Азақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

Ф КГМУ 4/3-03/03

ПП КГМУ 4/03

АРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

азақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

 

Силлабус

Құқық негіздері ОР 1109 пәні бойынша

 

5В130100 «Жалпы медицина» мамандығы үшін

 

Оқу сағатының көлемі (кредиттер): 90 сағат 2 кредит

 

Курс: 1

 

Семестр: 1,2

 

Қарағанды - 2014 ж.

 

 

Силлабус «Құқық негіздері» пәні бойынша жұмыс бағдарламасының негізінде

5В130100 «Жалпы медицина» мамандығы үшін құрастырылған.

«_____»_______20__ ж.

 

Силлабус Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының мәжілісінде қарастырылып және бекітілді.

 

 

«2» қыркүйек 2014 ж. Хаттама №1

 

Қазақстан тарихы және

ӘСП кафедрасының меңгерушісі: Темірғалиев Қ.А.

 

 

Кафедра оқытушылары ТУРАЛЫ мӘліметтер:

 

А.Ж.Т. Лауазымы Педагогикалық өтілі Ғылыми қызығушылығы Дәрежесі Қосымша
Темірғалиев Құдайберген Абаевич, каф. Меңгерушісі 25 жыл Мәдениет және әлеуметтік анализ. 2006 ж. Философия ғылымдарының кандидаты атағы берілді. Сабақты орыс тілінде жүргізеді.
Нуралин Валерий Арыстанович, оқытушы 16 жыл Мәдениет және әлеуметтік анализ. Философия ғылымдарының кандидаты . Сабақты орыс тідінде жүргізеді.
Өтебаев Дархан Сембайұлы, аға оқытушы 11 жыл Саяси-құқықтық тарих 2012 жылы ҚММУ-да 6 біліктілік бойынша педагогикалық квалификациясын жоғарылатты. 2013 жылы ҚарМУ –да «Қазақстан тарихы» бойынша біліктілігін жоғарылатты Сабақты қазақ тілінде жүргізеді.
Баймамыров Ақылғазы Аманғазыұлы оқытушы 8 жыл Саяси-құқықтық бағыт 2013 жылы ҚММУ-да 6 біліктілік бойынша педагогикалық квалификациясын жоғарылатты. Сабақты қазақ тілінде жүргізеді.
Альжанова Айнур Нурлановна, аға оқытушы 3 жыл Мемлекеттік құқықтық бағыт   Магистратура «Заңтану» КарГУ, 2012 ж. Заң ғылымдарының магистрі Диссертация тақырыбы: «Күнделікті құқықтың теориялық сұрақтары» Сабақты орыс тілінде жүргізеді.
Момышева Лаура Муратовна, оқытушы 13 жыл Мемлекеттік құқықтық бағыт   2013 жылы ҚММУ-да 6 біліктілік бойынша педагогикалық квалификациясын жоғарылатты. Сабақты орыс тілінде жүргізеді.
Алиев Р.Н. оқытушы   Қылмыстық құқытық бағыт Магистратура «Заңтану» ҚУ Болашақ, 2014 ж. Заң ғылымдарының магистрі Диссертация тақырыбы: «Криминалдық мінездеме және терроризммен күрес»  

· Байланыс ақпараты: кафедра мына мекен- жайда орналасқан: Алалыкин көшесі 7, корпус 2, аудиториялар - 331-347. Тел.: 56-41-81 (114)

·

· Пәннің саясаты: студентті тәжірибелік сабақтарға жүйелі түрде дайындалуға, уақытында қарыз сабақтарын өтеуге, дәріс және тәжірибелік сабақтарға қатысуға міндетті. Кафедрада студент өзімен бірге міндетті түрде халат, бас киім, бейдж және екінші аяқкиімі болуы керек.

· Кіріспе.

«Құқық негіздері» - мемлекет пен құқық саласындағы маңызды мәселелерді және денсаулық сақтау саласында медициналық көмектің ұйымдастырылу үрдісін оқытатын кешенді оқу әдістемелік құралы. Оның маңыздылығы уақытпен анықталған, өйткені Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымын анықтайтын денсаулық сақтау құқығы- құқықтық мемлекеттің дамуының басты кепілі. 2009 жылғы 18 қыркүйекте қабылданған «Денсаулық сақтау жүйесіндегі халық денсаулығы туралы» маңызды заңнамалық акт денсаулық саласындағы үлкен қадам. Бұл нормативті – құқықтың акт Қазақстандағы медициналық құқықтық институттардың тұтастай маңыздылығын анықтайды. Бұл заңнама бойынша медициналық іс әрекет түрлерінің мазмұны, сонымен қатар берілген дәрілік заттардың қауіпсіздігін талап ету, медициналық техникамен және дәрілік шөптердің тағайындалуын, азаматтардың денсаулық сақтаудағы ролі қарастырылады.

Құқықтық білімділік жүйесінде құқық негіздері маңызды орын алады. «Құқық негіздері» оқу курсы Қазақстан Республикасы заңнамасындағы құқық негіздерінің теориясын ашатын, заңгер мамандығына арналмаған студенттерге оқытылатын жүйеленген курс болып табылады. Құқық негіздері жүйесіндегі оқыту обьектісі – мемлекет және құқық туралы негізгі білімдерді қалыптастыратын құқықтық нормалардан, сонымен қатар монографиялық, арнаулы және нормативті құқықтық әдебиеттерден тұрады. «Құқық негіздерінің» оқыту пәні мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы заңдылықтарын аша отырып, қазақстан құқығының түсінігі мен мақсаттарының көшбасшысы болып табылатын мемлекет және құқықтың негізгі теорияларына түсінік беру.

Қазіргі уақытта «Құқық негіздері» құқықтық тәрбиенің қажетті элементі бола отырып, Қазақстан Республикасының құқықтық мәдениетін дамытып, заңдылықтары мен құқықтылықты арттыруда.

Пәннің мақсаты:«Құқық негіздері» курсының мақсаты – Қазақстан Республикасының заңнамалық жүйесінің негіздерін түсіне отырып, студенттерге заң нормаларының негізгі теориялық білім беру негізінде қазіргі құқықтық жағдайларға бейімделуге уйрету. Оқушының құқықтық көзқарасын қалыптастыру, қоғамдық және тұлғалық құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті жетілдіру. Денсаулық сақтау саласы бойынша құқықтық ақпаратты жетілдіру.

Оқытудың міндеттері:

- студенттерге заң нормаларының негізгі теориялық білім беру негізінде қазіргі құқықтық жағдайларға бейімделуге уйрету;

- Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің дамуының жетістіктері мен проблемаларымен таныстыру;

- Қазақстандық мемлекеттік-құқықтық механизмімен және денсаулық сақтау заңдылықтарының саяси құқықтық даму жолдарын анықтау

Оқытудың соңғы нәтижелері:

Дескрипторлар Оқытудың соңғы нәтижелері Құзыреттілік
А Оқыту саласындағы алдыңғы білімдердің жекелеген бөліктерін негізге ала отырып, түсініктер мен білімдерді көрсету. Құқық саласының басты қайнар көздеріне түсінік бере отырып, жалпы медицина саласындағы болашақ мамандарға оның маңыздылығын ұғындыру. Медицина қызметкерінің іс-әрекетін реттейтін, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асуын қадағалайтын және тұлғаның құқықтық дәрежесін анықтайтын Заңнаманың негізгі нормаларын баяндау. Жалпы медицина саласындағы қолданыстағы заңнаманың бұзылуына жауапкершілік пен медицина қызметкері мен пациенттің құқықтық дәрежесін түсіну. 1, 3, 4, 5     1, 2, 3, 4, 5   2, 3, 4, 5
В Меңгерген білімдері мен түсініктерді кәсіби деңгейде қолдану. Денсаулық сақтау саласындағы болашақ қызметкердің өзінің қызметтік құқықтары мен міндеттерін дұрыс атқару үшін қажетті құқықтық нормаларды қолдана білу. Меңгерген білімді тәжірибеде, нақты құқықтық жағдайларда қолдана білу. Денсаулық сақтау саласынан басқа да салалар бойынша қазақстандық құыққа бейімделу. 2, 3, 4, 5   2, 3, 4, 5   2, 3, 4, 5
С Оқылып отырған саладағы мәселелі жағдайларды шешу және дәлелдер қалыптастыру. Қайталанбастық пен маңыздылық жайлы туындаған пікір-таластардың нәтижесінде пайда болған, мемлекет пен құқықтың пайда болу теорияларын бағалау. Денсаулық сақтау саласында туындайтын құқықтық қақтығыстар жайлы пікір – таластар. Жалпы медицина саласындағы құқықтық нормалар мен мәселелердің шешімін түсіндіру және бағалау. 2, 3, 4, 5   2, 3, 4     2, 3, 4, 5
D Әлеуметтік, этикалық және ғылыми болжамдарды есепке ала отырып, пікірдің қалыптасуына ақпараттарды дұрыс жинақтап, талдау. Баяндама, түйінсөз, аннотация жазу барысында өз пікірін дұрыс қалыптастыра білу. Құқықтық мәдениетті жетілдіру саласындағы басты мәселелерді ескере отырып, жеке пікірін қалыптастыру және өз пікірін баяндамада, презентацияларда, жобаларды таныстырып, тәжірибе сабағында ақпараттарды нақты көрсете білу. 1, 2, 3, 4, 5     1, 3, 4
Туындаған ойлар мен мәселелердің шешімдерін мамандарға, маман еместерге де ақпараттарды хабарлау. Студенттерге/ оқытушыларға/ емтихан алушыларға құқықтық ақпараттар мен нормативтік -құқықтық актілермен жұмыс істеу қабілеті мен білімін жеткізе білу. Жалпы медицина саласындағы ақпараттарды қорытындылап, өз ойын көпшіліктің алдында ашық жеткізе білу қабілетіне ие болу. 1, 2, 4, 5   1, 2, 3, 4, 5
Е Ары қарай өз бетімен жұмыс істеу қабілетіне ие болу. Философия, әлеуметтану 2, 3

Құзыреттілік тізімі:Жалпы білімділік, коммуникативті дағдылар, үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыру дағдылары, ғылыми зерттеу дағдылары, топпен жұмыс істей алу дағдылары.

· Реквизитке дейін: адам және қоғам, дүниежүзі тарихы

Реквизиттен кейін:әлеуметтану, философия

· Пәннің қысқаша мазмұны:

Кіріспе

Пәнді оқыту барысында құқықтық мемлекет пен адам құқықтарына арналған сұрақтар, сонымен қатар мемлекеттің саяси-құқықтық негізін айқындайтын түсініктер мен анықтамалар толық қарастырылады. «Құқық негіздері» курсының пәндік жүйесі туралы сұрақтар да шешімін табады. Мемлекет және құқық категорияларының негізгі түсініктері. Құқықтық қатынастар. Құқықтық тәртіп және құқықбұзушылық. Заңдық жауапкершілік мәселелері қарастырылады. - мемлекет пен құқық саласындағы маңызды мәселелерді және денсаулық сақтау саласында медициналық көмектің ұйымдастырылу үрдісін оқытатын кешенді оқу әдістемелік құралы. Оның маңыздылығы уақытпен анықталған, өйткені Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымын анықтайтын денсаулық сақтау құқығы- құқықтық мемлекеттің дамуының басты кепілі. 2009 жылғы 18 қыркүйекте қабылданған «Денсаулық сақтау жүйесіндегі халық денсаулығы туралы» маңызды заңнамалық акт денсаулық саласындағы үлкен қадам. Бұл нормативті – құқықтың акт Қазақстандағы медициналық құқықтық институттардың тұтастай маңыздылығын анықтайды.

Құқықтық білімділік жүйесінде құқық негіздері маңызды орын алады. «Құқық негіздері» оқу курсы Қазақстан Республикасы заңнамасындағы құқық негіздерінің теориясын ашатын, заңгер мамандығына арналмаған студенттерге оқытылатын жүйеленген курс болып табылады. Құқық негіздері жүйесіндегі оқыту обьектісі – мемлекет және құқық туралы негізгі білімдерді қалыптастыратын құқықтық нормалардан, сонымен қатар монографиялық, арнаулы және нормативті құқықтық әдебиеттерден тұрады. «Құқық негіздерінің» оқыту пәні мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы заңдылықтарын аша отырып, қазақстан құқығының түсінігі мен мақсаттарының көшбасшысы болып табылатын мемлекет және құқықтың негізгі теорияларына түсінік беру.

Құқық негіздері мемлекет және құқық туралы білімнің негізін құрайтын кешенді оқу пәні. Құқықтық білімдер жүйесінде құқық негіздері негізгі орындардың бірін алады, себебі құқық негіздері мемлекет және құқық теориясының негізгі түсінігін және қағидаларын, сонымен қатар қазақстандық құқықтың жетекші салаларын енгізетін кешенді оқу пәні. «Құқық негіздерін» оқыту пәні мемлекет пен құқықтың пайда болу және дамуының негізгі түсінігін, қағидаларын, заңдылығын анықтайтын және олардың байланысын, сонымен қатар қазақстандық құқықтың жетекші салаларының негізгі түсініктері мен қағидаларын түсіндіретін мемлекет және құқық негіздері болып табылады.

«Құқық негіздері» оқу курсының жүйесі.Заңи пәндердің жүйесіндегі құқық негіздері пәні. «Мемлекеттік- құқықтық құбылыстардың оқу пәні, әдістері, қағидалары. «Құқық негіздері» оқу курсының құрылымы. Құқық негіздерінің басқа қоғамдық ғылымдармен өзара әрекет етуі мен өзара қатынасы. Қазақстандық негізгі құқық салаларының құқық негіздерінде бейнеленуі. «Құқық негіздері» оқу курсының қайнар көздерінің жүйесі.

Мемлекет туралы негізгі түсініктер. Мемлекеттің түсінігі және негізгі белгілері.Мемлекеттің мәнін білдіретін мемлекеттің анықтамасына түрлі қадамдар. Қоғам мен мемлекеттің өзара байланысы, азаматтық қоғамның ролі мене маңызы. Мемлекеттің пайда болуы. Мемлекеттің пайда болуының экономикалық және әлеуметтік себептері. Мемлекеттің пайда болуының негіздері, теориялары. Мемлекеттің дамуының Батыстық (Еуропалық) және Шығыстық (Азиялық) жолдары. Мемлекеттің белгілері. Мемлекеттің сыртқы және ішкі функциялары. Мемлекеттің тарихи типтері. Мемлекеттің типологиясы. Мемлекеттің нысаны – Қазақстан Республикасы. Қоғамның саяси жүйесі.

Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы - жетекші және әмбебап құқық саласы. Конституциялық құқық түсінігі – қазіргі конституциялық құқықты, өкімет, басқару, өзін-өзі басқару органдарының жүйесін оқытатын юридикалық жетекші пәндерінің бірі ретінде. Конституциялық құқықтық нормалар және олардың түрлері. Құқықтық институттар.

«Конституциялық құқық», «мемлекеттік құқық», «жария құқық» түсініктерінің арақатынасы.

Мемлекеттің және қоғамның Негізгі Заңы ретінде Қазақстан Республикасының түсінігі және мәні. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы, оның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы – Қазақстандағы көзқарастар мен ағымдардың, саяси процесстердің, қоғамдық қатынастардың дамуының алғышартын және дәрежесін білдіретін саяси және идеологиялық құжат.

Жеке тұлғаның мәртебесі жеке тұлға мен мемлекет, адам арасындағы қатынастардың табиғатын сипаттайтын конституциялық-құқықтық институт ретінде. Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғаның конституциялық мәртебесі – адамның және азаматтардың еркіндіктері мен міндеттерінің , сонымен қатар заңды кепілдіктері және оларды жүзеге асыру құқықтарының жиынтығы ретінде. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің негізгі түрлері: жалпы (конституциялық) құқықтық мәртебе, арнайы құқықтық мәртебе, жеке құқықтық мәртебе. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің жалпы қағидалары: адам мен азаматтың құқықтарының теңдігі; адамның құқықтарының және еркіндіктерінің иеліктен шығарылмайтындығы және абсолюттілігі; жеке тұлғаның құқықтары мен еркіндіктерінің кепілдіктері.

Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымының түсінігі. Қазақстан Рес публикасы – егеменді, демократиялық, құқықтық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет. Қазақстан Республикасының қызметінің негізгі қағидалары: қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық, халық игілігі үшін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм мемлекет өміріндегі, маңызды сұрақтарды шешудің демократиялық әдістері.

Қазақстан Республикасының сайлау жүйесінің түсінігі және түрлері. Қазақстан Республикасындағы сайлау процесін ұйымдастырудың құқықтық негіздері (сайлауды тағайындау; сайлаушылар тізімін құру; сайлау округтері; сайлау учаскелері;сайлау органдары;депутаттыққа кандидаттарды ұсыну және тіркеу;сайлау алдындағы үгіт;сайлауды қаржыландыру; дауыс беру тәртібі;дауысты есептеу;сайлау нәтижесі және оны жариялау).

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының жүйесі. Қ.Р. Конституциялық Кеңесі: оның мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны, ролі, маңызы және функциясы. Қ.Р. Әділет министрлігі және оның органдары; жүйесі, құрылымы, орны, мақсаты, міндеттері.Қ.Р. Прокуратурасы: жүйесі, құрылымы, функциясы.Заңдылыққа жоғары қадағалау: түсінігі, жізеге асыру нысандары, қызметінің қағидалары. Қ.Р-ң Ішкі істер министрлігі: органдарының жүйесі, мақсаты және міндеті. Қ.Р. ІІМ органдарының қызметінің қағидалары.Қ.Р. қауіпсіздік комитеті: органдарының жүйесі, мақсаты және міндеті. Қ.Р. Президенттік күзет қызметі: қызметінің және ұйымдастырылуының қағидалары. Адвокатура және нотариат - түсінігі, түрлері.Өзге де құқық қорғау органдары.

Сот органдарының қызметінің және ұйымдастырылуының құқықтық негіздері.Соттың мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны, ролі және маңызы. Қ.Р.-ті сот жүйесі: 1) аудандық және оған теңестірілген соттар; 2) облыстық және оған теңестірілген соттар; Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты;4) арнайы соттар.

Мемлекет - басқару субъектісі ретінде. Мемлекеттік басқарудың объектісі мемлекеттің негізгі сипаттамалары, мемлекеттің қоғамдық функциялары. Басқаратын объектілері. Мемлекеттік басқару теориясы ғылымның қалыптасу және даму кезеңдері және категориясына теоритектердің және әкімшілік құқық ғалымдарының көзқарастары.

Мемлекеттік басқару жүйесі түсінігі, пәні және мәндеттері. Мемлекеттік басқару жүйесі , құрылымы. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесінің қалыптасуы және құрылуы. Мемлекеттік басқару жүйесін реформалау кезеңі және оның бағыттары. Мемлекеттік басқарудың қазіргі мемлекеттік саясаты.

Әкімшілік құқық пәні, әдісі және жүйесі.Әкімшілік-құқықтық нормалар ұғымы және түрлері, оларды жүзеге асыру. Әкімшілік құқықтың қағидалары.

Қорғаныста басқарудың ұйымдастыру-құқықтық нысаны. Қорғаныста басқарудағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттігі.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін жасақтау Әскери қызмет.
Ұлттық қауіптілікті басқарудың ұйымдық-құқықтық нысандары.

Ұлттық қауіпсіздік туралы Қазақстан Республикасы заңнамасы. Сыбайлас жемқорлықты қарсы күрес туралы. Мемлекеттік комиссия және Қауіпсіздік Кеңесінің міндеттері.Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті: органдары олардың ұйымдық құрылымы.ҰҚК органдарының құқықтары мен міндеттері. ҰҚК органдарында қызметпен өту тәртәбі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және ұйымдасқан қылмыспен күрестегі ҰҚК органдарының орны мен ролі.

Азаматтық құқық түсінігі. Азаматтық құқықтық-реттеу пәні,әдісі. Азаматтық-құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері. Азаматтық заңдар. Азаматтар азаматтық құқықтың субъектісі ретінде. Азаматтардың құқық қабілеттілігі. Азаматтардың әрекет қабілеттілігінің түсінігі және түрлері. Заңды тұлғалар азаматтық құқықтың субъектісі ретінде, олардың түрлері. Мемлекет азаматтық құқықтық қатынастардың қатысушысы ретінде.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлектің дамуын қамтамасыз етуді құқықтық реттеу. Кәсіпкерлік қызметтің түсінігі, түрлері және ұйымдық-құқықтық нысандары. Шағын,орта және ірі бизнестің субъектілері. Жеке кәсіпкерліктің жалпы сипаттамасы. Меншік құқығының түсінігі. Меншік иесінің өкілеттіліктері. Мүлікті күтіп ұстау ауыртпалығы. Меншік құқығының пайда болуының және тоқтатылуының негізгі тәсілдері. Мүліктің кездейсоқ жойылуының және бүлінуінің қаупі.

Міндеттеменің түсінігі және түрлері. Міндеттемелік құқық жүйесі. Міндеттемелік қатынастардың тараптары және өзге де қатысушылары. Міндеттемені орындау, міндеттемені орындауды қамтамасыз ету тәсілдерінің жалпы сипаттамасы. Шарт міндеттеменің пайда болу негізі ретінде. Шарттың түрлері, үлгілері. Азаматтық-құқықтық міндеттемені орындамағаны үшін жауапкершілік.

Интеллектуальдық меншік түсінігі. Интеллектуальдық меншік объектілерін қорғауға байланысты азаматтық құқықтық институттары. Авторлық құқықтың жалпы ережелері. Ғылым, әдебиет және өнер туындыларының авторларының құқықтары. Авторлық шарт. Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау. Өнертабыс, өндірістік үлгі және пайдалы модельге авторлардың құқықтары. Өндірістік меншік объектілерін коммерциялизациялау. Қазақстанный мемлекеттік инновациялық саясатын іске асырудың құқықтық негіздері.

Отбасы құқығына түсінік. Отбасы-неке заңдары. Некеге тұру және некенің тоқтатылуы. Жұбайлардың неке және мүліктік құқықтары мен міндеттері. Жұбайлардың мүлкі, түсінігі, түрлік сипаты. Неке шарты. Ата-аналары мен балаларының құқықтары мен міндеттері. Бала (қыз) асырап алу. Қамқошылық және қорғаншылық түсінігі, жалпы сипаттамасы. Отбасы мүшелерінің алиенттік қатынастары.

Қаржы құқығының түсінігі, пәні, әдісі. Қаржы құқығының жүйесі және қайнар көздері. Қаржы қатынастарының жалпы сипаттамасы. Бюджет заңдары. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі. Бюджет түрлері мен деңгейі. Бюджет құрылымы. Бюджет аралық қатынастар және бюджет деңгейлері арасында түсімдерді және шығыстарды бөлу.

Қазақстан Республикасының салық жүйесі. Салық төлеушілер, олардың құқықтары мен міндеттері. Салық қызметінің органдары. Салықты төлеуге байланысты басқа мемлекеттік органдардың уәкілеттілігі. Бюджетке төленетін салықтар және басқа да салық тү.рлері. Салық міндеттемелері. Салық міндеттемелерін орындау. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері. Салық қарыздарын еріксіз өндіріп алу шаралары. Салық есебі және салықтық есеп беру ережелері.

Еңбек құқығы пәні, әдісі, жүйесі және қайнар көздері. Еңбек құқығы бойынша құқықтық қатынастар. Еңбекке орналастыру және жұмыспен қамтудың құқықтық негіздері. Еңбек құқы қатынастарының тараптары. Жеке еңбек шарттары. Ұжымдық еңбек шарттары және келісімдер. Жұмыс уақыты. Жалақы. Кепілдік пен компенсация. Еңбекті қорғау. Еңбек тәртібі. Материалдық жауапкершілік. Еңбек даулары. Әлеуметтік қамтамасыз ету құқығының түсінігі, қайнар көздері. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз етудің құқықтық негіздері. Ортақтасқан және жинақтаушы зейнетақы жүйесі.

Экология құқығының пәні, әдісі, жүйесі. Экологиялық заңдардың жалпы сипаттамасы. Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидалары. Экологиялық құқықтың объектілері. Табиғатты пайдалану құқығына, табиғи ресурстарға меншік құқығының жалпы сипаттамасы.

Жер құқығының түсінігі, пәні, жүйесі. Жер құқығының қайнар көздері. Жер құқық қатынастары. Жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқығы және жерге өзге де заттық құқықтар. Жер санаттары.

Қылмыстық құқық материалдық құқықтың негізгі саласы ретінде. Оның ұлттық құқық жүйесіндегі орны мәнісі мен құқықтық мемлекетті нығайтудағы ролі. Қылмыстық құқықтың міндеттері мен қағидаттары. Қылмыстық заң, оның шеңбері, жүйесі мен құрылымы.

Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықпен күресудің заң шығарушылық негіздері. Құқықтық мемлекеттің нығаюына бағытталған мемлекеттік-құқықтық шаралардың жалпы жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықпен күресудің орны мен маңызы. Сыбайлас жеқорлық қылмыстарымен күресу аясындағы мемлекеттік саясат.

Іс жүргізу құқығының конституциялық негізі. Іс жүргізу құқығының қайнар көздері. Ұлттық құқық жүйесіндегі іс жүргізу құқығының орны, рөлі мен маңызы. Сот билігін жүзеге асыру: процессуалдық нысаны, қағидаттары. Іс жүргізу заңдарының уақытқа қарай, кеңістікте және тұлғалар арасында әрекет етуі. Әкімшілік іс жүргізу: оның құқықтық реттеу ерекшелігі. Мазмұны мен нысаны ретінде материалдық және іс жүргізу құқығының арақатынасы.

Тақырыптық жоспар:тақырыптар, әр сабақтың өткізілу тәсілі мен ұзақтығы (дәрістер, тәжірибелік, семинар, лабораториялық, оқытушының жетекшілігі мен өткізілетін студенттің өздік жұмысы *, өздік жұмыстары):