Дәріс. ФФЖ.Жазбаша бұзылулармен қосарлана жүретін сөйлеу тілінің жетіспеушілігі

Ауызша сөйлеу тілінде дыбыстық анализдің дамымауымен бірге жүретін кемшіліктер болады, салдарынан фонематикалық жалпылау және елестетудің қалыптасуы жетіспейді.

Бұл жағдайда балалар тек ауызша сөйлеуде ғана емес,сонымен бірге сөздің дыбыстық құрамын анық және жеткілікті толық меңгере алмайтын сөйлеу тіліндегі дыбысты есту дифференциациясында да қиналады.

Ауызша сөйлеудің кемшіліктері жазудағы бұзылыстармен жалғасатынына қарамастан әртүрлі болып келеді: дыбыстарды алмастыру және шатастыру,оларды тұрақсыз қолдану.Бала барлық дыбыстарды қайталай алады,бірақ жеке сөйлеу тілінде айтылуы және артикуляциясы ұқсас дыбыстар не шатастырылады,немесе басқа ұқсас дыбысқа алмастырылып айтылады.

Алмастыру мен шатастыру әдетте нақты шекте өтеді,олар бір-бірінен тек бір ғана белгі бойынша ажыратылатын дыбыстарға ғана таралады. Осы орайда, алмастыру мен шатастыру нақты фонетикалық топтар арасында байқалады. Ызың және ысқырық, ұяң дәне үнді, жұмсақ және қатты, р және л дыбыстарының алмастырылуы мен шатастырылуы осындай.

Көбінесе алмастыру мен шатастыру сыңар дыбыстар арасында байқалады,мысалы: с-ш, б-п және т.б.( ойынсықтар-ойыншықтар, сарсадық-шаршадық).

Кейде дыбыстарды алмастыру жеке дыбыстарды айтудың бұрмалануымен немесе мүлде айтпаумен және ылғы басқалармен шатастырумен үйлеседі. Бұрмалану көбінесе ысқырық және р-л дыбыстар арасында байқалады.

Дыбыстарды айтудағы кемісітктермен қатар кейбір балаларда жеке дыбыстарды немесе сөз бөліктерін тастап кету кездеседі( жұдыз-жұлдыз, қандаш-қарындаш). Негізінде сөздің екпін түспейтін бөлігі немесе бір-одан да көп дауыссыз дыбыс қатар келетін сөздердегі дыбыстар жіберіледі.

Кейде сөздерде артық дыбыстарды да байқауға болады:трамвайн-трамвай.

Сөздің буындық құрылысының бұзылуы балаларда сөздің дыбыстық құрамы жайлы жеткілікті анық елестетуі жоқ дегенді білдіреді.

Логопед өз тәжірибесінде айтуында дефектісі бар балалармен кездескенде көптеген жағдайларда осының бәрі фонематикалық дамудың дұрыс құрылмағандығынан пайда болатынын ескеріп,естен шағармауы керек.

Дыбыстарды дұрыс айтатын балаларда жазуында кездесетін қиындықтар көптеген ғалымдарды жазудағы кемістіктерді жеке бұзылыс ретінде қарастыруға итермеледі,ол ауызша сөлей тілімен байланысты емес болып шықты.Егер жазудағы кемістіктермен бірге айтуында да қателер болса,онда екеуі жеке дара бұзылыс болып қарастырылады,олар бір-біріне тәуелді емес және бір-біріне септік болмайды.

Жазуындағы бұзылыстар мен сөйлеу тілінің фонематикалық дамуына әсер ететін компоненттердің ауытқууының байланысты екенін естен шығармаған жөн.

Сол себепті логопед балаларды тексерген кезде міндетті түрде тек айтудағы бұзылыстарды ғана емес,сонымен бірге жазу және фонематикалық қабылдаудың даму деңгейін тексеруі керек,яғни сөйлеу тіліндегі қабылданатын дыбыстарды ажырату ерекшеліктерін және дыбыстық талдау мүмкіндіктерін тексеруі қажет.

Естіп қабылдаудағы қиындықтар айтылуы ұқсас фонемаларды ажырату барысында толық алға шығады. Осы орайда сөйлеу тілі анық қабылданбайды. Оқушылар мынадай сыңар дыбыстарды дұрыс ажырата алмайды: д-т, п-б, с-ш, р-л, немесе осы дыбыстардан құралған буындарды да-та, са-ша. Балалаларға осындай жұптарды жаз немесе көрсет дегенде қиналады.

Сөйлеу тіліндегі дыбыстарды жіктеудегі бұзылыстар – жазудың өзіне тән бұзылыстарын шарттастыратын негізгі фактор.Сөйлеу тілінің дыбыстарын ажыратудағы және қабылдаудағы қиындықтар балаларда сөздің дыбыстық құрамын тәжірибелік жалпылауының қалыптасуына кері әсерін тигізеді.Олар шектелген және анық емес болып шығады. Бірақ тілдің дыбыстық жағының бұзылысының танылуы осымен сайымайды.

Кейбір балаларда жазу дағдысын меңгеру бастапқы кезеңде байқалады. Олардың жазған сөздері айтып жаздырған сөздерден мүлдем басқаша болады. Сол уақытта балалар берілген мәтінді дұрыс дұрыс көшіреді. Оларда сөздегі дыбыстардың көру-кеңістіктік орналасуын меңгеруде қиындықтар кездеспейді.Басқа балалар сөздерді немесе толық фразаларды жазғанда көп қателер жібереді, соның салдарынан олардың жазғандары түсініксіз және анық емес болады.

Үшіншілері аздау қателер жібереді.

Жазудағы қателер әрқашан айтудағы қателермен сәйкес келе бермейді.

Кей кездерде тікелей тәуелділік пайда болады: жазған кезде дұрыс айтпайтын дыбыс басқа әріппен ауыстырылады. Басқа жағдайда мұндай сәкестіктер кездеспейді.

Дыбысты айтудағы бір бұзылыстың өзі фонематиклық жетіспеушіліктің белгісі екені және дыбыстық талдаудың қалыптасуына кері әсер тигізетіні бекітілді. Тек айта алмайтын дыбыс бар сөздер ғана емес,оларға ұқсас сөздерің де дыбыстық талдануы бұзылады. Сол себепті әріптер жазғанда жиі шатастырылады және ауыстырылады.Мысалы с дыбысы жазғанда з дыбысымен шатастырылуы мүмкін.

Дыбыстарды қабылдаудағы жіктелудің жетіспеушілігі ауызша айту тілінде де кездеседі, бірақ жазуға ерекше ықпал етеді.

Осындай ерекше қателермен бірге тағы мынадай қателер болуы мүмкін: әріптерді және буындарды өткізу, толық жазбау, қосып жазу, ауыстырып жазу, сөздің құрамын бұрмалауға әкелетіндей сөздерді бірге жазып қою, бір сөзді бөліп жазып қою. Бұл қателер баланың сөзді тұтастай елестету қиын дегенді көрсетеді, яғни балалар дыбыстардың реті мен санын ажырата алмайды.

Фонематикалық дамудың бұзылуы естіп қабылдаудың жетіспеушілігінен ғана емес, басқа да себептердің салдарынан болуы мүмкін. Мысалы, сөз-қозғалыс функциясының ауытқу салдарынан болады.

Артикуляцияның бұрыстығы дыбыстарды анық қабылдауға кедергі келтіреді, артикуляциялық-акустикалық әрекетті бұзады.Бұл әрекеттің бұзылуы фонема құрылымға кедергі келтіріп, ауызша сөйлеумен қатар жазуды және оқуды бұзады.

Әдетте жазуында кемшіліктер кездесетін балалар логопедтік бөлімшелерге бір,жиі екі немесе бірнеше оқу жылынан кейін барады. Бұл логопедтің жұмысын қиындата түседі.Егер фонематиклық жеткіліксіздігі бар бала сауат ашқан кезде дыбыс-әріптік талдауда қиындықтарға кездессе,онда грамматика мен дұрыс жазу ережелерін өтсе де оларды меңгере алмайды.Көптеген ережелерді меңгеру дыбыстарды ажырата алумен байланысты.Мысалы, кейбір оқушылар ұяң,үнді және қатаң дауыссыздарды жеткілікті деңгейде ажырата алмайды.Сол себепті олар жіңішкелік белгінің сөз ортасында не соңында тұратынын ажырата алмайды.

Жазудағы кемшіліктермен жұмыс істегенде логопед енді тек қана дыбыстық талдауды түзетумен емес,сонымен бірге жазу ережелерін меңгерумен де жұмыс істейді.