Дұшпандықпен және достықпен қосылу. 2 страница

Қаржы тәуекелдері түрлі әдістер мен тәсілдер көмегімен шешіледі. Қаржы тәуекелдерін шешу құралдары болып олардан қашу, ұстап қалу, беріп жіберу, деңгейін төмендету.

Тәуекелден қашу тәуекелмен байланысты шарадан жай ауытқумен түсіндіріледі. Алайда кәсіпкер үшін көбінесе тәуекелден қашу пайда алу мүмкіндігін қолданбауды білдіреді. Тәуекелді ұстап қалу – тәуекелді инвестордың жауаптылығына қалтыру. Сонымен, инвестар венчурлік капиталды сала отырып, вечурлік капиталдың мүмкін болатын жоғалтуларын меншікті қаражаттары есебінен өтей алатынын алдын ала ескереді. Тәуекелді беріп жіберу инвестор тәуекел жауаптылығын басқа біреуге, мысалы сақтандыру қоғамына, беріп жіберумен түсірдіріледі. Бұл жағдайда тәуекелді беріп жіберу қаржы тәуекелін сақтандыру жолымен жасалды. Тәуекел деңгейін төмендету – жоғалтулар ықтималдылығын және көлемін қысқарту.

Қаржы тәуекелін шешуде нақты құралдарды таңдауда инвестор келесі принциптерге сүйенуі тиіс:

- меншікті капитал мүмкіндігінше ғана тәуекел етуге болады;

- тәуекелдің соңын ойлау керек;

- аз нәрсе үшін көппен тәуекел етуге болмайды.

Бірінші принципке сүйенуде инвестор капитал салымын жасаудан бұрын тиіс:

- берілген тәуекел бойынша мүмкін болатын шығыстар көлемін максималды түрде анықтау;

- оларды (шығыстарды) капитал салымының көлемімен салыстыру;

- олрады (шығыстарды) барлық меншікті қаржы ресурстармен салыстырып, инвесторды банкроттыққа әкелмей ме екенін анықтау.

Капитал салымы бойынша шығыстар көлемі капитал көлеміне тең, не одан кіші, не үлкен болуы мүмкін.

Коммерциялық банктер, атқаратын қызметтері және олардың қызметін ұйымдастыру. К.Б. – нарықтық эк–да несие жүйесінің негізгі буыны. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады.

Қазіргі К.Б/р қаржы делдалы ретінде ақша капиталын салааралық және аймақаралық қайта бөлуді қамтамасыз етіп, маңызды халық щаруашылық қызмет атқарады.

Өнеркәсібі дамыған мемлекеттерде КБ/р бір–бірінен көптеген өзгешеліктеріне байланысты ажыратылады:

жарғылық капиталды иелену және оны қалыптастыру жөнінен: Банктер

- АҚ шетел капиталының, шетел банктерінің қатысуымен жауапкершілігі шектеулі қоғамдар болып құрылуы мүмкін.

- жүргізетін операциялары жөнінен. КБ/р әмбебап және маманданған болып бөлінеді.

- іс–әрекеті тарайтын жер көлемі жөнінен –банктер федералдық, республикалық және аймақтық.

- эк–ң әр түрлі салаларына қызмет көрсету жөнінен – салалық және салааралық болып бөлінеді.

К.Б/р/ң негізгі атқаратын қызметтері:

· Ақша қаражаттарын шоғырландыру және тарту – банктердің ежелден атқаратын қызметтерінң бірі. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшасын банкке тарту, бір жағынан, олардың иесіне процент түрінде табыс түсірсе, ал екінші жағынан банктің несие операц–н жүргізуіне негіз қалайды. Шоғырланған жинақ ақша әр түрлі экономикалық және әлеуметтік қажеттіктерге жұмсалуы мұмкін. Тек банктің делдалдық етуімен ақша қаражаты жинақталып, кейін ол капиталға айналады;

· Несие беруде делдал болу – бос ақша қаражат иесі мен қарыз алушының арасында тікелей несие қатынастарының туындауына кедергі болатын жәйттер: ұсынатын капитал көлемінің қарызға қажетті көлемге сай келмеуі, капиталдың айналыстан босау мерзімінің қарыздарға қажет мерзімге сай келмеуі. Сондай-ақ қарыздардың төлем қабілетсіздік қаупі капитал иесі мен оны қарызға алушының арасында тікелей несиелік байланыс болуын қиындатады. Капитал иесі қарыздардың қаржылық жағдайы туралы хабардар болмауы да мүмкін. КБ/р қарыз беруші мен қарыз алушының арасындағы қаржылық делдал ретінде осы кедергілерді жояды. Бантік несие эк-ң әр түрлі секторларына беріліп, өндірістің кеңеюін қамтамасыз етеді;

· Шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргізу – банктердің рөлі зор. Кәсіпорындар арасындағы есеп айырысудың негізгі бөлігі қолма-қол ақшасыз жүреді. Банктер делдал ретінде клиенттердің тапсырысы бойынша шотқа ақша қабылдап, ақшаның түсуін және берілуін есептейді;

· Төлем құралдарын шығару – арқылы айналымдағы ақшаны көбейту немесе артығын жою, яғни ақша массасын көбейту немесе азайту. Төлем құралдарын шығару олардың депозиттік және несиелік қызметтеріне тікелей байланысты. Депозит екі түрлі жолмен: клиенттің банкке ақша салуы арқылы немесе қарыздарға банктің несие беруі арқылы жүргізіледі. Бұл операциялар айналымдағы ақша массасының көлеміне әр түрлі әсер етеді;

· Бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды ұйымдастыру – К.Б/р акция және облигация түріндегі бағалы қағаздарды шығарып және орналастырып эмиссиялық–құрылтайшылық қызмет атқарады. Банктердің жинақтарды өндірістік мақсатқа жұмсайтын мүмкіндігі бар. Сөйтіп бағалы қағаздар нарығы (бқн) несие жүйесін толықтырып, әрі онымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Ұзақ мерзімді инвестиция тарту мақсатында кәсіпорындар акция және облигациялар шығарады. Бұл жағдайда кәсіпорындардың тапсырысы бойынша банктер б.қ/ң көлемін, шығару жағдайы мен эмиссия мерзімін анықтауды, олардың типін таңдауды, сондай–ақ оларды орналастыру және екінші рет айналысқа түсіру міндетін өзіне алады. Шығарылған б.қ/ды сатып алуға кепілдік береді. Ол үшін б.қ/ды өз есебінен сатып алуды–сатуды ұйымдастырадынемесе сатып алушыларға қарыз береді.

· Сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару қызметі (яғни траст операциясын жүргізу). Жеке тұлғаларға: осы қызметті атқаруға құқығынан айырылғандардың мүлкін уақытша басқару; ізбасарларының мүддесі үшін өлген адамның мүлкін басқару; пайда табу мақсатымен капиталды басқару; құндылықтарды сейфте сақтау және т.б. қызметтер көрсетеді. Ал компанияларға көрсететін қызметтері бұл аталғандардан өзгеше: банктің облигациялар бойынша кепілші болуы, нарыққа шығарылған акцияларды және трансфетті тіркеу үшін (яғни атаулы акция бойынша иелік құқығын басқаға беру) өкіл болуы және т.б. қызметтер атқаруы мүмкін.

· Клиенттерге кеңес беру – банктер кәсіпорынның қаржылық қызметіне, бухгалтерлік есебіне талдау жүргізіп, дамуыны стратегиясын бағалаумен және табысты ұлғайту мүмкіндігін анықтаумен шұғылданады. Банктер клиенттің жаңа акциялар шығару болашағын және оларды нақты орналастыруды қарастырады.Банктер төмендегідей кеңес береді: шот ашу, есеп–несиелік және кассалық қызмет көрсетуден бастап, ақша және тауар нарықтарында операциялар жүргізуге дейін нұсқау береді. КБ/ң кеңес беру қызметін төмендегідей топтастыруға болады: Несиелеу және есеп айырусы ісі бойынша – ақша нарығындағы конъюктура, проценттік мөлшердің қозғалысы, несиелеудің жағдайы және формасы туралы хабар, несие–есептік қызмет көрсету үшін әр түрлі мәмілелер бойынша нұсқау беру, қолма–қол ақшасыз есептесуді талдау, оны жетілдіру жолдарын есептеу. Бағалары қағаздарды шығару және олармен операция жүргізу бойынша – бқн конъюктурасы, олардың бағасының өзгеруі, бағалы қағаздардың эмитенттері, бағалы қағаздарды шығару тәрібі оларды айналыс ережесі туралы хабар.Күрделі қаржы беру бойынша –құрылыс қызметі нарығының конъюктурасы, құрылыс материалдарының бағасы мен әр түрлі құрылыс–монтаж жұмыстарының тарифтері, күрделі қаржының экономикалық тиімділігін есептеу туралы анықтама.

Коммерциялық банктердің активті және пассивті операциялары. Коммерциялық банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Коммерциялық банктің пассивтік операциялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады. Активтік операциялар – бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыру жүзеге асыратын операцияларды білдіреді. Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдаланудағы ерекшелігін сипаттайды. Активтік банктік операциялар өзінің формасына және тағайындалуына қарай әртүрлі болып келеді. Банктердің активтік операцияларының ең көп тараған түрлеріне мыналар жатады: -ссудалық операциялар; -инвестициялық операциялық; -депозиттік операциялар; -қаржылық операциялар; -басқа да операциялар. Ал пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады. Сондақтан да пассивтік операциялардың коммерциялық банктер қызметіндегі ролі жоғары. Пассивтік операциялар – бұл несиелік және активтік операциялады жүзеге асыруға арналған банктің өз ресурстарын құру операциялары немесе нәтижесінде пассивтік шоттағы немесе акивті-пассивтік шоттағы қаражаттардың өсуін, яғни пассив пен активтің арту формасын білдіретін операцияларды сипаттайды. Пассивтік операциялардың көмегімен банктер нарықтан несиелік ресурстарды сатып алады. Пассивтік операциялардың мынадай формалары бар: -коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы; -банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды қлғайту және құру; -басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу; -депозиттік операциялар. Пассивтік операциялар айналыстағы ақшалай қаражаттарды банктерге тартуға мүмкіндік береді. Алғашқы пассивтік операциялардың екі формасы негізінде банктік ресурстардыңбірінші ірі тобы, яғни меншікті ресурстары құрылады. Келесі екі формасы негізінде екінші ірі топ – заемдық немесе тартылған ресурстар құрылады.

Коммерциялық несиенің мәні және оның банктік несиемен байланысы. Әр түрлі тауарларды өндіру және өткізу бірдей емес уақыт кезеңін және көбінесе белгілі бір тауар өндіруші өз тауарларын нарыққа ұсынған кезде осы тауарды қажет етіп тұрған басқа тауар өндірушінің қолма қол ақшалай қаражаты болмауы мүмкін. Нәтижесінде тауарларды несиеге сату қажеттілігі туындайды. Коммерциялық несиенің құрылымы вексель-жазбаша қарыздық міндеттеме болып табылады. Ал оның иесіне белгілі бір уақыт өткеннен кейін борышқордан вексельде көрсетілген ақшалай соманы талап етуге құқық береді. Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада;қарыз келісімі-аясы тар мақсат емес, сатып алу-сату келісіміне қосақталып жүреді. Қарыз келісімі тауардың өткізілуін жеңілдетеді. Төлемді кейінге қалдыру мерзімін жабдықтаушымен сатып алушы арасындағы сауда келісімі жасалған уақытта жеке анықталады әдетте төлеуді кейінге қалдырудың ең жоғары мерзімі 90 күнге бнлгіленеді. Коммерциялық несие қазіргі уақытта несиенің басқа формаларынан жеке өмір сүрмейді. Несиенің негізгі екі формасының байланысы банкте қарыз міндеттемелерін есептеу мысалында көрінеді. Тауар өткізуді мақсат еткен алғашқы мәміле вексель арқылы банкте басқа сападағы несиелік мәмілеге айналады,оның негізінде қарыз капиталын қозғалысы жатыр. Банкте вексельдерді есептеу мүмкіндігі коммерциялық несинің көмегімен ұлғайтылады, жабдықтаушылар банкте вексельді оның төлем мерзімі жеткенге дейін қиындықсыз есептей алатынын біле отырып, өз клиенттеріне ынталы түрде төлемді кең жүргізуді ұсынады. Яғни вексельді есептеу механзмі кәсіпорындардың сатып алушыларға төлемді кейінге қалдыруды ұсынуда шектелген мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Коммерциялық шаруашылық субъектілердің қаржыларын ұйымдастыру. Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілер та-быс (пайда) алу мақсатында құрылады және қызметтің бұл түрі рыноктық экономиканың негізі болып табылады. Олар өзінің қызметін мынадай нысандарда жүзеге асыра алады: мем­ле­кет­тік­ жә­не­ му­ни­ци­пал­дық ­кә­сі­по­рын­дар;­ ша­ру­ашы­лық­ қо­ғам­дар­мен­се­рік­тес­тік­тер;­өн­ді­ріс­тік ­коопе­ра­тив­тер.Бұдан бұрын атап өтілгендей, коммерциялық негіздерде материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі және материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жұмыс істейді: коммерциялық банктер, сақтық ұйымдары, қаржы сек-торының басқа мекемелері (жинақ ақша-депозит мекемелері, ин-вестициялық қорлар, қор биржалары, бағалы қағаздар рыногы мен ақша-кредит рыноктарына қызмет көрсететін әр түрлі меке-мелер), сауда-делдалдық кәсіпорындар, ерікті қоғамдық қорлар, трасттық компаниялар және басқалары.

Ком­мер­ция­лық­ кә­сі­по­рын­дар­ мен­ ұйым­дар­дың­ қар­жы­сы­ деп­ өн­ді­ріс­тік­ ка­пи­тал­дар­ды ­қа­лып­тас­ты­ру,­ өнім­ өн­ді­ріп,­оны ­өт­кі­зу,­ мен­шік­ті ­қар­жылық­ ре­су­рс­та­рды ­жа­сау, ­қар­жы­лан­ды­ру­дың­сырт­қы­көз­де­рін­тар­ту, ­олар­ды­ бө­лу ­жә­не­ пай­да­ла­ну ­үде­рі­сін­де­гі­эко­но­ми­ка­лық ­қа­ты­нас­тар­ды ­айтады.

Мұндай экономикалық қатынастарды жиі ақшалай немесе қар-жылық қатынастар деп атайды, қаржылық қатынастар ақшалай қа-тынастардың бір бөлігі болып саналғанымен ол ақша қозғалысы кезінде ғана пайда болады және орталықтандырылған және орта-лықтандырылмаған ақшалай қорларды қалыптастырып, пайдала-нумен қосарлана жүретіндігін біз жоғарыда атап көрсеткенбіз.

Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын ұйымдастыру белгілі бір қағидаттарға негізделген, олардың қа-тарына мыналар жатады: коммерциялық есеп (қаржылық қыз-мет саласындағы дербестік, өзін-өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру, қаржылық-шаруашылық қызметтің қорытындысына ынталылық, оның нәтижелері үшін жауапкершілік, кәсіпорынның қызметіне бақылау жасау); жоспарлылық; меншіктің барлық нысандарының теңдігі; қаржылық резервтердің болуы.

Коммерциялық емес қызмет қызметтер сферасының көптеген салаларын кіріктіреді, оның құрамында материалдық өндіріске тән қамтамасыз ететін құрылымдар жұмыс істеуі мүмкін. Сонымен бірге өндірістік емес сферада коммерциялық негізде жұмыс істейтін тұрғын үй-коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсе-ту, сақтандыру, банк және басқа кәсіпорындарымен (ұйымдары-мен) қатар, коммерциялық емес қызмет жүргізетін ұйымдардың үлкен бөлігі жұмыс істейді.

Кіріс түсіру негізгі мақсаты болып табылмайтын және алын-ған таза табысты қатысушылар арасында бөлмейтін заңи тұлға ком­мер­циялық­емес­ұйым­деп танылады.

Өндірістік емес сфера салаларына бағытталған қаражат-тардың көлемі олардың қызметінің нәтижелеріне қоғамның қажеттіліктерімен, сондай-ақ өндірілген ұлттық табыспен анықталады. Алайда қазіргі кезде ол көбінесе мемлекеттік бюджеттің ахуалына, жүргізіліп отырған қаржылық саясатқа байланысты болып отыр.

Әлеуметтік-мәдени шараларды қаржыландырудың ондаған жылдар бойы үстем болған «қалдық қағидаты» өзінің шамасыз-дығын әлдеқашан дәлелдегеніне қарамастан әлі де орын алуда. Сонымен бірге өндірістік емес салалардың материалдық өндіріс-ке ұдайы өндірісті жұмыс күшімен қамтамасыз ете отырып, бел-сенді ықпал жасап отыратынын ұмытуға болмайды.

Бюджеттен қаржыландыру үшін ең жоғары тиімділікті (олар-дың сапасы, ассортименті, орындау уақыты, қабылдауға болатын құн және т.б.) қамтамасыз ететін мекеменің немесе ұйымның қызметтер көрсету бағдарламасы таңдап алынғанда бюджеттік ұйымдар деп аталынатындарды қаржыландыру олардың қызмет-терін беру бағдарламаларын конкурстық іріктеу негізінде ұйым-дастырылуы тиіс екенін ескеру қажет. Оңтайлылықтың бұл қа-ғидаты рыноктық орта жағдайларында кез келген құрылымның іс-қимынының нәтижелігіне қарай шекті пайдалылық теориясы-ның «шекті шығындар-пайда» талаптарына сай келеді.

 

Компания қызметіндегі меншікті капиталдың ролі Компанияның капиталы оның ең негізгі құрылу базасы болып саналады және құны материалды, бейматермиалды, ақшалай формада болады. Капиталдың қызмет нәтижесі сол комапния иелерінің қызығушылықтарының нәтижесін /пайданы алу және ұлғайту көрінісі. Жалпы компания капиталы түсінігі оның бірнеше түрлерін сипаттайды. Олар келесідей: 1.компания меншігіне қарай: өз меншігіндегі және сырттан алынған. 2.инвестициялау объектісіне қарай: негізгі және айналмалы. 3.өнірістік айналымдағы формасына қарай: ақшалай, өндірістік, тауарлы. 4.пайдалану мақсатына қарай: ссудалық, өнірушілік, спекулятивті. Компания капиталының пайда болуы шаруашылық субъектісі пайда болғаннан бастап іске асады. Осыған сәйкес кәсіпорын өзінің жарғылық капиталын қалыптастырады. Жарғылық капитал дегеніміз – корпорацияның жекеменшік қорларының негізгі алғашқы қайнар көзі, негізгі және айналым капиталдарының ақшалай көрінісі. Корпорация қорларының қайнар көзінің біріне қосымша капиталдар кіреді. Бұл қор негізгі қорларды қайта бағалау. Корпорация қорлары жалпы ішкі және сыртқы көздерден құрылуы мүмкін. Корпорация қорларының ішкі көздерден құрылуы корпорация түсіміне, яғни пайдасына байланысты болады. Ал түсім корпорацияның кәсіпкерлік қызметінің нәтижесінде пайда болады: 1.өндірілген өнімді өткізуден түскен кіріс; 2.қызметтер көрсету мен жұмыстарды орындаудан түскен кірістер; 3.мүліктерді қолданудан түскен кірістер; Бұл кірістер корпорацияның есеп айырысу шотында көрсетіледі. Түсім бұл ең алдымен өндірістегі шығындарды жабудың қайнар көзі болып абылады. Түсімнің пайдадан айырмашылығы ол салық және басқа да шығындарды шегермеген кездегі жалпы пайда. Ал пайда корпорацияның шаруашылық қызметінің соңғы мақсаты және нәтижесі болып табылады. Пайдадан барлық салықтар ұсталынған соң, ол корпорацияның өзінің игілігіне жұмсалады. Пайдадан резервтік капитал және тағы басқа резервтер мен тұтыну және жинақ қорлары қалыптасады. Резервтік капитал – бұл кәсіпорынның кейбір жағдайларына байланысты құрылған ақша қорлары. Бұл кәсіпорын банкроттық жағдайға душар болса, немесе төтенше жағдайлар және т.б. жағдайларға арналған капитал. Корпорацияда резервтік капиталдың болуы корпорация қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтудың маңызды шарты болып табылады. Жинақ қоры - өндірісті дамытуға бағытталған ақша қорлары. Бұл қорларды пайдалану кәсіпорын даму саясатымен тікелей байланысты. Тұтыну қоры – әлеументтік қажеттілік, өндірістік саладағы емес объектілерді қаржыландыру және т.с.с. бағытталған ақша құралдары. Валюталық қор – бұл корпорацияның даму саясаты үшін өнімдерді экспортқа шығару нәтижесінде валюталық түсім алу мақсатында корпорацияларда қалыптасады. Осындай жоғарыда аталған қорлардың нәтижесінде корпорацияның даму саясаты қалыптасады.

Компанияның айналым капиталындағы оптимальды қажеттілікті анықтау, айналым құралдарын нормалау әдістері Айналым қаражаттардың айналымдылығы дегеніміз - айналым қаражаттардың ақшалай формасының өндірістік қорларға айналымдығынан бастап, дайын өнімді шығаруы ж/е оны өткізуге дейін, яғни қаражаттың өндірітегі толық бір айналымның ұзақтығын айтамыз. Айналым қааражаттың айналымдылығы мынадай бір-бірімен байланысты көрсеткіштермен сипатталады. Бір күндегі бір айналымның ұзақтығы анықтаған кезеңдегі айналым сандары – жыл, жарты жыл, тоқсан ж/е кәсіпорынның 1 өнім бірлігіне кеткен айналым қаражаттардың алынған сомасы. Бір айналымның ұзақтыығының қысқаруы айналым қаражатын пайдаланудың жақсаруын көрсетеді. Айналым қаражаттардың қайтарылу көрсеткіштері тағы бір жолмен анықталады, яғни айналым қаражаттардың қалдықтарына кәсіпорынның өнімді өткізуден түскен пайда қатынасы арқ. Айналым қаражаттары салыстырмалы босату олардың айналымдылығын тездету кәсіпорынның өндірістік бағдарламаның өсуімен қатар жүргенде орын алады. Нормалау – бұл дайын тауарлар мен ақша қаражатын ж/е есептегі қаражаттардан тыс айналым құралдардың жеке элменттері бойынша мөлшерін белгілеу. Нормаланбаған айналым қаражаттардың көлемі жедел тіртіпте анықталады. Айналым қаражаттары қалыптасу көздері бойынша меншікті, қарыз қаражаты ж/е тартымды болып бөлінеді. Кәсіпорын үшін басты мәселе айналым қаражаттардың сақталуын қамт ету. Нормалау процессінде жеке ж/е жинақталған нормативтер бектіледі. Алғашқыда нормаланатын айналым қаражаттардың әрбір элементі бойынша қорлардың нормалары жасалады. Норма – бұл айналым қаражаттың әрбір элементінің қордың сәйкес көлеміне саулы мөлшері. Нормалар запас күндерінде бекітіледі ж/е материалдық құндылықтардың берілген түрімен қамт етілетін кезең ұзақтығын білдіреді. Мысалы; қор нормалары 30 күн болса, демек запастар көрсетілген күндер мерзімінде өндірісті толық қамт ететіндей болып келеді. Запастар нормасы белгілі бір баазаға ақшалай көрініс пайызында бекітілуі мүмкін. Айналым қаражаттың әрбір түрі бойынша запастар анықталады. Әдістері. Тікелей есеп, аналитикалық, коэффициенттік әдіс. Тікелей есеп әдісі - бойынша әрбір элементке айналым қаражттардың несиелеу мөлшері анықталады, кейін олардың нормаларынан жалпы сомасы шығады. Аналитикалық әдіс - алдығылармен салыстырғанда кәсіпорынның жұмысндағы өзгерістерді қарастырмайды. Коэффициенттік әдіс – кезінде жаңа норматив өндірістік, жабдықтар, өнімді өткізу, жұмыстар, қызметтер, есептер жағдайларын ескере есепке алу мен оған өзгерістерді енгізу жолымен бұрынғы база негізінде анықталады. Айналым активтерін басқарудағы негізгі міндет, ол кәсіпорындағы қолайлы айналым қаражаттарының жыл бойына орналасуы б.т. Айналым қаражаттарының мөлшері ең аз болуы керек деп ұйғарылады, бірақ күнтізбелік кезеңдегі қалыпты шаруашылық-қаржылық қызметті қамтамасыз етуге жеткілікті болуы керек. Бұл мақсатқа жету үшін жыл сайын айналым қаражаттарына деген сұранысты анықтап тұруы қажет және алынған мәліметтерді қаржылық жоспарға қосымша етіп, жеке есептеме түрінде бекітуі керек. Айналым қаражаттарының қажетті көлемі келесілерге тәуелді: өндіріс көлеміне, тұтынатын материалды ресурстардың бағасының деңгейіне, олардың айналысының жылдамдығына, шығындардың өндірістегі құрылымы, өндірістік циклдің ұзақтығы, ақшасыз есеп айырысу нысаны жатады. Айналым қаражаттарында кәсіпорынның жоспарлы тұтынушылығын есептеуге келесідей дәстүрлі әдістер қолданылады: 1.тікелей шотты. 2.аналитикалық. 3.аралас, алғашқы әдіс элементтерінің қосындысы ірілетілген есептеме. Тікелей шот әдісін қолдану кезінде айналым қаражаттарындағы жоспарлы тұтынушылықтың әрбір босалқы қор элементімен анықталады. Ағымды босалқы қорлар екі шектес жеткізілім арасындағы интервалдағы ұдайы өндіріс процесін қамтамассыз етуге арналған. Тауар бойынша – бір күндік тауар айналымы күндер бойынша қорлар нормасына көбейтіледі. Айналым қаражаттарындағы есептік жоспарлы тұтынушылық құрылымдық бөлімдердің іскерлігін бақылау шаруашылығында қолданылады(негізгі және қосымша өндірістің цехтары, жабдықтау бөлімдері). Бұл есептемелердің міндетті шарты қатысты тұрақты бағалар, дайын өнімнің материалды ресурсы (инфляцияны жою), шаруашылық байланыстар орнатудың негізіндегі кәсіпорынды барлық ресурстармен жабдықтау б.т.