ОООООООООООООООООООООООООООООООООООО 2 страница

Орталық банктің ақша–несиелік реттеу қызметі. Экономиканы ақша және несие айналымына әсер ету жолымен реттеу – үкіметтің экономикалық саясатының құрамдас элементі. Оның негізгі мақсаты экономикалық өсудің тұрақтылығына, инфляция мен жұмыссыздықтың төменгі деңгейіне және төлем балансының тепе–теңдігіне жол жеткізу болып табылады. Дегенмен орталық банк ұдайы өндірістің заңдылықтарын туындайтын шаруашылық механизмдегі дағдарыс және басқа да үйлесімсіздікті жоя алмайды.

Орталық банктің сыртқы экономикалық қызметі – ол орталық банктің мемлекеттің валюталық саясатын жүргізетін және валюталық бақылау органы болуы. Ол – ұлттық валютаның айырбастау курсын анықтау және оны реттеу; елдің ресми алтын валюта резервін юасқару жөнінде операциялар жүргізу; халықаралыө есеп айырысу, төем балансын реттеу; елдегі және одан жерлердегі валюталық құндылықтардың қозғалысын қадағалау; болжамдарды жасауға қатысу және төлем балансын құрастыруды ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу.

Орталық банктің банктердің банкісі қызметі – ол орталық банктің кәсіпорындарға және халыққа тура қызмет көрсетпеуі, яғни орталық банктің негізгі клиенті КБ/р болуы. Бұл оның КБ/ден айырмашылығы. Орталық банк КБ/ң кассалық қорларын жинақтау және сақтау қызметін атқарады. Бұл қорлар банктік міндетті резерв қорлары деп аталады. Орталық банк банктердің депозиттері бойынша міндеттемелерінің ең аз міндетті резервтеріне арақатынасын, яғни міндетті резервтердің нормасын бекітеді.

Орталық банк қадағалау мен бақылауды негізінен мынадай бағытта жүргізеді:

ü банктік қызмет түрлерін лицензия беру;

ü кейбір операция түрлерін (валюталық, бағалы қағаздармен, қымбат металдармен) жүргізуге;

ü банктер берген қаржылық есепті тексеру және талдау;

ü клиенттерді ревизиялау (тексеру);

ü міндетті резервтердің нормативін және экономикалық нормативтердің жүйесін белгілеу, сонымен бірге олардың орындалуын тексеру.

Орталық банктің ақша–несие саясаты деп оның айналымдағы ақша массасын, несие көлемін, проценттік мөлшер деңгейі мен ақша айналымдағы және қарыз капиталы нарығындағы басқа көрсеткіштерді, өзгертуге бағытталған іс шараларының жиынтығын айтады. Ол саясаттың мақсаты – ақша айналымы мен несие жағдайына әсер ету арқылы шаруашылық коньюктурасын реттеу.

Орталық банктің ақша–несие саясатының әдістері сан алуын, олардың ең көп тарағандары төмендегідей:

Ø КБ/ге берілетін несиеге проценттік төлем мөлшерін өзгерту;

Ø Банктердің міндетті қорларының мөлшерін өзгерту;

Ø Валюта курсының саясаты, немесе курстық саясат.

Бұл айтылған ақша несиелік реттеу әдістері барлық КБ/ң операцияларына және толық қарыз капиталының нарығына әсер ететіндіктен жалпы реттеу әдісі деп аталады. Ал іріктеп тексеру әдісі кейбір несие түрлерін немесе кейбір шаруашылық салаларынан реттеуге қолданылуы мүмкін.

Ақша–несие саясатының келесі маңызды әдісінің бірі – валюта курсының саясаты, немесе курстық саясат. Ұлттық валюта крсының тұрақтылығын сақтаудың баға және ақша айналысының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін маңызы өте зор.

Орталық банк өз қызметтерін банктік пассив және актив операциялары арқылы атқарады. Пассив операциясы деп банктердің өзіне ақша қаражатын тартып, банктік ресурстар құру операцияларын, ал актив операциялары деп осы қаражатты орналастыру операцияларын айтады.

Орталық банктің негізгі пассив операцияларына: банкнота эмиссиясы, КБ/ң және мемлекеттік қазынашылықтың ақша салымын қабылдауы, банктің өз капиталын құру операциялары жатады.

Орталық банктің актив операцияларына негізінен: есеп–несие операциялары, бағалы қағаздарға салымдары, алтын және шетел валютасымен жүргізілетін операциялар жатады.

Есеп–несие операциялары – есептесу операциясы және мемлекет пен банктерге қысқа мерзімді қарыз беру операциялары болып екі түрге бөлінеді. Есептесу операциясы – орталық банктің мемлекет пен банктерден вексельдерді сатып алуы. Орталық банктің КБ/ден вексельдерді сатып алуын вексельдерді есептесу деп атайды.

 

ӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨ

Өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді өндіру және өткізуге жұмсалатын шығындардың жіктелуі. Шығын экономикалық мағынасы мен тағайындалуы бойынша төмендегі бірнеше топқа бөлінеді біріктіріледі:1.Негізгі және айналым капиталын дайы жаңғыртуға жұмсалатын;2.Өнім(жұмыс,қызмет) өндірісіне және сатуға жұмсалатын;3.Әлеуметтік-мәдени бағдарламаларға жұмсалатын;4.Біржолғы шығыс.Өнім,жұмыстарды және қызметтерді өндіруге және өткізуге жұмсалатын шығындарға тоқталатын болсақ, бұл шығын негізгі және айналым капиталын, сондай-ақ еңбек ресурсын тиісті мақсатта пайдаланумен пайдаланумен байланысты; ол өнімді,жұмысты,қызметті сатудан түсетін түсіммен өтеледі. Қызметтің кәдімгі түрі бойынша өнім жасаумен және оны сатумен, тауар сатып алумен және сатумен байланысты шығын танылады. Жұмыс орындаумен, қызмет көрсетумен байланысты жүзеге асырылатын шығысы да осындай шығын болып саналады.Қызметтің кәдімгі түрі бойынша негізгі құрал-жабдықтың, материалдық емес активтің және амортизациялық аударым түрінде жүзеге асырылатын өзге де амортизацияланатын активтің құнын өтеу де шығыс болып саналады. Қызметтің кәдімгі түрі бойынша жұмсалатын шығыс бухгалтерлік есепте ақшаға шағылған, ақшалай немесе өзге нысандағы төлем мөлшеріне немесе кредиторлық берешектің мөлшеріне тең сомада қабылданады.Қызметтің кәдімгі түрі бойынша шығыс мынадан қалыптасады: 1.Шикізат, материал, тауар мен өзге де материалдық-өндірістік запас сатып алумен байланысты жұмсалатын шығыстан; 2.Өнім өндірісі, жұмыс орындау, қызмет көрсету және оларды сату мақсатында материалдық-өндірістік запасты қайта өндеу (пысықтау) процесінде пайда болатын шығыстан; 3.Тауар сату(қайта сату) процесінде пайда болатын шығыстан (негізгі құрал жабдықты және өзге де айналым активін ұстау және пайдалану, сондай-ақ оларды түзік жағдайда ұстауға жұмсалатын шығыс); 4.Коммерциялық шығыстан; 5.Басқарушылық шығыстан;Қызметтің кәдімгі түрлері бойынша шығысты қалыптастырғанда оны шығын мен шығыстың мына элементтері бойынша топтау қажет: 1.Материалдық шығын; 2.Еңбекақыға жұмсалатын шығын; 3.Әлеуметтік қажетке жұмсалатын шығын; 4.Амортизация; 5.Өзге шығын.Бухгалтерлік есепте басқару мақсатында шығын баптары бойынша есеп ұйымдастырылады. Ұйым шығын баптарының тізбесін дербес белгілейді.Ұйым қызметтің кәдімгі түрінің қаржысының нәтижесін қалыптастыру мақсатында сатылған тауардың, өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнын анықтайды. Өзіндік құн есепті жылы да, өткен есепті жылы да шығын ретінде танылған шығыстың, сондай-ақ кейінгі есепті жылы кіріс алуға қатысты ауысқан шығыстың негізінде өнім өндірісінің ерекшеліктеріне, жұмысты орындау мен қызмет көрсетудің және оны сату,сондай ақ тауарды сату ерекшеліктеріне байланысты нақтыланып қарастырылады.

Өтімділік (РР) мерзімі бойынша жобаның тиімділігін бағалау. Халықаралық практикада кәсіпорындардың даму жоспары арнайы ресімделген бизнес – жоспар түрінде көрсетіледі. Егер жоспар инвестицияларды тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Әлбетте, кәсіпорынның кез келген жаңа жобасы, қалай болғанымен де жаңадан инвестиция тартумен байланысты болады. Сонымен жалпы мағынада жоба – ол белгілі бір мақсатпен, кәсіпорын жұмысын өзгерту туралы арнайы ресімделген ұсыныс.Жобаларды әлбетте 2-ге бөледі:тактикалық;стратегиялық;соңғысына әлбетте меншіктілік түрін өзгертуді қарастырушы жобаларды жатқызады немесе өндірістің бағытын түбегейлі өзгертумен байланысты жобаларды жатқызады.Тактикалық жобалар әлбетте өндірілген немесе шығарылған өнімдердің көлемінің өзгеруімен, өнімдердің сапасын арттырумен, жабдықтарды жаңғыртумен байланысты.Отандық практикада жоба түсінігі жаңалық болып есептелінбейді. Ескі формацияда кәсіпорынның даму бағытын жоғарыда отырғандардың шешімі арқылы іске асырылатын.Жаңа экономикалық жағдайда кәсіпорынның меншік иесі арқылы оның стратегиялық және тактикалық сұрақтарын дербес шешеді.Компаниялардың инвестициялық жұмыстарын ретке келтірудің жалпы тәртібінің нақтылы жобаға қатынасы жоба кезеңдері түрінде іске асырылады және олар келесі кезеңдерді қамтиды:Жобаның тұжырымдалуы. Бұл кезеңде кәсіпорынның басшылары кәсіпорынның ағымдағы жағдайларын талдайды және оның алдағы мерзімге дамуының басыңқы бағытын анықтайды. Талдаудың нәтижесі бизнес – идея түрінде ресімделеді.Жобаны дайындау (әзірлеу). Жобаның бизнес – идеясы бірінші тексеруден өткеннен кейін, оны қабылдау туралы шешім қабылдайды. Ол шешім а)жағымды немесе б)жағымсыз болуы мүмкін. Бұл кезеңде жоба нақтыланады, жетілдіріледі.Жобаны сараптаудан өткізу. Жобаның өмірлік кезеңінде оны біліктілік экспертизадан өткізген жөн болады. Егер жобаны қаржыландыру үлкен үлесі инвестордың көмегімен болса, онда жобаны экспертизадан инвестор өзі өткізеді (авторитетті консалтингтік фирманың көмегі арқасында).Егер кәсіпорын инвестициялық жобаны меншікті қаражаты есебінен қаржыландырғысы келсе, бұл жағдайда жобаны сараптаудан өткізген жөн болады.Жобаны іске асыру (орындау).Нәтижені бағалау. Нәтижені бағалау жоба аяқталғаннан кейін және оны орындау процесінде жасалынады. Оның мақсаты проектіде салынған идея мен оны нақтылы іске асырудың арасындағы байланысты тексеру.Жобаны талдау практикасы жобаларды әзірлеу тәжірибесін қорытындылауға мүмкіндік тудырады. Инвестициялық жобалардың негізгі типтері келесілер:Ескірген жабдықтарды ауыстыру.Ағымдағы өндірістік шығындарды азайту мақсатында жабдықтарды ауыстыру.Өнімдерді шығаруды ұлғайту немесе рынокқа қызмет көрсетуді ұлғайту.Жаңа өнімдерді шығару мақсатымен кәсіпорынды кеңейту.Қазіргі кезде жобаларды бағалау және шешім қабылдау үшін және олардың қайсысын күрделі салымдар бюджетіне қосу үшін бес критерийлер қолданылады:өтімділік мерзімі (PP) (ӨМ);табыстылық есебі (ARR) (ТЕ);таза келтірілген нәтиже (NPV) (ТКН);ішкі табыстылық (IRR) (ІТ);рентабелдіктің индексі(Pi) (РИ).1Өтімділік мерзімі (DPP) бастапқы жұмсалған инвестицияны қайаруға кеткен жыл санымен анықталады.Өтімділік мерзімін анықтаудың ең бір қарапайым әдісі – бұл жиынтықты ақша ағымының есебі және оның қашан нольге тең болатын мерзімін табу. Мысалы: S жобасы үшін жиынтықты (кумулятивный) ақша ағымы келесі түрде кестеде көрсетілген. Егер компанияның өтімділік мерзімі үш жылға шектелген болса, онда S – жобасы қабылданады,ал L – жоба қабылданбайды.Егерде жобалар баламалы (альтернативті) болған болса, онда S – жоба L – жобамен салыстырғанда артықшылықты болар еді, өйткені S – жобаның ақша қайтарымдылығының мерзімі өте қысқа. Сонымен, баламалылықты анықтаудың нәтижесінде бір жоба қабылданады, ал екіншісі өкінішке орай кері қайтарылады.2Табыстылық есебі (ARR).Рыноктық экономика жағдайында жобалардың тартымдылығының критерийі жұмсалған капиталға алынған табыстылық деңгейі болады.Жобаның табыстылығы капиталдың өсімімен анықталмайды, ол өсімнің қарқынымен анықталады, яғни жобаны іске асырумен байланысты, инвестор тәуекелдігін жабады және қолайлы табыстылық деңгейін қамтамасыз етеді.Сондықтан, инвестор үшін жобаның тартымдылығын бағалау проблемасы, оның табыстылық деңгейін белгілеуге байланысты.Жобаның рентабелдігі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым инвестициялық шығындар тезірек өтеледі. Сондықтан шығындарды өтеу мерзімі неғұрлым қысқа жобалар өтімділікті болады.Соныменен, кез келген жоба келесі схема бойынша іске асырылады:Табыстылық өтімділік мерзімі өтімділік қауыпсыздық. (минималды тәуекелдік деңгейлі)Жобаларды талдау практикасында екі негізгі тәсілдерді қолданады:1)статистикалық (қарапайым)үлгісі және 2)динамикалық(серппінді) үлгі,дисконтталған ақша ағымдарына негізделген. Статистикалық үлгі бойынша бағалауда уақыт факторы есепке алынбайды және а)нақтылы жобаның өтімділік кезеңі мен б)қарапайым пайда нормасы (мөлшерлемесі) анықталады.3 Ішкі пайда мөлшерлемесі – бұл жоба бойынша пайданың бастапқы инвестицияға қатынасымен анықталады. 4.Таза келтірілген құн әдісі (NPV) ТКҚ – әдісі. Бұл әдіс – инвестор үшін таза табысты (пайданы)алуға бағытталған. Сондай-ақ, бұл әдіс жобаны іске асыру арқылы қорытындыланған құнды алуға мүмкіндік тудырады. Таза келтірілген құн – бұл қазіргі құнға келтірілген жобадан түсетін таза ақша түсімі (PV).Бұл әдісті қолдану негізінде еленбейтіндігі:кейбір сенімсіз шығындардың сипаты(амортизациялық төлем);бұрынғы активтерді сатудан табыстар;алынған табыстарды қайта инвестициялау мүмкіндігі және ақшаның уақытша құндылығы;қарапайым пайда нормасы бірдей, жобалардың қайсысын таңдау мүмкіншілігінің болмауы, бірақ инвестициялау көлемі әртүрлі.Дүниежүзілік практикада келесі динамикалық үлгілер ең көп тарағандар қатарына жатады:5Таза келтірілген құн әдісі (NPV)ТКҚ – әдісі. Бұл әдіс–инвестор үшін таза табысты (пайданы) алуға бағытталған.Сондай-ақ, бұл әдіс жобаны іске асыру арқылы қорытындыланған құнды алуға мүмкіндік тудырады. Әртүрлі тиімділік көрсеткіштерін анықтау үшін дисконттау ставкасын(r) таңдауға болады:орташа кредиттік ставканы;дербес пайда нормасын;мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша табыстылық нормасын;ағымдағы(операциялық)жұмыстың табыстылық нормасын;баламалы жобалар бойынша альтернативті табыстылық нормасы.

 

ППППППППППППППППППППП

Пайда корпорация қызметінің негізгі бағалау көрсеткіші ретінде Табыстардың түрлері.Корпорацияның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Корпорацияның табыстылығы абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші – бұл табыстар мен пайдалардың сомасы. Шетелдік арнаулы әдебиеттерде табыстар ұғымы келесідегідей түрде анықталады: Табыстар – дегеніміз қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі. Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар өнімді /жұмысты, қызметті/ өткізуден алынатын табыс, жалпы табыс, негізгі қызметтен алынған табыс, салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс, салық салынғаннан кейінгі табыс, төтенше жағдайлардан алынған табыс, корпорация қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс. Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, заңды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір экономистер экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны корпорация жұмысының тиімділігіне жатқызады. Нарықтық жағдайда табыстың ролі айтарлықтай артты. Сонымен корпорация табыстарына есепті кезеңдегі активтердің көбеюі /ақша қаражаттарының, басқа да мүліктердің келіп түсуін, кіріске алынуын/ және міндеттемелердің азаюы /өтелінуі/ негізінде капиталдың көбеюін /үлес қосушылардың жарналарынан басқа/ яғни экономикалық пайда табуды айтамыз. Мұндай табыстарға: 1.дайын бұйымдар мен тауарларды сатудан алынатын табыстар; 2.қызмет көрсетуден алынатын табыстар; 3.дивиденттер, роялтилер және пайыз түрінде алынатын және т.б. табыстар жатады. Корпорация табыстары негізгі қызметтен түскен және негізгі емес қызметтен түскен табыстар болып бөлінеді. Корпорацияның негізгі қызметтен алынатын табыстары – олардың негізгі өндірісі шығарған тауарларды сатудан, көрсеткен қызметтерден, сондай-ақ орындалған жұмыстардың барысында тапқан табыстары саналады. Негізгі қызметтен алынған табыстарға корпорация жүйесінде келесілер жатады: 1.дайын өнімді /жұмысты, қызметті/ сатудан түскен табыстар; 2.сатылып алынған тауарларды сатудан түскен табыстар; 3.құрылыс-монтаж, ғылыми-іздестіру, геологиялық барлау және т.б. болған табыстар; 4.көлік ұйымдарының жүктер мен жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметтен түскен табыстар; 5.жалға байланысты алынған табыстар; 6.байланыс ұйымдарының қызметінен түскен табыстар; 7.сақтандыру компанияларының қызметінен түскен табыстар; 8.инвестициялық қызметтен түскен табыстар; Бұл табыстардың барлық түрлері үшін корпорацияның бухгалтериясында жекеленген бухгалтерлік шоттар ашылады. Ал корпорацияның негізгі емес қызметінен түскен табыстары дегеніміз –субъектінің нақтылы негізгі қызметтерінен басқа жұмыстарды орындауы барысында тапқан табыстарын айтады. Оларға: 1.корпорацияның материалдық емес активтерін сатудан түскен табыстар; 2.негізгі құралдарды сатудан түскен табыстар; 3.құнды қағаздарды сатудан түскен табыстар; 4.акциялар бойынша дивиденттер мен пайыздардан түскен табыстар; 5.курстық айырмашылықтан түскен табыстар және т.б. Сонымен қатар, корпорацияның мұндай табыстарына басқа заңды және жеке тұлғалардан тегін келіп түскен материалды емес активтер, негізгі құралдавр, материалдар, ақша қаражаттары, айыппұлдар, өсімақылар және т.б. төлемдер жатады. Жалпы пайда - өнімді өткізуден түскен пайда сомасы, негізгі құралдар және тағы басқа корпорацияның сатудан тыс операцияларынан түскен кіріс болып табылады. Бірақ жалпы пайда корпорацияның бухгалтерлік есеп беруінде көрініс таппайтын болғандықтан, корпорацияның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруде көрсетіледі. Ол нормативті құжаттарға сәйкес, яғни стандарт бойынша баланстық пайда деп аталады. Салық салу мақсатына байланысты арналған көрсеткіш – жалпы пайда, ал оның негізінде салық салынатын және салынбайтын пайда болып бөлінеді. Салық салудан кейінгі және басқа да бюджет төлемдерінен кейінгі корпорацияның өзінде қалатын пайда таза пайда болып табылады. Бұл корпорация қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылады. Корпорациядағы таза пайда келесі көздер бойынша бөлінуі мүмкін: 1.резервтік капиталға; 2.дивидендтер төлеуге; 3.тұтыну және әлеуметтік қажеттіліктерге; 4.өндірістік құралдар сатып алуға; 5.кейінге қалдырылған несие төлемдерін жүзеге асыруға және т.б. Корпорация табыстылығын жалпы бағалау үшін активтердің рентабельділігі анықталады. Рентабелділік – шығарылған өнімнің табыстылық дәрежесін сипаттайтын өндіріс тиімділігіне қатысты көрсеткіш. Рентабелділік көрсеткіші сауда-өндірістік процесстің табыстылығын, пайдалылығын көрсетеді. Ол келесі формула бойынша анықталады: Р = Пайда / Өнімнің өзіндік құны * 100. Бұл көрсеткіш корпорацияның барлық салаларындағы жеке және заемддық капиталдарды, яғни ұзақ мерзімді негіздегі жұмылдырылған капиталдардың табыстылығын бағалауға арналған. Рентабелділік көрсеткіштері корпорацияның қаржы-шаруашылық қызметін талдау процесінде, қаржылық жоспарлауда, басқару шешімдерін таңдауда және т.с.с. маңызды орын алады.

Пайданы максималдау мәселесін шешуде операциялық тұтқаның (левередж) мәні. .Қаржылық менеджментте тұтқа-леверидж сөзі пайданы өсіруге бағытталған кәсіпорынның кірістері мен шығыстарын басқару үрдісін көрсетеді. Мұнда нәтижелік көрсеткіш болып кәсіпорынның таза табысы табылады, ол көптеген факторларға байланысты болып келеді. Яғни,басқадай айтқанда оны түсім мен шығынның арасындағы айырма деуге болады. Леверидж-бұл қаржылық жүйедегі белгілі бір фактор болып табылады,оның біраз мөлшерде өзгеруі, нәтижелік көрсеткіштерді біршама өзгертеді. Оның келесі түрлері бар:-өндірістік(операциондық);-қаржылық,-өндірісті-қаржылық.Операциондық леверидж - бұл өндіріс көлемі мен өнімнің өзіндік құнының құрылымын өзгерте отырып баланстық табысқа әсер ету мүмкіндігі.Өзіндік құнның аспектілерін қарастыра отырып кейбір шығындарды азайту арқылы кәсіпорын табысын максимизациялауға мүмкіндік береді. Бірнеше талаптарды орындай келе мынандай қорытындыға келуге болады: Егер кәсіпорын шартты түрдегі тұрақты шығындардың белгілі бір көлемін жасаса, онда түсімнің өзгеруі табыстың өзгеруіне әкеледі. Мұны операциондық леверидждің нәтижесі (ОЛН) деп атайды.Операциондық леверидж нәтижесін кәсіпорынның тәуекелінің мінездемесі ретінде қарастыруға болады. Ал осы нәтижені өнімді өткізуден түскен түсімнің пайыздық өзгеруі негізінде есептеуге болады. ОЛН = ИЭНН/ИЭНН = Q/Q, Q-сату көлемі;Өндірістік леверидждің нәтижесі негізінде қаржылық тұрақтылық қоры (ҚТҚ) деген ұғым туады және де ол кәсіпорынның пайда табуын қамтамасыз етеді. Өндірістік леверидж-өзіндік құн құрылымын және шығарылым көлемін өзгерту арқылы жалпы көлем табысына әсер ету мүмкіндігі. Ол бірқалыпты және өзгеріп отыратын шығындар қатынасымен сипатталады. Өндірістік леверидж дәрежесі келесі формуламен есептелінеді: Лөнд= (С*Q)/GI, мұнда C-маржиналдық табыс (C=P-V), GI-операциялық пайда. Операциялық пайда келесі формуламен табылады: GI=P*Q-V*Q-F; мұнда P-өнімді өткізудің орта бағасы, Q-өнім бірлігінің саны, V-өнім бірлігіне кететін ауыспалы шығындар, F-тұрақты шығындар