Бiржолғы талон негiзiнде есеп айырысу тәртiбi

1. Қызмет түрлерiнiң тiзбесiн, бiржолғы талондардың нысаны мен берiлу тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
2. Бiржолғы талондардың құны кiрiс алынатын объектiнiң орналасқан жерiн, түрiн, қызметтi жүзеге асыру жағдайларын, сапасы мен көлемiн, сондай-ақ қызметпен шұғылдану тиiмдiлiгiне ықпал ететiн басқа да факторларды ескере отырып, салық органы жүргiзген орташа күндiк хронометраждық қадағалау мен зерттеу деректерi негiзiнде жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмiмен белгiленедi.
3. Жалдамалы еңбектi қолданбай бiржолғы талон негiзiнде ара-тұра сипаттағы қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылмайды және жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеуден босатылады.

Патент негiзiндегi арнаулы салық режимiн мынадай талаптарға сай келетiн:
1) жалдамалы қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланбайтын;
2) жеке кәсiпкерлiк нысанындағы қызметтi жүзеге асыратын;
3) жыл iшiндегi табысы 2,0 миллион теңгеден аспайтын жеке кәсiпкерлер қолданады.
2. Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға мүмкiндiк бермейтiн жағдайлар туындаған ретте салық төлеушi оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiне не салықты есептеу мен төлеудiң жалпыға бiрдей белгiленген тәртiбiне өтiнiш негiзiнде ауысады.
Аталған өтiнiш патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға мүмкiндiк бермейтiн жағдайлар туындаған кезде берiледi.<*>
3. Патент жеке кәсiпкерге бiр күнтiзбелiк жыл шегiнде кемiнде бiр ай мерзiмге берiледi.
4. Дара кәсiпкер патент алу үшiн кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жерi бойынша салық органына:
1) уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша патент алуға өтiнiштi;
2) дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi;
3) бюджетке патент құнының, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарының және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына сақтандыру аударымдарының төленгенiн растайтын құжаттарды;
4) дара кәсiпкер лицензиялауға жататын қызметтi жүзеге асырған жағдайда мұндай қызметтi жүзеге асыруға құқық беретiн лицензияны табыс етедi. Бұл орайда патент лицензияның қолданылу мерзiмiнен аспайтын мерзiмге берiледi.
Патент алуға өтiнiштi электронды түрде беретiн салық төлеушiлер осы тармақтың 2) - 4) тармақшаларында тiзiп көрсетiлген құжаттарды табыс етпейдi.
Кезектi патенттi алу үшiн патент алуға өтiнiш алдыңғы патенттiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн табыс етiледi. Патенттiң құнын есептеудi жеке кәсiпкер мәлiмделген кiрiстiң 3 процентi мөлшерiндегi ставканы қолдану жолымен жүзеге асырады.
2. Патенттiң құны бюджетке мынадай түрде:
1) жеке табыс салығы - патент құнының 1/2 бөлiгi мөлшерiнде;
2) әлеуметтiк салық - Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасын алып тастағаннан кейiнгi патент құнының 1/2 бөлiгi мөлшерiнде төленуге тиiс.
Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтiк салық сомасы нөлге тең болады.

Оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимiне салық кезеңi басталғанға дейiн көшу үшiн шағын бизнес субъектiлерi өз қызметiн жүзеге асыратын жерi бойынша салық органына уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысанда өтiнiш бередi.Қызметiн бiр елдi мекен шегiндегi орналасқан бiрнеше объектiлерде жүзеге асырған кезде салық төлеушi оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға өтiнiш беру үшiн салық органын дербес анықтайды.
2. Мынадай талаптарға сай келетiн шағын бизнес субъектiлерi:
1) жеке кәсiпкерлер үшiн:
жеке кәсiпкердiң өзiн қоса алғанда, қызметкерлердiң шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде жиырма бec адам болса;
салық кезеңi iшiнде шектi табысы 10000,0 мың теңге болса;

Салықты оңайлатылған декларация негiзiнде есептеудi шағын бизнес субъектiсi салық салу объектiсiне есептi салық кезеңiне тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы дербес жүргiзедi.
2. Жеке кәсiпкердiң табысына мынадай ставкалар бойынша салық салынуға тиiс:

Тоқсандық табысы

Ставкасы

3000,0 мың теңгеге дейiн
қоса алғанда

табыс сомасының 3 процентi

3000,0 мың теңгеден жоғары - 6000,0 мың теңгеге дейiн қоса алғанда

90,0 мың теңге + 3000,0 мың теңгеден асатын табыс сомасынан 4 процент

6000,0 теңгеден жоғары

210,0 мың теңге + 6000,0
теңгеден асатын табыс
сомасынан 5 процент

Шағын және орта бизнеске салық салу (жеке тұлғалар).Жалпы алғанда шағын және орта бизнес көптеген жаңа жұмыс орындарының пайда болуын, экономиканың инновациялық әлеуетінің дамуын, өндірісті ұйымдастырудың жаңа түрлерін іздеу және енгізу, сату және қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Шағын және орта кәсіпкерлік – елдің тұрақты дамуы және ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің жоғары болуының негізі. Сондықтан да шағын және орта бизнесті қолдау саясаты жүзеге асырылуы қажет және де бұл қолдау мемлекет тарапынан белсенді түрде іске асуда. Бұл мемлекеттік қолдау салық жеңілдіктері негізінде жүзеге асады. Салық жеңілдіктері шағын және орта бизнес субъектілерін дамытуды ынталандырады.