ОООООООООООООООООООООООООООООООООООО 8 страница

Салықтық кодекстің салықтық қатынастарды құқықтық реттеудегі рөлі Салыктар- занды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде, мерзімде мемлекеттік бюджетке теленетін міндетті төлемдері

Салық кодексі - салықты және бюджетке төленетін басқа да міндтті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші арасында салық міндетін орындауға б/ты қатынастарды реттейді.

ҚР салық заңдары Салық Кодексінен, сондай ақ қабылданған салық кодексінде көзделген нормативтіе құқықтық актілерден тұрады.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық кодексінде көзделмеген міндет ешкімге жүктелінуге тиіс емес. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Салық кодексінде белгіленген тәртіпте және жағдайларда белгіленеді, енгізіледі, өзгертіледі н/се күшін жояды. Салық кодексі мен ҚР-ның басқа да заң актілерінің арасында қайшылықтар болған кезде, салық салу мақсатында салық кодексінің нормалары қолданылады. Салық кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда салық қатынасын реттейтін нормаларды салықтық емес заңдарға енгізуге тиым салынады. Салық заңдары ҚР бүкіл аумағында қолданылатын болады, сонымен бірге жеке тұлғалар және заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелері қолданылады, Салық кодексінде жаңа салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер белгілеу, қолданыстағы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер ставкалары мен салық базасын өзгерту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізетін ҚР-ның заң актілері ағымдағы жылдың 1желтоқсанынан кешіктірілмейтіндей қабылданады және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қана қолданысқа енгізілуі мүмкін.

 

Салықтық міндеттеме: пайда болуы, орындалуы, тоқтатылу негіздері Салық міндеттемесі. Салық төлеушінің ҚР-ның салық заңнамасына сәйкес мемлкет алдында туындайтын міндеттемесі салық міндеттемесі деп танылады, оған орай салық төлеуші салық органында тіркелу есебіне тұруға, салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді айқындауға, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге, салықтық нысандарды жасауға, салық тіркелімдерін қоспағанда, салықтық нысандарды салық органына белгіленген мерзімде табыс етуге, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті. Мемлкеттің салық қызметі органы арқылы салық төлеушіден оның салық міндеттемесін толық көлемде орындауын талап етуге, ал салық міндеттемесі орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда Кодексте көзделген тәртіппен оларды қамтамасыз ету жөніндегі тәсілдерді және мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқығы бар.Салық міндеттемелерін орындау. Салық төлеуші салық міндеттемесін орындау мынандай іс әрекеттер жасайды:1.Салық органында тіркелу есебінде тұрады;2.Салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды жүргізеді;3.Салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді, салық базасы мен салық ставкаларын негізге ала отырып, салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да міндетті төлемдердің сомасын есептейді. 4.Салық тіркелімдерін қоспағанда, салықтық нысандарды жасайды және белгіленген тәртіппен салық қызметі органдарына табыс етеді;5.Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есптелген және есепке жазылған сомасын, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді төлейді. Қолма-қол емес нысанда орындалатын салық төлеушінің салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесі, сондай ақ өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу бойынша міндеттеме банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасына төлем тапсырмасының акцептін алған күннен бастап немесе банкоматтар немесе өзге де электрондық құрылғылар арқылы төлемді жүзеге асырған күннен бастап, ал қолма-қол нысанда – салық төлеуші көрсетілген соманы банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, уәкілетті мемлекеттік органға, жергілікті атқарушы органға енгізген күннен бастап орындалған болып саналады. Салықты, бюджетке төленетін басқада мін. төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесі, сондай ақ өсімпұлдар мен айыппұлдар төлеу бойынша міндеттеме Кодексте, ҚР-ның акционерлік қоғамдардың қызметін реттейтін заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды, сондай-ақ ҚР-ның заңнамасында және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың ережелерінде төлеудің заттай нысаны немесе шетелдік валютада төлеу көзделген жағдайларды қоспағанда, ұлттық валютамен орындалады.Салық міндеттемесінің тоқтатылулы:1.Жеке тұлғаның салық міндеттемесі: Қайтыс болғанда; Күшіне енген сот шешімі негізінде оны қайтыс болды деп жариялағанда тоқтатылады.2.Дара кәсіпкердің салық міндеттемесі дара кәсіпкер ҚР-ның заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметін тоқтатқаннан кейін тоқтатылады;3.Заңды тұлғаның салық міндеттемесе: Таратылғаннан кейін; Қосылу, бірігу және бөліну жолымен қайта ұйымдастырылғаннан кейін тоқтатылады.

 

 

Сауда несиенің бағасы және құрамдас бөліктері. Кредитті қамтамасыз ету бойынша ұсыным жасау әкімшілік шығындарды көбейтетіндіктен қарыз алушылар одан қашады. Сонда да төлем қабілеттілігі төмен фирмалар кейбір жағдайларда қысқа мерзіді кредитпен қамтамасыз етілуге мән береді. Ол жағдайлар :Банк кредитті тек кепілдікке ғана бере алады;Кепілдікті ұсыну кредиттің пайызын төмендете алады;Кредитпен қамтамасыз етудің бірнеше типтерібар:Жер;Ғимараттар;Құралжабдықтар;Дебиторлықберешектер;Өтімділігі жоғары акциялармен облигациялар;Жоғары деңгейлі қамтамасыз ету – өтімділігі жоғары бағалы қағаздар. Ал жер,ғимараттар, құрал-жабдықтар көбінесе ұзақ мерзімді кредиттерді қамтамасыз етуде қолданылса, дебиторлық берешектер қысқа мерзімді кредиттерді қамтамасыз етуде қолданылады.Жұмыстар,қызметтер,тауарлар үшін кредиторлық берешек.Негізінен фирмалартауарларды басқа фирмалардан кредитке алады. Бұл қарыз кредиторлық берешек ретінде (сауда кредиті) қарастырылады. Кредиторлық берешек – орташа кәсіпорынның 40% құрайтын, қысқа мерзімді міндеттемелердің негізгі бөлімі болып табылады. Бұл берешектің бөлігі шағын фирмаларда жоғары болуы мүмкін. Себебі олар ірі фирмалар сияқты қаржыландырудың басқа көздеріне қол жеткізе алмайды.Кредитке сатып алу кезінде мәміле сомасы сатушының құжаттарында дебиторлық берешек болса, сатып алушының құжатында кредиторлық берешек болып белгіленеді. Егер кредиторлық берешек дебиторлық берешектен асып кетсе, ол сауда кредиті нетто-алу болады. Егер дебиторлық берешек кредиторлық берешектен асып кетсе , ол сауда кредиті нетто- беру болады. Сауда кредитінің компоненттері :Ақысыз сауда кредиті – жеңілдіктің мерзімі ішінде алуға болатын кредит;Ақылы сауда кредиті – ақысы жеңілдіктен бас тарту болып табылатын кредит.

 

Ссудалық капитал және оның ерекшеліктері. Ссудалық капиталды қалыптастырудың қайнар көздері Ссудалық капиталды сақтайтын әрі ұлғайтатын ссудалық пайыздың қызметі кредит беруші ретінде банктің кредиттік қабілетін сақтаумен және арттырумен байланысты. Ссудалық пайыз қарыз алушыны банк берген кредитті толық әрі уақытылы өтеуі үшін экономикалық тұрғыдан ынталандыра отырып, ссуда қорын сақтайды әрі ұлғайтады. Пайыз еркін ақшалай капитал мен табысты ссудалық капиталға айналдыратын, оны сақтап, көбейтетін қозғаушы күш болып табылады. Ссудалық қор құнының сақталуына кепілдік беретін пайыз экономиканың алға басып дамуына объективті алғышарттар тудырады. Кредит беруші банктің экономикалық мүддесі пайыздан білінбек. Ссудалық пайызды алу оның қызметінің негізгі мақсаты болып табылады. Пайыздың есебінен оның аппарыты, материалдық техникалық базасы бойынша және басқа да операциялық шығындары өтеледі. Пайыз есебінен өз пайдасын алып, ссудалық капиталды арттырады. Экономикада ссудалық пайыздың рөлін тұтастай күшейту әрі оны экономикалық реттеудің қозғаушы элементіне айналдыру елдегі экономикалық ахуалдың жағдайымен және реформаның барысымен тікелей байланысты. Сызықты құрылым басқарудың барлық функцияларын бір қолға шоғырландырған сызықты басқарушының жағынан орындаушыларға тікелей ықпал етуді білдіреді. Берілген құрылым жобаны басқару міндеті қарапайым болған кезде жұмыстардың үлкен емес көлемі кезінде ғана қолданыла алады.Сыныптаманың матасқан қатары ретінде буындарда жоғары разрядтың элементтері болады: қаржылық қатынастар, қаржылық қорлар, басқарушы аппарат. Жүйелеудің мұндай қасиеті қаржы жүйесіне интеграциялық сипат береді. Сонымен бірге жалпы институционалдық тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан – ол мемлекетте іс-әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржылық қатынастардың жиынтығы екенін естен шығармаған жөн. Елдің біртұтас қаржы жүйесі–тиісті ақшалай қорлар құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығы. Қаржы үйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз. Қаржы жүйесі терминінің келтірілген анықтамасында қаржының мәндік сипаттамасын, оның қоғамдық-экономикалық үдерістегі орнын негіздей отырып, қаржы жүйесін сыныптаудың қағидалы моделі қойылған. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі мынадай үш бөліктен тұрады: 1) қаржылық қатынастардың жиынтығы; 2) ақшалай қорлардың жиынтығы; 3) басқарудың қаржылық аппараты. ҚР-да макро- және микроэкономиканың қаржы жүйесінің құрамы қаржылық қатынастардың біршама дербес мына буындарынан тұрады: 1) мемлекеттің бюджет жүйесі; 2) арнаулы бюджеттен тыс қорлар; 3) мемлекеттік кредит; 4) жергілікті қаржы; 5) шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы; 6) халықтың (үй шаруашылықтарының) қаржысы. Қаржы жүйесінің функциялық құрылысы мынадай негізгі қағидаттарды қанағаттандыруы тиіс: біріншіден, қаржы жүйесінің жеке алынған әрбір буыны ақшалай қатынастардың аса кең шеңберін қамти алады, бұл жалпы категория болып табылатын «қаржыға» ғана тән қасиет; екіншіден, тұтастай алынған қаржы жүйесі әрбір нақты сәтте объективті экономикалық категория ретінде қаржының қағидалы мәндік сипаттамаларына және функиялық арналымына дәл сәйкес келуі тиіс. Қаржы жүйесін құрудың негізіне мына қағидаттар қойылған: Қаржы жүйесін ұйымдастыруда централизмменде мократизмнің үйлесуі. Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орталықтандырылған басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына және шаруашылық жүргізуші субъектілерге кең құқық пен дербестік берілген. Бұл қағидат жергілікті қаржы органдарының тиісті жергілікті әкімшілікке және жоғарғы қаржы органдарына екі жақты бағынышты жүйесін алдын ала айқындайды. Ұлттық және өңірлік мүдделерді сақтау. Өңірлердідамытудың әлеуметтік жағынан қабылдауға болатын деңгейі сияқты бұл қағидаттың талаптары да қаржылық қатынастарда ұлттық теңдікті қамтамасыз етуге шақырады. Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты орталық қаржы органдары арқылы мемлекеттің жүргізіп отырған бірыңғай мақсаттарымен алдын ала айқындалып отырады. Қаржы жүйесінің жекелеген құрамды элементтерінің функциялық арналым қағидаты қаржының әр буыны өз міндеттерін шешіп отыратындығынан көрінеді. Оған айрықша қаржылық аппарат сәйкес келеді. Қазіргі кезде қаржы жүйесі терең өзгерістерге ұшырап, қайта құрылуда. Каржы жүйесін қайта құрудың басты міндеті оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандырып, одан ары тездетуге қаржы жүйесінің ықпал етуін күшейту, ұлттық табыстың үздіксіз өсуін қамтамасыз ету, өндірістің барлық буындарында шаруашылық-коммерциялық есепті нығайту болып табылады.

 

Сыртқы экономикалық қатынастар жүйесіндегі қаржы. Сыртқы экономикалық қызметтерді реттеудің нысандары мен әдістері. Қызметтің сыртқы экономикалық сферасы мемлекеттің, оның жеке және заңи тұлғаларының ұқсас шетелдік қатысушылармен және халықаралық қаржы-кредит институттарымен сауда, кредиттік, салықтық, инвестициялық, борыштық, есеп-қисаптық, сақтық, трансферттік және өзге операциялар кезінде қатысуымен байланысты қатынастардың кең шеңберін қамтиды. Басқаша айтқанда, бұл – валюталық есеп-қисап жүйесі ортақтастыратын резиденттердің бейрезиденттермен, елдің экономикалық агенттерінің «үшінші дүниемен» (Ұлттық шоттар жүйесінің түсіндірмесі бойынша) қатынастары. Бұл қатынастарда және сыртқы экономикалық байланыстар жүйесінде қаржы үлкен рөл атқарады. Ол шаруашылық жүргізудің экономикалық құралы ретінде Қазақстанның әлемдік экономикаға ықпалдасуын жүзеге асыру үшін пайдаланылады. Халықаралық экономикалық байланыстар сферасында қалыптасып отырған қаржылық механизм Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығы саласында мемлекеттің қаржылық саясатын іске асырудың құралы болып табылады

Дамудың қазіргі кезеңінде сыртқы экономикалық байланыстарға мыналар жатады:

1) сыртқы сауда – тауарларды, қызметтерді, жұмыстарды, ақпаратты, интеллектуалдық қызмет нәтижелерін халықаралық айырбастау саласындағы кәсіптік қызмет;

2) шетелдік инвестициялау: капиталды жұмсау, бірлескен кәсіпкерлік, соның ішінде заңи тұлғалардың мүлкіне акциялар және басқа бағалы қағаздар арқылы үлестік қатысу, концессиялар – елдің аумағында шаруашылық және өзге қызметті жүзеге асыру үшін мемлекет меншігіндегі табиғат ресурстарын, әр түрлі объектілерді пайдалануға мүлік құқықтарын алу, меншікті жалдау;

3) халықаралық қаржы-кредит ұйымдарына қатысуы; сыртқы экономикалық қызметтің бұл нысанымен шетелдік кредиттер мен қарыздарды беруге байланысты және халықаралық қаржы және басқа ұйымдарға жарналар төленеді;

4) ғылым, техника, мәдениет, туризм, спорт салаларындағы ынтымақтастық;

5) шет елдерде елшіліктерді, консулдықтарды және басқа қызметкерлерді ұстау жөніндегі есеп- айырысымдарын жүргізу.

Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу әр түрлі нысандар мен әдістерді кіріктіреді. Реттеудің негізгі нысандары мыналар болып табылады:

1) сыртқы экономикалық қызметті қаржыландыру;

2) салық салу;

3) инвестициялау;

4) сыртқы қарыз алу;

5) сыртқы берешек

6) экспортты қаражаттандыру

Реттеу әдістері көрсетілген нысандарға сай келеді және тура, сондай-ақ жанама әдістерді кіріктіреді.

Тура әдістерге реттеудің әкімшілік нысандары: лицензиялар мен квоталар жатады. Экспорт пен импортты лицензиялау мен квоталау* шикізаттық ресурстар мен тауар қорларының шектеулігі жағдайында ішкі рынокты толтырып, тұрақтандыру мақсатымен уақытша шаралар ретінде пайдаланылады. Сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке (сыртқы саудаға, валюталық операцияларға және басқаларға) мемлекеттік монополия** қойылуы мүмкін.

Реттеменің жанама немесе экономикалық әдістері неғұрлым пәрменді және дамыған сыртқы экономикалық қатынастарға сай болып табылады. Бұларға салықтар, соның ішінде кеден баждары, валюта бағамы, әлемдік баға,сыртқы кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелер, облигациялардың, басқа бағалы қағаздар мен төлем қаражаттарының бағамы жатады.

Валюта бағамы немесе басқа елдің валютасының ақшалай бірлігінде тұлғаланатын ұлттық ақшалай бірлігінің бағасы барлық ішкі бағаларды басқа елдің бағаларымен байланыстырады. Валюта бағамының ауытқуы отандық тұгынушылар үшін басқа елдің тауарларының бағасын өзгертеді және, керісінше, отандық тауарлардың бағасы басқа елдің тұтынушылары үшін өзгереді. Сөйтіп, бұл өзгерістер экспорт пен импорттың тартымдылығына әсер етеді; ұлттық валюта бағамының басқа елдің салыстырмалы валютасынан азаюы жағдайында экспорт дами бастайды, кері жағдайда импорт дамиды, өйткені бірінші жағдайда отандық тауарлар шетелдіктер үшін арзандайды және бұл тауарларға олардың тарапынан сұраным ұлғая түседі; екінші жағдайда импорттық тауарлар арзандайды және өздерінің елінде бұл тауарларға сұраным ұлғая түседі; екінші жағдайда импорттық тауарлар арзандайды және өздерінің елінде бұл тауарларға сұраным артады

Импорт пен экспортты құндық реттеу сауда мәмілелері қатысушыларына импорттық және экспорттық субсидиялар беру арқылы жүзеге асырыла алады. Халықаралық заңнамамен тура экспорттық субсидияларға тиым салынатындықтан жасырын субсидиялар (жеңілдікті несиелендіру, бастапқы шикізаттың, материалдардың, энергетикалық ресурстардың бағаларын кеміту,

Сырттан қаржжыландыру қажеттілігі деңгейін анықтаушы факторлар. Жарамды өсу қарқыны.Айналым қаражатын қалыптастыру көзінің құрылымы: Меншікті көзді;Қарыз көзін;Қосымша тартылған көзді қамтиды;Әдетте, кәсіпорынның айналым қаражатына барынша аз қажеттілігі келесі меншікті көздің: пайданың, жарғылық капиталдың, резервтегі капиталдың, жинақтау мен мақсатты қаржыландыру қорының есебінен жабылады. Алайда бірқатар обьективті себептерден (инфляция, өндіріс мөлшерінің ұлғаюы, клиенттердің шоттарын төлеуді кешіктіру және т.б.) кәсіпорынға уақытша қосымша айналым қаражаты қажет болады. Бұл жағдайда шаруашылық қызметті қаржымен қамтамасыз ету үшін қарыз көзі: банк және коммерциялық кредит, қарыз, инвестициялық салық кредиті, кәсіпорын қызметкерлерінің инвестициялық жарнасы, облигациялық қарыз тартылады. Банк кредиті инвестициялық (ұзақ мерзімді) кредит немесе қысқа мерзімді несие нысанында беріледі. Банк кредиті негізгі және ағымдағы активті сатып алумен байланысты шығынды қаржыландыру, сондай-ақ кәсіпорынның маусым кезіндегі қажеттілігін, тауарлық-материалдық запасты уақытша ұлғайту, дебиторлық берешекті, салық төлемдерін, күрделі шығынды қаржыландыру үшін қажет. Қысқа мерзімді несиеніүкіметтік мекеме, қаржы компаниясы, коммерциялық банк, факторингтік компания беруі мүмкін.Инвестициялық кредиттіүкіметтік мекеме, сақтандыру компаниясы, коммерциялық банк, андеррайтер, жеке инвестор беруі мүмкін.Айналым қаражатын қаржыландыру көзіне банк кредиті сияқты басқа кәсіпорын мен ұйымның қарыз, вексель, тауарлық кредит пен аванстық төлем түрінде рәсімделген коммерциялық кредит те жатады.Инвестициялық салық кредитін кәсіпорынға мемлекеттік билік органы кәсіпорынның салық төлемінің уақытын уақытша ұзарту түрінде береді. Кәсіпорын инвестициялық салық кредитін алу үшін өзі тіркелген жердегі салық органымен кредит келісімін жасасады. Қызметкерлердің инвестициялық жарнасы (үлесі) –қызметкердің экономикалық субьектінің дамуына белгіленген пайызбен салатын ақшалай жарнасы. Тараптың мүддесі шартпен немесе инвестициялық салым туралы ережемен рәсімделеді. Айналым қаражатын қаржыландырудың сыртқы көздерін тиімді пайдалануды жоспарлау және ұйымдастыру үшін жауапты менеджерлердің ең негізгі міндеті б.т.Кәсіпорынның айналым қаражатының сыртқы көздеріне қажеттілігі мына факторларға байланысты:Өндіріс пен сату мөлшеріне;Бизнестің түріне (кәсіпорын қызметінің сипатына);Қызмет (бизнес) ауқымына;Өндірістік кезеңнің ұзақтығына;Кәсіпорын капиталының құрылымына;Кәсіпорынның есептік саясатына және есеп айырысу жүйесіне;Кәсіпорынның шаруашылық қызметін кредиттеу шарттары мен практикасына;Материалдық-техникалық жабдықтау деңгейіне;Тұтынылатын шикізаттың түрі мен құрылымына; Менеджерлер мен бухгалтерлердің және т.б. шеберлігіне.Сондықтан қарыз қаражат тартудың тиімділігін қамтамасыз ету айналым қаражатын қалыптастыру процесін басқарудагы негізгі міндет б.т.