалық карточкалар, электрондық аударымдар көмегімен пайдаланудың, клиенттердің шоттарындағы сақталған ақшалары немесе депозиттер. Бұл 2 форма бір-бірімен өте тығыз б/та жүреді. Бір-біріне алмаса алады. ақша массасын құрайды.Ақша массасы д/з–жеке және заңды тұлғаларға мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы.

Ақша айналымының заңы. Ақша массасы мен ақша айналысының жылдамдығы.Ақша айналысышаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай ақ тауарлы емес төлемдерді және есеп айрысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма қол және қолма қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы. Ақша айналысының заңытауарлар айналысы үшін қажетті ақшалардың санын (Ата) анықтайды Ата= тауарлар бағаларының сомасы/ ақша айналысының саны Бұл жерде бір айта кететіні, ақшаның төлем құралы қызметін атқарумен байл.бұл формула да нақтылауды талап етуде. Айналысқа қажетті ақша санын мынадай формуламен бейнелеуге болады: Aқ=Cтб-Нтб+Мте-Өтс/Аос. Мұндағы: айналысқа қажетті ақша саны; Cтб -сатылатын тауарлар бағасының сомасы; Нтб -несиеге сатылған тауарлар бағаларының сомасы; Мте -міндеттемелер бойынша төлемдер сомасы; Өтс -өзара өтілетін төлемдер сомасы; Аос -айналыс және төлем құралы ретіндегі ақша айналымының орташа саны. Осындай жағдайларда айналысқа қажетті ақша санына өндірістің дамуының шарттарына тәуелді болып келетін әр алуан факторлар ықпал етеді. Оның біріне айналыстағы тауарлар санының өзгерісі жатады. сондай ақ шаруашылықтағы ақшаға деген қажеттілік тауарлар және көрсетілетін қызметтер бағаларының деңгейіне байланысты да анықталады. Ақша массасы д/з –жеке және заңды тұлғаларға мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы. Дүниежүзілік тәжірибеде ақша массасының құрамын ақша агрегаттары арқылы анықталады. М1 –айналыстағы қолма – қол ақша және банктің ағымдағы шоттардағы қаражаттар; М2– бұған М1 агрегаты және 4 жыл мерзімдерге дейінгі коммерциялық банктердегі мерзімді және жинақ салымдары кіреді; М3– М2 агрегаты және арнаулы несие мекемелердегі жинақ салымдары; М4– М3 агрегаты және ірі коммерциялық банктердің депозиттік кіреді. Негізінен айналысқа қажет ақша массасы былайша анықталады: М(ақша)=(Өткізілген тауар бағасының сомасы-несиеге сатылған тауар сомасы + міндеттемені төлем сомасы - өзара есепке алу сомасы)/ айналыс пен төлем құрал ретінде айналымның орташа мөлшері М=Т*Б/V. АҚШ-та, ақша массасын анықтауда төрт ақша агрегатын, Жапония мен Германияда—үш, Англия мен Францияда—екеу, Ресейде — үш ақша агрегаттары пайдаланылады. Қазақстанда ақша массасына Ұлттық Банк пен екінші деңгейдегі банкілердің баланстық шоттарын шоғырландыру негізіңде анықталады және оның құрамына айналыстағы қолма-қол ақша және резидент занды тұлғалар мен үй шаруашылығы (жеке тұлғалардың) депозиттері жатады. Қазақстан Республикасында Ұлттық Банктің 12.01.1995 жылы Директорлар кеңесінің № 2 хаттамасымен бекітілген «Ақша массасын, ақша базасын анықтау әдісі және ішкі және сыртқы активтерді анықтау барысында баланстық шоттарды жіктеу туралы ережесіне» сәйкес ақша базасы мен ақша массасы есептеледі. Ақша айналысының жылдамдығы – бұл айналыс құралы және төлем құралы ретінде жұмыс істейтін ақша қозғалысының қарқын алуын әрі бір жылдағы ақша массасының айналым жылдамдығын, яғни айналымның жыл ішіндегі жылдамдығын білдіреді.

 

Ақша базасы, ақша массасы, ақша агрегаттары.Ақша массасы д/з –жеке және заңды тұлғаларға, мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы. Д.ж. тәжірибеде ақша массасының құрамын ақша агрегаттары арқылы анықтайды:

М1– айналыстағы қолма қол ақша және банктің ағымдағы шотарындағы қаражаттар;

М2 – бұл М1 агрегаты және 4ж мерзімге дейінгі коммерциялық банктердегі мерзімді және жинақ салымдары;

М3 – М2 агрегаты және арнаулы несие мекемелеріндегі жинақ салымдары;

М4 – М3 агрегаты және ірі коммерциялық банктің депозиттік сертификаттары кіреді

Ақша агрегаттарының құрылымы ақша нарығы құралдарының дамуына байл. Үнемі өзгеріп отырады.Ақша массасының өсуіне мына жағдайлар әсер етеді:

қолма қол ақшның эмиссиялануы;

комерциялық банктің орталық банктен несиелер есебінен;

үкіметтің орталық банктен несие алуынан;

орталық банктің шетел валюталарын, б.қ.рды, асыл металдарды сатып алу есебінен;

Ақша массасының өсуін міндеттейтін екі негізгі көрсеткіш бар:

· ақша мультипликаторы

· банктік мультипликатор

Ақша мультипликаторы ақша базасының ақша массасына ықпал етуін анықтауға көмектеседі және оны келесі формула бойынша анықтауға болады: m=M3/B, мұндағы: М3 ақша массасы; В ақша базасы. Банктік мультипликатор несиелеу арқылы депозиттердің өсу дәрежесін көрсетеді.

Ақша базасы-бұлайналымда жүрген қолма қол ақшаның екінші деңгейлі банктердің кассаларындағы корреспонденттік шоттағы және екінші деңгейдегі банктердің ұлттық банкіде сақталатын міндетті қорларының қосындысы.

 

Ақша және төлем құралдарының түрлері.Ақша түрлері — тауарлардыңқұнын көрсететін, жалпыға бірдей балама ретінде қолданылатын төлем құралы.Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: 1.толық құнды ақшалар (нағыз ақшалар); 2.толық құнсыз ақшалар (құндық белгілері). Толық құнды ақшалар (нағыз ақшалар) — номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар. Металл ақшаларға: мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әр түрлі нысанда болған. Монета түріндегі нысаны — бұл олардың соңғы нысаны. Монетаның бет жағы — аверс, артқы жағы — реверс және жаны — гурт деп аталады. Толыққұнсыз ақшалар (құнның белгілері) — номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар.Оларға мыналар жатады: 1.құнның металдық белгілері — арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар; 2.құнның қағаздан жасалған белгілері. Құнның қағаздай белгілері екіге бөлінді: қағаз ақшалар және несиелік ақшаларға.Қағаз ақшалар — бұл нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта олар айналыста жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болды. Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) — бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгілеген өзіндік номиналы бар құнның белгілері. Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін атқарды. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетпіспеушілігіне байланысты шығаруымен түсіндіріледі. Несиелік ақшалар — тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты пайда болған ақшалар. Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар: 1.вексель; 2.банкнота; 3.чек. Вексель (ағылш.bill note) — міндеттеме шоты) — белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі.Банкнота (ағылш.Bank-note - банк билеті) орталық банктің айналысқа шығарған әртүрлі номиналдағы ақша бірліктері. Чек – ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.Электрондық ақшалар— компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы. Электронды ақшалар —пластикалық карточка нысанында болады. қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылатын төлем құжаттарының түрлеріне мыналар жатады: 1.төлем тапсырмасы; 2.төлем талабы-тапсырмасы; 3.инкассалық үкім; 4.чек; 5.вексель. Төлем тапсырмасы—ақшаны аударушының (төлеушінің) аталған тапсырмада көрсетілген ақша сомасын бенефициарға аудару туралы қызмет көрсетуші банкке берген тапсырмасы. Төлем талап-тапсырмасы — бенефициардың төлеушіге оған қызмет көрсетуші банкке бағытталған, жөнелтілген өнім, атқарылған жұмыстар және көрсетілген қызмет қунын жіберілген есеп айырысу құжаттары негізінде төлеу талабы.Төлем талап-тапсырмасын бенефициар толтырады да, оны коммерциялық құжатгармен бірге бірден аударушынын. банкіне жібереді. Аударушының банкі, ол төлем талап-тапсырмасын төлеушіге береді. Ал аударушы, банкке келіп түскеннен бастап, үш күн ішінде төлем туралы банкке келісімін беруге тиіс. Инкассалық өкім — заң актілерінде көзделген жағдайда ақшаны жөнелтушінің келісімінсіз, оның банктік шотынан ақшаны алу ушін пайдаланылатын төлем құжаты. Инкассалык өкім салық және кеден органдарына төленбеген төлемдерді, сондай-ақ соттың шешімі бойынша басқа да төлемдерді талап ету жағдайында қолданылады. Мұндағы салық және кеден органдарынын, инкассалық өкімінен басқасы міндетті түрде соттың шешімдері, бұйрығы, қарары және қаулысы бойынша берілетін орындау парағымен берге жүреді

Ақша жүйесі: оның негізгі типтері мен элементтері. Биметтализм және монометализ.Ақша жүйесі тарихы қалыптасқан және мемлекеттің заңдарымен бекітілген біртұтас ақша жүйесі болады. Ақша жүйесінің мынадай типтері бар: 1. Метал ақша айналысы-бұл жүйеде толық құнды ақша айналыста жүреді және ол ақшаның барлық қызметтерін орындайды, несие ақшалары металғаайырбасталады. 2.несие ақшалары және қағаз ақша айналысы бұл жүйеде айналыста толық құнды ақша,яғни алтын ығыстырылып айналыста тек ақша белгілері жүреді. Метал ақша айналысы екіге бөлінеді: 1)биметализм –мемлекет заңды түрде жалпыға ортақ эквивалент рөлін алтын мен күміске бекіткен ақша жүйесі. Бұл жүйеде қос валюта шектеусіз қатар жүреді. Биметализмнің үш түрі бар: қатар жүретін валюта жүйесі алтын мен күміс монеталардың арақатынасы нарықтық бағаға байл.бекітіледі; қос валюталы жүйе металдың сандық қатынасын мемлекет бекітіп алтын және күміс монеталар мемлекетпен соғылады; Қосалқы валюта жүйесі онда алтын мен күміс монеталар заңды төлем құралы деп саналғанмен күміс монета алтынның белгісі ретінде жүреді. 2)Монометализм-жалпы эквивалент ретінде тек бір ғана метал (не алтын, не күміс)қолданылатын ақша жүйесі. Алғашқы алтын монометализм 18ғ. Аяғында Ұлыбританияда қалыптасып 1816ж заң жүзінде бекітілді. Күміс монометализмі Үндістанда 1852-1893 жж, Голандияда 1847-1875жж қолданылды. Алтын монометализмнің үш түрі бар: Алтын монеталы стандарт елдің ішкі айналымда алтын монеталар ақшаның барлық қызметін атқарады; алтын монеталарды еркін соғуға рұқсат етілген; алтын елден еркін алып шығуға, әкелуге рұқсат берілген; Алтын құймалы стандарт алтын монета айналыста болмайды және еркін соғуға тыйым салынады. Бұл стандартта банкнотаның белгілі бір сомасы алтын құймасының белгілі бір салмағына айырбасталады; Алтын девизді стандарт ол банкноталарды девиздерге, яғни белгілі бір шетел валютасына айырбасталатын ақша жүйесі. Мұнда алтын монеталардың еркін соғуы жойылды. Ақша жүйесінің негізгі элементтеріне келесілер жатады: Елдің ақша бірлігінің аты (тенге); Эмиссия тетігі-бұл ақшаны айналымға шығару және оны айналымнан шығарып алудың тәртібі; Айналымға ақша жинағының құрылысы - бұл қолма қол және қолмақолсыз ақшаның өзара қатынастары; Ақша айналымын реттеу-бұған айналымдағы ақша массасы реттейтін орталық банктің ақша несие саясаты жатады; Валюта бағамын белгілеу - бұл бір мемлекеттің ақшасының басқа мемлекеттің ақшаларымен өзара қатынасын анықтау; Касса тәртібін ретке келтіру - бұл кассалық операциялардың жүргізу тәртібі. Қазақстанда 1992 ж бекітілді.

 

Ақша қаражаттарының оңтайлы деңгейін анықтау: Баумоля моделі. Кәсіпорын ақшалай қаражаттардың максималды деңгейіне ие бола отырып, жұмыс жасай бастайды деп болжанады және кейін белгілі уақыт кезеңі ішінде оларды әрқашан шығындайды. Кәсіпорын тауарлар мен қызметтерден түсетін барлық қаражаттарды қысқа мерзімді бағалы қағаздарға салады. Ақшалай қаражаттар қоры біте бастағанда, яғни нөлге тең болғанда немесе қауіпсіздіктің белгілі бір деңгейіне жеткен кезде, кәсіпорын бағалы қағаздардың белгілі бір бөлігін сатады және осылай ақшалай қаражаттар қорын алғашқы мөлшеріне дейін толықтырады. Сонымен, есептесу шотында қаражаттар қалдығының динамикасы өзімен бірге келесі графикті ұсынады (сурет 4.)

Баумоль моделі бойынша

 

, (1)

 

мұндағы, V – ақшалай қаражаттарға болжамды қажеттілік;
C – бағалы қағаздарға ақшалай қаражаттарды конвертациялау бойынша шығындар;
r – кәсіпорын үшін мүмкін қысқа мерзімді қаржылық салымдар бойынша %-дық табыс көлемі;

графиктегі Q/2 – ақшалай қаражаттардың орташа қоры.

Баумоль моделі ақшалай шығындары тұрақты және болжамды кәсіпорындар үшін қарапайым және жеткілікті деңгейде қолданбалы болып табылады. Іс жүзінде мұндай жағдай сирек кездеседі; есептесу шотындағы қаражаттар қалдығы кездейсоқ бейнеде өзгереді

Ақша қаражаттарының оңтайлы деңгейін анықтау: Миллер-Орр моделі. Миллер-Орр моделі өзімен бірге қарапайымдылық пен нақтылық арасындағы компромиссті ұсынады. Ол келесі сұраққа жауап беруге тырысады: ақшалай қаражаттардың кірісі мен шығысын алдын-ала білу мүмкін болмаған жағдайда ақшалай қаражаттарды қалай басқару қажет.

Есептесу шотындағы қаражаттар қалдығын басқару бойынша қызметтердің логикасы 5 суретте көрсетілген. Есептесу шотындағы қаражаттар қалдығы жоғарғы шекке жеткенше өзгереді. Бұл жүзеге асқаннан кейін кәсіпорын ақшалай қаражаттар қорын қалыпты қайтару нүктесіне жеткізу мақсатында бағалы қағаздардың жеткілікті мөлшерге сатып ала бастайды. Егер ақшалай қаражаттар қоры төменгі шекке жетсе, онда бұл жағдайда кәсіпорын өз бағалы қағаздардарын сатады және осылай олар ақшалай қаражаттар қорын қалыпты шекке дейін толықтырады.

Вариация қадамы (жоғарғы және төменгі шектер арасындағы айырмашылық) туралы сұрақты шешуде келесі саясатқа негізделу ұсынылады: ақшалай қаражаттар ағымының күнделікті өзгерісі жоғары және бағалы қағаздарды сату мен сатып алумен байланысты тұрақты шығындар жоғары болса, онда вариация қадамын арттыру қажет. Сонымен қатар егер бағалы қағаздар бойынша жоғары пайыздық мөлшерлемелерге байланысты табыс алу мүмкіндігі бар болса, вариация қадамын төмендету ұсынылады.

Стоун моделі. Миллер-Орр моделінің дамыған түрі болып табылады. Бұл модельдің мақсаты – ақшалай қаражаттардың трансформациялану операциялар көлемін төмендету. Миллер-Орр моделі ақшалай қаражаттардың жоғарғы шегіне жеткендегі уақытта өте өтімді активтерге немесе активтерді сатуға арналады. Стоун моделінде трансформациялану операциялары жақын күндердегі ақшалай қаражаттардың қозғалысын болжамдауға тәуелді болады. Мұнда тағы да бір Q шектеуі және (Qв – Q*), (Qн + Q*) интервалдары енгізіледі. Стоун моделінің графигі 6 суретте берілген./16, 63б./

Миллер-Орр моделі бойынша фирма А нүктесінде бағалы қағаздарды сатып алады. Стоун моделі бойынша ақшалай қаражаттарды трансформациялану өлшемі жақын күндердегі болжамды қалдықтарына тәуелді болады. Ақша қалдықтарын болжамдаудың 3 варианты бар:

1. Қалдықтардың кейінгі өсімі және (t + 7) мерзімінде Д нүктесіне жету болжамданады. Осы жағдайда t уақытында (Qв–Q*) өлшемінде бағалы қағаздарды сатып алу ұсынылады.

2.(Qв–Q*) өлшемінде С нүктесінен аспайтын деңгейге дейін қалдықтарды төмендету қажет. Мұнда қалдықтарды басқару бойынша шаралар қолданылмайды. t уақытында бағалы қағаздар сатып алынбайды.

3. (t + 7) мерзімінде В нүктесіне дейін ақша қалдықтарын төмендетуді болжамдау көзделеді. Мұнда бағалы қағаздарды Q* өлшемінде В нүктесінде сатып алуды ұсынады. Q өлшемінің мәндерін Миллер-Орр моделі бойынша анықтау қажет.

Ақшалай қаражаттарға қорларды басқару теориясында жасалған және ақшалай қаражаттар көлемін оптимизациялауға мүмкіндік беретін модельдер қолданылуы мүмкін. Ақшалай қаражаттарды басқарудың келесі модельдері бар: Баумоль, Миллер-Орр, Монте-Карло, Стоун модельдері.

Ақша реформаларын жүргізудің мәні мен әдістері.Ақша реформасы – деп мемлекеттің ақша жүйесіне өзгеріс енгізуді айтады. Ақша реформасы жүргізілгенде бір ақша жүйесін екінші ақша жүйесімен ауыстырады, я болмаса сол ақша жүйесінің кейбір элементтерін өзгертеді.

Ақша реформасы валюталардың тұрақтылығын, ақша айналымын күшейту және реттеу мақсатымен мемлекет жүргізетін ақша жүйесінің жаңғартылуын көрсетеді. Қазақстанда 1993 жылы жүргізілген ақша реформасы мемлекеттің экономикалық саясатымен тығыз байланысты. Ол макроэкономикалық тұрақтылыққа және кезекті ақша несие, баға, салық және инвестициялық саясаттың табысына жету мақсатымен жүргізілді. Ақша реформасы нуллификациясы жүргізілді, яғни ескі құнсызданған кеңестік рубльдер айналымнан толық шығарылып, жаңа Қазақстандық ақша белгілері – теңгелер енгізілді. Қазақстанда, 1999 ж. қыркүйегінде Оңтүстік Шығыс Азия мен Ресейдегі экономикалық дағдарыспен байланысты, америка долларына қатысты теңге бағамының төмендеу жолымен ақша девальвациясы болды. Аталған шара отандық өнімнің өндірісі мен тұтынуда өте жағымды рөлін атқарды, сондай ақ шетел валюталары мен инвестициялардың құйылуына себеп болды. Дәл осындай шара 2009 жылдың мамыр айында ҚР ҰБ өткізген. Қазақстанда теңгенің ревальвациясы, мұнай мен металға әлем бағаларының күрт өсіп шетел валютасының көп ағылуына байланысты 2003-2005 жж болды. Деноминация бүгінгі таңдағы Қазақстанда өткізілмеген.Ақша реформасы валюталардың тұрақтылығын, ақша айналымын күшейту және реттеу мақсатымен мемлекет жүршізетін ақша жүйесінің жаңғартылуын көрсетеді. Жаңа ақша бірлігін енгізумен байланысты ақша реформасы – экономиканы дағдарыстан шығарудың бірден бір шарасы және оның кезекті тұрақтылығын көрсететінін әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр. Әлемдік тәжірибеде ақша реформасы нуллификация, ревальвация, девальвация және деноминация әдістерін қолдануды қамтиды. Нуллификация латынның «жою» деген мағынаны береді. Нуллификация кезінде айналымдағы бұрынғы өте құгсызданған ақша белгілері жойылып, оның орнына жаңалары енгізіледі. Девальвация латынша «de» - төмендеу, «valko» - тұрмын дейтін сөздерден туындайды. Ақша бірлігінің немесе ұлттық ақша бірлігінің бағамын шетел валюталарына қатысты алтын мәнінің төмендеуін білдіреді. Ревальвация латынша «re» - жаңару және «valko» - тұрмын дейтін сөздерден туындайды. Ақша бірлігінің бұрыңғы алтын мәнін қайта қалыптастыруды немесе ұлттық валюта бағамының шетел валютасымен салыстырғандағы жоғарылуын көрсетеді, яғни девальвацияға қарама қарсы. Деноминация латынның «қайта атау» дегенді білдіреді және арақатынасы бойынша жаңа ақша бірліктеріне ауыстыру жолымен ақша белгілерінің көрсетілуі құнын ірілендіруді, яғни ескімен салыстырғанда жаңа бір – атаулы ақша бірлігінің номиналды сатып алу қабілетін көтермелеу жолымен бағалар масштабын ірілендіруді көрсетеді. Деноминацияның негізгі қызметі айналымда ақша жиынының номиналды кемуі болып табылады, нәтижесінде есепке алу жеңілдейді, айналым шығындары қысқарады және ақша айналым жүйесі реттеледі.

Ақша табиғаты мен тауардың пайда болуы.Экономикалық санат ретінде ақша натуралдық шаруашылықтан тауарлы шаруашылыққа ауысу кезеңінде пайда болды. Шығарылған өнімнің түгелімен өндірушінің жеке басының керегіне жаратылған кезең натуралды шаруашылық болып есептелетіні белгілі. Кейін өндіріс құралының жетілуіне байланысты, ал кейде табиғаттың өзі туғызған жағдайына байланысты адамдардың шығарған өнімдерінің көлемі олардың жеке басының керегіне жарататын көлемнен артық болатын жағдай туды. Сөйтіп, адамдар өндірілген өнімді, өздеріне керек, басқа өнімге айырбастап алуына мүмкіншілік алды. Осының нәтижесінде » айырбастау » деп аталатын процесс шықты. Айырбастау үшін өндірілген өнімнің » тауар » деп аталатын болған соң, натуралдық өндірістің орнына тауарлы өндіріс пайда болды.Жоғарыда көрсетілген қозғаушы күштердің салдарынан, өнім өндірушілер өздерін бір түрлі, не бірнеше түрлі өнім шығаруға бейімдейтін болды. Ал өздеріңе керек басқа өнімдерді өздері шығарған өнімнің артығына ауыстырып алатын болды.Сонымен, ақшаның пайда болуына алдын ала екі экономикалық жағдай туғызылды:- натуралдық шаруашылықтың орнына тауарлық шаруашылық келді, енді айырбастау операциясы өріс алды;- өнім өндірушілердің арасында бір жағынан мүліктік жекеленушілік пайда болды, екінші жағынан белгілі бір түрлі тауар өндіруге мамандандырушылық туды.Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар —барлық басқа тауарлардың бір — бірімен өзара айырбасталу құралы бола бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе көлемдегі формасынан жалпы құндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның рөлі бір тауарға нық бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы құндық эквивалент рөлін белгілі бір тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды.Сөйтіп, айырбастаудың тауарлық нысаны ақшалай нысанға көшті. Оның үстіне, әр түрлі тайпаларда ақшының міндетін атқаратын тауарлар әр түрлі. Мысалы: Ежелгі гректер, римдіктер, славяндар ақша орнына мал пайдаланған; Скандинав елдерінде, ежелгі орыстар—аңның, болмаса малдың терісін пайдаланған; Қытайда—тұз, Моңғолияда—шай, тағы сол сияқты. Бірақ, осының өзінде де, айырбастауда көптеген қиыншылықтар кездесті. Айтылған заттарды санау, өлшеу, оларды бір жерден екінші жерге тасу, сақтау, іріктеу деген қызметтері көп болды. Міне,осы жағдайлар және тауар өндіру мен оны айырбастаудың көлемінің өсуі ақшаның міндетін атқаратын тауардың біртектілігін, оңай бөлшектенетінін, сақтағанда бұзылмайтын және тасымалдауға қолайлы болуын талап етті. Ал мұндай қасиеттер кейбір түсті және құнды металдарға ғана тәлім болатын. Адамзат дүниесінің даму жолының әр кезеңіңдегі ақшаның міндетін әр түрлі металдар атқарады: қола, мыс, күміс, алтын.Металл ақшаларының артықшылығы, олар — біркелкі, төзімді, ұсақталынады, және т.б. Металл ақшалардың кең таралуымен ақша есебінің салмақтық жүиесі нақтылана түсті.Кейін келе металдардың арасында басты роль алтын мен күміске өте бастады, өйткені олар жалпы эквивалент үшін аса қажетті сапаға ие.Әрине, металдар бұған дейінгі ақша формаларын бірден ығыстырып шығарып тастаған жоқ. Ұзақ уақыт бойы металл ақшалар тауар формасын сақтап келді.Бірақ б.э. дейін XII ғасырда салмағы көрсетілген құймалар пайда бола бастаған. Осындай себепке байланысты көптеген ақша бірліктері фунт стерлинг, ливр (жарты фунт), марка (жарты фунт) салмақ бірліктері атауымен аталады.Алғашқыдағы белгілі массасы бар формассыз металл ақшаларды кейін келе әр түрлі массадағы біркелкі формасы бар металл ақшалар ауыстыра бастады.Монеталардың пайда болуы — ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып табылады.Біріншіден, ақша шыққаннан кейін тікелей тауар айырбастаудың тар шегі біраз кеңейтілді, яғни базар пайда болды, ал ол базарда екі ғана кісі емес, бірнеше тауар иелері қатынасады.Екіншіден, ақша пайдаланудың арқасында бір ғана әрекетпен бітетін айырбастау процесі (бір тауарды беріп, екінші тауарды алу Т — Т), әр уақытта, әр жерде істелетін екі әрекетке айналды:- бірінші әрекет, тауарды ақшаға сату (Т — А)- екінші әрекет, алған ақшаға басқа жерде, басқа уақытта басқа тауар сатып алу (А — Т).Үшіншіден, тауар өндірушілер сатқан тауардан алған ақшасын енді, керекті тауар сатып алғанға дейін, сақтауға мүмкіншілік алды. Ал мұның өзі ақшаны жинауғажәне оны басқаларға қарызға беруге болады деген сөз, яғни бұл несиенің пайда болуына әсер етті.Осындай өзгерістердің нәтижесінде, ақшаның қозғалыс жолы тауардың қозғалыс жолынан бөлініп шықты. Енді ақша шыққаннан кейін, ақша өз алдына, тауар өз алдына айналатын болды.Экономикадағы ақшаның пайда болуы, мәнін, қызметі мен рөлін анықтау ұмтылыстарының көп ғасырлық тарихы бар, атап айтқанда бұл сұрақтар Аристотель, А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс және т.б еңбектерінде қарастырылған. Ақша теориясын жиырмасыншы ғасырдың бірінші жартысында А. Маршал, П. Самуэльсон, Дж. Тобин және тағы басқа сияқты экономикалық ғылым өкілдері дамытты. Ақшаның пайда болуы, жаратылысы және мәні туралы ортақ пікір жоқ. Бірақ та, ақшаны анықтаудың көп түрін шартты түрде екі тұжырымдамаға бөлуге болады: рационалистік және эволюциялық. Рационалистік тұжырымдама он тоғызыншы ғасырдың аяғына дейін үстемдік етті. Ақшаның туындауы мемлекеттік немесе адамзаттың жалпы келісімді бекітуінің нәтижесі ретінде түсіндіреді, яғни ақшаның туындауы тауарлық өндіріспен байланыстырылмайды. Эволюциялық тұжырымдама ғылыми көз-қарас болып саналады.Ол тауардың айырбастық құнының эволюциялық даму нітижесі ретінде түсіндіріледі, ақша адамдардың еркіне тәуелсіз түрде пайда болды. Ақшаның мәні үш қасиеттің біртұтастылығыменен өрнектеледі: ақшаның жалпы тікелей айырбасталу қасиеті бар, яғни оны тауарлар мен қызметтер үшін төлем құралы ретінде әрқашан және барлық жерде ешқандац шектеусіз қабылдануы тиіс; ақша тауардың айырбас құнын белгілейді, соның көмегімен тауардың бағасы анықталады, ол айырбасты қамтамасыз етеді және әртүрлі тұтыну құны бар әртүрлі тауарларды сандық тұрғыда салыстырады; ақша тауарда жинақталған жалпы жұмыс уақытының көрінісі болып табылады, жұмыс уақытының шығындары арқылы тауарлар құны ақшамен өлшенеді.

Ақша түсінігі мен функциялары. Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.

Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ тауар ерекше жалпылама эквивалент.

Ақша – жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.

Жалпыға бірдей эквивалент рөлі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес. Карл Маркс айтқандай: «Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет қоғаммен берілген».

Алтын жалпыға бірдей эквивалент ролін орындай үшін ең бір лайық тауар болып қалып отыр.

Ақша - өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады.

Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады.

жалпыға тікелей айырбасталу;

айырбас құнының дербес формасы;

еңбектің сыртқы заттық өлшемі;

Жалпыға тікелей айырбасталу

Жалпыға тікелей айырбасталу формасында ақшаны пайдалану, кез келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкіншілігінің бар екендігін көрсетеді. Социализмжағдайында бұл мүмкіндік елеулі қысқарды және тік қоғамдық жиынтық өнімді пайдалану және бөлумен ғана шектелді. Кәсіпорындар, жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады. Қазіргі кезде жекешелендіру процестерінің жүруімен байланысты, жалпыға тікелей айырбастау формасында ақшаны пайдаланудың көлемі едәуір кеңіді.

Ақшаның айырбас құны

Ақшаның айырбас құнының дербес формасы ретінде пайдалану тауарларды тікелей өткізуімен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары олар несие беру бюджеттіңкірістерін қарыздық берешектерді өтеу, мемлекеттік бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктің несиелік ресурстардыбасқа банктерге сатуы және т.б.

Еңбектің сыртқы заттық өлшемі

Еңбектің сыртқы заттық өлшемі тауарды өндіруге жұмсалған еңбектің, олардың ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын анықтау арқылы көрінеді.

Ғалым-экономистердің арасында алтынның ақшалай тауар ретіндегі ролі туралы әр түрлі көзқарас бар. Біреулер алтынның демонетизациялануы аяқталып, ол жалпыға бірдей эквивалент және ақша қызметтерін атқару ролін орындау толығымен тоқтатты дейді. Құнның ақшалай формасынан жалпылама немесе жайылыңқы формасына қайтып келді. Несие ақшаларжалпыға бірдей эквивалент ретінде жүрді. Алтын, ақшаның классикалық қызметтерін атқаруды жалғастыруда дейді екінші біреулері. Ал, енді үшінші біреулері алтынның жартылай демонетизациялануы жалғасуда және жалпыға бірдей эквивалент ролін орындаушы, ерекше тауар ретіндегі өзінің қасиеттерін сақтап қалды дейді.

Жекелеген елдердің ішінде алтын айналысы жоқ. Төлем, айналыс және қорлану құралы болып, алтын белгілері – (қағаздай белгілері) қағаз және несие ақшалар қызмет атқарады. Бірақ та алтын дүниежүзілік ақша болып қалып отыр десек, онда ол жалпыға бірдей эквивалентті білдіреді.

Ақшаның қызметі мен оның қазіргі жағдайдағы дамуы

Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын, тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік – экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді.

Ақша бес түрлі қызмет атқарады:

құн өлшемі,

айналыс құралы,

төлем құралы,

қор және қазына жинау құралы,

дүниежүзілік ақша.

Ақша құн өлшемі ретінде

Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни, бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі – ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.

Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни, тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.

Тауар бағасын өлшеу үшін қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі.

Ақша түрінде көрінетін тауардың құны, оның бағасы болып табылады. Толық құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз бағасы болмайды, олардың құны өздерімен анықталуы мүмкін емес. Бағаның орнына ақшалар, кез келген тауарлар санын сатып алу мүкіндігі бар. Сатып алу қасиетімен ерекшеленеді.

Ақша айналыс құралы

Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады.

Тауарлар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып, өзінің тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады.

Тауар айналысы кезінде, ақша делдал ролін атқарады, ал бұл кездегі сатып алу және сату актісі ерекшеленеді, уақыты мен кеңістігі бойынша сай келмейді. Сатушы, тауарын сатқаннан кейін, басқа тауарды сатып алуға әр уақытта асықпайды. Ол тауарды бір нарықта сатуы, ал басқа нарықтан сатып алуы мүмкін. Делдал ретіндегі ақшаның көмегімен уақыт пен кеңістіктегі өзара сай келмеушілік жойылды.

Өзінің құнын өткізгеннен кейін, айналыстан кететін тауарларға қарағанда, ақшалар айналыс құралы ретінде барлық уақытта осында қалып отырады және сату-сатып алу процесіне қызмет етеді.

Біздерге ақша айналыс құралы қызметін негізінен мемлекеттік, оперативтік, коммерциялық саудада тұрғындардың тауарларды сатып алуы кезінде орындайды. Шет елдерде мұндай шектеулер және т.б. қолма – қол ақшамен есептесуіне тыйым салынбаған.

Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері мыналар:

тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы;

оны идеалды ақшалар емес, нақты (қолма-қол) ақшалар орындайды;

ақшаның бұл қызметінде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар – ақша белгілері орындайды.

Ақша төлем құралы

Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.

Егер тауар мен ақшаның қарама – қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.

Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен қатар қаржы – несие қатынастарына да қызмет етеді.

Барлық ақшалай төлемдерді төмендегідей етіп топтастыруға болады:

тауарларды және қызметтерді төлеуге байланысты міндеттемелер;

еңбек ақы төлеуге байланысты міндеттемелер;

мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;

банктік қарыз, мемлекеттік және тұтыну несиесі бойынша борыштық міндеттеме;

сақтандыру міндеттемелері;

әкімшілік – сот сипатындағы міндеттемелержәне басқалары;

Қорлану және қазына жинау құралы ретінде

Ақшаның төлем және айналыс құралы қызметтері ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді. Ақшаның қорлануының қажеттігі Т-А-Т айналымының екі актілерге Т-А және А-Т айрылуымен байланысты.

Капиталистік қоғамдық формацияға дейінгілер үшін байлықты «таза қазына» формасында жинақтау, яғни ақшаның қарапайым қорлануы тән келеді. Бұл экономикалық дамуға ешқандай да ықпал еткен жоқ, себебі олар шын мәнісінде айналыстан тыс жатқан ақшалар болды. Капитализм тұсында бұл қазыналар несиелік жүйе және қор биржалары арқылы пайда әкелетін капиталға айналады.

Тауар өндіріс жағдайында қорлану екі формада жүреді:

кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және депозиттік шоттарындағы ақшалай қаражат қалдығы түрінде ұжымдық қорлану;

банктердегі салымдар, мемлекеттік облигациялар.

Дүниежүзілік ақша қызмет

Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы дүниежүзілік нарықтың пайда болуы дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуы дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халықаралық төлем және сатып алу құралы ретінде қызмет етеді.

Бұл қызметтің толық бағалы ақшалар, ал кейіннен нағыз ақшалар атқарды. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін алтынға бекітті.

Қазіргі уақытта дүниежүзілік несиелік ақшалардың жобалары жасалуда, бірақ одан әлі нәтиже жоқ. Енгізілген шарты есептесу бірліктерінің (СДР, ЭКЮ) өзіндік меншікті құндары жоқ, сондықтан да олар толыққанды түрде дүниежүзілік ақшаның қызметін атқара алмайды. Бұл қызметті тек қана алтын нарығындағы операциялар арқылы алтын атқарады.

Ақшалай ағымдарды оңтайландыру әдістері.Ақша ағымдары – бұл уақыт бойынша бөлінген к/о-ң шаруа-лық қызметінде шоғырландырылатын ақша қараж-ның түсімі мен төлемдердің жиынтығы. К/о-ң ақша ағымдарын оңтайландырудың негізгі ақша ағымдарының оң және теріс түрлерінің көлемін теңестіруді қамтамасыз ету құрайды. Ақша ағымдарының тапшылығының теріс нәтижесі к/о-ң өтімділік және төлемқабілеттілік деңгейінің төмендеуінен, шикізат және материалдар жабдықтаушыларға кредиторлық қарыздың мерзімін ұзартудың өсуімен, алынған қаржы несиелері б/ша мерзімі ұзартылған қарыз үлесінің артуымен,жалақы төлемінің мерзімін ұартумен, қаржылық цикл созылмалылығының өсуімен және соңында – к/о-ң меншікті капиталы мен активерін пайдалану рентабельділігінің төмендеуімен сипатталады. Артық ақша ағымдарының теріс нәтижесі уақытша пайдаланбайтын ақша қараж-ның нақты құнының инфляциядан, қысқа мерзімді қаржыландыру сферасында ақшалай активтердің пайдаланбайтын бөлігінен потенциалды табысты жоғалтудан көрініс табады. Тапшылықты ақша ағымдарын оңтайландыру әдістері – осы тапшылықтың сипатына тәуелді қысқа және ұзақ мерзімді. Тапшылықты ақша ағымдарының қысқа мерзімді кезеңде «төлем айналымын тездету-баяулату жүйелерін» пайдалану арқылы теңестіріледі. Бұл жүйенің мәні - к/о-да ақша қаражаттарын тартуды жеделдету және орлардың төлемін баяулату б/ша ұйымдаструшылық шараларды әзірлеу. 1).Ол қысқа мерзімді кезеңде тапшылықты ақша ағымдарының көлемін теңестіру проблемаларын шешеді,бірақ сонымен қатар кезекті кезеңде осы ағымның тапшылықтығында бір қатар проблемалар туғызады. 2). Артық ақша ағымдарын оңтайландыру әдістері оның инвестициялық белсенділігінің өсуін қамт-сыз етумен байланысты:-операциялық айналымнан тыс активтердің кеңейтілген ұдайы өндірісінің көлемін арттыру;-нақты инвестициялық жобаларды әзірлеу кезеңін және оларды жүзке асырудың басталуын тездету;-к/о-ң олперациялық қызметінің аймақтық дивисификациясын жүзеге асыру;-ұзақ мерзімді қаржылық несиелерін ұзақ мерзімді өтеу;к/о-ң ақша ағымдарының оңтайландыру жүйесінде оларды уақыт бойынша теңестіру маңызды орын алады. Мұндай оңтайландыру процесінде екі негізгі әдіс қолданылады –теңестіру және синхронизация. Ақша ағымдарын теңестіру қарастырылатын уақыт кезеңнің әрбір аралығында олардың көлемін тегістегуге бағытталға



php"; ?>