ФФФФФФФФФФФФФФФФФФФФФФФФФФФ

Фирманың мақсаты капитал құрылымын анықтау тәсілі.Ақша қаражаттары кез-келген мемлекеттің қаржы жүйесінің ажырамас бөлігі. Ақша экономикалық категория ретінде бірнеше қызмет атқарады: құн өлшемі, айырбас құралы, төлем құралы, әлемдік ақшалар.Экономика мен экономикалық қатынастардың дамуы қаржы-несие жүйесінде, оның ішінде ақша айналысы мен төлем, есеп айырысу сұрақтарында да көптеген жаңалықтар мен өзгерістер алып келуде. Есеп айырысу-төлем жүйесінің өзгеруімен қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйелері арасындағы айырмашылық та алшақтап келеді.Кез-келген шаруашылық субъектісі өзінің құқықтық-ұйымдастырушылық нысанына қарамастан ақша қаражаттарымен күнделікті жұмыс істейді. Барлық шаруашылық субъектілері өз ақша қаражаттарын банк мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда , ал қажет жағдайда ҚР Ұлттық банкі белгіленген талаптар орындалса нақты ақшамен де есеп айырысулар жүргізе алады.Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысуларды ұйымдастыру үшін барлық шаруашылық субъектілері ҚР екінші деңгейлі банктерінде банктік шоттар ашады. Банк шоттары - бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім-шарттың қатынастарын сипаттайтын әдіс. Ақша қаражаттарын басқарудың кәсіпорын үшін маңызы зор. Айналыс капиталын басқару өнерінің мәні келесіде: кәсіпорын басшылығы шоттарда ағымдық қызметті қаржыландыруға қажетті минималды ақша сомасын ұстап отыруы тиіс. Ол кәсіпорынның ең жедел қажеттіліктерін өтеуге жеткілікті сақтандыру қорының қызметін атқаруы тиіс. Касса мен ағымдық шоттағы ақша қаражаттары табыс әкелмейді, ал оның эквиваленті – қысқа мерзімді қаржылық салымдардың табысы өте төмен екендігін ескерсек кәсіпорын үшін ақша қаражаттарын салудың тиімді жолдарын іздестіру қажет-ақ. Кәсіпорынның айналысында ақша қаражаттарының жетіспеушілігі немесе артық болуы айналыс капиталын тиімсіз пайдалану нәтижесінде болуы мүмкін.Ақша қаражаттарының жетіспеушілігі банктер алдындағы ұзартылған несие сомасын өсіреді, жабдықтаушылар мен қызметкерлерге қарызды өсіреді, нәтижесінде қаржылық цикл ұзарады, кәсіпорын капиталының рентабельділігі төмендейді.Ақша ағынының жетіспеушілігін ақша қаражаттарының келіп түсуін жылдамдататын , ал төлемдерді кешіктіруге мүмкіндік беретін шаралар негізінде реттеуге болады.Капитал айналымдылығы – кәсiпорынның қаражаттарын пайдалану интенсивтiлiгiн және оның iскерлiк белсендiлiгiн сипаттаушы негiзгi көрсеткiш болып саналады. Кәсіпорынның іскерлік белсендігі оның қаражат айналымының жылдамдауымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау кәсіпорынның өз қаржысын пайдалану тиімділігін анықтауға мүмкіндік беретін түрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттерін есептеу мен талдауға негізделеді. Сол себептi талдау процесiнде капитал айналымдылығының көрсеткiштерiне терең талдау жүргiзу қажет және айналымның қай сатысында қаражатттардың қозғалысы баяулағанын не жылдамдағанын анықтау қажет.Банк шоттарындағы ақша қаражаттары қалдығының көбеюі не азаюы ақша ағынының тұрақсыздығымен, яғни ақшаның кірісі мен шығысының арасалмағының сақталмауымен байланысты. Оң ақша ағынының сомасының теріс ақша ағынының сомасынан асып кетуі бос ақша қаражаттарының қалдығының сомасын өсіреді және керісінше.Тақырыптың маңыздылығы келесіде: ақша қаражаттарының есебінің дұрыс ұйымдастырылуы мен оларды уақтылы тексеруден кәсіпорынның қаржылық жағдайы, айнналыс қаражаттарының айналымдылығы тәуелді. Ал кәсіпорындар арасындағы есеп айырысулардың дұрыс жолға қойылуы төлем уақытын қысқартады, есеп айырысуларды қолма-қол ақшасыз жүргізуге мүмкіндік береді. Халық шаруашылығы деңгейінде қалыпты және уақтылы есеп айырысулар экономиканың тұрақты дамуының негізі болса, ақша қаражаттарының есебінің кәсіпорын деңгейінде дұрыс ұйымдастырылуы үлкен маңызға ие. Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу қарастырылған: кәсіпорындағы ақша қаражаттары есебінің жүргізілуіне қойылатын талаптар мен шарттарды қарастыру;кәсіпорын мысалында кассалық және банктік іс-әрекеттердің бухгалтерлік есебінің жүргізілуін оқу;кәсіпорында ақша қаражаттарының есебінің жүргізілуіне аудит жүргізу; жүргізілген зерттеулер негізінде ақша қаражаттарының есебін жетілдіру бойынша негізделген ұсыныстар беру.

 

Фирманың мақсаты қалдық ақша қаражаттарын анықтау. анықтауАқша қаражаттары кез-келген мемлекеттің қаржы жүйесінің ажырамас бөлігі. Ақша экономикалық категория ретінде бірнеше қызмет атқарады: құн өлшемі, айырбас құралы, төлем құралы, әлемдік ақшалар.Экономика мен экономикалық қатынастардың дамуы қаржы-несие жүйесінде, оның ішінде ақша айналысы мен төлем, есеп айырысу сұрақтарында да көптеген жаңалықтар мен өзгерістер алып келуде. Есеп айырысу-төлем жүйесінің өзгеруімен қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйелері арасындағы айырмашылық та алшақтап келеді.Кез-келген шаруашылық субъектісі өзінің құқықтық-ұйымдастырушылық нысанына қарамастан ақша қаражаттарымен күнделікті жұмыс істейді. Барлық шаруашылық субъектілері өз ақша қаражаттарын банк мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда , ал қажет жағдайда ҚР Ұлттық банкі белгіленген талаптар орындалса нақты ақшамен де есеп айырысулар жүргізе алады.Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысуларды ұйымдастыру үшін барлық шаруашылық субъектілері ҚР екінші деңгейлі банктерінде банктік шоттар ашады. Банк шоттары - бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім-шарттың қатынастарын сипаттайтын әдіс. Ақша қаражаттарын басқарудың кәсіпорын үшін маңызы зор. Айналыс капиталын басқару өнерінің мәні келесіде: кәсіпорын басшылығы шоттарда ағымдық қызметті қаржыландыруға қажетті минималды ақша сомасын ұстап отыруы тиіс. Ол кәсіпорынның ең жедел қажеттіліктерін өтеуге жеткілікті сақтандыру қорының қызметін атқаруы тиіс. Касса мен ағымдық шоттағы ақша қаражаттары табыс әкелмейді, ал оның эквиваленті – қысқа мерзімді қаржылық салымдардың табысы өте төмен екендігін ескерсек кәсіпорын үшін ақша қаражаттарын салудың тиімді жолдарын іздестіру қажет-ақ. Кәсіпорынның айналысында ақша қаражаттарының жетіспеушілігі немесе артық болуы айналыс капиталын тиімсіз пайдалану нәтижесінде болуы мүмкін.Ақша қаражаттарының жетіспеушілігі банктер алдындағы ұзартылған несие сомасын өсіреді, жабдықтаушылар мен қызметкерлерге қарызды өсіреді, нәтижесінде қаржылық цикл ұзарады, кәсіпорын капиталының рентабельділігі төмендейді.Ақша ағынының жетіспеушілігін ақша қаражаттарының келіп түсуін жылдамдататын , ал төлемдерді кешіктіруге мүмкіндік беретін шаралар негізінде реттеуге болады.Капитал айналымдылығы – кәсiпорынның қаражаттарын пайдалану интенсивтiлiгiн және оның iскерлiк белсендiлiгiн сипаттаушы негiзгi көрсеткiш болып саналады. Кәсіпорынның іскерлік белсендігі оның қаражат айналымының жылдамдауымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау кәсіпорынның өз қаржысын пайдалану тиімділігін анықтауға мүмкіндік беретін түрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттерін есептеу мен талдауға негізделеді. Сол себептi талдау процесiнде капитал айналымдылығының көрсеткiштерiне терең талдау жүргiзу қажет және айналымның қай сатысында қаражатттардың қозғалысы баяулағанын не жылдамдағанын анықтау қажет.Банк шоттарындағы ақша қаражаттары қалдығының көбеюі не азаюы ақша ағынының тұрақсыздығымен, яғни ақшаның кірісі мен шығысының арасалмағының сақталмауымен байланысты. Оң ақша ағынының сомасының теріс ақша ағынының сомасынан асып кетуі бос ақша қаражаттарының қалдығының сомасын өсіреді және керісінше.Тақырыптың маңыздылығы келесіде: ақша қаражаттарының есебінің дұрыс ұйымдастырылуы мен оларды уақтылы тексеруден кәсіпорынның қаржылық жағдайы, айнналыс қаражаттарының айналымдылығы тәуелді. Ал кәсіпорындар арасындағы есеп айырысулардың дұрыс жолға қойылуы төлем уақытын қысқартады, есеп айырысуларды қолма-қол ақшасыз жүргізуге мүмкіндік береді. Халық шаруашылығы деңгейінде қалыпты және уақтылы есеп айырысулар экономиканың тұрақты дамуының негізі болса, ақша қаражаттарының есебінің кәсіпорын деңгейінде дұрыс ұйымдастырылуы үлкен маңызға ие. Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу қарастырылған: кәсіпорындағы ақша қаражаттары есебінің жүргізілуіне қойылатын талаптар мен шарттарды қарастыру;кәсіпорын мысалында кассалық және банктік іс-әрекеттердің бухгалтерлік есебінің жүргізілуін оқу;кәсіпорында ақша қаражаттарының есебінің жүргізілуіне аудит жүргізу; жүргізілген зерттеулер негізінде ақша қаражаттарының есебін жетілдіру бойынша негізделген ұсыныстар беру.

 

Фирманың оңтайлы капитал құрылымын анықтау. Капиталдың экономикалық табиғаты (түсінігі және классификациясы) Капитал – қаржылық менеджменттің маңызды түсініктерінің бірі. Қаржылық менеджмент түсінігінен капитал корпорацияның активтеріне салынған материалдық және материалдық емес формадағы ақша қаражаттарының мөлшері. Корпоративтік қаржы түсінігінен капитал корпорациялар арасындағы және басқа да шаруашылық субьектілердің арасындағы қарым-қатынас кезінде пайда болған ақшалай қатынастарды көрсетеді. Мұндай қаржылық қатынастар корпорациялар арасында заңды тұлғалармен, олардың акционерлерімен, несие берушілермен, жеткізушілермен, өнімді сатып алаушылармен, қор нарығына қатысушыларынмен болады.Капиталды салу қорытындысында негізгі және айналым капиталы пайда болады. Қызмет барысында негізгі капитал – айналымнан тыс активтердің формасына, айналым капиталы – айналым активтер формасына ауысада. Айналым активтеріне салынған корпорацияның ақша қаражаттарының қорлары айналым қаражаты болып табылады. Капитал келесідей болады. Капитал - өзін өзі өсіруге арналған байлық. Капиталды сату және өндіріс процессіне инвестициялағанда кәсіпкердің табысы қалыптасады.Экономикалық теория төрт факторды бөледі: капитал, жер, жұмыс күші және менеджмент (кәсіпорынды басқару).Салуына байланысты капитал кәсіпкерлік және ссудалық болып бөлінеді. Кәсіпкерлік капитал корпорацияны басқару және табыс алу мақсатында раелды және материалдық активтерді аванстайды. Ссудалық капитал бұл несиені мерзімінде қайтарып беру мақсатында берілген ақша капиталы. Ссудалық капитал кәсіпкерлік капиталмен салыстырғанда корпорацияға салынбайды, керісінше ол пайыз түрінде табу үшін уақытша қолдануға беріледі. Ссудалық капитал несие нарығында товар түрінде болады оның құны пайыз мөлшері болып табылады. Төмен пайызға алынған несие арзан ақша, ал жоғары пайызға алған несие қымбат ақша болады. 15 күннен аз мерзімге алынған ақша қысқа ақша болып табылады. Капитал құны – капиталға қандайда бір соманы тартқаны үшін төленетін ақша қаражытының мөлшері. Өзіндік капитал құны – бұл ақционерлік капитал үшін акциялар бойынша алынатын дивиденттер сомасы немесе шығаруға байланысты төленетін табыстар сомасы.Заемдық капитал құны – несие немесе облигациялық заемға байланысты төленетін шығындарға пайыз сомасы.Тартылатын капитал құны – бұл несиелік бережақ мөлшері. Ол 3 ай ішінде төленетін немесе келісім шартта белгіленген мерзімде төленбеген несие сомасы.Сонымен капитал дегеніміз корпорацияға табыс алып келетін қаражаттар көзі. Капитал ағымдағы және болашақ периодқа арналған негізгі көзі болады. Капитал корпорацияның нарықтық құнын өлшейтін негізгі құрал. Біріншіден бұл таза активтердің мөлшерін анықтайтын өзіндік капиталға жатады. Бұл уақытта қолданылатын өзіндік капитал қосымша табыс алып келетін заемдық капиталды өзіне тартады. Корпорацияның коммерицялық және өндірістік тиімділгінің өлшеуіші капитал динамикасы болып табылады. Өзіндік капиталдың өсе алуы корпорацияның таза пайдасының қалыптасуына көмектеседі. Капитал келесідей классификацияланады:1. Жатқызылуына байланысты капитал заемдіқ және өзіндік болып бөлінеді. Өзіндік капитал корпорацияның өзіне жатқызылады және активтердің көпшілігінің көмегімен құралады. Заемдық капитал қайтарылып берілетін тартылған қаражаттарды айтамыз. Заемдық капиталдың барлық түрлері белгіленген мерзімде қайтарылуы тиіс. Қысқа мерзімді заемдық капитал айналым активтерін жабуға арналған.2. Қолданылуына байланысты капитал өндірістік, ссудалық және спекулятивтік болады. Спекулятивтік капитал екінші қор нарығында айналымдағы акциялардың өсуі негізінде пайда болады. Спекулятивті операциялардың негізгі мақсаты максимальды пайда табу.3. Инвестициялау формасына байланысты капитал шаруашылқы серіктестіктердің және қоғамдардың құрылуына арналған материалдық және материалдық емес формадағы қаржылар.4.Инвестициялау обьектісіне байланысты негізгі және айналым капиталы болады. Негізгі капитал барлық айналымнан тыс активтерге салынған, ал айналым капиталы айналымдағы активтерге инвестицияланған.5. Меншік формасына байланысты мемлекеттік, жеке және ортақ капитал бар.6. Құқықтық формасының қызметіне байланысты акционерлік, жеке және складтық болып шаруашылықтарға бөлінеді.7. Өндірістік процеске қатысуына байланысты капитал функцияланған және функцияланбаған болып бөлінеді.8.Меншіктің қолданылуына байланысты жинақталған және қолданылатын капиталдар болады. Қолданылатын капитал дивиденттер бойынша төленетін сомма және басқа да әлеуметтік төлемдер жатады. Ал жинақталған капиталға есепті және өткен жылдардағы бөлінбеген табыс жатады.9. Мемлекеттің экономикасының қалыптасу көздеріне байланысты мемлекеттік және шет елдік капиталдар қалыптасады.Қазіргі кезде капиталға мынадай факторлар ықпал етеді: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет. 1.Өндірістік факторлар ретінде жерекі жағынан қаралады:жер беті ретінде;экономикалық мақсатта пайдалануға қажетті табиғи игілік ретінде.Егер қажетті миниралды және органикалық тынайтқыштарды әсіресе жаңа технологияны қолдаса жердің құнарлығы сақталып қана қоймайды одан сайын жақсаруы мүмкін. Адам саны артқан сайын адам басына шаққандағы жер көлемі жылдан жылға қысқаруда.2Капитал:Өндіріс факторы ретінде және қаржы ретінде пайдалануға болады;Өндіріс факторы ретінде капитал өндіріс құралдарын сипаттайды. Мұнда ұзақ уақыт пайдаланылатын өндіріс құралдары (машина, құралдар) жер қысқа мерзім пайдаланылатын өндіріс құралдары (шикізат, энергия қуаты, жол байланыс қызметі). Нақты капитал пайда болу үшін өндіріс құралдарын сатып алуға қаржы қажет. Осы қаржы ақша капиталы болып табылады. Өндіріс құралдарын сатып алуға капиталдың жұмсалуы қаржыландыру, ал ақша капиталын нақты капиталға айналдыру- инвестициялау деп аталады.3. Еңбектіде екі жақты түсіндіруге болады:адамның ойлау қабілетімен қимылдау қабілеті;өндіріс процесінде пайдалануға болатын қоғамдағы барлық еңбек ресурстары.Еңбек қызмет ретінде қарағанда оны басым ойлау қабілетті қажеттілік немесе интелектуалды және басым қимылдау қабілетін қажет ететін деп бөледі. Білім деңгейіне қарай: көп дайындықты қажет ететін еңбек; көп дайындықты қажет етпейтін еңбек;ешқандай дайындықты қажет етпейтін еңбекдеп бөлінеді;4.Соңғы жылдары көптеген елдердің экономистер өндіріс факторына кәсіпкерлік қаблетті де жатқызды. Кәсіпкерлік қабілет- бұл барлық өндірісі факторларын тиімді пайдалануға қабілеті бар адам ресурстарының ерекшк түрі. Оған мынадай қасиеттер тән болуға тиіс.1) Өндіріс факторларын дұрыс үйлестіру мен келістіру үшін оның білім деңгейі жоғары болуы керек.2). Дұрыс шешімдер қабылдай білуі керек.3). Жаңамалдыққа ұмтыла білуі керек.4). Тәуекелшіл болуы тиіс.Қазіргі қоғамдық өндіріс құрылымын материалдық және материалдық емес өндіріс деп бөлуге болады. Адам қоғамының даму негізі - материалдық өндіріс болып табылады. Материалдық өндіріс саласы өмір сүру, жұмыс істеу үшін қажетті игіліктерді өндіреді. Материалдық емес өндіріске ерекше материалдық емес (рухани құндылықтар) игіліктер өндіру, қызмет көрсету саласы жатады.

Фискалдық саясаты және оның типтері. Мемлекеттің салықтық-бюджеттік саясатының жəне экономикалық үдерістерде оны іске асыру механизмінің кешенді ұғымы деп түсінілетін «фискалдық саясат» термині батыс теориялық тұжырымдамалары мен практикасынан алып пайдаланылған. Фискалдық саясат ең маңыздысы мемлекеттiк бюджет болып табылатын орталықтандырылған мемлекеттiк қорларды толықтырумен байланысты. Фискалдық саясат салықтық төлемдерді алу, «қоғамдық тауарларды» өндіpyкезінде ресурстарды орналастыру, оларды бөлу, ақшалай қаражаттардың трансферттік ағындарының қозғалысы жөнiндегi бөлу жəне қайта бөлу əpeкeттepін, үкімет пен жергілікті органдардың экономикалық жəне əлеуметтiк сфераларда қаржыны пайдалану жөнiндегi басқа іс-қимылдарын қамтиды.

Фискалдық саясат мемлекеттің жалпы экономикалық саясатының аса маңызды құрамдас бөлігі бола отырып, жоспарланатын кезеңде инфляцияның орташа жылдық денгейі бойынша белгіленген дəлізді қолдануға, төлем балансының тұрақтылығына, тауарлар мен қызметтерді түпкілікті тұтынудың жəне капитал қорлануының өсуіне көмектесетін болады.

Фискалдық саясаттың міндеттері мына негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:

- салық заңнамасы мен əкімшілік етуді жетілдіру;

- Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арқылы мемлекеттің мұнайлық кірістерін пайдалану механизімін жетілдіру;

- бір жағынан, мемлекеттік функцияларды толық көлемінде тиімді орындауды жəне,басқа жағынан, макроэкономикалық тұрақтылыққа жəрдемдесуді қамтамасыз ететін денгейде шығыстарды қолдау;

- мемлекет шығыстарының нəтижелігі мен тиімділігін арттыру, соның ішінде бюджеттік үрдістің барлық кезеңдерінде бюджеттік бағдарламаның əдістерін одан ары енгізу арқылы;

- дамуға бағытталатын бюджет шығыстарын тиімді қалыптастыру жүйелігін қамтамасыз ету мақсатымен инвестициялық жобаларды даярлау, қарау, іріктеу үдерісін тəртіпке келтіру;

- бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, бюджет жүйесінің түрлі деңгейлері арасында кіріс жəне шығыс өкілеттігін айқын межелеуді белгілеу.

Фискалдық саясат дuскредuцuялық саясат ретiнде, яғни ұлттық өндірістің нақтылы көлемін, жұмыспен қамтылуды (жұмыстылықты) өзгерту, инфляцияны бақылау, экономикалық өсудi тездету мaқcaтымен мемлекеттiң салықтарымен жəне шығыстарымен саналы айла-шарғы жасау ретiнде жүргiзiледi. Экономикалық циклдiң сипатына қарай ынталандырушы немесе тежеушi фискалдық саясат жүргiзiлуi мүмкін.

Дискредициялық емес фискалдық саясат автоматтық немесе «кіріктірме тұрақтандырғыштардың» (кіріктірме тұрақтылық») icəрекетiн қажет етедi.Бұлай деп экономикалық циклдiң түрлi фазаларындағы – өрлеу немесе құлдырау фазаларындағы ұлттық өнім көлемiне теңбе-тең түрде мемлекет шығындарының жəне салық алудың түрленуі ұғынылады. Дискредициялық – өз білгенінше қимылдаушы (яғни қандай бір мəселені мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның өз білгенінше шешуі).

ХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХ

Халықаралық Валюталық Қор. Оның мақсаты мен міндеттері ХВҚ 1944 жылы өткен Брентон-Вуд (АҚШ) валюта қаржы конференцияның шешімімен БҰҰ (ОНН) ның арнаулы органы ретінде ашылып,ол өзінің жұмысын 1947 жылдан бастады. ХВҚ – ол үкімет аралық валюта – қаржылық ұйым, оның мақсаты өзінің мүше – мемлекеттер арасындағы валюталық қатынастарды ретте,төлем баланстарының тапшылығын жабу үшін оларға қысқы және орта мерзімде шетел валютасымен кредит беру. Алдымен ХВҚ мүшелері болып 35 мемлекет енді,2006 жылы оның саны 184-ке жетті. Қазақстан соған мүше болып 1992 жылы енді. ХВҚ өзінің құрылымы жағынан акционерлік қоғамға ұқсайды. Сондықтан оның қызметіне әр елдің жарлық қорына қосқан үлесіне (квота) қарай әсер етеді. АҚШ онда ең көп квотаға ие, сондықтан оның банктің саясатына ықпалы жоғары. ХВҚ капиталы өзінің мүше елдерінің арасындағы валюта қатынастарын валюта қатынастарын реттеп отыруға, уақытша қаржылық қиыншылық көріп отырған елдерге кредит беруге пайдаланады. ХВҚ- ның штаб-пәтері Вашингтон қаласында – қорға ең көп үлесі бар елдің астанасында. ХВҚ – ның басқару органы – губернаторлар кеңесі, оның құрамына әр елдің өкілдері (қаржы министрі болмаса орталық банктердің басқарушылары). Губернаторлар кеңесі жылына бір рет жиналады. Оның міндетіне төмендегілер кіреді: -кредит валюталық қатынастарды реттеу туралы ұсыныстар әзірлеу; -дамып келе жатқан елдерге экономикалық реформаларды өткізуге кеңес беру; -қорға жаңа мүше қабылдау, квотаны өзгерту, берілген кредиттерді тиімді пайдалану мақсатында инспекторлық бақылау жүргізу, т.б. ХВҚ өзінің қаражатын көбейту мақсатында арнаулы қорлар құрады, ондайға мұнай, сенім, Виттен қоры т.б. Осы қорлардың есебінен мұнайдың бағасы тым көтерілгенде мұнайды импорт жасайтын елдер көмек алып тұрады, ал дамып келе жатқан елдер ондай көмекеті жеңілдеткен түрінде алады. ХВҚ-ның кредиті ақылы және шартты. Кейде ХВҚ қатаң шарттары кредит алушы елдердің ұлттық мүдделеріне қарсы келуі мүмкін, экономиканың төменденуіне әсер етуі мүмкін, сондықтан да көптеген елдер оның кредитін алудан бас тартады. Шығыс Еуропаның көптеген елдері, Кеңес Одағының бұрынғы республикалары, оның ішінде Қазақстан, ХВҚ-ның көмегін, кредиттерін алып, экономикасына реформа жасауға пайдаланады.

Халықаралық валюталық-несиелік институттар. Пайда болуының алғышарттары, олардың мақсаты мен міндеті Валюта-қаржылық институттарға мыналар жатады: -Халықаралық валюта қоры(ХВҚ); -Еуропалық даму және қайта құру банкі (ЕДКБ); -Азияның даму банкі(АДБ); -Ислам даму банкі (ИДБ); -Халықаралық есеп айырысу банкі (ХЕБ). ХВҚ 1944 жылы өткен Бреттон Вуд (АҚШ) валюта қаржы конференциясының шешімімен БҰҰның арнаулы органы ретінде ашылып, ол өзінің жұмысын 1947 жылдан бастады. ХВҚ ол үкімет аралық валюта қаржылық ұйым, оның мақсаты өзінің мүше мемлекеттер арасындағы валюталық қатынастарды реттеу төлем баланстарының тапшылығын жабу үшін оларға қысқа және орта мерзімде шетел валютасымен несие беру. Алдымен ХВҚ мүшелері болып 35 мемлекет енді, 2006 жылы оның саны 184 ке жетті. Қазақстан соған мүше болып 1992 жылы енді. ХВҚ өзінің құрылымы жағынан АҚға ұқсайды сондықтан оның қызметіне әр елдің жарғылық қорына қосқан үлесіне (квота) қарай әсер етеді. АҚШ онда ең көп квотаға ие, сондықтан оның банктің саясатына ықпалы жоғары. Мәселені шешуде дауыс берудің өзара келістіру принциптері де сол жарна қорындағы әр елдің үлесіне байланысты: 24 өте дамыған елдің (олар жалпы мүше елдердің 14%) үлесі 60% дауыс иеленеді, оның ішінде АҚШ 17,7% ЕО елдері 26.2%, жапония 7%. ХВҚ ның басқару органы, губернаторлар кеңесі оның құрамына әр елдің өкілдері. Губернаторлар кеңесі жылына бір рет жиналады. Оның міндетіне төмендегілер кіреді: -Кредит валюталық қатынастарды реттеу туралы ұсыныстарды әзірлеу; -Дамып келе жатқан елдерге экономикалық реформаларды өткізуге кеңес беру; -Қорға жаңа мүше қабылдау, квотаны өзгерту, берілген кредиттерді тиімді пайдалану мақсатында инспекторлық бақылау жүргізү. Әлемдік банк өзінің жұмысын 1946 жылдан бастады. Алғашқы кредиттері батыс европа елдерінің соғыстан қираған экономикасын қалпына келтіруді қаржыландыру үшін берілген болатын. 1960 жылдан бастап ол дамушы елдерге өздерінің несиелерімен көмектесті. Сөйтіп олардағы экономикалық және әлеуметтік прогресті қалыптастырды. Әлемдік банк, инвестициялық банк, инвестор мен алушылардың арасында делдалдық қызмет көрсетеді, яғни біреуінен алса екіншісіне кредит береді. Әлемдік банк әлемде нарықтық капиталдың негізгі кредит алушысы болып есептеледі. Мемлекеттер мен өкілдеріне орталық банктерге облигация мен вексель сату арқылы да қарыз алады. Облигация сату арқылы түскен түсімдер дамушы елдерге саясатты өзгертуге байланысты жасаған бағдарлама мен жобаларды қаржыландыруға қолайлы пайыз нормасымен беріледі. Европа қайта құру және даму банкі (ЕКДБ) 1990 жылы 29 мамырда болған келісім бойынша халықаралық қаржы мекемесі ретінде құрылған штаб пәтері Лондонда орналасқан. Өз жұмысын бұл банк 1991жылдан бастады. Оның басты міндеті бұрынғы социалисттік елдерге саяси жүйенің өзгеру кезеңінде жаңадан экономикалық әлеуметтік жағдай жасау үшін инвестиция беру, жекелендіруге, құрылымдық қайта құру, табиғатты қорғау және т.б. салалар қолдау б.т. Азия даму банкі (АзДБ) 1965 жылы құрылған. Оның мүшелері болып дамушы елдермен қатар Жапония, Австралия елдері де кіреді. АзДБ өз операцияларын ЕҚДБ сияқты жүзеге асырады. 1980 жылы банктің негізгі капиталы 9.5 млрд доллар болды, оның 8.9 млрд долларына қол қойылды. Банктік ережесі бойынша капиталының 20% төленуі қажет, ал қалған 80% керек болса кез келген кезде талап етіледі. Құйылған қаржы кепілдік қоры ретінде мүшелерінің қолында болады, оның 81% алтын немесе конвертация жасауға болатын валютадан, ал қалған бөлігі ұлттық валютадан тұрады. Ислам даму банкі өз жұмысын 1975 жылдан бастады. Банктің негізгі кеңсесі Сауд аравиясындағы Джидда қаласында орналасқан. Аймақты кеңселері үшеу, олар: Рабат қаласында (Марокко), Куала лумпур (Малайзия) және Алматы (Қазақстан). Банк құрылтайшылары ислам конференциясының ұйымы мүшелері. Қазіргі кезде олардың саны 52. Банктің жарғы капиталы 6млрд.ислам динары. Ислам даму банкін құрғандағы негізгі мақсат шариғат негізінде сүйене отырып, ИКҰ ға мүше болған және болмаған мұсылман елдеріне экономикалық даму және әлеуметтік ілгерілеуі үшін қаржылай көмек көрсету. Әсіресе ИКҰға мүше болған экономикасы нашар дамыған мұсылман елдеріндегі жобаларды қолдауға көбірек көңіл бөлу. Халықаралық есеп айырысу банкі Базель қаласында 1930 жылы ашылды. ХЕБ 34 елдің орталық банктерінің халықаралық ұйымы. Оның негізгі мақсаты өз мүше елдердің халықаралық есеп айырысуын қамтамасыз ету және ынтымақтастыру. Ол депозиттік –кредиттік, валюталық, қорлық операциялар алтын мен валюталарды сатып алу, сату, сақтау сол сияқты орталық банктердің агенті бола алады. ХЕБ ерекше қызметінің бірі халықаралық валюталық клирингтік есеп айырысуда өз мүше елдердің банк-агенті болу. ХЕБ халықаралық банк есебінде халықаралық валюта-кредиттік қарымқатынастарды реттейді, ол негізгі валюталарды құрып, сақтау үшін банктердің коллективтік валюталық интервенциясын жүргізеді, үкімет аралық кредиттердің кепілі бола алады, еуронарықтың жағдайына бақылау жасап отырады.

 

ШШШШШШШШШШШШШШШШШШШШШШШШШ

Шағын және орта бизнес субъектілеріне салық салу.Жалпы алғанда шағын және орта бизнес көптеген жаңа жұмыс орындарының пайда болуын, экономиканың инновациялық әлеуетінің дамуын, өндірісті ұйымдастырудың жаңа түрлерін іздеу және енгізу, сату және қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Шағын және орта кәсіпкерлік – елдің тұрақты дамуы және ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің жоғары болуының негізі. Сондықтан да шағын және орта бизнесті қолдау саясаты жүзеге асырылуы қажет және де бұл қолдау мемлекет тарапынан белсенді түрде іске асуда. Бұл мемлекеттік қолдау салық жеңілдіктері негізінде жүзеге асады. Салық жеңілдіктері шағын және орта бизнес субъектілерін дамытуды ынталандырады.