Оқытудың қорытынды нәтижелері

ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Пән: «Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру негіздері»

Мамандығы: 051103 – «Фармация»

Оқу сағатының көлемі: 3 кредит

Курс - 3 Семестр – 5

Дәріс – 15 (сағат)

Практикалық сабақ - 30 (сағат)

Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысы – 21 (сағат)

Студенттердің аудиториядан тыс өзіндік жұмысы (СӨЖ ) – 69 (сағат)

 

Бақылау формасы: емтихан (1 этап- тест, 2- этап-ауызша )

Барлығы – 135 сағат

Алматы, 2012

 

 

МАЗМҰНЫ

№№ р/с Материалдың аты  
1. Жұмыс бағдарламасы
2. Силлабус
3. Дәріс конспектісі
4. Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар (практикалық, семинарлық, лабораторлық)
5. Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар (ОЖСӨЖ)
6. Студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар (СӨЖ)
7. Бақылау-өлшегіш құралдары

 

Бекітемін

ОТЖ бойынша проректор

Профессор К.А. Тулебаев

_______________________

Ж.

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Пән: Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру негіздері

Мамандығы: 5В051103 – «Фармация»

Курс: 3 Семестр: 6

Дәріс: 15 сағат

Практикалық (семинарлық) сабақтар: 30 сағат

Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ): 21 сағат

Cтуденттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ): 69 сағат

Оқу сағатының көлемі : 135 сағат (3 кредит)

Бақылау формасы: емтихан (1 этап- тест, 2- этап-ауызша )

 

 

Алматы, 2012 ж.

Жұмыс бағдарламасы «Фармацевт- менеджер» модулінің мәжілісінде қарастырылды, «____»_______________2012 жыл, хаттама № ____.

 

«Фармацевт- менеджер» модулінің жетекшісі А.Р. Шопабаева

 

Жұмыс бағдарламасы фармацевтикалық пәндердің білім беру бағдарламалары комитетінің отырысында талқыланды,

«____»_______________2012 жыл, хаттама № ____.

 

ББК төрайымы, доцент Г.М.Саякова

 

Жұмыс бағдарламасы Әдістемелік кеңестің отырысында талқыланды

«____»_______________ 2012 жыл, хаттама № ____.

 

ӘК төрағасы , профессор К.А.Тулебаев

 

 


ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

ЖОО-ның аты- С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина

университеті

Модуль- Фармацевт- менеджер

Пән -Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру негіздері

Мамандық- 051103 «Фармация»

Оқу сағатының көлемі- 3 кредит (135 сағат)

Курс және оқу семестрі- 3 курс, 6 семестр

 

 

БАҒДАРЛАМА

Кіріспе

Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру негіздері – фармацевтикалық нарықта жұмыс істейтін мамандарда кәсіби білімді, дағды мен машықтарды қалыптастыратын арнайы фармацевтикалық пәндердің бірі.

«Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру негіздері» пәні фармацевтикалық қызметті, сыртқы ортамен арадағы шаруашылық байланыстарды жүзеге асыратын дәрілік заттар айналымындағы субъектілерді, сонымен бірге фармацевтикалық нарықтағы олардың қызметінің негізін құрайтын объектілерді, құбылыстарды, процестерді зерттейді.

 

Пәннің мақсаты

Тұрғындар мен емдеу алдын алу ұйымдарына сапалы фармацевтикалық көмекті көрсету үшін дәрілік заттар айналымындағы субъектілерді ұйымдастыру, бақылау, есебін жүргізу және маркетингі саласында білім алу, практикалық дағдылар мен машықтарды қалыптастыру.

Пәнді оқытудың міндеттері

Студенттерде келесілер бойынша білім қалыптастыру керек:

· дәрілік заттар айналымындағы субъектілердің жұмысын ұйымдастыру принциптерімен;

· дәрілік заттар айналымындағы субъектілердің қызметін басқарумен.

 

Студенттерде келесілер бойынша практикалық дағдылар қалыптастыру керек:

· тұрғындарға және ұйымдарға дәрілік заттарды бөлшек және көтерме саудада босатуды ұйымдастыру және жүзеге асыру туралы (сатып алу, бөлу, сату және сақтау);

· ақпаратты-аналитикалық қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру туралы.

Студенттерде келесілер бойынша коммуникативтік дағдалар қалыптастыру керек:

· тиімді және қауіпсіз дәрілік заттар мен дәріхана ассортиментіндегі тауарларды таңдау, оларды сақтау, қолдану, сатып алу тәртібі туралы мәселелер бойынша азаматтарға және медициналық қызметкерлерге ғылыми-кеңестік қызмет көрсетуге.

 

Студенттерде келесілер бойынша құқықтық дағдылар қалыптастыру керек:

· дәрілік заттарды дайындауды ұйымдастыру ережелерімен;

· дәрілік заттардың сапасын бақылауды жүргізу және өткізу принциптерімен;

· тұтынушылардың әртүрлі типтерін тек дәрілік препараттармен ғана емес, басқа да тауарлармен және де қызмет түрлерімен сапалы қамтамасыз ету тәртібімен.

 

Оқытудың қорытынды нәтижелері

Студенттерде келесілер бойынша білім қалыптастыру керек:

· ҚР тұрғындарын дәрімен қамтамасыз етуді басқару жүйесінің құрылымын;

· ҚР-ғы дәрілік саясаттың құқықтық негізін регламенттейтін нормативті-заңдылық құжаттарын;

· фармацевтикалық қызметті ұйымдастырудың құқықтық және заңдылық негіздерін;

· фармацевтикалық қызметті лицензиялау тәртібін;

· фармацевтикалық ұйымдар мен кәсіпорындар қызметінің ұйымдастыру-экономикалық аспектілерін;

· рецептерді қабылдау және дәрілерді босату бойынша жұмысты ұйымдастыру тәртібін;

· дәрілерді дайындау және сапасын дәріхана ішілік бақылауды ұйымдастыру ережелерін;

· дәрілерді рәсімдеу және босату бойынша жұмысты ұйымдастыру принциптерін;

· стационардағы науқастарды дәрімен қамтамасыз ету негіздерін;

· дәрілік препараттарға сұранысты зерттеу және қажеттілікті анықтаудың негізгі принциптерін;

· фармацевтикалық қызметтің көтерме буыны ретіндегі дәріханалық қойманың жұмыс істеу принциптерін;

· дәрілердің сапасын бақылаудың мемлекеттік жүйесін;

· Қазақстан Республикасындағы дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру негіздерін;

· фармацевтикалық этика және деонтология негіздерін.

 

Студенттерде келесілер бойынша практикалық дағдылар қалыптастыру керек:

· дәріханалық ұйымдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыруды, жоспарлауды және талдауды;

· дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға қажеттілікті анықтауды;

· заман талабына сай технологиялық процестер мен аппараттарды қолдану арқылы дәрілік қалыптарды дайындауды;

· дәрілік заттар туралы дәрігерлерге ақпарат беру және оларға дәрілік заттарды тиімді пайдалану туралы кеңес беруді;

· дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек және көтерме сатуды жүзеге асыруды;

· дәріханалық пункттің жұмысын ұйымдастыруды;

· дәріхана ұйымдарындағы тауарлық-материалды құндылықтардың түгелдігін қамтамасыз етуді.

 

Студенттерде келесілер бойынша құқықтық дағдалар қалыптастыру керек:

· әртүрлі меншік формасындағы дәріхана мекемелерінің және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру;

· дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды дұрыс сақтауды ұйымдастыру;

· нормативті-құқықтық, жетекші, анықтамалық ғылыми құжаттармен жұмыс істеу.

 

Пәннің пререквизиттері: экономикалық теория негіздері, медициналық генетика негіздерімен молекулалы биология, микробиология, информатика, органикалық химия, физикалық және коллоидты химия, аналитикалық химия.

 

Пәннің постреквизиттер: дәрілер технологиясы, фармакология, фармацевтикалық гигиена негіздері, фармацевтикалық химия, медициналық және фармацевтикалық тауартану, фармакотерапия, фармакогнозия.