Күнтізбелік-тақырыптық жоспар. Студенттерге арналған пән силлабусы

Студенттерге арналған пән силлабусы

Пән туралы ақпарат

Пәннің атауы «Әлеуметтану» Пәннің коды Кредит саны - 2 Курс, семестр 2 курс, 3 семестр
Мамандықтың атауы «Траих», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Шет тілі;екі шет тілі», «Құқықтану», «Қаржы», «Аударма ісі», «Педагогика және психология», «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Мамандық шифрі 5В011400 5В011900 5В030100 5В050900 5В020700 5В010300 5В010200 Кафедра Педагогика Факультет  
Оқу формасы - күндізгі Оқыту тілі – қазақ
Пәннің өтетін жері мен уақыты 400 аудитория, – сәрсенбі 09.00, дүйсенбі 11.10
Кеңес беру күндері: по бейсенбі 8.00 , жұма 12.00
Рейтинг кестесі (7, 15 апталар, 2 семестр)
Оқытушының аты-жөні, Еслямова А.З.   Мамандығы, дәрежесі, атағы: Тарих мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі Байланыс ақпараттары:     сот. 87012143268 эл. пошта: aeslyamova@mail.ru
Қолы: Кафедра меңгерушісі: қолы

2. Пән туралы қысқаша сипаттама. Адам және қоғам жайлы басқа ғылымдардың қатарында әлеуметтануға әлеуметтік өмір, тұлғаның әлеуметтік өзара іс әрекеті туралы ғылым ретінде ерекше орын беріледі. Социум мәселелері қаншалықты күрделі болса, оларды шешуде жеке тұлға және оның адам мен қоғам жайлы білімі үлкен рөл атқарады. Әлеуметтану адамдар өз өмірін қамтамасыз ету үшін, қоғамдық қатынастарды реттеу, жаңа ұрпақты жалғастыру және қоғамды тұтастық ретінде сақтау үшін өздері қалыптастыратын күрделі әлеуметтік жүйелерді, әлеуметтік институттарды түсінуге көмекетеседі. Әлеуметтану адамзат өлшемендегі қандайда болсын құбылысты қарастыруға, оның әлеуметтік механизмдерін және әлеуметтік салдарын көруге мүмкіндік береді. Оқу курсында «әлеуметтік», «әлеуметтік қатынастар», «әлеуметтік іс-әрекет», «әлеуметтік бақылау», «әлеуметтік институт», «әлеуметтік және адамгершілік нормалар», «тұлға», «тұлғаның әлеуметтенуі», «әлеуметтік орта», «әлеуметтік үрдістер» және т.б. категориялар мен ұғымдардың мағынасы қарастырылады. Әлеуметтануда әлеуметтік өмірді ғылыми тануға, адамның әлеуметтік шындықпен байланысын тану сияқты мәселелерді қарастыру ерекше орын алады. Ол үшін әлеуметтік ойлау мен білімді игеру қажет.

Оқыту мақсаты: «Әлеуметтану» курсын оқыту студенттердің қажетті білім алуын және болашақ маман ретінде қоршаған әлеуметтік әлем туралы ғылыми танымның методологиясын меңгеруді мақсат етеді, сонымен қатар әлеуметтік институттар, әлеуметтік құрылымдар мен әлеуметтік қатынастардың қызмет ету және даму ерекшелігі жайлы, адамның әлеуметтік шындықпен өзара байланысы және әлемдік қауымдастықтың даму тенденциялары жайлы мағлұмат береді.

Оқыту міндеттері:

- студенттердің қоғам әлеуметтік қауымдастықтар мен әлеуметтік топтардың пайда болу табиғаты, әлеуметтік үрдістер мен әлеуметтік өзгерістердің түрлерімен бағыттарын талдаудағы әлеуметтік көзқарас жайлы ғылыми танымды меңгеру;

- әлеуметтік қозғалыстардың пайда болуы және дамуының негізгі жағдайлары мен типологиясын, әлеуметтік дамудың факторларын, әлеуметтік өзара байланыстың формаларын анықтау және талдай білу;

- студенттердің тұлға, әлеуметтену формалары, бағыттары және ерекшеліктері жайлы, әлеуметтік мінез-құлықты реттеудің негізгі заңдылықтары мен формалары жайлы әлеуметтік көзқарас тұрғысындағы ғылыми танымды меңгеру;

- әлеуметтік зерттеулердің методологиясы мен әдісі жайлы білімдерін қолдана білу;

3. Пререквизиттер: Пәнді оқыту үшін студенттер келесі курстарды меңгеруі қажет: Қазақстан тарихы, Психология.

4. Постреквизиттер:

Пәнді меңгеру нәтижесінде алған білім «Философия», «Экономикалық теория»

курстарын игеру үшін қажет.

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар.

 

Дәрістердің тақырыптарының атауы Сағаттар саны
1. Әлеуметтану әлеуметтік ғылымдар жүйесінде
2. Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары
3. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
4. Әлеуметтік институттар және әлеуметтік үрдістер  
5. Әлеуметтік құрылым және стратификация
6. Тұлғаның әлеуметтанулық сипаттамалары
Девиация және әлеуметтік бақылау
Білім беру әлеуметтануы
Саяси әлеуметтануы
Экономикалық әлеуметтануы
Отбасы әлеуметтануы
Мәдениет әлеуметтануы
Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы
Әлеуметтік зерттеулердің әдісі және техникасы
Ақпаратты өңдеу әдісі және олардың нәтижелерін талдау
  Барлығы: 15сағ.