ТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТ

Таза пайданы қалыптастыру, бөлістіру және пайдалану жүйесі Пайда─ кәсіпорынның өзіндік қаржы ресурстарын қалыптастырудың негізгі көзі. Ол негізгі 3 бағыт бойынша қалыптастырылады: Негізгі қызметтен түскен пайда, яғни өнім өткізуден түскен пайда, жұмыстар мен қызметтерден түскен табыс; Инвестициялық қызметтен түскен пайда, яғни айналымнан тыс активтерді сатудағы қаржылық шешімдер негізінде (ғимарат және т.б) және басқа кәсіпорынның бағалы қағаздарын өткізу; Қаржылық қызметтен түскен пайда, яғни инвесторлар арасында акция мен облигацияларды және т.б. орналастыру; Өткізуден түскен пайда 2 әдіс арқылы көрінеді: Істелген жұмыстар мен қызметтерді көліктен түсіру және сатып алушыға есеп ─ айырысу құжаттарын көрсету, яғни есептеу әдісі; Төлем әдісі бойынша, яғни кассалық әдіс; Пайданы жоспарлау кезінде нарық конъюнктурасына сүйену қажет, белгілі бір жағдайлардың болу ықтималдылығын ескеру және жағдайлар материалдық, еңбектік жәе қаржылық ресурстар арқылы өзгергенде іс ─ әрекеттер моделін жасау. 1.Пайданың көлемі бойынша жоспар жасағанда, инфляциялық процестің қадағалау, себебі, инфляциялық процесс кәсіпорынның қызметіне өте қатты ықпал етеді. Сол себепті Статистика агенттігі мен Ұлттық Банктің инфляциялық өсу индексінің котировкасын қарау керек. 2.Жоспарлы пайданы анықтау үшін өткізілген өнім санын, ассортиментін және өткізілген өнімнің баға деңгейін ескеру керек. Өткізілген өнім саны өндіріс көлеміне тәуелді, қоймадағы жылдық өнім көлемінің қалдығы және жоспар басы мен аяғындағы түсіруге. Пайда– тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатудан түскен табыстың осы тауарларды өндіру мен сатуға немесе қызмет көрсетуге жұмсалған шығыннан асып түсуі. Пайда – кәсіпорын мен кәсіпкерлердің шаруашылық қызметі қаржылық нәтижелерінің аса маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ол шаруашылық қызметтің өнімін сатудан түскен ақшалай түсім мен өндіріс факторларының осы қызметке ақшалай жұмсалған шығындарының сомасы. Түсім корпорацияның кәсіпкерлік қызметінің нәтижесінде пайда болады: 1.өндірілген өнімді өткізуден түскен кіріс; 2.қызметтер көрсету мен жұмыстарды орындаудан түскен кірістер; 3.мүліктерді қолданудан түскен кірістер; Бұл кірістер корпорацияның есеп айырысу шотында көрсетіледі. Түсім бұл ең алдымен өндірістегі шығындарды жабудың қайнар көзі болып табылады. Түсімнің пайдадан айырмашылығы ол салық және басқа да шығындарды шегермеген кездегі жалпы пайда. Ал пайда корпорацияның шаруашылық қызметінің соңғы мақсаты және нәтижесі болып табылады. Пайдадан барлық салықтар ұсталынған соң, ол корпорацияның өзінің игілігіне жұмсалады. Пайдадан резервтік капитал және тағы басқа резервтер мен тұтыну және жинақ қорлары қалыптасады.

Тәуекел және табыстылық. Инвестициялардың табыстылығы. Күткен табыстылық деңгейі. Қаржы менеджментінде пайда немесе табыс табу тәуекелділікке тәуелді болады. Тәуекелділік және табыстылық бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірімен шарттасылған немесе келісілген қаржылық категориялар болып табылады.

Тәуекелділік ― дегеніміз табиғат құбылысы және адамзаттың әр түрлі қызметінің өзіндік ерекшеліктерімен пайда болатын ысыраптың қауіп-қатерлі мүмкіндігі.

Қаржы менеджері үшін тәуекелділік қолайсыз нәтиже немесе қорытынды ықтималдылығы. Әр түрлі инвестициялық жобалар бойынша тәуекелділік деңгейі әр түрлі болады. Ең жоғары табысты капитал салымы немесе инвестиция жоғары деңгейдегі тәуекелділікте болуы мүмкін Сондықтан да тәуекелділіктің деңгейі әр қашанда анықталып, бағалануы қажет. Тәуекелділік экономикалық категория ретінде тәуекелділік оқиғаны іске асыру мүмкіндігінде пайда болатын немесе анықталатын үш экономикалық нәтижені көрсетеді:

Теріс нәтиже (зиян, залал); Нөлдік нәтиже; Оң нәтиже (ұтыс, пайда). Әр түрлі қызмет жүргізу процесінде тәуекелділік деңгейін анықтау, бағалау немесе басқару қаржы менеджментінде өзінің мақсатына жету үшін қарастырылатын негізгі әдіс болып табылады. Тәуекелділіктің жіктелу жүйесінде негізгі екі белгі қолданылады:1. Нәтиже алу мүмкіндігіне байланысты тәуекелділік екі топқа бөлінеді: Таза тәуекелділік;Алып сатарлық (спекулятивные риски) тәуекелділік. Таза тәуекелділік ― дегеніміз теріс немесе нөлдік нәтиже алу мүмкіндігі. Таза тәуекелділіктің түрлері табиғи тәуекелділіктер, экологиялық, саяси, транспорттық және коммерциялық тәуекелділіктің мүліктік, өндірістік, саудалық түрлері. Алып сатарлық тәуекелділік ― дегеніміз теріс немесе оң нәтиже алу ықтималдылығы. Алып сатарлық тәуекелділікке коммерциялық тәуекелділіктің негізгі бөлігі қаржылық тәуекелділік жатады. 2. Пайда болу себебіне байланысты тәуекелділік бірнеше категориябарңға бөлінеді: Табиғи тәуекелділік; Экологиялық тәуекелділік; Саяси тәуекелділік; Транспорттық тәуекелділік; Коммерциялық тәуекелділік. Табиғи тәуекелділікке табиғи апатқа байланысты ықтималдылықтар жатады. Мысалы, эпидемия, өрт, су тасқыны және тағы басқа. Экологиялық тәуекелділікке қоршаған ортаны ластаумен байланысты тәуекелділіктер жатады. Саяси тәуекелділік― мемлекеттіңқызметі нәтижесінде және мемлекет ішінде болып жатқан саяси жағдайларға байланысты тәуекелділіктер. Бұл тәуекел ШЖС-ге байланыссыз өндірістік процестің бұзылуына байланысты болады. Саяси тәуекелділікке революция және әр түрлі мемлекет ішіндегі әскери қақтығыстар, национализация нәтижесінде шаруашылық қызметтің жүргізілмеу мүмкіндігі, төтенше жағдайларға байланысты мемлекет ішінде жүргізілетін төлемдерге моноторий жүргізу, салық заңдылығының өзгерістері жатады. Транспорттық тәуекелділіктерге тауарларды тасылмалдаумен байланысты туындайтын тәуекелділіктер жатады. Коммерциялық тәуекелділік ― дегеніміз қаржы шаруашылық қызметін жүргізу процесінде ақша қаражаттарын, қаржы ресурстарын жоғалту немесе төмендету ықтималдылығы. Құрылымдық белгісіне байланысты коммерциялық белгісіне байланысты коммерциялық тәуекелділік мүліктік, өндірістік, саудалық және қаржылық тәуекелдіктерге бөлінеді. Мүліктік тәуекелділік ― дегеніміз әр түрлі өндірістің ішінде болатын ұрлық, жауапкершілігі төмен жұмысшылардың қызметінің нәтижесінде мүлікті жоғалту және техникалық, технологиялық жүйелердің дұрыс жұмыс істемеу нәтижесінде пайда болатын жоғалтулар.Өндірістік тәуекелділік ― дегеніміз негізгі және айналым қорлардың дұрыс жұмыс істемеу немесе бұзылу нәтижесінде өндірістік қызметтің тоқтатылуы және жаңа техника, технологияларды негізуге байланысты кәсіпкерлердің зиян шегуі.Саудалық тәукелділік― өткізілген өнім бойынша төлемнің уақытылы түспеуі, тауарларды тасымалдау кезіндегі төлемдердің төленбеуі немесе келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмау нәтижесінде пайда болатын айып, өсім сомалары нәтижесінде зиян шегуі.Қаржылық тәуекелділіктің екі түрі анықталған: Ақшаның сатып алу қабілетімен байланысты тәуекелділіктер;Капитал салыммен байланысты немесе инвестициялық тәуекелдіктер. Ақшаның сатып алу қабілетілігімен байланысты қаржылық тәуекелдіктер инфляциялық, дефляциялық, валюталық және өтімділік тәуекелділіктерге байланысты:Инфляциялық тәукел―ақшаның құнсыздануына байланысты бағаның өсуін көрсетеді. Инфляциялық тәуекел инфляцияның өсуіне байланысты алынатын ақша қаражаттарының сатып алу қабілеттігінен тез өсуі және құнсыздануына байланысты тәуекелділік;Дефляциялық тәуекел керісінше ақшаны сатып алу қабілеттілігінің жоғарлауы, бағаның төмендеуі. Дефляциялық тәуекел дефляцияның өсуіне байланысты баға деңгейінің төмендеуі кәсіпкерліктің экономикалық жағдайының төмендеуін және табыстылықтың төмендеуіне әкеліп соғады;Валюоталық тәуекелділік сыртқы экономикалық, несиелік және валюталық операцияларды жүргізу нәтижесінде бір валютадан екінші валютаға ауыстыру кезінде курстық өзгерістер нәтижесінде ақша қаражаттарын жоғалту ықтималдылығы; Өтімділік тәуекелділік ― тауарларды, қызқметтерді, жұмыстарды және әр түрлі бағалы қағаздарды өткізу процесінде олардың сапасын, тұтыну құнын бағалау кезіндегі өзгерістерге байланысты ақша қаражаттарын жоғалту ықтималдылығы; Инвестициялық тәуекелділіктің түрлері: Жіберіп алынған пайда тәуекелі;Табыстылықты төмендету тәуекелі; Тікелей қаржылық жоғалту тәуекелі. Жіберіп алынған пайда тәуекелі―кәсіпкерлік қызметті жүргізу процесінде қаржылық жоғалту немесе табысты жоғалту жанама түрде әр түрлі шараларды уақытында қолданбауы нәтижесінде болуы. Табыстылықтың төмендеуіне байланысты тәуекелділіктер портфельдік инвестициялар бойынша әр түрлі салымдар мен несиелер бойынша проценттер, сыйақылар, дивидендтердің мөлшерінің төмендеуіне байланысты табысты жоғалту ықтималдылығы. Табыстың төмендеуінің екі түрі бар:Проценттік тәуекел;Несиелік тәуекел. Проценттік тәукелділік― әр түрлі инвестициялық институттарда, коммерциялық банктерде және несиелік мекемелерде несиелер бойынша ставкаларды әр түрлі салымдар мен депозиттер бойынша ставкалармен салыстырғанда төмендеп кетуіне байланысты табысты жоғалту ықтималдылығы.Несиелік тәуекелділік― несие алушының негізгі қарызы және проценттері бойынша төлем қабілетінің төмендеуі нәтижесінде кредиторлармен есеп айырысу мүмкіншілігін жоғалту ықтималдылығы.

Тікелей қаржылық жоғалту тәуекелдіктің төрт түрі анықталған:Биржалық тәуекелділік;Селективті тәуекелділік;Банкроттық тәуекелділік;Несиелік тәуекелділік (кепілсіз).

Тәуекелділікті талдау нәтижесінде олардың деңгейін анықтау мақсатында барлық тәуекелділіктер екі түрге бөлінеді: Жалпы тәуекелділік― дегеніміз белгілі бір қаржылық активтердің жеке тәуекелдігі; Нарықтық тәуекелділік―дегеніміз белгілі бір қаржылық активтің немесе инвестициялық портфельдің бір бөлігінің тәуекелділігінің бағалау нәтижесінде барлық қаржылық активтердің немесе толық инвестициялық портфельдің тәуекелділігі анықталады.Тәуекелділіктің деңгейін анықтау кезінде ықтималдылықтарды бөлу нәтижесінде күтілетін табыстың алыну ықтималдылығын есептеудің негізі болып табылады. Ықтималдылықты бөлу әдістері көп болған сайын әр түрлі әдіс бойынша нәтиженің ықтималдылығын анықтау жоғарлайды. Ықтималдылықтарды бөлу және олардың нәтижесін қарастыру кезінде күтілетін табыстың орташа мөлшерін анықтау мүмкіншілігі туады.

күтілетін табыс мөлшері, ықтималдылық нәтижесінің саны, әрбір әдіс бойынша ықтималдылықтың пайда болуы, пайда болатын нәтижесінің саны

Тәуекелділікті бағалау және деңгейін анықтау әдістері:

1. Дисперсия

2. Орташа квадраттық ауытқу

3. Вариациялық коэффициент.

Дисперсия― дегеніміз күтілетін көрсеткішке қатысты ықтималдылық нәтижесінің жан-жақтылық немесе бытыраңқылық шаралары. Дисперсия жоғары болған сайын тәуекелділіктің жан-жақтылығы да жоғары болады.

Дисперсияның формуласынан көрініп тұрғандай ол орташа күтілетін нәтиженің ауытқуының квадраты ретінде немесе әрбір ықтималдылық бойынша ауытқулардың орташа мөлшерін көрсетеді. Дисперсияны тәуекелділіктің деңгейін көрсететін өлшем бірлікте өлшейді. Тәуекелділіктің деңгейі процентпен анықталуына байланысты дисперсия процентінің квадраты ретінде қарастырылады. Тәуекелділікті бағалау және өлшеу іс-жүзінде қиындатылған көрсеткіш болғандықтан кейін қолданылмайды. Сондықтан тәжірибеде тәуекелдің деңгейін бағалау әрбір жеке нәтижесінің жан-жақтылығын немесе бытыраңқылығын өлшейтін екінші көрсеткіш арқылы жүзеге асырылады. Ол орташа квадраттық ауытқу немесе дисперсияның түбірінен қарастырылатын көрсеткіш.

Күтілетін табыстылық жоғары болған сайын оның орташа квадраттық ауытқу мөлшері де жоғары болады. Егер белгілі бір жоба бойынша табыстылықты бөлу бір қалыпты жүргізілетін болса, осы жобаның күтілетін нәтижесі теріс болу ықтималдылығы, оның орташа квадраттық ауытқуының қң нәтиже беретініне қарамастан ықтималдылығы төмен болады. Сондықтан табыстың бірлігіне тәуекелділшікті есептеу орташа квадраттық ауытқуды стандарттау арқылы немесе вариациялық коэффициент арқылы жүргізіледі. Вариациялық коэффициенттің мөлшері орташа квадраттық ауытқу мен күтілетін табыстылық мөлшеріне қатынасы арқылы анықталады.

Инвестициялардың табыстылық индексі – жобаның салыстырмалы табыстылығын немесе жобадан түскен ақша түсімдерінің алымдар бірлігіне есептегендегі дисконттық құнын көрсетеді. PI=NPV/Со. NPV–жобаның таза келтірілген құны, Со–бастапқы шығындар. Бұл жағдайда шешім критерийі NPV–ға негізделген шешімге ұқсас, PI>0. Кез келген есептеу әдісіне табыстылық индексі салымдардың тиімділігін көрсетеді. Пайда/шығын қатынасы – дегеніміз дисконтталған пайда ағымының дисконтталған шығын ағымына бөлген бөлігі болып табылады және ол мына формула бойынша есептеледі: В/С= / / / . Бұл критерий табыс индексі критерийінің жеке жағдайы болып табылады. Егер В/С қатынасы бірліктен үлкен болса, онда инвестициялық жоба табыстылығы минималды қажеттіліктен жоғарғы және жоба тартымды болып табылады. Қатынас жобаны қаржылықұ тартымсыз к.о-ға айналдырмау үшін шығындарды қаншалықты көбейту керек екенін көрсетеді.

 

Тәуекелді басқару жүйесіндегі сақтандырудың орны мен рөлі Тәуекел – шешім қабылдаудың формасы және бұл шешімнің нәтижесі алдын ала болжанбаған нәтижелер жағдайына байланысты. Тәуекел ол мүмкін болатын шығындардың қауіпі. Сондықтан кәсіпкер тәуекелді минимум шешу көзіне дейін жеткізуді көздейді. Іскерлік тәуекел екі формасы бар: 1)Шартты;2)Таза;Шартты тәуекел нәтижесі шығындарға ұшырау, пайда да табу мүмкіншілігін.і болуы. Еркін кәсіпкерліктің шартты тәуекелге бару табиғи тән. Өйткені оның мақсатты тәуекелді шараларға ақша қаражатты жұмсай отырып пайда табуды көздейді.Таза тәуекел кезінде тек қана шығындарға ұшырау ықтималдылығы бар. Таза тәуекел кезінде кәсіпкердің табыс табу мүмкіншілігі жоқ. Бірақ ал осы тәуекелді минимумға жеткізетін белгілі бір қадамдар жасауы мүмкін.Тәуекелді табиғатты реттеу және оны минимум жеткізу процесі тәуекел басқару деп аталады. Тәуекелді басқару қаржы менеджментінің жеткізу процесі болып табылады. Тәуекелді басқару бір немесе бірнеше стратегияны жүзеге асырады

 

ҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮ

Үй шаруашылығының кірістерімен шығыстарына сипаттама. Үй­ ша­ру­ашы­лық­та­ры­ның­ та­быс­та­ры­– өндіріс үдерісінде жасалатын және шаруашылық мүшелерінің материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған ұлттық табыстың бір бөлігі. Бұл табыстар адамдардың өндіріс үдерісіндегі еңбек шығындарын өтеуі тиіс. Алайда қазіргі қоғамда ұлттық табыстың біркелкі бөлінбеуінен үй шаруашылықтарының жекелеген санаттарында ресурстар қажетті деңгейде тіршілікті қолдап отыруға жетіспейді. Сондықтан мемлекет бюджет пен бюджеттен тыс қорлар есебінен үй шаруашылықтарының қаражаттарын то-лықтырып отырады.Үй шаруашылықтарының жалпы табыстарында *ақшалай қаражаттардың көлемі болып табылатын ақ­ша­лай­ та­быс­тар басым болады, олармен үй шаруашылығы өзінің шығыстарын қамтамасыз етеді. Ақшалай табыстар мына көздердің есебінен қалыптасады:1) жалдағанда еңбектік келісімдерді орындау кезінде алынған үй шаруашылықтары мүшелерінің еңбекақысы, сондай-ақ сыйлықтар, жалақыға тұрақты үстемелер, әлеуметтік-мәдени мақсаттарға жұмыс берушілердің төлемақылары: жәрдемақылар, көлік қызметтерінің, жолдамалардың ақысы және с.с. 2) пайда, дивидендтер, бағалы қағаздар мен салымдар бойынша пайыздар нысанындағы кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар, жалдау ақысы және басқалары; 3) мемлекеттік әлеуметтік төлемақылар (трансферттер): зейнетақылар, жәрдемақылар және бюджеттен және бюджеттен тыс әлеуметтік қорлардан төленетін басқа төлемдер;4) басқадай түсімдер (сақтық өтемдері, мүлік Үй­ ша­ру­ашы­лық­та­ры­ның­ ақ­ша­лай­ та­быс­та­ры деп үй шаруашылықтары мүшелерінің жалақысы, жеке-дара еңбек пен кәсіпкерлік қызметінен алынған табыс, зейнетақылар, стипендиялар, жәрдемақылар, өтемдік және басқа төлеулер (ізгіліктік көмекті қоса) пайыздар, дивидендтер, рента және меншіктен алған басқа табыстары, жеке қосалқы шаруашылықтын өнімін сатудан алған қаражаттар және өзге ақшалай түсімдер түрінде алған ақшалай қаражаттардың сомасын айтады.Үй­ ша­ру­ашы­лы­қтары­ның­ ақ­ша­лай­ шы­ғыс­та­ры– адамның өмір сүруін жалғастыру үшін қажетті материалдық және рухани қажеттіліктерге жұмсалатын іс жүзіндегі шығындар, олар өзіне тұтыну шығыстарын және тұтынумен тікелей байланысты емес шығындарды кіріктіреді. Бұл шығындар үй шаруашылығының жекелеген мүшелерінің жұмыс күшін ұдайы толықтыру жөнінде өте манызды рөл орындайды.Үй шаруашылығы бюджетінің шығыстары елдін экономикасында айтарлықтай рөл атқарады. Өзінің табыстарын пайдалана отырып, отбасы тауарлар мен қызметтер рыногын қалыптастырып, дамытуды қамтамасыз етеді. Өзінің қорланымдары мен жинақ ақшаларын өткізе отырып, ол бағалы қағаздарға деген сұранымды көбейтеді, сөйтіп қор рыногын кеңейтеді. Мұнан басқа аса маңызды өндірістік ресурстар – еңбек пен кәсіпкерлік қызмет ұсынымының субъекті ретінде үй шаруашылығының маңызы зор. Ақырында, балаларды тәрбиелеумен айналыса отырып, отбасының мүшелері мемлекет қаржыландыратын әлеуметтік-мәдени сфераның басты тұтынушылары болып табылады.Үй шаруашылықтарының мүшелері өздерінің қаражаттарын жұмсай отырып, сан алуан қажеттіліктерді қанағаттандырады. Бұл екі жолмен мүмкін болады:1) ақшалай табыстарды тауарлар мен қызметтерді сатып алуға пайдаланумен;2) шаруашылықтың жекелеген мүшелерінің өздерінің еңбек қызметі есебінен болып жататын натуралдық өзін-өзі қамтамасыз етумен.Үй шаруашылықтарының ақшалай шығыстары мыналарды кіріктіреді: тұтыну шығыстары; салықтар, алымдар, сақтық және өзге төлемдер; борыштарды, алименттерді төлеу, айыппұлдар, кредитті өтеу, туысқандарға көмек; жылжымайтын мүлікті бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу; отбасының өндірістік қызметімен байланысты шығыстары (бизнесті жүргізу үшін шикізат, материалдар отын, электр қуаты тұқым, мал, жем-шөп және т.б. сатып алу) және тұтынумен байланысты емес басқадай шығыстар.

Үй шаруашылығының қаржысы қаржы жүйесінің саласы ретінде. Үйшаруашылықтары қаржысы жалпы қоғам қаржысы сияқты, шаруашылық мүшелерінің материалдық және әлеуметтік жағдайларын және олардың ұдайы өндірісін қамтамасыз ету мақсатында ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі экономикалық ақша қатынастары болып табылады. Жеке отбасы деңгейінде қаржы жүйесінде буын бола отырып, ол қоғамның әлеуметтк экономикалық құрылымының бастапқы элементі болып келеді. Ішкі жалпы өнім мен ұлттық табыстың құнын жасауда, алғашқы бөлімде және пайдалануда шешуші маңызы болатын коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысынан айырмашылығы үй шаруашылықтарының қаржысы қаржы жүйесінің басым буыны болған емес және қаржылық қатынастардың жалпы жиынтығында маңызды болған мен бағынышты рөл атқарады. Үй шарушылықтары қаржысының мәні өзінің көрінісін ол орындайтын мына функцияларды табады: 1.отбасының қажеттіліктерін ақшамен қамтамасыз етуі. бөлу. Бірінші функция бұл отбасы мүшелерінің өмір сүруінің нақтылы жағдайларын жасайды. Рыноктық қатынастардың дамуын бұл функцияның көріну нысаны айтарлықтай әсер етеді. Тауар ақша қантынастарының, рыноктың пайда болуының, онан кейін оның ұлғаюының нәтижесінде мыналар болады: 1.отбасының материалдық, әлеуметтік, мәдени және өзге қажеттіліктерінің көбеюі, 2.үйшарушылғы ақшасының жасалуы және өсуі 3.ақша қорының-материалдық игіліктермен қамтамасыз етуге арналған отбасы бюджетінің пайда болуы. Үйшаруашылықтары қаржысының бөлгіштік функциясы ұлттық табысты алғашқы бөлуді және отбасының алғашқы табыстарының қалыптасуын қамтиды. Үйшаруашылығының қаржы қатынастарын екі топты кіріктіреді: 1.жалақы, зейнетақы, жәрдемақы және т.б түріндегі алғашқы табыстарды жасай отырып, осы шарушылық бірлігі мен қаржы жүйесінің басқа буындары арасындағы қатынастар. 2.оқшауланған ақша қорларын жасай отырып, қаражаттар бөлінгендігі және оқшауланғандығы үйшарушылығы мүшелерінің арасындағы қатынастар. Үйшарушылығы қаржысының бұл функциялары өзара байланысты және бірін бірі толықтыра отырып, бір уақытта әрекет етеді. Функционалды құрылым жұмыстың тұрақты режимі, сыртқы ортаға қатысты тәуелсіздік, өзгермейтін мамандану тән ұйымдарда қолданылады.

ҰҰҰҰҰҰҰҰҰҰҰҰҰҰҰҰҰҰҰҰҰҰҰҰҰҰҰ

Ұзақ мерзімді инвестицияны қаржыландыру көздері. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді.

Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның қайта бағаланған сомасы меншік капиталының өсіміне жатқызылады. Инвестициялар құны төмендеген жағдайда азайту сол инвестицияның үстеме бағасьның сомасы есебінен жүргізіледі. Бір инвестицияның үстеме сомасы жок болған жағдайда (жетіспесе) оның құнының төмендеуі зиянға есептелінеді. Инвестицияның үстеме бағасының сомасы, бұрын құны төмендеген болса, сол инвестицияның зияны өтелгеннен кейін меншік капиталына жатқызылады, яғни сол сомаға өседі.

Ұзақ мерзімді қаржылык инвестициялар құны төмендеген жағдайда сөзсіз бұл инвестициялардың баланстық құны қайта қарауды талап етеді. Құнды тап осылайша төмендету әрбір инвестиция үшін жеке анықталынады және есептелінеді. Бұл кезде инвестицияланған субъектідегі инвестордың үлес салмағы және тәуекелділіктің түрі ескерілуі керек. Қаржылык инвестициялар есептен шығарылғанда, оны сатқаннан түскен пайда мен баланстың құнының арасындағы айырмасынан шығындарды алып тастағаннан кейін (брокердін немесе диллердін қызметі) ол не табыска, не шығысқа жатқызылады. Егер инвестиция бұрынырақта қайта бағаланған немесе ағымдағы құны бойынша бағаланған болса, онда қайта бағалау сомасы табысқа немесе қабылданған есеп саясатына сай бөлінбенген табыска жатқызылады.

Ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлау. Негізгі қаржылық көрсеткіштерді болжау әдістері. Ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлаудың ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу және қайта бөлуді эк/қ процестермен оңғайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану. Кәсіпорынның қаржылық жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса маңызды функциясы болып табылады. Оны мемлскеттік билік пен басқарудың органдары, мекемелері жәнс олардың жоғарғы құрылымдары жүзеге асырады.Ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлаудың объектісішаруашылық жүргізуші субъектілері мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен жеке мекеменің сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады. Әрбір жоспарда белгілі бір мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және кредит жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады.Ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлаудың міндеттері қаржы саясатымен айқындалады. Бұл: жоспарлы тапсырмаларды орыңдауға қажетті ақшаның көлемі мен олардың көздерін анықтау; кірістерді өсірудің, шығыстарды үнемдеудің резервтерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы үйлесімдерді белгілеу және басқалары.Жоспарлау:1) экстенсивтілігімен (әлеуметтік-саяси және эк/қ құбылыстардың кең шеңберін қамтиды);2) қарқындылығымен (кәміл техника мен әдістерді қолдануды түсінеді);3) тиімділігімен (қорытындысында қаржыны басқару қойған міндеттерге жетудің қажеттілігін білдіреді) сипатталады.Кәсіпорынның қаржылық жоспарлауда мына тәсілдемелер пайдаланылады:а) автоматтық (өткен жылдың деректері келесі жылга көшіріледі. Инфляция кезінде деректер инфляцияның коэффициенттеріне кобейтіледі. Бұл әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады және, әдеттегідей, уақыт жетіспеушілігі кезінде пайдаланылады;ә) статистикалық (өткен жылдардың шығыстарын қосып, өткен жылдардың санына бөледі);б) нөлдік база тәсілдемесі (барлық айқындамалар қайта есептелуі тиіс бұл әдіс нақтылы қажеттіліктерді есепке алады және оларды мүмкіндіктерімен үйлестіріледі).Ұзақ мерзімді қаржылық болжау - мемлекеттің мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу (дәлелдеу). Болжамдар орташа мсрзімді (5-10 жыл) жәнс ұзақ мерзімді (10 жылдан астам) болуы мүмкін. Кәсіпорынның қаржылық болжау қаржы жоспарларын жасау стадияларынан бұрын болады, қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне арналған қаржы саясатының тұжырымын жасайды. Кәсіпорынның қаржылық болжаудың мақсаты - болжанған кезеңдегі қаржы ресурстарының шынайы мүмкін болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың кездерін және пайдалануды анықтау болып табылады. Болжамдар қаржы жүйесінің органдарына қаржы жүйесін (құрамын) дамыту мен жетілдірудің түрлі нұсқаларын, қаржы саясатын іске асырудың нысандары мен әдістерін белгілеуге мүмкіндік береді.Ұзақ мерзімді қаржылық болжау әр түрлі әдістерді қолдануды қажет етеді: эк/қ процестерді анықтайтын факторларға қарай қаржы жоспарлары көрсеткіштерінің динамикасын бейнелеп көрсететін эк/қ үлгілерді жасау; корреляциялық-регрессиялық талдау;тікелей сараптамалық бағалау әдісі. Шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесінде сонымен бірге индикативтік, яғни ұсынбалы (нұсқамалық) жоспарлау пайдаланылады; ол ақпараттық-үйлестіруші рөлді орындайды және қаржы қызметінің субъектілеріне эк/қ реттеушілер арқылы жанама түрде ықпал етеді. Индикативтік жоспарлау нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеуде және экономиканың стратегиялық ұзақ мерзімді бағыттарын анықтауда маңызды орын алады, мұның процесінде экономиканы ойдағыдай дамытудың бүкіл шегі анықталады.Ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлау әдістерiҚаржылық жоспарлау (болжау) белгілі әдістердің көмегімен жүзеге асырылады, олардың қатарына жататын ең маңыздылары мыналар:1. Экстраполяция(немесе коэффициенттер) әдісі. Оның мағынасы қаржылық көрсеткіштерді олардың динамикасын белгілеу негізінде анықтауда болады. Есеп-қисаптар есепті кезеңнің жетістіктері және оларды өсудің немесе төмендеудің салыстырмалы тұрақты қарқынына түзету негізінде жүргізіледі. Мұндай тәртіптің айтарлықтай кемшіліктері бар:мүмкін болатын ішкі шаруашылық резервтерді анықтауды есепке алмайды;материалдық жәнс ақша ресурстарын пайдалануға теріс әсер етеді, өйткені жоспарланатын кезеңде олардың көлемі қол жеткен деңгейге қарай анықталады.2. Нормативтік әдіскесәйкес жоспарлы қаржылық көрсеткіштер белгіленген нормалар мен нормативтердің негізінде есептеп шығарылады.3. Математикалык, үлгілеу әдісі: процестің үлгісін құру жөне оны қаржы саласына көшіру.4. Баланстық әдісшығындардың оларды жабу көздерімен үйлесушілігін, қаржы жоспарларының барлық бөлімдерінің, сонымен бірге өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің және қаржылық көрссткіштердің өзара үйлесуін қарастырады. Қаржы балансының талаптарын сақтау кәсіпорынның, саланың, бюджеттердің, бүкіл ұлттық шаруашылықтың шығындары мен табыстарының арасында үйлесімсіздіктің пайда болуынан сақ-уға; ұлттық шаруашылықты дамытудың қажетті қарқындары мен үйлесімдерін анықтауға; ішкі резервтерді жұмылдыруды ескере отырып оларды жан-жақты негіздеуге мүмкіндік береді.5. Сараптық бағалаулар әдісіжоспарлау объектісінің жай-күйінің параметрлерін анықтау үшін аса білікті мамандардың тәжірибесін пайдалануды қажет стеді.

 

Ұйғарымды және тиімді портфелдер. Оңтайлы портфелді таңдау. Тиімді портфель-өзара байланыстылықты есептеудің статистикалық әдіс, қолданылатың маңызыдылығының бірі тиімді порт.тандау байланысты , яғни кез келген тәекелділік деңгейінде барынша күткен табыстылықты қамтамасыз етеді немесе кез келген күткен табыс минималды тәуекел деңгейін қамтамасыз етеді.Жиынтықты активтерден тұратын портфель. Әлбетте, портф тәекелділігі акциялардың санының ұлғаюына қарай кеми бастайды. Егер портфельді көп акциялар санымен толтырса, онда тәекелділік толығымен О-ге келтіріуге болады

Ұлттық банктің негізгі міндеттері мен атқаратын қызметері Қазақстан Ұлттық банкі (ҚҰБ) еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде мемлекеттің ақша-несие және валюта саясатының басты бағыттарын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, яғни мемлекеттің ақша-несие саясатын жүргізу және еліміздің банк жүйесіне жетекшілік ету. Қазақстан Ұлттық банкі – бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен айналысқан, мемлекеттік банктен орталық, эмиссиялық банкке түрлендірілген «банктердің банкі» болып табылады. Іс-жүзінде Қазақстан Ұлттық банкісінде барлық кассалық резевтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі Қазақстан Ұлттық банкі мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы арқылы жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды ҚҰБ мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда ҚҰБ-нен несие ала алады. Қазақстан Ұлттық банкібұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті алтын-валюта резервтерден, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын мүліктерге ие заңды тұлға. ҚҰБ өзінің атқаратын мәні жағынан біртұтас ұйым болып табылады, ал мемлекет тек оның жарғылық қорының иесі. Бүгінгі жарғылық қордың мөлшері - 20 млрд. теңгені құрайды. Негізгі қорлары ғимараттардан, құрылғылардан, құрал-жабдықтардан, көліктік құралдар мен басқа бағалылықтардан, ал айналым қорлары банкке тиселі болып табылатын меншікті ақшалай қаражаттардан тұрады. ҚҰБ резервтік және басқа да қорларды құрайды. Оның резервтік қоры жарғылық қор көлемінде құрылып, меншікті пайда есебімен толықтырылады және жүргізген операцияларға байланысты зияндар мен шығындардың орнын жабуға жұмсалады. ҚҰБ-нің қаржылық жылдағы таза табысы сол қаржылық жылға қатысты, нақты табыстар мен шығыстар арасындағы айналысқа шығарылған, оған қоса активтердің амортизациясын, оның ішінде банкнот пен монеталарды қоса алғандағы шығыстардың айырмасы негізінде анықталады. ҚҰБ-нің таза табысы жарғылық қорды және резервтік қорды абсолюттік сомада құрауға бағытталады. Таза табыстың қалған бөлігі келесі қаржы жылындағы республикалық бюджетке аударылады. ҚҰБ және оның мекемелері ҚР салық кодексіне сәйкес барлық салықтар мен алымдар төлеуден босатылған. ҚҰБ-нің несиелік ресурстары төмендегідей көздерден құралады -меншікті қаражат есебінен; -басқа банктерден тартылған және ҚҰБ-де шартты негізде орналастырылған ақшалай қаражаттар есебінен; -ҚР төңірегінде тартылған қаражаттардан; -арнайы мемлекеттік қорлар мен бюджеттің уақытша бос жатқан қаражаттар есебінен. ҚҰБ-нің басқару құрылымы. Қазақстанның Ұлттық банкі - тігінен басқарылатын жүйедегі біртұтас орталықтандырылған құрылымды білдіреді. Ұлттық банктің басқару органына: Басқарма және директорлар Кеңесі (Директорат) жатады. ҚҰБ-нің жоғары басқару органы Басқарма болып табылады

 

Ұлттық қор, қалыптастыру және пайдалану тәртібіҮкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, қаржылық активтер түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүлік түріндегі мемлекет активтері ҚазақстанРеспубликасының Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қор мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге әлемдік бағалардың жағдаятына республикалық және жергілікті бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтерді және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүліктерді жинақтауға, экономиканың мұнай секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Ұлттық қор жинақтау және тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырады.Жинақтау функциясы материалдық емес активтерді қоспағанда, қаржылық активтер мен өзге мүліктің жинақталуын және тәуекелдің қалыпты деңгейiнде ұзақ мерзімді перспектавада Ұлттық қор активтерінің кірістілігін қамтамасыз етеді. Тұрақтандыру функциясы Ұлттық қордың активтері өтімділігінің жеткілікті деңгейін ұстап тұруға арналған. Қордың тұрақтандыру функциясын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын бір бөлігі кепілденілген трансфертті қамтамасыз етуге қажетті мөлшерде айқындалады.Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану әлемдік, ішкі тарау және қаржы рыноктарының конъюнктурасы, мемлекеттегі және шет елдердегі экономикалық жағдай, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық сақатала отырып және Ұлттық қордың негізгі мақсаттары мен міндеттері сақталынып, Қазақстаннның әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтары ескеріле отырып айқындалады.Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемдері мен бағыттары бойынша шешімдерді Президент қабылдайды.Ұлттық қорға жіберілетін бюджеттік түсімдер Ұлттық қорды қалыптастыру көздері болып табылады. Бұл түсімдер:1) мұнай секторы ұйымдарының* тура салықтарынан (жергілікті бюджеттерге есептелетін салықтарды қоспағанда) тұрады, оларға: корпоративтік табыс салығы, үстеме пайда салығы; бонустар, пайдалы қазындыларды өндіру салығы; өнімді бөлу бойынша үлестер; экспортқа рента салығы және өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі жатады; 2) мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа түсімдерден (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда), соның ішінде мұнайлық келісімшарттар талаптарының бұзылғаны үшін түсетін түсімдерден (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда);3) республикалық меншіктегі және тау-кен өндіру мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдерден;4) ауыл шаруашылығы арналымындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерден тұрады. Материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржылық құралдардың тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп айқындайды.Активтерді Ұлттық қордға есептеу және Ұлттық қорды пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.Ұлттық қордан республикалық бюджетке түсетін қайтарусыз түсімдер осы Қордан кепілденілген трансферт болып табылады.Есепті қаржы жылы үшін республикалық бюджетте Ұлттық қордан аударылмаған кепілденілген трансферт сомаларын тарту өткен қаржы жылының бюджеттік даму бағдарламалары бойынша тіркелген міндеттемелердің төленбеген бөлігінің және қаржы жылының басындағы бюджеттік қаражаттар қалдықтары айырмасының сомасында жүзеге асырылады.Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес Ұлттық қорды тиімді пайдалану және оны, материалдық емес активтерді қоспағанда,шетелдік қаржылық құралдарға орналастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейтін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің функциялары:1) Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;2) Ұлттық қорды пайдалану көлемдері мен бағыттары жөніндегі ұсыныстарды қарау және әзірлеу;3) Ұлттық қорды орналастыру үшін, материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржылық құралдардың тізбесі жөнінде ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.Ұлттық қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепті Үкімет Ұлттық қор аудитінің нәтижелерін қоса отырып, жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін Ұлттық банкпен бірлесіп жасайды және оны Ұлттық банкпен бірлесе отырып жыл сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей Президенттің бекітуіне ұсынады.Ұлттық қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепті Президент бекіткеннен кейін Үкімет оны ақпарат ретінде Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынады.Қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепте: 1) Ұлттық қордың түсімдері және пайдаланылуы туралы есеп;2) Ұлттық банктің Ұлттық қорды сенімгерлікпен басқару жөніндегі қызметі туралы есеп;3)Ұлттық қорды басқару жөніндегі өзге мәліметтер болуы тиіс.Ұлттық қор қаражаттарының жылдам өсуіне қарамастан оның қалыптасуының тұрақтылығы шындап күмән тудырмай қоймайды. Қор табысының толымдылығы көбінесе қолайлы сыртқы экономикалық конъюнктурамен және ұзақ уақыт бағаның мұнайға жоғары болуымен байланысты болып отыр. Бюджеттік кодекске сәйкес Ұлттық қорды толтырудың көздері республикалық бюджеттен түсетін трансферттер (шикізат салаларынан бюджетке түсетін жоспарланған түсімдердің 10%), сондай-ақ шикізат секторынан түсетін нақты түсімдердің олардың жоспарланғанынан асып түсу көлемі болып табылады. Сөйтіп Қорды қалыптастыру көздері жеткілікті сияқты болғанымен бірақ бұл оның тұрақты толымдылығына кепілдік бермейді.Сараптаушылардың көзқарастары бойынша тап табиғи рента ғана қор кірістерінің негізгі көзі болуға тиіс және ол кен өндіруші сектор кәсіпорындарының салық ауыртпалығын арттырмайды: табиғи рентаны алу кен-геологиялық жағдайлары әр түрлі кәсіпорындар.