БІЛІМДІ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ

· Ағымдағы бақылау: тестілеу, жазбаша және ауызша сұрау, бағдарламалық бақылау, ситуациялық есептерді шешу, тапсырмалардың орындалуын бақылау, кіші топтарда жұмыс жасау кезінде өзін-өзі және топтық бағалау.

· Аралық бақылау: тестілеу, жазбаша және ауызша сұрау, бағдарламалық бақылау, ситуациялық есептерді шешу.

· Қорытынды бақылау: аралық бақылаудың нәтижелерін ескере отырып және СӨЖ сұрақтарын енгізе отырып ауызша немесе тест түріндегі емтихан.

СЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі:

Азақ тілінде

1. 07.07.06 ж. № 170-ІІІ «Азаматтардың денсаулығын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

2. 13.01.04 ж. № 523-ІІ «Дәрілік заттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

 

Орыс тілінде:

1. Багирова В.Л. Управление и экономика фармации. – Москва: Медицина, 2004.

2. Лоскутова Е.Е. Управление и экономика фармации. Фармацевтическая деятельность. Организация и регулирование. – Москва: ACADEMIA, 2003.

3. Сборник законодательных и нормативных актов по фармацевтической деятельности (второе издание). – Алматы, 2006.

4. Косова И.В., Лоскутова Е.Е. Организация и экономика фармации. - Москва: ACADEMIA, 2004.

 

Қосымша:

1. Котлер Ф. Основы маркетинга. – Москва: Прогресс, 1997.

2. Мескон М.Х., Альберт М., Хедоури Ф. Основы менеджмента. Перевод с англ. – Москва: Дело, 2001.

 

Ескерту: Әдебиеттер тізімін жыл сайын жаңартып отыруға болады.

 

СИЛЛАБУС

Пән: Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру негіздері

Мамандығы: 5В051103 – «Фармация»

Барлығы: 135 сағат (3 кредит)

Курс: 3 Семестр: 6

Бақылау формасы: емтихан

 

 

Алматы, 2012 ж.

Силлабус«Фармацевт- менеджер» модулінің мәжілісінде қарастырылды, «____»_______________2012 жыл, хаттама № ____

 

«Фармацевт- менеджер» модулінің жетекшісі А.Р. Шопабаева

 

 


ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

ЖОО-ның аты- С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина

университеті

Модуль- Фармацевт- менеджер

Пән -Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру негіздері

Мамандық- 5В051103 «Фармация»

Оқу сағатының көлемі- 3 кредит (135 сағат)

Курс және оқу семестрі- 3 курс, 6 семестр

Кафедраның оқытушылары туралы мәліметтер:

№№ р/с Ф.А.Ж. Қызметі Дәрежесі
1. Шопабаева Алма Рахимбаевна доцент фарм.ғ.к.
2. Нұрахов Дәндібай Бердиевич доцент биол.ғ.к.
3. Радюк Мария Ивановна доцент фарм.ғ.к.
4. Жумаева Гульжан Шынтаевна аға оқытушы -
5. Адибаева Гаипжамал Кабдолдановна оқытушы -
6. Бидасов Гульмира Кенесбаевна оқытушы -
7. Наурызалиева Жумагуль Тулеповна оқытушы -
8. Потапова Тамара Ивановна оқытушы -

 

Ақпарат

Мекен-жайы: Бөгенбай – батыр к-сі, 88, № 2 оқу корпусы, екінші қабат

 

Пәннің саясаты

Студенттер міндетті:

1. Дәріске, практикалық сабақтарға кешікпей халатпен қатысуға.

2. Сабақты себепсіз қалдырмауға (ауруы бойынша ...), жіберілген сабақтарды өтеуге деканаттан берілген рұқсатты көрсетуге.

3. Жіберілген сабақтарды оқытушы белгілеген белгілі бір уақытта өтеуге.

4. Практикалық сабақтардың барлық тапсырмалары талаптарға сәйкес ресімделуі және орындалуы тиіс.

5. Барлық жұмыс түрлері белгіленген мерзімдерде тапсырылуы тиіс.

6. Үлгерімі, сабаққа қатысуы төмен болғанда, егерде студент келесі курсқа ауыстырылмайтын жағдай болғанда, оның жіберілген пәнді демалыс кезінде ақылы негізде өтеуге құқы бар.

 

 

БАҒДАРЛАМА

Кіріспе

Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру негіздері – фармацевтикалық нарықта жұмыс істейтін мамандарда кәсіби білімді, дағды мен машықтарды қалыптастыратын арнайы фармацевтикалық пәндердің бірі.

«Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру негіздері» пәні фармацевтикалық қызметті, сыртқы ортамен арадағы шаруашылық байланыстарды жүзеге асыратын дәрілік заттар айналымындағы субъектілерді, сонымен бірге фармацевтикалық нарықтағы олардың қызметінің негізін құрайтын объектілерді, құбылыстарды, процестерді зерттейді.

 

Пәннің мақсаты

Тұрғындар мен емдеу алдын алу ұйымдарына сапалы фармацевтикалық көмекті көрсету үшін дәрілік заттар айналымындағы субъектілерді ұйымдастыру, бақылау, есебін жүргізу және маркетингі саласында білім алу, практикалық дағдылар мен машықтарды қалыптастыру.