Экономикалық салдарлары

Үлкен көлемдегі мемлекеттік борыш мемлекетті банкроттыққа ұшыратпайды, өйткені Үкіметтің мынадай іс-қимылдары қолданылуы мүмкін:

1 Қайта қаржыландыру. Төлеу мезгілі жеткен облигацияларды өтеу үшін практикада Үкімет шығыстарды қысқартпайды және салықтарды көтермейді (тоқыраулық экономика жағдайында мұндай саясат қате болар еді). Ол өзінің борышын қайта қаржыландырады, яғни жаңа облигациялар сатады және түсім-ақшаны өтелетін облигацияларды ұстаушыларға төлеу үшін пайдаланады.

2 Салық салу. Үкіметтің салық салуға және оларды жинауға құқығы бар. Қаржылық күйреу кезінде жекеше шаруашылықтар мен корпорациялар салық жинау есебінен кірістер ала алмайды, ал үкімет ала алады; сөйтіп, жекеше шаруашылықтар мен корпорациялар банкроттануы мүмкін, ал үкімет банкроттанбайды.

3 Ақша жасау. Борыштың негізгі сомасын және пайыздарды төлеу үшін үкіметтің ақша басып шығаруға мүмкіндігі бар, бірақ мұның инфляциялық нәтижесі болады.

Бірақ үкіметтің мұндай іс-қимылдары жағымсыз зардаптар тудырады:

1 Табыстардағы теңсіздіктің көбеюі. Табыстардың мөлшері бойынша халықтың түрлі топтары болады. Және салық жүйесі шамалы үдемелі болуы мүмкін, облигацияларға ие болудан алынатын пайыздық табыстарды қайта бөлудің нәтижесінде ол артық табыстар «алмайды»;

2 Пайыздық төлемдер салық салуды көбейтуді қажет етеді, бұл инновацияларға, инвестицияларға, жұмысқа ынталандырмаларды төмендетеді, мұның өзі экономикалық өсуге зиян келтіреді. Көрсеткіштердің борышы бойынша пайыздық төлемдердің қатынасы – борыш бойынша пайыздарды төлеу үшін қажет салық салудың деңгейі;

3 Ығыстыру нәтижесінің іс-әрекеті. Егер экономика толық жұмыстылық жағдайда жұмыс істеп тұрса және бюджет баланстандырылған болса, егер үкімет шығыстарды көбейтсе, онда өндірістік мүмкіндіктердің қисық сызығы бойынша экономика қисық сызықтың бойымен үкіметтік тауарлардың білігі (осі) бағытында жылжиды және жекеше тауарларға ашықтық кемірек болады

 

Мемлекеттік бюджет қаржы жүйесінің жетекші саласы ретінде. Бюджет–мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдардың ақшалай қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржылық ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады, бұл мемлекеттің қаржылық саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет Мемлекеттік бюджеттің болуы мүлдем адамдардың субъективті қалауының нәтижесі емес, ұлғаймалы ұдайы өндірістің мұқтаждарымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен шарттасылған объективті қажеттігі. Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белглермен сипатталады: 1)мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады; 2)құнды жасау және оны тұтыну үдерісін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған; 3)қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржылық қатынастар материалдық өндірісте де, материалдық емес сферада да тауар-ақшалай қатынастармен тығыз тоқайласып жатады. Мемлекеттік бюджет­экономикалық қосалқы категория ретінде мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қорын жасау және оны ұлғаймалы ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу үдерісінде мемлекетпен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақшалай қатынастарды білдіреді. Қаржылық қатынастардың бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымның экономикалық мазмұнын құрайды Мемлекеттік бюджет жалпы мемлекет қаржысының функцияларына сәйкес келетін функцияларды–бөлу және бақылау функцияларын қаржылардың ұдайы өндірістік тұжырымдаманың шеңберінде орындайды. Бұл функциялардың іс-әрекеті, мазмұны, мәні мен маңызы бюджеттік қатынастардың қаралған өзіндік айрықшалығымен айқындалды. Бөлгіштік функцияның іс-әрекеті өзіндік ерекшелігі сол, қоғамдық өнімнің құны қоғамдық өндірістің сфералары, ұлттық шаруашылықтың секторлары, аумақтар, салалар, жеке шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында бөлінеді. Сонымен бірге қаржының және мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде: мемлекет қаржысының орналастыру, қайта бөлу, тұрақтандыру қосалқы функцияларын орындауды қамтамасыз етеді. Бақылау функциясы бюджеттік қорларды бөлудің сандық үйлесімдерінде, олардың қоғамдық өндіріс дамуының қажеттіліктеріне сай келетіндігінде, бөлудің ұнамсыз барысынан ауытқуын анықтау және оларды жою мүмкіндігінде көрінеді. Мемлекеттік бюджет—ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Бюджетке тән құндылықтардың көрінуі, оны бөлу мен бақылаудың құралы ретінде пайдалану мемлекет жасайтын бюджеттік механизмде бейнеленеді. Бюджеттік механизм мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылады және ірі құрылымдық ілгерілімдерді жүргізу, ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамыту, инновациялық технологияларды ендіру үдерісінде пайдаланылады. Экономиканы реттеу үшін бюджеттік механизмді пайдалану қоғамдық өндірісті дамытудың қарқындары мен үйлесімдеріне әсер ете отырып, мемлекеттің қарамағына түсетін ақшаны оңтайландыру арқылы жүзеге асырылады. Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақшалай қордың сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу үдерісінде қаржылық ресурстарды қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік бюджеттің кірістері: құрамы, құрылымы Республикалық бюджетке түсетін салықтық емес түсімдерге республикалық меншіктен түсетін кірістер (республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен Ұлттық банктің таза табысы бөлігінің түсімдері, республикалық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне девидендтер, республикалық меншіктегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер, екінші деңгей банктерінің шоттарында мемлекеттік сыртқы қарыздар қаражаттарының орналастырылғаны үшін және Ұлттық банктегі Үкіметтің депозиттері бойынша сыйақылар, республикалық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар, қару-жарақ пен әскери техниканы сатудан түсетін кірістер, республикалық меншіктен түсетін басқа кірістер) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін түсімдері, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуларды өткізуден түсетін ақшалай түсімдері, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Ұлттық банктің бюджетінде (шығыстарды қаржыландырудың жеке жоспарында) тұратын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар, республикалық бюджетке түсетін салықтық емес басқа түсімдер жатады.

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды,мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақшалар болып табылады.

Облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен түсетін трансферттер, Ұлттық қордан республикалық бюджетке түсетін трансферттер республикалық бюджетке түсетін трансферттер түсімдері болып табылады.

Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді өтеуден, республикалық меншіктегі мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан, үкіметтік қарыздарды сатудан түсетін түсімдер республикалық бюджет есебіне жазылады.

Мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар – бюджеттің түсімдері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жекелеген кезеңдерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: түсімдер мемлекетті қажетті ақшалай қаражаттармен қамтамасыз етеді.

Бюджеттің құрылымы бюджеттік сыныптама негізінде құрылады және мынадай бөлімдерден тұрады:

1) кірістер:

салықтық түсімдер;

салықтық емес түсімдер;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер;

трансферттер түсімдері;

Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу осы көрсетілген құрылым бойынша жүзеге асырылады.