Аржылық - экономикалық дағдарыс және оның Қазахстанның қаржылық және экономикалық жүйесіне әсері 2 страница

Қаржылық жоспарлау және бақылау, қаржылық менеджменттің негізгі атқарымы ретінде. Әр экономикалық категориялардың мәні оның функциялары арқылы анықталады. Менеджменттің төрт функциясы бар:1Жоспарлау;2Ұйымдастыру;3Мотивация;4Бақылау;Қаржыкатегориялардың экономикалық мәнін зерттеу барысында екі көзқарас қалыптасқан: Бақылау; Бөлу;Екінші көзқарас бойынша:1Қалыптастыру;2 Шығындалу (бөлу, тарату);3Бақылау.Осы екі категориялардың функцияларын талдау нәтижесінде қаржы менеджментінің негізгі функциялары анықталған:1.Қаржыны жоспарлау функциясы. Бұл функцияның атқарылуы қаржы менеджментінің қойылған мақсаттары мен міндеттеріне байланысты қаржы ресурстарын болжамдау және жоспарлау нәтижесінде анықталады.2.Қаржыны бақылау. Бұл функцияның атқарылымы қаржы менеджментінің қойылған мақсаттары мен міндеттеріне байланысты жоспардың орындалу ерекшеліктерін анықтау мақсатында жүргізіледі.Қаржы менеджментінің концепциялары. Қаржы менеджментінің қазіргі концепциялары және оның бухгалтерлік есеппен байланысыРесей экономисі Коволёв В.В. қазіргі кезде кем дегенде 4 концепцияны бөліп айтады:Қаржылық активтердің табыстылығын бағалау, модемін құру концепциясы. Ол бойынша инвестициялық қаржының тиімділігін арттыру үшін тәуелділікті азайту керек деп қарастырылады.

 

Қаржылық қатынастарды құқықтық қамтмасыз ету. Қаржылық қатынастар құқықтық реттеуді қажет етеді. Осыған сәйкес қаржы құқығының әр түрлі нормалары қолданылады. Қаржылық құқықтық қатынастардың келесідей ерекшеліктері қарастыруға болады: - олар мемлекеттің қаржылық қызметінің аясында ұлттық табысты бөлу мен қайта бөлістіру аясында қалыптасады.

Бұл қатынастардың бір жағында міндетті түрде мемлекеттік биліктің бір органы болуы керек; - қаржы құқығына қаржы аясындағы барлық заң нормаларының жиынтығы жатады.

Қаржылық- құқықтық нормалар мазмұнына байланысты келесі үш түрге бөлінеді: v Міндеттеушілік қаржылық-құқықтық нормалар қаржылық-құқықтық қатынастардың мүшелеріне белгілі бір әрекетті жүзеге асыруды міндеттейді v Тыйым салушылық қаржылық-құқықтық нормалар белгілі бір әрекетті жүзеге асыруға жол бермейді. v Уәкілеттік қаржылық-құқықтық нормалар тапсырманы орындауға бағыттайды.

Қаржылық қатынастырдың барлық құқықтары мен міндеттері мемлекеттің қорғауында болады. Қаржылық міндеттемелер көп жағдайда ерікті түрде азаматтар мен қызметкерлердің міндеттеушілік әдіс арқылы жүзеге асырылады. Қаржылық міндеттемелерді орындамайтын щаруашылық органдар мен азаматтарға қаржылық санкциялар қолданылады. Мұндай санкцияларға өсімдер, айыппұлдар, тұрақсыздық айыбы, қаржыландыру мен несиелендірудің тоқтатылуы жатады Мемлекеттің қаржылық қызметі – бұл мемлекеттің ақша қорларын ұйымдастыру, бөлу және пайдаланумен байланысты қызметі болып табылады. Мемлекет өзінің қаржылық қызметін жүзеге асыра отырып, бір уақытта бір уақытта екі сипатта көріне алады: саяси жүйенің субъектісі ретінде және белгілі бір қорларға бағытталған ақша қорларының иегері ретінде. Осыған сәйкес мемлекеттің меншік иесі ретінде атқаратын ролі оның саяси субъект ретіндегі роліне тәуелді болуы тиіс. Қаржылық қызметтің басты мақсатына қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Мемлекеттің қаржылық қызметінің жүзеге асырылуы үш басты міндеттерді атқаруға мүмкіндік береді: - қаржылық инфрақұрылымды және оның қалыпты жүзеге асырылуын қамтамасыз ету; - қаржылық тетіктердің көмегімен қоғамда болып жатқан үрдістерге әсер ету. Осыған сәйкес мемлекеттің қаржылық қызметі қоғамның қалауына қатысты орын алуы тиіс

Қаржылық қызметтердің мемлекетпен орындалуы. Мемлекет тарапынан экономикалық үдерістерді реттеу кез келген қоғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып табылады.

Экономиканы реттеу әдетте екі нысанда - өзін-өзі реттеу және мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі. Мемлекеттік реттеу қоғамдық өндірістің даму үдерісіне мемлекеттің сан алуан экономикалық тетіктері, соның ішінде қаржылық тұтқалар арқылы араласуын бейнелейді. Экономиканы мемлекеттік реттеуге қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындары қатысады, оның үстіне қаржы жүйесінің әр буыны ықпалының өзгешеліктері болады, айталық, ұлттық экономика ара қатынастарының (ұдайы өндірістік, салалық, өңірлік және т.б.) сан алуан түрлері реттеледі.

Мына бастапқы негіздемелер мемлекеттік қаржылық реттеуді жүзеге асырудың алғышарттары болып табылады:

· 1. Қоғам дамуының объективті экономикалық заңдарының әрекетін есепке алу.

· 2. Қоғамның барлық мүшелерінің түпкі мүдделерін білдіретін қоғам дамуының ғылыми негізделген стратегиялық бағдарламасын әзірлеу.

· 3. Көзқарастарды білдіретін демократиялық жүйенің болуы және халықтың барлық жіктерінің, әлеуметтік, ұлттық топтарының мүдделерін еркін білдірудің мүмкіндіктеріне арналған олардың демократиялық институттарының болуы.

· 4. Шаруашылық қызметте қылықтың нормасы мен ережесінен шегіністі айқын және жедел сезінетін елде жақсы жолға қойылған заңнамалық, жүйенің болуы.

Мемлекет қаржысының құрамында республикалық және жергілікті деңгейлерде калыптасатын бюджеттік қатынастар маңызды рөл атқарады. Бюджеттік өзара байланыстар көмегімен мемлекеттік құрылымдардың қара- мағына қаржылык әдіспен қайта бөлінетін ұлттық табыстың едәуір бөлігі жұмылдырылады. Түрлі деңгейдің бюджеттері - республикалық, жергілікті бюджеттер тиісінше өкімет пен басқарудың республикалық және жергілікті органда- ры үшін тірліктің каржы базасы болып табылады.
Қазақстан Республикасы аумағында жалпы функцияларды орындау үшін республикальщ (орталъщ) бюджет қалыптастырылады. Оның ресурстары мем- лекеттік мақсатты кешенді бағдарламаларды каржыландыруға, республикалык функцияларды орындауға, сондай-ақ карулы күштер мен баскару органдарын ұстауға байланысты мемлекеттің шығыстарын камтамасыз етуге арналған.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде «мемлекеттік казына» ұғымы бөліп көрсетіледі.
Мемлекеттік қазына республикалык және жергілікті казына болып бөлінеді. Республикалық қазына мыналарды кіріктіреді:
1) республикалык бюджеттің каражаттары;2) мемлекеттің алтын-валюталық қаражаттары; 3) мемлекеттік меншіктің айрықша құкығының мүлкі (жер, оның койнауы, өсімдік және жану- ар әлемі, басқа табиғи ресурстар); 4) республикалык меншікке жататын окшауландырылмаған мүлік. Мүлік иесі талап етпеген иесіз мүлік, тәркіленген, мұралану құкығы бойынша мемлекетке берілген өлген адамнан қалған мүлік (иесіз мүлік), мемлекетке - қазынаға өткізуге немесе беруге жататын көмбелер, олжалар казыналык бола бастайды.
Жергілікті ңазына мыналарды кіріктіреді:1) жергілікті бюджеттің қаражаттары; 2) коммуналдык меншікке жататын окшауландырылмаған мүлік.

Қаржылық қызметтің табыстары мен шығындары. Қаржылық қызмет, бұл нәтижесінде меншікті капитал мен қарыз қаражаттарының құрамы мен мөлшері өзгеріске ұшырайтын субъектінің қызметі болып табылады. Субъект қызметінің барлық осы түрлері ақша қаражаттарының келіп түсуі мен шығуының негізгі арналары болып табылады

Қаржылық леверджінің нәтижесі. Қарыз қаражаттарын тарту саясаты. Қаржылық менеджментте левердж сөзі пайданы өсіруге бағытталған кәсіпорынның кірістері мен шығыстарын басқару үрдісін көрсетеді. Мұнда негізгі нәтижелік көрсеткіш болып кәсіпорынның тазөа табысы табылады, ол көптеген факторларға байланысты болып келеді. Яғни, басқадай айтқанда оны түсім мен шығынның арасындағы айырма деуге болады. Оның негізгі екі түрі бар:─өндірістік;─қаржылық;Олар бір –бірін алмастыра алмайды, алайды осы шығындардың бөліктерін басқаруға болады. Мұндай тәсілмен түсімінің құрлымын зерттеу,нарықтық экономикада коммерциялық ұйымдарды коммерциялық банктердің несиелерімен қаржыландыруды жеңілтеді.Қаржылық басқару тұрғысынан қарағанда коммерциялық ұйымның табысы мыналарға байланысты болып келеді:Біріншіденг, кәсіпорынның қаржысы қаншалықты оңтайлы әрі тиімді пайдалануға;Екіншіден, қаржылық көздердің құрылымы қандай;Үшіншіден, олардың жұмсалу бағыты мен салынымы;Жоғарыда аталып кеткендер негізгі құралдар мен айналым құралдарының құрылымы мен көлемін көрініс табады. Өнімнің өзіндік құнының негізгі элементтері болып тұрақты және айнымалы шығындары жатады және олардың арасындағы байланыс кәсіпорынның техникалық және технологиялық саясатына байланысты әртүрлі болып келеді. Өнімнің өзіндік құны құрылымының өзгеруі табысқа әсер етеді.Сондықтан да, негізгі құралдарға инвестиция тарту тұрақты шығындардың артуына байланысты болып келеді. Сол себепті тұрақты және ауыспалы шығындар арасындағы оңтайлы үйлесімді табу қиын. Міне осы үйлесім өндірістік және операциондық левериджді сипаттайды.Леверидж- бұл қаржылық жүйедегі белгілі бір фактор болып табылады, оның біраз мөлшерде өзгеруі, нәтижелік көрсеткіштерді біршама өзгертеді.Қаржылық менеджментте левирдждің келесі түрлері ажыратылады: 1. Қаржылық. 2. Өндірістік 3. Өндірісті –қаржылықКез келген кәсіпорын өз қызметінде үлкен тәуекелге барып отырады,яғни ол тәуекел көзі б.т. Ал,өз кезегінде осы тәуекелдер өндірістік және қаржылық факторлардың негізінде п.б. Осы факторлар кәсіпорынның шығындары құрады.Түрлі қаржылық көздері пайдалану нәтижесінде меншік және қарыз капиталының арасында белгілі бір теңдік пайда болады,ал қарыз капиталы қайтарымды болғандықтан қаржылық ұсталымдар болады. Яғни, осы кезде осы ұсталымдардың кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесінде қалай әсер ететін есептеу қажет юолады. Сондықтан қаржылық леверидж капиталдың құрылымының кәсіпорын табысына қалай әсер ететіндігін көрсетеді.

Қаржылық менеджерге ұсынылған біліктілік талабы. «Менджмент» деген сөз ағылшыннан аударғанда басқару деген мағына береді, демек қаржылық менджмент – бұл қаржыны басқару, яғни кәсіпорындардың ақша айналамын және қаржылық ресурстарының қолдануын басқару.
Қаржының қазіргі заман шеңберіндегі теориясында ғалым ретінде қаржыны басқарудың методологиясы мен техникасына арналған қолданбалы пән «Қаржылық менджмент» қалыптасқан.
Қаржыны басқаруда қолданылған жаңа әдістер басқару өрісінде жаңа мамандықтың пайда болуына мүмкіндік туғызды. Ол қаржы менеджері. Кәсіпорынның қаржы қызметінің басшысы (қаржы менеджері) жоғары білімді, кең көз – қарасты, ойшыл, келесі дамыған ғылымдардың: қаржы, статистика, есеп, қаржылық талдау, салық салу, бағаның құрылуы, және т.б. қорытындыларын өз қызметінде әдісін тауып қолданатын маман.
Шағын бизнесте қаржыны басқару үшін бухгартер және экономисттің қызметтері жеткілікті, себебі қаржылық операциялар негізі ақша айналымынан тұратын қолма-қол ақшасыз есеппен щектеледі.
Үлкен бизнестің қаржылық операцияларында мүлде басқа тактика қолданылады. Үлкен капиталдың үокен ағымы және тиісті өнім қажеттілігін талап етеді. Сондықтан, үлкен бизнестің қаржысын басқару үшін қаржы бизнесі саласындағы арнайы дайындалған маман, қаржы теориясын, менеджмент негіздерін жете меңгерген – қаржы менеджлерін, бизнестің басты тұлғалары ретінде өте қажет.
Қаржы менеджментінің қазіргі теориясының даму кезеңдері.
Қазақстанда нарықтық қатыныстардың қалыптасуы көптеген біздің елде экономика салсында дәстүрлі ғылым және практика тауарлырының бөлімдерін елеулі өзгертіп ғана қоймай, біршама жаңа деп саналатын бағыттарды тез дамуының қажеттілігіне әкелді. Соңғылардың ішінде сөзсіз Батыста ең тез дамып келе жатқан бағыт болып саналатын бірқатар мамандықтарға (бухгалтер, экономист) және соңғы жылдары Қазақстанда пайда болған(аудитор, менеджер, қаржы менеджеріне) тікелей қатысы бар менеджменті кіреді.
Қаржылық менеджмент – экономикалық ғылымда қаржы, басқару, есеп және талдау салаларындағы теориялық практикамен сәтті біріктіріп келе жатқан перспективті бағыт.
Қаржылық менеджмент іс жүзінде қолданбалы ғылымдарға жатады.
Жалпы түрде қай ғылым болмасын консептуалдық негіздері, оның тақырыбы мен әдістерін тұжырымдау және теңестіру арқылы көрсетіледі.
Шаруашылық субъект қаржылық жұмысын ұйымдастыру үшін арнайы қаржы службасын құрады. Қаржы службасының қызметінің басты мақсаттарына бағындырылған: олар қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономикалық өсу және табыс табу үшін алдын ала тұрақты жағдай жасау.
Фирманың қаржы службасының міндеттері:
1. тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін қаржы құжаттарын тез, сапалы және қажетті көлемде дайындау;
2. кәсіпорынның басты мақсатына жету үшін барлық бөлімдердің қызметін байланыстыру және бағыттау қабілеті;
3. шаруашылық субъектінің қаржы жоспарларының сапалы құрастырылуына жауапкершілікті;
4. нарықтық жағдайда кәсіпорынның дұрыс жұмыс істеуі бұл службасыз мүмкін еместігі.
Қаржы службасы біріңғай шаруашылық қызметті басқару механизмінің бөлігі, сол себептен кәсіпорнының басқа да службаларымен тығыз байланысты.
Нарықтық қатынастарының дамуымен, сыртқы рынокқа шығу қаржы службасының алдында жаңа да сапалы міндеттер қояды. Олар: нарықтық экономикаға парапар әдістермен каржылық ресурстарды тиімді басқаруды ұйымдастыру. Бұл міндеттерді ойдағыдай шешу қаржылық менеджмент деңгейінде ғана мүмкін.

Қаржылық менеджмент теориясы және практикасында пайдаланылатын, негізгі көрсеткіштер.Қаржылық менеджменттің базалық көрсеткіштері. Сонымен, төрт негізгі көрсеткіштер, батыстағы және отандық практикада қолданылады:

Біріншісі: қосылған құн (ҚҚ). Егер де белгілі бір кезенде өндірілген өнімнің (дайын өнімдер қоры жөне аяқталмаған өндірісті қосқанда) құнынан өндіріске колданған материал қаражаттарының (шикі зат, энергия және т.б.) және басқа кәсіпорындардың көрсеткен қызметінің құнын алып тастағандағы нәтижесі — шындығьшда шикізатқа, энергияға және т.б. құнына қосылған құн болып шығады. Қосылған құнның көлемі кәсіпорын әрекетінің ауқымын және оның ұлттық байлықты қалыптастыруға қосқан үлесін көрсетеді. Қосылған құннан қосылған құн салығын шегеру арқылы келесі көрсеткіштерді құрастыруға көшеміз.

Екіншісі: инвестицияны пайдаланудың брутто-нәтижесі (ИПБН).

Қосылған құннан еңбекақы және оған байланысты кәсіпорынның міндетті төлемдері (әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы төлемі және т.б.), сонымен қатар барлық салықтарды, кәсіпорынның салық төлемдерін (пайдаға салынатын салықтан басқасын) шегеру арқылы (ИПБН) анықталады.

ИПБН - қаржылық менеджментте кәсіпорын әрекетінің негізгі аралық қаржы шаруашылық нәтижесінің бірі ретінде қолданылады. Қосылға құндағы ИПБН үлес салмағына қарай кәсіпорынды басқарудың тиімділігін анықтауға болады және кәсіпорынның мүмкін рентабельдігін білуге болады.

Үшіншісі инвестицияы пайдаланудың нетто нәтижесі немесе несие төлеміне дейінгі пайызы және пайдаға салынатын салық. Алдағы қаралған көрсеткіштерден негізгі қорды қалпына келтіру үшін жұмсалған барлық шығындарды шегереміз — бұл инвестицияны пайдаланудың нетто нәтижесі болады. Шындығында, кәсіпорынның шығыннан алған бұл экономикалық тиімділігі кәсіпорынның несиеге, қарыз; төленетін және пайдаға салынатын салықты төлеуге дейінгі пайдасы.

Төртіншісі - активтердің экономикалық рентабельдігі немесе кәсіпорынның бүкіл капиталының экономикалық рентабельдігі, оның меншікті және қарыз қаражатының сомасы.

Дюпон формуласы.

Коммерциялық маржа әрбір айналымдағы 100 теңгені пайдалану қандай нәтиже беретінін көрсетеді. Мәнісіне келсек, бұл айналымның экономикалық рентабельдігін немесе сатылған өнімнің рентабельдігін көрсетеді.

ТК — активтің әрбір теңгесінен қанша теңге айналымнан алынатындағын, қандай айналымға активтің әрбір теңгесі трансферттелінетіндігін көрсетеді. Сондай-ақ, ТК-ті активтің айналым ретінде қабылдауға болады.Мұндай жағдайда ТК ағымды мезгілде әрбір теңге қанша рет айналымға түсетінін көрсетеді. ЭР-тің реттелуі оның екі құрылымы коммерциялық маржаға және трансферттік коэффициентіне әсер етеді. Коммерциялық маржаға баға саясаты, шығын құрылымы мен көлемі сияқты факторлар әсер етеді. ТК-ке салалардың қызмет жағдайы, сонымен бірге сол кәсіпорынның экономикалық даму стратегиясы да әсер етеді. Жоғарғы коммерциялық маржаны, жоғарғы трансформациялық коэффициентпен салыстыру өте қиын, өйткені айналымды есептегенде, біреуі алымында, екіншісі бөлімінде қарастырылған.Факторларды талдау нәтижесінде рентабельдіктің өзгеруінің негізгі көрсеткішінің қайсысы, коммерциялық маржа немесе трансформациялық коэффициент жылдам және жай өзгеретіндігін анықтауға болады. Рентабельдіктің осындай өзгерістерін Дюпон формуласы арқылы анықтайды. Практикалық жұмыста кәсіпорын үшін әрқашанда саланы тандау маңызды. Шынында, қор сыйымдылығы және баға факторының айырмашылығы экономикалық рентабельдіктің көлеміне шешуші ықпал етуі мүмкін.

Қаржылық менеджменттің төрт негізгі көрсеткіштері және Дюпон формуласы кәсіпорынның көптеген қаржы жағдайын қарастыруға жеткілікті.

Айта кететін жай, Дюпон формуласында айтарлықтай қажетті модификация, акционерлік капиталдың таза табысына талдау жасауына болатындай көрсеткіштер бар. Бұл таза пайданы қарапайым акциямен акционерлік капиталдың соммасына бөлу.

Жоғарыда айтып өткендей, трансформациялық коэффициенті активтің айналымы ретінде қарастыруға болады, қазіргі кезенде активтің 1 теңгесі қанша рет айналымда екенін көрсетеді. Өзімізге белгілі айналымның едәуір жетістігі кәсіпорынның көптеген жетістіктеріне әкеледі.

Экономикалық рентабельдікті реттеу екі құрамдас бөлікке әсерін тигізеді: коммерциялық маржаға (KM) және трансформациялау коэффициентінеде (ТК). "Сатудан алынатын пайдалылықтың азаюына қарай айналым капиталын және оның элементтерінің айналымдығын жылдамдату керек және керісінше, кәсіпорынның белгілі себептерге байланысты іскерлік белсенділігінің төмендеуін өндірген өнімнің шығынын азайту арқылы немесе өнімдердің бағасын өсіру арқылы өтемдеуге болады, басқаша айтқанда сатудың рентабельдігін арттыру арқылы".

KM - келесі факторлар, баға саясаты, өнімдердің көлемі және шығындардың құрылымы және т.б. әсер етеді. Ал, ТК - кәсіпорынның экономикалық стратегиясының, салалық әрекетті жағдайынан қалыптасады. Өте жоғарғы коммерциялық маржаны өте жоғарғы трансформациялық коэффициентпен қалыпастыру өте қиын.

Қаржылық менеджменттің базалық санаты. Қаржы менеджментінің негізгі 4 базалық көрсеткіштері бар: 1. қосылған құн (ҚҚ) – белгілі кезеңде өндірілген өнімнің құнынан өндіріске қолданылған материал қаражаттарының және басқа кәсіпорындардың көрсеткен қызметінің құнын алып тастағандағы нәтижесі – шындыдығында шикізатқа, энергияға және т.б. құнына қосылған құн болып шығады. Қосылған құнның көлемі кәсіпорын әрекетінің ауқымын және оның ұлттық байлықты қалыптастыруға қосқан үлесін көрсетеді. 2. инвестициялық пайдаланудың брутто-нәтижесі(ИПБН) – қосылған құннан еңбекақы және оған байланысты кәсіпорынның міндетті төлемдері,барлық салықтары, кәсіпорынның салық төлемдерін шерегу арқылы анықталады. Қосылған құндағы ИПБН үлес салмағына қарап кәсіпорынды басқарудың тиімділігін анықтауға болады және кәсіпорынның мүмкін рентабельдігін білуге болады.3. инвестицияны пайдаланудың нетто-нәтижесі немесе несие төлеміне дейінгі пайызы және пайдаға салынатын салық. Алдағы қаралған көрсеткіштерден негізгі қорды қалпына келтіру үшін жұмсалған барлық шығындарды шегереміз – бұл инвестицияны пайдаланудың нетто-нәтижесі болады.кәсіпорынның шығыннан алған бұл экономикалық тиімділігі кәсіпорынның несиеге,қарызға төленетін және пайдаға салынатын салықты төлеуге дейінгі пайдасы. 4. активтердің экономикалық рентабельдігі немесе кәсіпорынның бүкіл капиталының экономикалық рентабельдігі, оның меншікті және қарыз қаражаттарының пайдасы.

Қаржылық менеджменттің мәні (бар анықтамаға мысал келтіріп, өз байқауыңызды баяндағыз). Қаржы менеджментіЇ дегеніміз кәсіпкерлік қызметті қаржыландыдыруды ұтымды немесе тиімді басқару жүйесі. Қаржы менеджменті компаниялардың қаржы ресурстарын басқару немесе компаниялардың қаржы ресурстарын қалыптастыру, пайдалану, тарату және айналымдағы ақша қаражаттарын ұйымдастыруды басқару үшін қолданылатын әдістермен басқару шешімдерін іске асыру принцип терінің жүйесі. Қаржы менеджментінің негізгі мақсаты салықты оптимизациялау болып табылады. Компаниялардың қаржысын басқару үшін екі қосалды жүйеден құрылады:1Басқару объектісі; 2Басқару субъектісі Басқару объектісіне жататындар: қаржылық есеп, талдау, жоспарлау, болжау, бақылау, реттеу, салық салу, несиелеу, сақтандыру, лизинг, жалдау, факторинг, хеджерлеу және есептесу әдістері.Басқару объектінің элементтері:1Қаржы қатынастары;2Қаржы ресурстары;3Ақша айналылымы және қаржыландыру көзддері.Барқару субъектісі әр шаруашылық жүргізін субъектісінің қаржы қызметі және оның бөлімшелері. Басқару субъектісі шаруашылық жүргізу субъектісінің көлеміне байланысты әр түрлі бөлімдердерден тұрады:1Қаржы бөлімі;2Жоспарлау бөлімі;3 Маркетингтік бөлімдер;4Есеп бөлімі;5Бухгалтерия;6Салықтық есеп бөлімі.Қаржы менеджменттің түпкі мақсаты ШЖС-нің нарықтық құнын барынша көбейтуді қамтамасыз ету. Қаржы ресурстарын қалыптастыру және тиімді пайдалану табысты көбейту тетігін қолдана отырып, ШЖС-нің бәсекелестік деңгейін көтеру.Қаржы менеджментінің орындау процесінде үш бағыт анықталған:1Табыстымаксимизациялау;2Шығындардардыминимизациялау;3Салықтарды оптимизациялау.Қаржы менеджменті өзінің басты мақсатын орындау процесінде төмендегі міндеттерді атқаруы тиіс:Алдағы кезеңде компанияның даму саясатына сай келетін қажетті қаржы ресурстарының көлемін қалыптастыруды қамтамасыз ету;Компанияның ақша айналымын тиімді басқаруды қамтамасыз ету;Компаниялардың айналым активтердің қажетті өтімділік деңгейін қамтамасыз ету;Компаниялардың барлық даму кезеңдерінде қаржы тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету;Банкрот болудан қашу және ірі қаржы сәтсіздігін болдырмау;Бәсекелестік күрес жағдайында кәсіпорынның немесе компаниялардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;Компаниялардың нарықтық құнын барынша молайту;Компаниялардың экономикалық потенциалын даму қарқының қамтамасыз ету;Компаниялардың қызметіне байланысты қажетті рентабелділік деңгейін қамтамасыз ету.