Бюджеттік кірістер. Қазақстан Республикасы мемлекеттік 3 страница

Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістері және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Френсис Бэкон салықтарды төлеу әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.

Қазақстан Республикасы Конститутциясының 35-бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, - деп жазылған.

Салықтарда ежелден салық жүктемесін (салық ауыртпалылығын) бөлудің екі қағидаты қалыптасқан:

пайда (алынған игіліктер) қағидаты;

„қайыр көрсету” (төлем қабілеттілігі) қағидаты.

Салық мәселесі мен салық салудың тамыры ғасырларға тереңдеп кеткен. Ал, оларға ғылыми көзқарас ХҮІІ-ХІХ ғасырларда пайда болды. Оған дәлелді теориялық экономия классикалық мектебі ағылшын өкілдері еңбегінен табамыз: В.Петти (1623-1687ж.ж.) „Салық пен жиынтық трактаты” – (1662ж), Д.Рикардо „Салық салу және саяси экономияның басталуы” – (1817ж.), А.Смит „Халықтар байлығының себептері мен табиғатын зерттеу” – (1776ж.) А.Смит салық салудың төрт принциптерін айқындаған. Оның осы принциптері дамыған елдерде салық салудың негізін құрайды.

1.Өзіне бекем мемлекет мүмкіндігіне қарай, қабілеті мен күшіне сай үкіметті ұстауға қатысады. Мемлекеттің қорғауымен қамқорлығын пйдалана отырып, қаржыландыру үкіметтің табысына сай жүзеге асады. Бұл ережені сақтау немесе сақтамау салық салудың тереңдігіне немесе тепе-теңдігіне ұрындырады.

2.Жеке тұлға төлейтін салық міндетті түрде айқын болуы керек. Салықтық төлеу мерзімі, төлем тәсілі, сомасы - барлығы дәрлік төлем төлеуші үшін анық әрі ашық болуы қажет және кез келген адамға да солай.

3.Әрбір алынатын салық белгілі уақытта немесе белгілі тәсілмен төлеуші үшін ыңғайлы кезде барлығын төлейді.

4.Әрбір салық ой елегінен өткізіліп, толғағына толық жеткізілгені дұрыс. Оның мемлекет қазынасына құйылуы, халық қалтасынан алғаны және ұстағаны мүмкіндігінше аздау болғаны жөн. Қазынаға құйылғаннан гөрі, салықты халық қатынасынан алу мен ұстаудың көп болуы да әбден мүмкін. Себебі, оны жинау шенедіктердің көп болуын талап етсе, оларға төленетін айлық сомасы салықтың мол мөлшері арқылы жүзеге асады.

А.Смит тікелей, жанбасы, жанама салықтар жүйесін және оларды қолданудың әлеуметтік – экономикалық салдарын барынша талдады.

Салық дегеніміз не? Экономикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз тұрғындар, кәсіпорын (фирма) мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесін айтамыз. Салық салудың мақсаты кәсіпорын, тұрғындар қаржыларын қоғамдық қажеттілікке (өндірістік және әлеуметтік) тарту болмақ.

Салық салудың мынадай принциптері бар:

- салық бар игіліктерге пропорционалды түрде қоғам мүддесіне сай алынады;

- салық табыс мөлшері мен әлауқаттылық деңгейіне тәуелді болады.

Сонымен, салықтар дегеніміз мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті төлемдер болып табылады.

Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекетпен екі арадағы мемлекеттік орталықтандырылған қаржы көздерін құруға байланысты туындайтын қаржылық қатынастарды сипаттайтын экономикалық категория.

Салықтардың экономикалық мәні мынада:

біріншіден, салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін көрсетеді.

екіншіден, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.

Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүруі мен дамуының негізгі қаржылық көзі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет.

Салықтар – мемлекет қаржысының тұрақты қайнар көзі. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады. Осы салық салуға байланысты әр дәуірлерде мемлекет қайраткерлері, экономистер, философтар, ойшылдар көптеген еңбектер жазған. Мысалы, Ф.Аквиннский „Салықтарды ұрлаудың рұқсат етілген нысаны” ретінде анықтаса, салық салу теориясының негізін салушылардың бірі А.Смит „Салық төлеушілер үшін құлшылықтың белгісі емес, бостандықтың белгісі” деп тұжырымдаған.

„Салық” ұғымы әр түрлі әдебиеттерде әр түрлі қарастырылады. Негізінен көптеген экономикалық әдебиеттерде „салық” ұғымы бюджет қорына белгілі бір көлемде және белгілі бір уақытта түсетін міндетті төлем ретінде қарастырылады. [2]

Нарықтық эколномиканың қалыптасу кезеңінде салық салу саясатының негізгі бағыты – салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру. Салық салудың әдістері мен жолдары, салық салудың негізгі қағидалары, салық салуды ұйымдастыру салық механизміне жатады.

Меншікке салынатын салықтар: экономикалық мазмұны және оның өңірлік бюджеттердің кірістерін қалыптастырудағы олардың рөлі. Салықтар - занды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде, мерзімде мемлекеттік бюджетке теленетін міндетті төлемдері. Меншікке салынатын салықтарға : жер, көлік және мүлік салықтары болып келеді. Аталған салықтар жергілікті бюджетке түсетіндіктен жергілікті салықтар ретінде де қарастырылады. Жер салығы.Экономикалық мазмұны ж\е құру негіздері. салық салу мақсатында жерлер мынадай санаттарға: ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге; елді мекенді жерлеріне; өнеркәсіп, көлік , байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылық емес мақсаттағы жерлерге; ерекше қорғалатын табиғи аумақтық жерлерге;,су қорлары жерлері; запастағы жерлерге бөлінеді. Елді мекендер жерлері салық салу мақсаты үшін мынандай екі топқа бөлінеді: 1. тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар орман мен ғимараттар орналасқан жерлер; 2. тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлер. Салық төлеушілер: жеке меншік құқығындағы, тұрақты жер пайдалану құқығындағы заңды және жеке тұлғалар. Салық төлеуші еместер: мемлекеттік мекемелер, бірыңғай жер салығын төлеушілер шаруа(ферма) қожалықтарына арналған арнайы салық режимі қолданылытын жер учаскілері; Ұлы Отан соғысына қатысушылар,мүгедектеркөп балалы аналар, діни бірлестіктер және т.б. жер учаскісі б.т. Салық объктісі болмайтындар: елді мекендегі ортақ пайдаланатын жерлер, мемлекеттік автомобиль жолдары, ҚР Үкіметінің шешімі бойынша консервацияланған объектілер орналасқан жерлер, инвестициялық жобалар ж.а. жерлер. Салық ставкасы балл бонитетке байланысты ж.а. Балл бонитет – топырақтың құнары, сапасыорналасқан жері,сумен қамтылуы бағаланады.Салық төлеу мерзімі:заңды тұлғалар ағымдығы жылдың 20.02; 20.05; 20.08; 20.11. тең үлестермен төлейді. Жеке тұлғалар: 01 қазанынан кешіктірмей төлейді.Көлік салығы. Салық төлеушілер: заңды және жеке тұлғалар, лигинг алушы. Салық төлеуші еместер: мемлекеттік мекемелер, мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер, Ұлы Отан соғысына қатысушылар,мүгедектеркөп балалы аналар, діни бірлестіктер және т.б. Салық объектісі: мемкеттік тіркеуде тұрған көлік құралдары. Салық объктісі болмайтындар: жүк көтергіші 40 тонна карьерлік автосамосвалдар; медициналық көлік құралдары. Салық төлеу мерзімі: жеке тұлғалар есепті кезеңнің 01.07. дейін салық сомасын есептейді, ал 05.07.кешіктірмей бюджетке төлейді. Заңды тұлғалар: 05.07. кешіктірмей және есепті жылдың кейінгі жылдың 31.03 декларация тапсырады. Мыналар мүлік салыгын төлеушілер болып табылады: 1 .ҚР-ң аумагында меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды баскару құкығында салык салу обьектісі бар занды тұлғалар.2.ҚР-Ң аумагында меншік кұқығында салык салу обьектісі бар жеке кәсіпкерлер.ҚР-ң резиденті емес з.т. ҚР-ң аумагында орналасқан салық салу обьектілері бойынша салык төлеүшілер болып табылады. Мыналар мүлікке салынатын салыкты төлеушілер болып табылмайды: 1.ҚР-н Үкіметі белгілейтін қажеттілік нормативтері шегінде салык салу обьектілері бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер. 2.екінші модель бойынша жер койнауын пайдаланушылар. З.мемлекеттік мекемелер. 4.уәкілетті органның кылмыстық жазаларды тақару саласындагы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары. 5.діни бірлестіктер.Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін негізгі кұралдар (оныц ішінде түрғын үй корының қүрамында тұрған обьектілер) мен материалдык емес активтер салык салу обьектісі болып табылады. Салық базасы болып салык салу обьектілерінің орташа жылдык қалдық қүны табылады. Салык салу обьектілерінін орташа жылдық қалдық кұны ағымдағы салык кезеңінің әр айының бірінші күні мен есепті кезеннен кейінгі кезен, айының бірінші күніндегі салық салу обьектілерінің қалдық құнын қосу кезінде алынған соманың он үштен бірі ретінде аныкталады. Салык ставкалары: 1 .Заңды түлғалар - 1 %; 2.Жеке кәсіпкерлер - 0,5%; З.төменде аталгандар 0,1% мүлік салыгын телейді: негізгі қызмет түрі кітапханалык кызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау болып табылатын үйымдар; ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындагы; функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар,су мекемелері; қарамағындағы қызметкерлердің 51% астамы мүгедек кздэайтын әлеуметтік үйымдар. Салық төлеушілер салықты есептеуді салық базасына тиісті салық ставкаларын қолдану арқылы дербес жүргізеді. Салыктың ағымдагы төлемдерінің сомаларын салық төлеуші салық кезеңіндегі 20 ақпаннан,20 мамырдан, 20 тамыздан, 20 карашадан кешіктірмей тең үлестермен енгізеді. Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есебі есепті салық кезеңінің 15 ақпанынан кешіктірілмей табыс етіледі. Декларация есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.

 

Микро және макроэкономикалық деңгейдегі сақтандырушының инвеститциялық қызметінің мағынасы.Сақтандыру резервтерін және меншік капиталын инвестициялау – сақтандыру компанияларының қаржы-шаруашылық қызметінің маңызды бағыты, жинақтаушы сақтандырудан жиналған сақтандыру сыйақысының бөлігін инвестициялау – сақтандыру шарттарын орындаудың қажетті элементі және сақтандырудың тәуекел түрлері бойынша сақтандыру сыйақысының бөлігін инвестициялау, әсіресе мүліктік тәуекелдерді сақтандыру табыстың қосымша және ауқымды көзі болып табылады.Сақтандыру операцияларынан кейінгі табыстың екінші басым көзі болып табылатын сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметі әлі күнге дейін дамып-жетілмей келеді. Соған қарамастан, Қазақстандағы сақтандыру қызметі саласындағы күшейіп келе жатқан бәсекелестік және соның салдарынан сақтандыру тарифтерінің төмендеуі, әлуетті сақтанушылардың тәуекелден сақтанудың баламалы тәсілін таңдауы, сақтандырушының инвестициялық белесенділігінің даму мәселесі ең өзекті мәселелер қатарына жатқызады.Сақтандырудың инвестициялық қызметінің толыққанды дамымауын бірнеше негізгі себептермен түсіндіруге болады.Біріншіден, Қазақстанда қор рыногы әлі де дамымай отыр, ал сенімді қор құралдарының саны шектеулі. Кепілдемелік табыстылық пен өтімділікті тек ғана мемлекеттің борышқорлық міндеттемесі, табиғи монополиялар мен қаржылық институттардың бағалы қағаздары ғана қамтамасыз етеді.Екіншіден, еліміздегі тұрақсыз инвестициялық жағдай туғызып отырған инвестициялық үдерістерді мемлекеттік реттеудің жеткіліксіздігі көзге айқын көрініп отыр.Үшіншіден, шетелдік сақтандыру компанияларымен салыстырсақ, қазақстандық сақтандыру ұйымдарында әлі күнге дейін инвестициялық қызмет саласында қажетті қомақты қаражат көлемі жоқ. Өмірді ұзақ мерзімге сақтандыру және зейнетақыны сақтандырудың аз көлемі инвестициялық қызметтің жоғарылауына септігін тигізбей отыр.Төртіншіден, осы салада білікті мамандармен сақтандырудың инвестициялық қызметінің тиімділігін арттыру мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жоқтың қасы. Мысалы, сақтандыру бизнесінің инвестициялық моделінің, инвестициялардың тиімділігін бағалау әдісінің болмауы, сондай-ақ сақтандыру компанияларының инвестициялық саясатын ашу механизміне қатысты ғылыми әдебиеттерде зерттеулердің аздығын және т.б. айтуға болады.Сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметінің дамуына кері әсер ететін факторлар қатарына инвестициялаудың әлуетті объектілері жөнінде ашық ақпараттың жетіспеушілігін жатқызуға болады, мұның өзі салымдардың тиімділігінің болжамдарынының дұрыс болмауына әкеп соғады. Сонымен қатар, бұл факторларға қор рыногы субъектілерінің қызметінде мемлекеттік бақылаудың жетіспеушілігін, сақтандырудың қажетті де әлеуметтік маңызды түрлерінің аздығын да жатқызуға болады.Қазіргі сақтандырудың инвестициялық рыногында қалыптасқан жағдай сақтандырудың жаңа міндетті түрлерін енгізудің тиімділігіне және өмірді ұзақ мерзімді сақтандыру үдерісінің дамуына да кері әсерін тигізуі мүмкін. Халықты әлеуметтік қорғау тиімділігіне қол жеткізіледі, бірақ бұл жаңа сақтандыру қызметінің түрлерін енгізуден келетін экономикалық тиімділігін күткен нәтижеден әлде қайда төмен болуы мүмкін. Басты себеп – ішкі және сыртқы факторлардың жағымсыз әсерлерін төмендету механизмінің жоқтығымен сипатталатын сақтандыру компанияларының тиімсіз инвестициялық саясаты.Сақтандырушылардың инвестициялық қызметін жеделдету мүмкіндігінің төмендігі сақтандыру маркетингінде сұранымның дамуы және өмірді ұзақ мерзімге сақтандыруды қанағаттандырудағы негізгі кедергі болып табылады. Көпшілікке мәлім, өмірді ұзақ мерзімге сақтандыру үдерісіндегі келісімшарт жасау кезінде сақтандыру компаниясы төленетін сақтандыру сыйақысына анықталған пайыздық есептеуді өз міндетіне алады. Инвестиция рыногындағы тұрақсыз жағдай өз міндеттемелерін орындамауға, қаржылық тұрақтылықтың төмендеуіне, тіпті сақтандыру компанияларының өтімділігінің жоғалуына әкеп соғады

 

Мүліктік сақтандырудың экономикалық мәні және арналымы Мүлікті сақтандырудың арналымы дүлей апаттардың және басқа кездейсоқ оқиғалардың әр түрлі мүлікке келтірген зиянын өтеуінде. Демек, сақтандырудың обьектісі әр түрлі материалдық құндылықтар және олармен байланысты мүдделер болады.Мүлікті сақтандыру сақтандырушылардың әлеуметтік топтары мен меншік түрлеріне қарай сала бөлімдеріне бөлінеді. Осы белгісі бойынша шаруашылық жүргізушілердің субъектілерінің мүлкін ажыратады:-мемлекеттік;-жеке;-жалға берілетін;-жеке меншік құқығындағы жеке азаматтардың мүліктері;Мүлікті сақтандыру нарығы, оның обьектілері болып жер, әуе және су көлігі, жүктермен байланысты басқа да мүліктер, қаржылық тәуекелдік табыладыМүліктік сақт/руда жеке сақт/рудан ерекшелігі сақт/ру төлемін бірден төленеді. Мүлікті сақт/ру сақт/ру оқиғасы туындағанжағдайда сақт/ру сомасызиянды толтыру мақсатында төленеді, бірақ сақт/рушарты тоқтатылады.Мүліктік сақт/ру былай сыныпталады:1) өнеркәсіптік ұйымдардың мүліктерін сақт/ру (аяқталмаған құрылыстың объектілерін, ғимараттарды, транспорттық құралдар, ауыл шаруашылық малдарын ж/е құстарын, ауыл шаруашылық егіндіктерін сақт/ру);2) ауыл шаруашылық ұйымдарының мүліктерін сақт/ру (а/ш өнімдері, көп жылғы көшеттер, жеміс-жидек беретін ағаштар,а/ш малдары, терісі бағалы аңдар,бал араларының ұясы, көлік құралдары);3) азаматтардың мүліктерін сақт/ру (үш жыл бойы а/ш дақылдарын бермегендер, 70% артық тозуы бар жеміс ағаштары, уақытша салынған құрылыстар, құжаттар, б.қ. ақша бірліктер).Мүліктік сақтандыру мүлікті иеленуге пайдалануға оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне (автомобиль, темір жол, әуе немесе су көліктерін, жүктерді қоспағанда) оның зақымдануы немесе жойылуы салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемді мөлшерінде сақтық төлемдерді жүзеге асыруды көзделетін сақтандырудың түрлерінің жиынтығы болып табылады. Мүліктік сақтандырудың шарты бойынша сақтандырушы сақтанушыға мүліктік мүдделеріне зиян сақтандыру оқиғаларынан болса өтеп беруге міндетті. Сақтандыру төлем ақысы сақтандыру соммасының көлемінде төленеді және сақтандыру сомма мүліктің нақты бағасынан аспау керек. Сақтандыруға сақтанушының меншік мүлкімен қатар жалға алынған, уақытша қолдануға және иелікке берілген мүліктер де қабылданады. Сақтандырудың келісім шарты бойынша келесі мүліктік мүдделер қабылданады:1) белгілі мүліктің жарамсыздануы және ұрлануы;2) үшінші тұлғалардың ден саулығына немесе мүлігіне тигізген зияндар- азаматтық жауапкершіліктер тәуекелділігі;3) кәсіпкерге тиеселі, бірақ оның күнәсынан болмаған тәуекелділіктер - кәсіпкерлік қызметтен болған тәуекелділіктер немесе кәсіпкерлік тәуекелділіктер.Мүліктік және тәуекелдер (қауіп-қатерлер) азаматтық-құқықтық жауапкершілікті қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру жаппы (мүліктік) сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мүліктің жоғалу (жойылу) қаупі (тәуекелі), жетіспеуі немесе бүлінуі және өзге мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады. Мүліктік сақтандырудың арналымы әр алуан мүлікке дүлей апаттар мен басқа жазатайым уақиғалар келтірген залалдарды өтеуде болады. Демек, сақтандырудың объекті әр алуан материапдық құндылықтар және олармен байланысты мүдделер болып келеді.

 

ННННННННННННННННННННН

Нарықтық тәуекелдің талдауы: портфелге кіріетін активтер. Нарық жағдайында тәуекел кәсіпкерліктің шешуші элементі. Тәуекелдің ерекшеліктері кәсіпкерлік істе белгісіздік, күтпегендік, сенбеушілік болжамдылық жетістікке жетуге кедергі болуы мүмкін. «Кәсіпкерлік іс туралы» заңда жазылғандай кәсіпкерлік іс өз тәуекелділігіне, кәсіпорынның ұйымдастыру құқықтық формасы шегіндегі мүліктік жауапкершілігіне негізделген.

Нарық жағдайында тәуекелділікті бәсеңдету үшін бірнеше әдістер бар: кәсіпкерлік жоба жасауға істі жетік білетін кеңесшілерді, мамандарды тарту; жобалау алдындағы мүмкін болатын қиындықтарды жете білу; өндірілетін өнімге сұранысты болжау; тәуекелділікті жобаға қатынасушылардың өзара бөлісуі; сақтандыру; болжамсыз шығындарды жабуға керекті қаражатты кезекке ұстау.

Тәуекелдің жұмыс тапсырушы мен жұмысты орындаушы арасындағы бөлінуінің жалпы концептуалды моделін.

Тәуекелділіктің бірнеше түрі бар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, инвестициялық, нарықтық.

Өндірістік тәуекел. Бұл өнімді өндірумен және оны өткізумен байланысты. Бұл тәуекелге өнімнің өнімнің белгіленген көлемінің өзгеруі және өткізу қарқыны, материалдық және еңбек шығындарының артық жұмсалуы. Нарықтағы баға деңгейінің кемуі, брак, рекламация т.б. себептер тікелей ықпал жасайды.

Коммерциялық тәуекел – бұл кәсіпкердің сатып алған өнімді нарықта өткізуінде пайда болады. Коммерциялық келісім жағдайында бағаның төмендеуін, тауар өткізуде кездесетін қосымша шығындарды ескеру керек.

Қаржылық тәуекел – қаржылық кәсіпкерлік ісінде кездеседі. Мысалы, қаржылық келісім тәуекелділік шарттасушылардың бір жағының төлем қабілеттілігінің кемдігінен пайда болуы, т.б.

Инвестициялық тәуекел – бұл кәсіпорынның өзінің және сатып алған құнды қағаздарының құнсыздануы арқылы болуы мүмкін.

Нарықтық тәуекел – бұл ұлттық ақша бірлігінің нарықтағы процент ставкасының немесе шет ел келісім серіктестіктерінің валюта курсының өзгеруімен байланысты.

Ойлаған жобаны іске асыру мақсатында потенциалды серіктестіктерді неғұрлым көп тарту үшін тәуекел талдау жасайды.

Тәуекелді талдаудың схемасы:

 

1.
Нақты тәуекел түрлерінің ішкі және сыртқы факторларының ықпалдарын айқындау.

2.
Айқындалған факторларды талдау.

3.
Нақты тәуекел түрін қаржы жағынан екі тәсілмен бағалау:


а) қаржылық тұрақтылығын, дәулетін анықтау;

б) жұмсалатын қаражаттың экономикалық тиімділігін анықтау.