ОООООООООООООООООООООООООООООООООООО 4 страница

 

Сақтандыру қатынастарының заңдық негіздері. Сақтандыру нарығының қызметі ҚР Конституциясына, ҚР Азаматтық кодексіне, «Сақтандыру қызметі туралы» заңға негізделген нормативтік-құқықтық актілермен, сондай-ақ ҚР басқа да нормативтік-құқықтық актілерімен реттеледі. 1992 жылы ҚР «Сақтандыру туралы» заңы қабылданғаннан кейін, жарғылық капиталдың аз мөлшері мен салықтық жеңілдіктер, олардың қызметі үшін жағымды жағдай жасау мен сақтандыру ұйымдарын ашудың жеткілікті қысқартылған тәртібі – Қаз-да «сақтандыру дүмпуінің» пайда болуына себеп болды. Егер 1991 жылдың аяғында бірнеше ғана компания тіркелген болса, 1994 жылдың сәуір айында олардың саны 500-ден асты. Заңның жағымды әсері болғанына қарамастан, оның бірқатар кемшіліктері болды: Сақтандыру ұйымдарына төмен деңгейлі талаптар қойылды; Негізгі қызметтен тыс кәсіпкерліктің басқа түрлерімен де айналысуға рұқсат берілді; Салықты реттеудегі кемшіліктер. 2000 жылғы 18 желтоқсанда ҚР «Сақтандыру қызметі туралы» Заңы қабылданды. Заң жобасының негізгі мақсаты жинақтап өмірді сақтандыруды дамыту мақсатында ҚР сақтандыру заңнамасын одан әрі жетілдіру қажеттілігі, сақтандыру делдалдығы қызметінің дәл құқықтық негіздерін белгілеу, сақтандыру статистикасының толыққанды базасын қалыптастыру жолымен тарифтік саясат мәселелерін шешу, отандық практика мен халықаралық тәжірибені ескере отырып, сақтандыру нарығының инфрақұрылымын дамыту болып табылады. "Сақтандыру қызметі туралы" заң уәкілетті органға сақтандыру нарығына қатысушылардың қызметін тиімді реттеуге мүмкіндік беретін, егер оған ірі қатысушы болмаса құрамы мен жағдайы заңнамалық актілермен белгіленетін сақтандырудың міндетті түрлерін сақтандыру ұйымына жүзеге асыру құқынан айыратын өзгеріс енгізілетін болды. Заң жобасы еліміздің бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Атап айтқанда, 1999 жылғы 1 шілдедегі ҚР Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім), «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы ҚР Заңына, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы ҚР Заңына, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы ҚР Заңына түзетулер енгізу қарастырылған. Аталған заң жобасының негізгі тұжырымдамалық бағыттарына тоқталсақ, біріншіден, жинақтап өмірді сақтандыруды дамыту көзделіп отыр. Сақтандыру агенттерінің қызметіне біліктілік талаптарын белгілеу жолымен талаптарды көтеру көзделуде. Атап айтқанда, сақтандыру ұйымының сақтандыру агенттерін оқытудың ең аз бағдарламасы бойынша емтихан тапсырғандығын растайтын құжатты кейіннен бере отырып, оқытуды жүргізу, міндетті түрде сақтандыру агенттерінің тізілімін енгізу туралы талқыланды. 2010 жылдың 23 қаңтарында Мемлекет басшысы еліміздегі және халықаралық тәжірибені ескере отырып, міндетті сақтандыру саласындағы тетіктерді жетілдіруге бағытталған «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

 

Сақтандыру қатынастарының материалдық тасушысы ретіндегі сақтандыру қоры және оны қалыптастыру әдістері. Сақтандыру қоры - дүлей апаттар мен басқа да төтенше уақиғалар келтірген зиянның алдын алуға, жоюға және орнын толтыруға арналған заттай және қаржы қорлары нысанында құрылатын қаражаттың босалқы қоры. Қоғамның сақтық қорларының құрамдас бөлігі болып табылады. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бюджеті, мемлекеттік сақтандыру қорлары,кооперативтік ,акционерлік және басқа қорлар.сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру қорлары ерекше сақтандыру қоры ретінде әрекет етеді. Сақтандыру әдісімен құрылатын сақтандыру қоры тіркелген сақтандыру төлемінің түсімі есебінен құралады және тек сактандыру өтемі мен сақтандыру сомасын төлеу үшін ғана пайдаланылады.

Сақтандыру қоры – биржада жасалған мәмiлелердiң орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тауар биржасы және (немесе) оның клирингтiк ұйымы тауар биржасы мүшелерiнiң мiндеттi жарналары есебiнен қалыптастыратын ақша қоры;

Сақтандыру қорын қалыптастыру тәртібі: - cақтандыру қорын тауар биржасы қалыптастырған жағдайда ол тауар биржасы мүшелерінің міндетті жарналары есебінен қалыптастырылады. - cақтандыру қорын клирингтік ұйым қалыптастырған жағдайда ол тауар биржасының клирингтік ұйымымен клирингтік қызмет көрсету шарты бар тауар биржасы мүшелерінің міндетті жарналары есебінен қалыптастырылады. - cақтандыру қоры ақшалай түрде қалыптастырылады және бөлек төмендетілмейтін қалдық түрінде тауар биржасының ағымдағы есебінде тұруы тиіс. Бұл ретте сақтандыру қоры тауар биржасы қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданылуы ішінде калыптастырылады.- cақтандыру қорына тауар биржасы мүшесінің міндетті жарнасының мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. - Биржадан мүшеліктен шыққан жағдайда және биржа және (немесе) клирингтік ұйым алдында, сондай-ақ тауар биржасы және (немесе) клирингтік ұйымның қатысуымен орындалатын биржалық мәмілелер бойынша берешектері болмаған жағдайда сақтандыру қорындағы қаражат биржаның мүшелеріне олардың өтініші бойынша қайтарылуға жатады.

Cақтандыру қорларын пайдалану тәртібі: -Тауар биржасының кепілдік беру қоры және тауар биржасының және (немесе) оның клирингтік ұйымының сақтандыру қоры сауда-саттыққа қатысушылар жасаған биржалық мәмілелер бойынша өздерінің ақшалай міндеттемелерін орындамаған жағдайда тауар биржасы немесе оның клирингтік ұйымының өтімділігін жоғалту тәуекелінің орнын толтыруға арналған

Сақтандыру операцияларының қаржылық тұрақтылығын нығайту әдісі ретіндегі қайта сақтандыру. Қайта сақтандыру-сақтан-у опер-ның қарж тұрақт нығайту әдісі ретінде: қайта сақтандыру – өздерінің арасында жасалған қайта сақтандыру шартына сəйкес бір жағынан қайта сақтанушының сақтандыру тəуекелдерінің бəрін немесе бір бөлігін қайта сақтандыруға беруіне жəне екінші жағынан осы тəуекелдерді қайта сақтандыру ұйымының қабылдауына байланысты туындайтын қызмет жəне соған байланысты қатынастар. қайта сақтандыру ұйымы (қайта сақтандырушы) – уəкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде қайта сақтандыру шарттарын жасасу жəне орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға. қайта сақтандырушы (цедент) – өзі қабылдаған сақтандыру тəуекелдерін қайта сақтандыруға беруді жүзеге асыратын сақтандыру немесе қайта сақтандыру ұйымы. Сақтандыру жауапкершілігінің көлемін өсіру процнсіндегі сақтандыру ұйымы жүргізетін қызметтің бастапқы кезінде де қайта сақтандырудың рөлі ерекше. Қайта сақтандыру мемл сақтандыру арқылы да, сондай-ақ өзге де сақтандыру компаниялармен де жүзеге асырылуы мүмкін. Келісуші жақтар жасаған қайта сақтандыруды өзара жүргізу келісімі жартылай ығысушы компания мен қайта сақтандырушы деп аталады, яғни ығысушы компания орын беруге келіседі, ал қайта сақтандырушы келісімде айтылған шарт жағдайында қатердің нақты бір үлесін өзіне қабылдайды. Ығысушы болып қатерді қабылдап, оның жартысын қайта сақтандырушыға беретін сақтандыру компаниясының өзі болып табылады және де басқа компаниялар болуы ықтимал, сол секілді ығысушы қатерді қабылдайтын қайта сақтандырушы компанияда б.т. Қайта сақтандыру пропорционалды және пропорционалды емес болып бөлінеді. Пропорционалды қайта сақтандырудан шарт жасалады, ол қатысушы жақтардың үлесін немесе ығысушы компания мен қайта сақтандырушының сақтандырылған соманың функция болып есептелген қатысын анықтайды. Отандық қайта сақтандыру жүйесiн дамыту сақтандыру нарығындағы өз мүмкiншiлiгiн барынша пайдалана отырып iрi тәуекелдердi шетелдiк сақтандыру (қайта сақтандыру) компанияларына сенiмдi орналастыруды қамтамасыз ету бағытында жүргiзуi керек. Қолданылып жүрген сақтандыру заңдарына қазақстандық кәсiпқой қайта сақтандырушының сақтандыру нарығындағы орны айқындалмаған, Қазақстан Республикасында қайта сақтандыру тетiгiнiң жұмыс iстеу негiзi толық күйiнде жасалып бiтпеген. Мемсаққадағалау мен сақтандырушылар одағы қайта сақтандырудың ұлттық нарығын құру мәселелерiн зерделейдi және 1997 жылдың I-жарты жылдығында тиiстi ұсынысты әзiрлейдi.Сақтандырушылардың қызметi өздерiнiң тәуекелдерiн iрi, қаржысы тұрақты ұлттық және шетелдiк сақтандыру немесе қайта сақтандыру ұйымдарында қайта сақтандыруға бағытталуы қажет. Осыған байланысты отандық нарықтағы шетелдiк қайта сақтандырушылардың қызметiн реттеудiң құқықтық нормалары одан әрi жетiлдiрiлуi керек. Мұндай нормалар қатарында: шетелдiк қайта сақтандырушылардың компания-цедентке қаражатын ақша нысанында, мiндеттi депозит ретiнде енгiзуi, керi шақырылмайтын депозиттi Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкiне орналастыру, сондай-ақ басқа да талаптар болуы мүмкiн. Қазақстандық сақтандырушылар үшiн қайта сақтандырушылардың сенiмдiлiгi мен оны анықтаудың өлшемi барған сайын өткiр қойылуда. Осыған байланысты Мемсаққадағалау мен сақтандырушылар бiрлестiгiнiң алдында қайта сақтандырушылардың сенiмдiлiгiн қадағалау органының, цеденттiң және сақтандыру брокерiнiң кешендi бағалауы жөнiнде ұсыным жасау мiндетi тұр. Өздерiнiң қайта сақтандыру қызметтерiнде қазақстандық сақтандырушылардың Қазақстан Республикасында тiркелген шетелдiк сақтандыру, қайта сақтандыру және брокерлiк ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң қызметтерiн пайдаланғандары жөн. Қайта сақтандыру мәселелерi бойынша кешендi шараларды жүзеге асыру мақсатында Мемсаққадағалау сақтандырушылар бiрлестiгiмен бiрлесiп 1996 жылдың IV тоқсанында қайта сақтандыру операцияларын жүргiзу тәртiбi туралы әдiстемелiк ұсынымның жобасын жасауы қажет.

 

Сақтандыру тарифтерінің түсінігі, құрамы мен құрылымы.Сақтық тарифі( тарифтік мөлшерлеме, сақтандыру сыйакқысының мөлшерлемесі). Бұл сақтандыру тәуекелінің «прейснкуранттық « болып табылады. Сақтық тарифі арқылы сақтандыру сыйақысы есептеледі. Сақтық тарифі сақтандыру сомасынан 100 бірлігінен тіркеулі ақшалай төле түрінде және сақтандыру сомасынан 2-ші көрсеткіш кеңінен қолданылады.Сақтық тарифтері сақтандырудың сақтандыру төлемдеріне жұмсаған, істі жүргізуге жұмсаған шығындарды өтей алатындай немесе табыстың шығындардан шама жоғары болуын қамтамасыз ететіндей деңгейде құрылу тиіс.Сақтандыру тарифінің құрлымы. Сақтандыру сыйақысының есептеу үшін қороданылатын толық сақтық тарифі брутто мөлшері деп аталады. Брутто мөлшері нетто мөлшері немесе салмақтан тұрады.Актуарлық есептің мәні. Актуарлық есептеулер бұл тарифтік мөлшерлерін, сондай ақ шаралардың резервтерін, ұзақ мерзімді сақтандыру бойынша сақтандыру сыйақыларын есептеудің экономикалық –математикалық әдістерінің жиынтығы болып табылады.Актуарлық есеп үлкен сандар заңын, ықтималдық теориясын, жол апаттардвн, өлімнің, жаңсақтанудың, табиғи апаттардың және басқа да қолайсыз жағдайда статистиканы қолдануды қамтамсыз етеді.Актуариий ( лат.actuaries сөзінен есепші, жазушы) бұл актуарийй есептердің теориясын және әдістерін білдіреді. Сақтандыру математика бойынша маман болып табылады. Актуарлық есеп айырысулар:1)Сақтандыру тарифінің құрылу міндеттері және мәні.2)Тарифтік ствканың құрамы мен құрылымы.Сақтандыру сыныбы (түрі) бойынша тарифтік мөлшерлемелерді есептеуде сақтандыру тарифтерін есептеу әдісі туралы мынадай ақпарат бар:1)сақтандыру тарифтерін есептеудің пайдаланылған әдісі бойынша ақпараттың дерек көзі туралы толық мәліметтер;2)сақтандыру тарифтерін есептеудің пайдаланылған әдісін толық сипаттау.Сақтандыру тарифтерін есептеу әдістерін сипаттау тікелей есептеуден бөлек жазылады. Сақтандыру тарифтерін есептеу әдістері мынадай құрастырылатын сақтандыру тарифін айқындайды:1)нетто-ставка;2)тәуекел үстемақысы;3)жүктеу;4)брутто-ставка.Сақтандыру тарифтерін есептеу әдістерінің бірдейлігі және сәйкес келуі пайдаланылатын бастапқы статистикалық деректермен мынадай критерийлер арқылы айқындалады:1)есептеу әдісіне сәйкес сақтандыру тарифтерін есептеуге қатысатын бастапқы статистикалық деректермен және есептеу параметрлерінің арасындағы сәйкестік;2)сақтандыру тарифтерін есептеудің таңдап алынған әдісі сақтандыру тарифтерінің шамасына әсер ететін есепті көрсеткіштердің артуына немесе азаю үрдістерін, сақтандыру жағдайының болу ықтималдығын, шығын ауыртпалығының көрсеткішін, шығын коэффициентін және басқаларды ескереді;3)таңдап алынған әдіске сәйкес жасалған сақтандыру тарифтерін есептеудің аралық және соңғы нәтижелеріндегі экономикалық мағынаның болуы (экономикалық мақсатқа лайықтығы).Сақтандыру тарифтерін есептеу барысында бастапқы статистикалық деректерді қолдану үшін мынадай қағидаттар мен талаптардың бірін сақтау қажет:1)сақтандыру тарифтерін есептеу сақтандыру сыныбы (түрі) бойынша сақтандыру тарифінің шамасына барынша ықпал ететін бір немесе бірнеше негізгі сақтандыру тәуекелі бойынша бастапқы статистикалық деректердің негізінде жүргізіледі;2)сақтандыру тарифтерін есептеу сақтандырумен өтелетін тәуекелдің барлық түрі бойынша жиынтық бастапқы статистикалық деректердің қорытындысы негізінде жүргізіледі.

 

Сақтандыру экономикалық категория ретінде. Сақтандырудың функциялары, олардың шаруашылық үдерісіндегі көрінуі және ерекшелігі.Қаржы нарығының ең маңызды салаларының бірі сақтандыру нарығы. Сақтандыру дегеніміз екі жақ тәуекелге бара отырып, бір жағы екінші жағын сақтандыруға келісімін береді. Сақтандыру адамдарды әр түрлі қауіп қатерлер мен апаттардың залалдарынан қорғаудың бұрыннан келе жатқан әдісі. Сақтандырудың мән мағынасына қарай отырып, сақтандыру нарығының мына төмендегідей негізгі міндеттерін бөліп көрсеткен дұрыс: -реттеуші нарық, басқалар сияқты мемлекет тарапынан реттеліп отырады. –коммерциялық сақтандыру операцияларын жүзеге асырудан түсетін табыстарды қамтамасыз етеді. – бағалық компанияның сақтандыру қызметінің бағасын белгілеуді қамтамасыз етеді. – сенімділік функциясы сақтандыру операциялары қолайсыз, тағы басқа жағдайлар туындағанда сенімділікті қамтамасыз етеді. Сақтандырудың мына төмендегідей түрлері бар: 1.салалық белгісі бойынша: -өмірді сақтандыру нарығы; -мүліктерді сақтандыру нарығы; -жауапкершілікті сақтандыру нарығы; -бақытсыздық жағдайлардан сақтандыру нарығы. 2. Ауқымы жақтан: - ұлттық - аймақтық - халықаралық. 3.Сақтандыру индустриясының ұйымдастыру құқықтық түрлеріне байланысты: -мемлкеттік сақтандыру; -акционерлік қоғамдар жүргізетін сақтандыру; -Сақтандыру қорларын сәйкесінше құрайтын өзара сақтандыру. 4. Жүзеге асырылу түрлері бойынша: - міндетті - ерікті 5. Объектілер бойынша: - жеке – мүліктік. Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндірістік үдерістерді қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады. Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді: 1) қатынастардың ықтималдық сипаты; 2) қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымдa мемлекеттік, өңірлік деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде). Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау функциялары сай келеді. Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлгіштік функция ретінде көрінуі. Сақтандыру кезінде қоғамдық өндіріс үдерісінде белгілі бір қауіп-қатердің болуымен байланысты ақшалай қайта бөлгіштік қатынастар пайда болады. Бақылау функциясы сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді. Сақтық қатынастарының бір бөлігінің салыстырмалы жалпы бағыттылығы мен (кең арналымдағы резервтік қорларды пайдалана отырып) қоғамдық қорғаудың жүйесі арқылы тиісті ақшалай қаражаттардың арналымы болады. Бұл қатынастар мен қорлар байланған және жалпыұлттық сипаты бар төтенше уақиғаларды ескертуге және жоюға бағытталған. Сақтандырудың жалпы жүйесінің салыстырмалы дербес бөлігі медициналық сақтандыру болып табылады. Сақтандыру кезінде сақтық резервтері мен қорларын қалыптастырудың екі негізгі әдісі қолданылады, олар: бюджеттік және сақтық әдістері. Сақтық әдісі қорларды шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады; жарналардың мөлшері және оларды төлеудің тәртібі сақтандырудың түріне қарай немесе заңмен не сақтық қатынастарының қатысушылары арасындағы арнайы келісімшартпен анықталады. Сақтық қатынастарының бірінші бөлігінде – қоғамдық қорғауда бюджеттік әдіс пайдаланылады, екінші бөлікте – әлеуметтік сақтандыруда – қос әдіс, үшінші бөлікте – мүліктік және жеке басты сақтандыруда тек сақтық әдісi пайдаланылады. Сақтық қорлары – қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын ала болжануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған қоғамның резервтік қорлары жүйесінің қажетті құрамды бөлігі, материалдық-заттай иелері, сақтық қатынастардың негізі. Сақтық қорларының басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын ала тұтыну қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол – табыс ретінде тұтынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстардың бірден-бір бөлігі. Сақтық қорлары ұлттық шаруашылықтағы сан алуан көлденең үйлесімсіздікдерді ескертуге арналған қоғамның резервтік қорларының анағұрлым кең жүйесінің қажетті құрамды бөлігі болып табылады. Сақтық қор сақтық төлемдері деп аталатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықтың жарналары есебінен құрылады. Сақтандырылушылардың жарналары есебінен жасалынатын сақтық қорлары белгілі бір уақытта тікелей арналымында – сақтық төлемдерін төлеу үшін пайдаланылмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда сақтық қорларының қаражаттары қосымша табыс алу үшін коммерциялық айналымға жіберілуі мүмкін. Өз кезегінде, бұл табыстардың бір бөлігін клиенттерді тарту үшін сақтық қызметтерінің бағасын төмендетуге бағыттаған орынды. Сақтық ұйымдарының осыған ұқсас операциясы сақтық рыногында пайдалырақ шарттарда қолайсыз түрлі жағдайлардың салдарлары кезіндегі ысыраптар мен залалдардан қашқысы келетін клиенттерді тарту жөніндегі бәсекенің пайда болуына жәрдемдеседі. Сақтандыру табыс (пайда) түсіру мақсатымен коммерцияның шектес сфераларына қаражаттарды инвестициялау жөніндегі сақтық ұйымдарының қызметі сақтық ісі ретінде болады. Сақтандыру келісімшарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтық сыйақыларын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтық жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе оның пайдасына келісімшарт жасалған өзге де тұлғаға (пайда алушыға) келісімшартта белгіленген соманың шегінде сақтық өтемін төлеуге міндеттенеді. Сақтық қызметі – сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) келісімшарттарын жасау мен орындауға байланысты ҚР заңнамаларының талаптарына сәйкес уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызмет. міндеттілік дәрежесі бойынша – ерікті және міндетті; сақтандыру объектісі бойынша – жеке басты және мүліктік; сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша – жинақтаушы және жинақтаушы емес. Ерікті сақтандыру – тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Міндетті сақтандыру – заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті сақтандыру кезінде сақтанушы сақтандырушымен осы сақтық қатынастарды реттейтін құқықтық актімен белгіленген жағдайларда келісімшарт жасасуы міндетті. Салалық белгiсi бойынша материалдық өндiрic сферасында мемлекеттiң шығыстары өнеркәсiпке, құрылыcқa, ауыл шарушалығына, көлiк пен байланысқа, саудаға, жабдықтау мен дайындауға жұмсалатын шығындарға бөлiнедi; өндiрiстiк емес сферада бiлiм беру, ғылым, денсаулық сақтау мен дене шынықтыру, әлеуметтiк сақтандырy мен әлеуметтiк қамсыздандыру, қорғаныс, басқару шығындары болып бөлiнедi.

 

Сақтандыруды жүргізудің нысандары мен әдістері Сақтандыру нысандары:
1) мiндеттiлiк дәрежесi бойынша - ерiктi және мiндеттi;