ЙЫМДАСТЫРУ. ДӘРІХАНАЛЫҚ ҰЙЫМДАР

МАҚСАТЫ: Студент міндетті

білуге:

· дәріхана ұйымдарының жұмыс тәртібін;

· дәріхана ұйымдарының функциясын;

· дәріхана ұйымдарының жіктелуін;

· дәрілік заттарды бөлшек саудада босату ережесін;

· дәріхана ұйымдары арқылы сатылатын тауарлардың тізімін;

орындай білуге:

· дәріхана түрлерін дифференциялауды (бөлуді);

· дәріхана үшін құрал-жабдықтарды таңдауды.

 

ӨТКІЗУ ФОРМАСЫ

Жұптасып жұмыс істеу, тапсырмаларды орындау, сабақ тақырыбы бойынша сұрақтарды оқытушымен бірге талқылау.

 

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР

1 тапсырма. Дәріхана түрлерін жазбаша түрде көрсетіңдер.

2 тапсырма. Дәріхана ұйымдары арқылы сатылатын тауарлар түрлерін жазбаша көрсетіңдер немесе схема түрінде беріңдер.

3 тапсырма. Тұрғындарға қызмет көрсететін дәріхананың функцияларын схема түрінде көрсетіңдер.

4 тапсырма. Дәріханаға қойылатын талаптарды көрсетіңдер.

5 тапсырма. Дәріхананың бөлмелеріне, олардың жабдықталуына қойылатын талаптарды көрсетіңдер.

6 тапсырма. Жұмыс орындарының минимальды тізімін схема түрінде көрсетіңдер.

 

ТАРАТУ МАТЕРИАЛЫ

Дәріхана ұйымдарының түрлері

ҚР «Дәрілік заттар туралы» Заңына сәйкес дәріхана ұйымы дәрілік заттарды бөлшек саудада сатуды, оларды дайындауды және босатуды жүзеге асырады.

Бөлшек сауда – бұл кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес сатып алушылардың жеке қолдануы, отбасы, үй жағдайында қолдануы үшін тауарларды сату және қызмет түрлерін көрсету.

Дәріхана ұйымдарына дәріханалар, дәріханалық пункттер, дәріханалық дүкендер, дәріханалық киоскілер жатады. Олар бір-бірінен аудандарының мөлшері, жұмыс көлемі, ассортименті және функциялары бойынша ерекшеленеді. Дәрілік заттарды аралап жүріп сатуға, яғни стационарлық сату орындарынан тыс, үйде, жұмыс және оқу орындарында, транспортта, көшеде және басқа жерлерде сатуға тиым салынады.

Дәріханалар жіктеледі:

· тұрғындарға қызмет көрсететін; олар дәрілік заттардың белгілі бір ассортиментін сатуға маманданған болуы мүмкін (балалар дәріханасы, гомеопатиялық дәріханалар, жасыл дәріханалар) немесе қызмет профиліне байланысты болуы мүмкін (гинекология, онкология, эндокринология, психиатрия және т.б.);

· емдеу алдын алу мекемелерінің дәріханалары (ауруханалық дәріханалар);

· ауруханааралық дәріханалар – бірнеше емдеу алдын алу ұйымдарын және басқа да ұйымдарды жабдықтайды.

Өндірістік қызметінің сипаты бойынша дәріханалар келесідей бөлінеді:

· өндірістік, дәрілік заттарды дәрігерлердің рецепті және ЕАҰ-ның талаптары бойынша дайындайтын және дайын дәрілік заттарды сатуды жүзеге асыратын;

· дайын дәрілік қалыптар, дайын дәрілік заттарды тұрғындарға сатуды жүзеге асыратын.

Тұрғындарды дәрілік заттармен қамтамасыз етуді жақсарту мақсатымен түнгі уақыттарда кезекші дәріханалар ұйымдастырылады. Кезекші дәріханалар дәрілік заттарды (рецепт бойынша және рецептсіз), медициналық мақсаттағы бұйымдарды босатуды жүзеге асырады, қажет болған жағдайда алғашқы жедел медициналық көмекті көрсетеді. Кезекші дәріхана аумақтың фармацевтикалық қызметті басқару органдары белгілеген Тізіміне сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуге міндетті. Мұндай дәріханаларда жұмыс уақыты көрсетілген және түнгі уақытта жұмыс істейтіндігі туралы ақпарат көрсетілген тақтайша, дәріхана қызметкерлерін шақыруға арналған қоңырау немесе басқа да байланыс құралдары болуы керек. Кезекші дәріханада сыртқы сигнализация болуы керек. Кезекші дәріхананың жетекшілері кезекші қызметкерлерді қалыпты жұмыс жағдайымен қамтамасыз етулері керек, ол үшін Тізімге сәйкес дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтауға арналған бөлмелер мен құрал-жабдықтар, сонымен бірге дәрігерге дейінгі көмекке арналған шкаф және персоналдардың түнгі уақыттағы ұйқысына арналған жабдықтар болуы керек. Түнгі кезекшілік кезінде қызметкерлердің ұйықтауға құқысы бар, ол дәріхананың ішкі еңбек тәртібінде көрсетілуі керек.

 

Дәрілік заттарды бөлшек саудада сату ережесі

Дәріхана ұйымдарының басты міндеті халықты дәрілік заттармен (гомеопатиялық заттармен) және дәріхана ассортиментіндегі басқа да тауарлармен қамтамасыз ету болып табылады. ҚР-да медициналық мақсатта қолдануға рұқсат етілген және тіркелген дәрілік заттардың саны жыл сайын ұлғайып келеді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жыл сайын дәрілік заттарға типтік клиникалық-фармакологиялық баптары (қолдану бойынша инструкциясы) берілген дәрілік заттардың Мемлекеттік реестрін шығарады. Дәріхана ассортиментінде оригиналды препараттар да (алғаш рет синтезделген және зерттеудің толық циклын өткен дәрілік заттар, белгілі бір мерзімге патентпен қорғалған белсенді ингредиенттер) және дженериктер де (патенттелген аналогын өзара ауыстыратын және нарыққа патентпен қорғалған оригиналдың мерзімі біткеннен кейін шығарылған қайта өндірілген дәрілік заттар) болады. «Оригиналды дәрілік препарат» түсінігін көбінесе «дәрілік препарат – брэнд» ұғымымен теңестіреді.

«Оригиналды дәрілік препарат» түсінігімен дәрілік препараттың «оригиналды (саудалық) аты» түсінігін шатастыруға болмайды. «Оригиналды (саудалық) аты» - бұл дәрілік заттың атауын сауда маркасын немесе осы атауға (белсенді затқа емес) патентті иеленетін компанияның пайдалану құқын қорғау мақсатымен тіркелген, патенттелген атауы. Мысалы, «аспирин» атауымен ацетилсалицил қышқылын шығаруға тек «Байер» фирмасының құқы бар. Егер сауда атауы (сауда маркалары) соңғы өнімді білдіретін болса, ал белсенді фармацевтикалық субстанцияларды белгілеу үшін халықаралық патенттелмеген атауы қолданылады (МНН - ХПА).

МНН-ХПА сауда (фирмалық) атауымен сатылатын оригиналды және де дженерик препараттардың бумасында көрсетілуі керек.

Дәріхана ұйымдары арқылы сатылатын тауарлардың тізімі:

· дәрілік заттар:

· медициналық мақсаттағы бұйымдар (жекелеп айтқанда, науқастарды күту бұйымдары, медициналық техника бұйымдары, оның ішінде, профилактикалық мақсаттағы, диагностикалық заттар, емдік-профилактикалық киімдер, шұлық бұйымдары, бандаждар, балаларды күтуге арналған бұйымдар, алғашқы дәрігерлік көмек қобдишалары және т.б.);

· дезинфекциялайтын заттар;

· жеке гигиена заттары (тері, шаш күтіміне арналған заттар, хош иісті майлар және т.б.);

· оптика (дайын көзілдіріктер, көзілдіріктердің күтіміне арналған заттар және т.б.);

· минералды сулар (натуралды және жасанды);

· емдік, балаларға арналған және диеталық тағамдар (биологиялық белсенді заттар);

· косметикалық және парфюмериялық өнімдер.

Бұл тауарлардың бір бөлігі парафармацевтикалық өнімдер деп аталады. Бұл дәрілік заттарға және медициналық мақсаттағы бұйымдарға қосымша болатын, аурулардың профилактикасына, емдеуге, адамның жалпы жағдайын жеңілдетуге, дене күтіміне арналған дәріхананың қосымша ассортиментіндегі тауарлар. Оларға жататындар: косметикалық тауарлар, санитарлық-гиги­еналық заттар, науқастарды күту бұйымдары, шырындар, мине­ралды сулар, диеталық және балаларға арналған тағамдар, көзілдірік оптикасы, ақпаратты-ағарту әдебиеті.

Дәрілік заттарды бөлшек саудада сату ерекшеліктері:

· дәріхана қызметкері сатып алушыға дәрілік препараттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды босату ережесі туралы ақпарат беруі керек;

· дәрілік препараттар мен медициналық мақсаттағы бұймыдар сауда залына жіберілмес бұрын сату алдындағы дайындықтан өтуі керек, яғни тауарды ашады, сұрыптайды және қарайды; тауардың сапасын (сыртық белгілері бойынша) және тауар, оны дайындаушы завод (жабдықтаушы) туралы қажетті ақпараттардың болуын тексереді;

· дәрілік заттарды сату (мөлшерленген дәрілік заттарды, ауруларды емдеуге және профилактикасына арналған және қолдануға дайын дәрілік заттарды) ҚР «Дәрілік заттар туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі, оны барлық дәріхана ұйымдары өз қызметінде жетекшілікке алуы керек.

Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттарды ғана бөлшек саудада сатуға рұқсат етілген.

Дәрігерлердің рецепті бойынша босатылатын дәрілік заттар тек дәріханалар мен дәріхана-лық пункттер арқылы босатылуы керек. Дәрігердің рецептінсіз босатылатын дәрілік заттарды дәріхана дүкендері және дәріханалық киоскілер арқылы сатуға болады.

Дәрігердің рецептінсіз босатылатын дәрілік заттардың тізімін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 5 жылда бір рет қарастырады және бекітеді. Тізімге толықтыруларды жыл сайын жариялап отырады.

Дәріхана ұйымдары дәрілік заттарды тек қолдануға дайын күйінде және дәрігерлік тағайындауларды орындауға қажетті мөлшерлерде сатуға міндетті.

Дәріхана ұйымдары медициналық көмекті көрсетуге қажетті дәрілік заттардың белгіленген минимальды ассортиментімен қамтамасыз етуге міндетті.

Қазіргі кезде ҚР Денсаулық сақта уминистрлігінің 11.02.04 ж. № 20 «дәрілік заттарды, медициналық техниканы және медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек саудада сату Ережелерін бекіту туралы» бұйрығы қолданысқа енгізілген, онда дәріхана ассортиментіндегі тауарарды сату ерекшеліктері көрсетілген.

 

ӘДЕБИЕТ

Негізгі:

1. Дәріс конспектісі.

2. Лоскутова Е.Е. Управление и экономика фармации. Фармацевтическая деятельность. Организация и регулирование. – Москва: ACADEMIA, 2003.

3. Багирова В.Л. Управление и экономика фармации. – Москва: Медицина, 2004.

4. Закон Республики Казахстан от 29.12.06 «О лекарственных средствах».

5. Приказ МЗ РК от 11.02.04 № 20 «Об утверждении Прави­л розничной реализации лекарственных средств, медицинской техники и изделий медицинского назначения Дополнительная:

Қосымша:

1. Сборник законодательных и нормативных актов по фармацевтической деятельности (второе издание). – Алматы, 2006.

 

СҰРАҚТАР БОЙЫНША БАҚЫЛАУ

Вариант 1

1. Бөлшек сауда.

2. Дәріхана ұйымдарына жатады ...

Вариант 2

1. Тұрғындарға қызмет көрсететін дәріханалардың жіктелуі.

2. Өндірістік қызметінің сипаты бойынша дәріханалардың жіктелуі.

Вариант 3

1. Дәрілік заттарды бөлшек саудада сату ережесі.

2. Дәріхана ұйымдары арқылы сатылатын тауарлардың тізімі.

Вариант 4

1. Дәрілік заттарды бөлшек саудада сату ерекшеліктері.

2. Халыққа қызмет көрсететін дәріхананың негізгі міндеті.

Вариант 5

1. Дәріхананың негізгі функциялары.

2. Дәріханаға қойылатын талаптар. Дәріхананың сыртқы безендірілуі.

Вариант 6

1. Дәріхана бөлмелерінің құрамы.

2. Дәрілерді дайындауға арналған бөлмелердің жабдықталуы.

Вариант 7

1. Тауарлар қорын сақтауға арналған бөлмелердің жабдықталуы.

2. Персоналдарға арналған бөлменің жабдықталуы.

 


 

ТАҚЫРЫП: АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ №1

 

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

Тұрғындарға фармацевтикалық және медициналық көмекті ұйымдастырудың нормативті-құқықтық қамтамасыз етілуіне қатысты бағдарлама материалдарын студенттердің игеруін тексеру.

 

ӨТКІЗУ ФОРМАСЫ

Сұрақтар варианты бойынша жазбаша бақылау.

 

ӘДЕБИЕТ

Негізгі:

1. Дәріс конспектісі.

2. Багирова В.Л. Управление и экономика фармации. – Москва: Медицина, 2004.

3. Лоскутова Е.Е. Управление и экономика фармации. Фармацевтическая деятельность. Организация и регулирование. – Москва: ACADEMIA, 2003.

Қосымша:

1. Сборник законодательных и нормативных актов по фармацевтической деятельности (второе издание). – Алматы, 2006.

 

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

Вариант 1

1. Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын қорғаудың негізгі принциптері.

2. Қазақстан республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің фармацевтикалық бақылау Комитетінің құқы.

3. Дәрілік заттарды сатуға тиым салу тәртібі.

4. Лицензияның реестрінде қандай мәліметтер болатынын көрсетіңдер.

5. Лицензияның күшін тоқтату (себептері).

Вариант 2

1. Азаматтардың денсаулығын қорғау бойынша Қазақстан Республикасының құзырына жататын мәселелер.

2. Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сараптау бөлімінің міндеттері.

3. Дәріхана ассортиментіндегі тауарларды бөлшек саудада босататын кәсіпорындар: дәріхана; дәріханалық пункт; дәріханалық дүкен.

4. Лицензияны алуға қажетті құжаттардың тізімі.

5. «Сәйкестік декларациясы» және «Сәйкестікті ерікті растау» түсініктеріне анықтама беріңдер.

 

Вариант 3

1. Фармацевтикалық қызмет түрлері және олардың сипаттамасы.

2. Ақпаратты-аналитикалық маркетингтік орталықтың міндеттері.

3. Дәріхананың, дәріханалық пункттің, медициналық техника дүкенінің қызметін регламенттейтін нормативті құжаттардың тізімі.

4. Дәріханалық қойманың фармацевтикалық қызметіне қойылатын квалификациялық талаптар.

5. «Өнімнің, қызмет түрлерінің және процестердің қауіпсіздігі» түсінігіне анықтама беріңдер.

 

Вариант 4

1. Мамандығы бойынша 5 жылдан аса жұмыс істемеген фармацевтер практикалық қызметке қандай жағдайларда жіберіледі.

2. Тұрғындарды медициналық және фармацевтикалық көмекпен қамтамасыз ететін басқару органдарын атаңдар.

3. Дәріхананың бөлмелеріне және құрал-жабдықтарына қойлыатын талаптар.

4. Лицензия өз күшін тоқтататын жағдайларды атаңдар.

5. «Аудит» түсінігіне анықтама беріңдер.

Вариант 5

1. Фармацевтикалық көмек жүйесінің айырмашылық белгілері.

2. Дәрілік заттардың айналым сферасындағы ведомостваларға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі жүктейтін функцияларды көрсетіңдер.

3. Тұрғындарға қызмет көрсететін дәріханаларға қойылатын негізгі талаптарды көрсетіңдер.

4. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік органдардың құзыры (компетенциясы).

5. Лицензияны қайта ресімдеудің себептерін көрсетіңдер.

Вариант 6

1. Фармацевтикалық нарық ортасының формальды емес институттары.

2. Фармацевтикалық орталық, оның функциялары.

3. Дәріхана ұйымының персоналдарының жеке гигиенасына және тұрмыс жағдайларына қойылатын талаптар.

4. Фармацевтикалық қызметтің лицензияланатын түрлері.

5. Санитарлық-эпидемиологиялық және өртке қарсы қауіпсіздік саласындағы органдардан қорытындыны алу тәртібі.

 

Вариант 7

1. Құрамында есірткі заттары, психотропты заттары және прекурсорлары бар дәрілік заттарды тағайындау қандай құжаттарда тіркеледі.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің фармацевтикалық бақылау Комитеті туралы жалпы қағидалары.

3. Бөлмелерді жинауға, дәріхана құрал-жабдықтарының күтіміне қойылатын талаптар.

4. Лицензиялау принциптері.

5. Дәріханалық ұйымдарға жатады …

Вариант 8

1. Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын қорғаудың негізгі приницптері.

2. Дәрілік заттардың, медициналық техниканың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың сараптамасының Ұлттық орталығының сәйкестікті растау бөлімінің міндеттері.

3. Дәріхана ұйымдарындағы фармацевтикалық қызметтерді көрсетіңдер.

4. Техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің құрылымы.

5. Өндірістік қызмет сипаты бойынша дәріханалардың жіктелуі.

Вариант 9

1. Фармацевтикалық қызмет концепциясын реформалау көздері.

2. Ақпаратты-аналитикалық маркетингтік орталық.

3. Дәріхана ұйымының функциялары.

4. «Аккредитация», «Аккредитация аттестаты» түсініктеріне анықтама беріңдер.

5. Тұрғындарға қызмет көрсететін дәріхананың жіктелуі.

Вариант 10

1. Фармацевтикалық ұйымдардың өзара әрекетінің нарықтық механизмдері.

2. Фармацевтикалық бақылау Комитетінің дәрілік заттардың айналымына бақылау жасау жөніндегі Басқармасының міндеті және функциялары.

3. Пациенттерге берілетін ақпарат.

4. «Мемлекеттік стандарт», «Ұлттық стандарт» түсініктеріне анықтама беріңдер.

5. Дәрілік заттарды бөлшек саудада сату ережесі.

Вариант 11

1. Фармацевтикалық қызмет объектілерін (субъектілерін) көрсетіңдер.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің фармацевтикалық салаға қатысты функциялары.

3. Дәріханаларда дәрілік заттарды сақтауды ұйымдастырудың жалпы принциптері.

4. «Денсаулықты қорғау» түсінігіне анықтама беріңдер.

5. Халыққа қызмет көрсететін дәріхананың негізгі міндеті.

Вариант 12

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қызметін ұйымдастыру тәртібі.

2. Фармакопеялық орталық, оның функциялары.

3. Сатылатын дәрілік заттардың сапасын қамтамасыз ететін ескерту шаралары.

4. «Өнімдердің, қызмет түрлерінің идентификациясы» түсінігіне анықтама беріңдер.

5. Дәріхананың негізгі функциялары.

 

 

ТАҚЫРЫП:ДӘРІХАНА ҰЙЫМДАРЫНДА ДӘРІЛІК ЗАТТАР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ МАҚСАТТАҒЫ БҰЙЫМДАРДЫҢ ӘРТҮРЛІ ТОПТАРЫН САҚТАУ ЕРЕЖЕСІ

МАҚСАТЫ: Студент міндетті

білуге:

· қор бөлімінің міндеті мен функцияларын;

· дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау ережелерін;

· дәрілік заттарды сақтауды, есебін жүргізуді және босатуды регламенттейтін нормативті құжаттарды;

орындай білуге:

· қажетті тауарларға тапсырысты және талапты құрастыруды;

· тауарларды босатуды құжатта ресімдеуді;

· дәрілік заттарды сақтауды ұйымдастыруды.

ӨТКІЗУ ФОРМАСЫ

Ситуациялық есептерді шешу, оқытушымен бірге сабақ тақырыбы бойынша сұрақтарды талқылау, пікірталас.

 

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР

1 тапсырма. Ситуациялық есеп:

Табиғи шығын нормасын есептеу. Ол үшін ҚР ДСМ 04.11.02 ж. № 160При этом бұйрығын, промедол және 95% этил спиртінің қозғалысы туралы мәлметтерді қолдану керек.

а) Промедол:

01.12-не қалдығы – 3,00. Амбулаторлық рецептура бойынша жұмсалған шығын: 05.12 – 0,01; 10.12 – 0,02; 15.12 – 0,04; 20.12 – 0,01; 25.12 – 0,01. Нақты қалдық – 2,91.

б) 95% этил спирті:

01.10-не қалдық – 3,0 кг. № 116/768 шоты бойынша 7 кг алынды. Рецепт бойынша таза күйінде босатылды: 05.10 – 40,0; 20.10 – 500,0; 10.10 – 1,0 кг; 10.10 – 700,0; 14.10 – 600,0; 15.10 – 400,0. Талап бойынша босатылды: 20.10 – 500,0. Нақты қалдық – 4,870 кг.

2 тапсырма. Дефектура журналының мәліметтерін пайдалана отырып қойма бөлімдерінің біріне тапсырыс жазу (2 кесте).

 

1 кесте

___________________________ бөлім

ТАПСЫРЫС № ____ , «____»____________200__ ж.

Шифр Тауардың аты Өлш.бірл. Шифр Саны Көтерме бағасы (сатып алу) Бөлшек бағасы (сатып алу)
тапс. беріл-ген рұқсат етілген босаты-лған
                 
                 
                 
                 
                 

 

Тапсырыс түсті ____________________ Орындау мерзімі ____________________

Дәріхана меңгерушісі ___________________________________________________________

2 кесте

 

3 кесте

Ұйым: ____________________

ЕСЕП-ФАКТУРА № _______

«____»______________200__ ж.

Бөлім ___________________________________ Кімге: ___________________________________

Номенкла-туралық № Тауардың, тараның аты Өлш. бірл. Саны Сату бағасы Сату сомасы Өзіндік құны
бағасы сомасы
               
               
               
               
               
               
               
               
               
               
  БАРЛЫҒЫ:            

 

Қолдары: ___________________________________

5 тапсырма. Промедолға заттық-сандық есеп жүргізу. Келесі мәлметтерді ескеру керек:

Айдың басындағы қалдық 10,0. Бір айда түскені 5,0. Жұмсалғаны: амбулаторлық рецептура бойынша 4,0; ЕАҰ талабы бойынша – 3,5.

Айдың соңына қалдықты шығару (4 кесте)

 

ТАРАТУ МАТЕРИАЛЫ

Қор бөлімі. Қор бөлімі өз алдына жеке ірі дәріханаларда ұйымдастырылады. Басқа дәріханаларда фармацевтикалық тауралардың қорлары рецептік-өндірістік және қор бөлімінде немесе тікелей дәріхана меңгерушісінің қарамағында болады.

Штаты. Фармацевт – қор бөлімінің меңгерушісі дәріхана меңегрушісінің орынбасары болуы мүмкін, оның орынбасары (фармацевт). Фармацевт-технологтар (дефектарлар).

Қор бөлімінің қызметкерлерінің міндеттері. Бөлімнің меңегрушісі мен оның орынбасары дәріханада тауарлық бағалы заттардың барлық ассортиментінің болуын қамтамасыз етеді, ол үшін келесі жұмыстарды орындайды:

1) қоймаға (фирмаға) тапсырыс-талапты құрастыру;

2) қоймадан тауарларды қабылдауды және дәріхананың әртүрлі бөлімдеріне және емдеу ұйымдарына босатуды жүзеге асырады;

3) заттық-сандық есептегі дәрілік заттарды қабылдауды, есебін жүргізуді, сақтауды және босатуды жүргізеді.

Фармацевт-технолог:

1. Лабораторлық жұмыстарды (концентрлі ерітінділерді, жартылай фабрикаттарды дайындау), дәріханаішілік дайындауларды, қаттау жұмыстарын (қаттаушыларға жетекшілік) жүзеге асырады.

2. Нормативті құжаттарға сәйкес дәрі-дәрмектердің дұрыс сақталуын қадағалайды.

3. Штангластардың дұорыс толтырылуына және ресімделуіне бақылау жасайды.

Қаттаушылар:

1. Тауарларды қабылдауды, қаттауды және сақтау орындарына орналастыруды жүргізеді.

2. Санитарлық жағдайын қадағалайды.

Қор бөлімінің жабдықталуы. Тізімге сәйкес кіші механизация ұүралдары мен құрал-жабдықтар. Келі ұстағыштар, механикалық келілер, кофелік диірмендер және ұнтаұтағыштар, майдалауға және араластыруға арналған дәріханалық әмбебап Лопатин аппараттары, ұнтақтарға арналған дозаторлар ДП-2, ТК-2 мөлшерлегіш аппарат, сұйықтарды тікелей сүзуге арналған аппарат (АФРП), карусель типті сүзгі (АФРК), балауызды, шариктерді, таяқшаларды құюға арналған формалар және т.б..

Қор бөлімінің құжаттары:

1. Өтініш-тапсырыс.

2. Талап-тапсырыс.

3. Шот-фактураларды тіркеу: а) түскен тауарларды тіркеу кітабы; б) улы, есірткі дәрілік заттарды және этил спиртін есепке алу кітабы; в) дефектураны және жаңадан түскен тауарларды есепке алу журналы; г) сақтау мерзімі 1 жылға дейінгі дәрі-дәрмектерді есепке алу журналы.

Өндірістік операциялар. Дәріханаішілік дайындау – жиі кездесетін жазбалар бойынша дәрілік қалыптарды алдын ала дайындау. Дәріханаішілік қаттау – сатып алушыларға босатуға ыңғайлы көлемде (мөлшерде) дәрілік заттарды мөлшерлеу.

Лабораторлық және қаттау жұмыстарының есебі:

1. Лабораторлық жұмыстарды есепке алу журналы.

2. Қаттауды есепке алу кітабы.

3. Концентраттар мен жартылай фабрикаттарды есепке алу кітабы.

Бөлімдегі тауарлардың қозғалысы туралы есеп беру. Біріншілік құжаттар: 1) Накладной (медициналық тауарларды дәріхана бөлімдеріне босату); 2) Майда көтерме босату және сатып алушылармен (ауруханалар, балалар бақшалары және т.б.) есеп айырысуды есеапке алу кітабы.

Қор бөлімінде дәріхананың тауарлық-материалдық заттарының қоры сақталады. Бөлімде тауарлық-материалды заттарды қабылдауға, оларды сақтауға және денсаулық сақтау мекемелері

мен майда сауда желілеріне босатуға арналған сәйкес бөлмелері болуы керек. Қор бөліміне келесі бөлмелер жатады:

· ашу-қаттау;

· сақтау (препараттарды, дайын дәрілік заттарды, термолабильді заттарды, минералды суларды, тараларды, ыдыстарды, көмекші материалдарды, дәрілік өсімдік шикізаттарын, таңу заттарын);

· емдеу алдын алу ұйымдарына қызмет көрсетуге арналған (тапсырыстарды қабылдауға және ресімдеуге арналған, экспедициялық).

Кейбір дәріханаларда қор бөлімінде лабораторлық (бюреткалы қондырғыларға арналған концентраттарды, жартылай фабрикаттарды дайындау, дәріханаішілік дайындауларды) және қаттау жұмыстары жүргізілуі мүмкін. Бұл жұмыстарды жүргізу үшін арнайы бөлмелер бөлінеді, олар қажетті технологиялық жабдықтармен, сонымен бірге өндірістік процестерді механизациялау құралдарымен жабдықталады.

Дәрілік заттар материалды шкафтар мен сейфтерде, ал медициналық бұйымдар шкафтар мен сөрелерде сақталады.

Сақтаудың негізгі принциптеріне сәйкес, дайын күйіндегі медикаменттер және дәрілік зат-тар, келесілерді ескере отырып бөлек орналастырылады: 1) топтары бойынша улылығын; 2) қолдану тәсілін (ішке және сыртқа); 3) физикалық-химиялық қасиеттерін; 4) жарамдылық мерзімі шектелген дәрілер үшін белгіленген сақтау мерзімдерін.

Көрсетілген негізгі приницптерден басқа, дәрілік заттарды сақтау оларды орналастыру мүмкіндіктерін ескере отырып та жүргізіледі. Бұл жағдайда жүйелеу фармакологиялық топтары, агрегаттық күйі (сұйық, себілгіш, газтәрізді және т.б. бөлек), дәрілік қалып сипаты бойынша жүргізіледі.

Улы және есірткі дәрілік заттардың сақталуына ерекше көңіл бөлінуі керек. А тізіміне жататын улы заттар, дәрілік қалып түріне қарамастан (өте улыларынан басқасы) арнайы бөлінген металл шкафтарда құлыпталған күйде бөлек сақталады. Есірткі дәрілік заттар тек сейфте сақталады. Өте улы заттар: мышьякты ангидрид, кристалды натрий арсенаты, стрихнин нитраты, сынап дихлориді (сулема), сынап оксицианиді – оларды сейфтің құлыпқа жабылатын ішкі бөлігінде сақтайды.

Улы және есірткі дәрілік заттар сақталатын материалды бөлмелердің терезелерінде металл торлар болуы, ал есіктері темірмен қапталуы керек. Жұмыс аяқталғаннан кейін есік құлыпталады және мөрленеді. Есірткі дәрілік заттар сақталатын материалды бөлмелер мен сейфтерде күзет жарық-дыбысты дабылы (сигнализация) болуы керек.

Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау ҚР ДСМ 10.05.99 № 238 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

 

ӘДЕБИЕТ

Негізгі:

1. Дәріс конспектісі.

2. Багирова В.Л. Управление и экономика фармации. – Москва: Медицина, 2004.

3. Приказ МЗ РК от 10.05.99 № 238 «Об утверждении «Инструкции по хранению различных групп лекарственных средств и изделий медицинского назначения в аптечных организациях, на фармацевтических предприятиях и в лечебно-профилактических учреждениях».

4. Приказ МЗ РК от 07.04.05 № 173 «Об утверждении Правил использования в медицинских целях наркотических средств, психотропных веществ, прекурсоров, подлежащих контролю в Республике Казахстан».

Қосымша:

1. Сборник законодательных и нормативных актов по фармацевтической деятельности (второе издание). – Алматы, 2006.

 

СҰРАҚТАР БОЙЫНША БАҚЫЛАУ

1. Дәріхананың ұйымдастыру құрылымы.

2. Дәріханадағы қызметтердің тізімі.

3. Қор бөлімінің міндеті және функциялары.

4. Қор бөлімінің қызмет номенклатурасы.

5. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтауды ұйымдастырудың негізгі принциптері.

6. Фармацевт-технологтың (дефктардың) жұмысын ұймыдастыру.

7. Дәріхананың тапсырыс-талабын құрастыру.

8. Қоймадан тауарларды қабылдау тәртібі.

9. Есірткі және улы дәрілік заттардың табиғи шығын нормасын тізімнен шығару тәртібі.

10. Дәрілік заттарға жиі кездесетін жазбаларды (рецептерді) зерттеу.

11. ҚР халқына дәрілік көмекті тездететін фактор ретіндегі лабораторлық-қаттау жұмыстары.

 

ТАҚЫРЫП:УЛЫ ЖӘНЕ ЕСІРТКІ ЗАТТАРДЫҢ, ПСИХОТРОПТЫ ЗАТТАРДЫҢ ЖӘНЕ ПРЕКУРСОРЛАРДЫҢ ЕСЕБІН ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ САҚТАУ ЕРЕКШЕ-ЛІКТЕРІ. ТАБИҒИ ШЫҒЫН НОРМАСЫ. ӨРТКЕ ҚАУІПТІ ЖӘНЕ ЖАРЫЛ-ҒЫШ ҚАСИЕТТЕРІ БАР ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ДӘРІХАНАДА САҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ ТӘРТІБІ

 

МАҚСАТЫ: Студент тиіс

білуге:

· өртке қауіпті және жарылғыш қасиеттері бар дәрілік заттарды қолдану және асқтау тәртібін;

· осы топтағы дәрілік заттарды сақтауға қатысты қолданыстағы бұйрықтарды, ғылыми-техникалық құжаттарды;

· улы, есірткі заттарды, психотропты заттарды және прекурсорларды есепке алу және сақтау ерекшеліктерін.

орындай білуге:

· өртке қауіпті және жарылғыш қасиеті бар дәрілік заттарды жіктеуді;

· осы топтағы фармацевтикалық тауарларды ұйымдастыруды және босату тәртібін сипаттауды;

· олардың сапасына тексеру жүргізуді.

 

ӨТКІЗУ ФОРМАСЫ

Ситуациялық есептерді шешу, оқытушымен бірге сабақ тақырыбы бойынша сұрақтарды талқылау, пікірталас.

 

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР

1 тапсырма. Медикаменттер мен дәрілік заттарды сақтаудың негізгі принциптерін жазбаша көрсетіңдер.

2 тапсырма. Азот және күкірт қышқылдарын сақтау кезінде, шыны ыдыстарын зақымдамас үшін оларды ағаш қиындыларымен қоршады. Сақтау кезінде қандай қателіктер жіберді?

3 тапсырма. Спирт, органикалық майлар, скипидар құйылған бөтелкелер мен баллондар сөрелерде екі қатар биіктікте сақтаулы, төменіш материалы ретінде фанер қолданылған. Қандай қателіктер жіберілген?

4 тапсырма. Қаттаушы ауысымы біткендіктен сүт қышқылы құйылған сыртында этикеткасы жоқ шыны ыдысты және сүт қышқылы құйылған баллонды стол үстінде қалдырып кетті. Қандай қателіктер жіберілгенін байқадыңыздар?

5 тапсырма. Дәріхана қоймасында негізгі сақтау бөлмесінде бор қышқылын қаттау жүргізілді. Неліктен бұлай жасауға болмайды?

6 тапсырма. Калий перманганаты еден үстінде балаларға арналған сепкіш ұнтақпен бірге сақталды. Қандай бұзылыстарды байқадыңыз?

7 тапсырма. Күкірт және тұз қышқылы бар шыны ыдыстар наркозға арналған эфир құйылған шыны ыдыспен бірге сақталып тұр. Сақтау кезіндегі қандай қателіктерді байқадыңыздар?

8 тапсырма. Қажетті мөлшердегі тығын болмағандықтан клеол және коллодий құйылған ыдыстарды мөлшері кіші тығынмен жапты. Неліктен бұлай жасауға болмайды?

9 тапсырма. Төменде көрсетілген дәрілік заттардың сақтау топтарын анықтаңдар, сақтау ережелеріне сәйкес орналастырыңдар:

А) Қойма жертөлесінде минералды қышқылдары (азот, күкірт) бар баллондар сөрелерде орналасқан, ал олардың жанында оттегі баллондары бар.

Б) Дәріхана қоймасынан ашық түсті шыны ыдыста босатылған (0,5 кг) нитроглицеринді дәріханада күн сәулесі түсіп тұратын сөреге орналастырды. Жанына скипидар, сүт қышқылы, спирт толтырылған баллондарды (10 кг) сақтауға қойды.

В) Кальций гипохлориді және аммиак ерітіндісі бар баллондарды бір шкафқа орналастырды.

Г) Сөрелерде төменнен жоғары қара орналастырылған:

· пустырник шөбі бар қораптар;

· таңуға арналған дәке бинттер;

· калий перманганаты, калий хроматы, күкірт салынған штангластар;

· азот қышқылы бар баллондар.

Улы және есірткі заттардың, психотропты заттардың, прекурсорлардың сақта уерекшеліктерін көрсетіңдер.

 

Тапсырманы орындау үшін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің Денсаулық сақтау комитетінің 1999 жыл 10 мамырдағы №238 бұйрығымен бекітілген «Дәріхана ұйымдарында және фармацевтикалық кәсіпорындарда өртке қауіпті және жарылғыш қасиеттері бар дәрілік заттарды сақтау және қолдану тәртібі туралы инструкциясын» қолданыңдар.

 

ӘДЕБИЕТ

Негізгі:

1. Дәріс конспектісі.

2. Приказ МЗ РК от 10.05.99 № 238 «Об утверждении «Инструкции по хранению различных групп лекарственных средств и изделий медицинского назначения в аптечных организациях, на фармацевтических предприятиях и в лечебно-профилактических учреждениях».

3. Приказ МЗ РК от 07.04.05 № 173 «Об утверждении Правил использования в медицинских целях наркотических средств, психотропных веществ, прекурсоров, подлежащих контролю в Республике Казахстан».

4. Устройство, оборудование и эксплуатация аптечных организаций. Санитарные правила и нормы от 25.03.02 года № 3.01.078.2002.

5. Косова И.В. Организация и экономика фармации. – Москва, 2004.

6. Багирова В.Л. Управление и экономика фармации. – Москва: Медицина, 2004.

Қосымша:

1. Сборник законодательных и нормативных актов по фармацевтической деятельности (второе издание). – Алматы, 2006.

 

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ БОЙЫНША БАҚЫЛАУ

Вариант 1

1. Подвалдағы бөлмелерде сақтауға тиым салынады:

+а) өртке қауіпті заттарды

+б) жанғыш сұйықтарды

+в) тез тұтанатын сұйықтарды

г) таблеткаларды

+д) этил спиртін

2. Өртке қауіпті және жарылғыш қасиеті бар дәрілік заттарды төмендегілерге сәйкес сақтау керек:

+а) біртектілік принципіне

б) улылық принципіне

+в) физикалық-химиялық қасиеттеріне

+г) өрт қауіпсіздігі қасиеттеріне

+д) бума сипатына

3. Қойма және жүкті түсіру алаңдарындағы едендер болу керек:

+а) жабындары тегіс

+б) қапталмаған

в) ағашпен қапталған

+г) кедір-бұдырсыз

+д) темірмен қапталған

4. Өртке қауіпті және жарылғыш заттарды сақтауға арналған қойма бөлмелері болу керек:

+а) күзет және өртке қарсы дабылмен қамтылған

б) жарық қорғанышымен қамтылған

в) дыбыс қорғанышымен қорғалған

г) екінші этажда орналасқан

д) тұрғын үйдің подвалында орналасқан

5. Өртке қауіпті және жарылғыш заттарды сақтауға арналған қойма бөлмелерінде болады:

+а) трубаларға жасырылған электрөткізгіші

+б) жарықтандыратын арматура

+в) герметикалық арматурадағы электролампалары

г) бөлмелердегі сөндіргіштер

+д) коридордағы сөндіргіштер және кнопкалы автоматтар

Вариант 2

1. Басқа мақсатқа арналған ғимараттарда орналасқан дәріханаларда өртке қауіпті заттарды қатталмаған күйінде қанша кг-нан көп емес мөлшерде сақтауға рұқсат етіледі:

а) 50 кг

+б) 100 кг

в) 20 кг

г) 150 кг

д) 250 кг

2. Дәріхананың өндірістік бөлмелерінде тез тұтанатын, жанғыш сұйықтықтар сақталады:

+а) жалпы мөлшері 3 кг көп емес

+б) арнайы металл жәшіктерде

+в) жылытқыш приборлардан алыс

+г) электрөткізгіштерінен алыс

д) жылыту батареяларының жанында

3. Жарылғыш заттар тобына жатады:

+а) жарылғыш заттар

+б) жарылғыш қаурпі бар заттар

+в) жарылғыш қоспа түзуге бейім заттар

г) бояғыш заттар

+д) глицерин

4. Тез тұтанатын заттарды төмендегі заттармен бірге сақтауға болмайды:

+а) минералды сулармен

б) барий хлоридімен

+в) қысылған және сұйытылған газдармен

+г) тез жанатын заттармен

+д) бейорганикалық тұздармен

5. Өртке қауіпті сұйықтарды төгіп алған жағдайда:

+а) пешті өшіру керек

б) жылытқыш приборларды өшіру керек

+в) төгілген жерге құм себу керек

+г) төгілген жерді сумен жуу керек

д) сұйықтықтың буланып кетуін күту керек

Вариант 3

1. Өртке қауіпті заттарды негізгі сақтау қоймаларында сыртында келесідей жазулар жазылған:

+а) «Өртке қауіпті»

б) «Өмірге қауіпті»

+в) «Жарылғыш»

+г) «Темекі тартуға болмайды»

+д) «Өрт болғанда 001-ге телефон соқ»

2. Тез жанатын сұйық заттардың өртке қауіпті қасиеттеріне жатады:

+а) аққышқтығы

+б) жеңіл булануы

+в) жеңіл тұтануы

+г) интенсивті жануы

д) құнының жоғары болуы

3. Өртке қауіпті және жарылғыш қаупі бар заттарға жатады:

а) натрий хлориді

+б) нитроглицерин

+в) калий перманганаты

+г) күміс нитраты

+д) клеол

4. Тез тұтанатын заттар:

+а) хлороформ

+б) ацетон

в) ментол

+г) эфир

+д) скипидар

5. Жарылғыш қаупі бар және өртке қауіпті заттар:

+а) коллодий

б) камфора

+в) сүт қышқылы

+г) этил спирті

+д) органикалық майлар

Вариант 4

1. Жеңіл жанатын заттар:

+а) глицерин

+б) күкірт

в) магний сульфаты

+г) таңу материалы

+д) дәрілік өсімдік шикізаты

2. Тез тұтанатын сұйықтықтарды қолдану кезінде ....:

+а) абай болу керек

+б) ыдыстың жай-күйін қадағалау керек

+в) ыдыстың герметикалығын қадағалау керек

г) ыдыстың толтырылуын қадағалау керек

+д) ыдыстың дұрыстығын қадағалау керек

3. Жанғыш сұйықтары бар ірі сиымдылықтары сақтайды:

+а) сөрелерде

б) сөрелерде бірнеше қатар етіп

+в) сөрелерде бір қатарда

г) жылыту приборларының жанында

+д) соғылудан қорғайтын ыдыстарда

4. Оттегісі бар баллондарды сақтауға тиым салынады:

+а) дәріхана ұйымдарының ғимараттарында

+б) жанғыш газдармен бірге

+в) материалды бөлмеде

г) оқшауланған бөлмелердев немесе навес астында

д) дәріхана қоймаларында

5. Жеңіл тұтанатын заттармен жұмыс жүргізіледі:

+а) сору шкафында

б) асептикалық блокта

в) ассистенттік столда

г) қор бөлімінде

д) аналитиктің бөлмесінде

 


 

ТАҚЫРЫП:РЕЦЕПТУРАЛЫҚ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ БОСАТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

МАҚСАТЫ: Студент тиіс

білуге:

· рецептік-өндірістік бөлімнің жұмысын ұйымдастыру тәртібін, оның міндеттері мен функцияларын;

· рецептерді қабылдауды жүргізетін фармацевт-технологтың құқы мен міндеттерін;

· рецептуралық бланк формалары мен рецептерді жазу ережесін;

· экстемпоральды дәрілік заттарды дайындаудың өндірістік процесінің схемасын;

орындай білуге:

· рецептерге фармацевтикалық сараптаманы жүргізуді және рецептерді қабылдауды;

· рцеептің дәріханадан дәрілік затты босату тәртібіне сәйкестігін анықтауды;

· рецептердің құнын анықтауды және оларды тіркеуді.

ӨТКІЗУ ФОРМАСЫ

Ситуациялық есептерді шешу, тапсырмаларды орындау, оқытушымен бірге сабақ тақырыбы бойынша сұрақтарды талқылау, пікірталас.

 

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР

1 тапсырма. Дәрілік қалыптарды дайындаудың өндірістік процесінің әрбір бөлігіндегі жұмыс орындарын жазбаша көрсетіңдер.

2 тапсырма. Дәрілік қалыптарды дайындаудың өндірістік процесіне қатысатын қызметкерлер тізімін жазбаша көрсетіңдер.

3 тапсырма. Жұмыс дәптерлерінде рецептерді ресімдеу (ҚР ДСМ 21.05.08 № 289 және 07.04.05 № 173 бұйрықтарына сәйкес):

1) Rp.: Мorphini hydrochloridi 0,1

Extr. Belladonnae 0,015

Butyri Cacao 2,5

M.f. suppos. D.t.d. № 6

S. 1 балауыздан күніне 2 рет тік ішекке (ҰОС мүгедегіне).

2) Rp.: Atropini sulfatis 0,1% 10,0

D.S. шай қасық суға 1-2 тамшыдан күнінен 2 рет 2 жастағы балаға.

Дәрігердің бақылауымен.

3) Rp.: Acidi salicylici 1,0

Spiritus aethylici 95% 50,0

M.D.S. Теріге жағуға.

4) Rp.: Papaverini hydrochloridi 0,1

Aq. destill. 100,0

M.D.S. Шай қасықтан күнінен 2-3 рет.

5) Rp.: Acidi ascorbinici 0,05

Glucosi 0,5

M.f. pulvis

D.S. Бір ұнтақтан күніне 2 рет тамақтан кейін.

3 тапсырма. Төменде берілген рецептерге жүргізілген фармацевтикалық сараптама нәтижелерін жазбаша көрсетіңдер:

1. Дәріханаға қант диабетімен ауыратын науқас сульфаленге жазылған рецепт алып келді. Рецептарнайы бланкте жазылған. Осы рецепте «Теріні өңдеуге арналған» деген белгімен 100 г этил спирті жазылған.

А) Қандай қателіктерді байқадыңыздар?

Б) Рецепт қалай ресімделуі керек?

2. 0,5 г промедол жазылған рецепт қалай ресімделуі керек? Рецептің жарамдылық мерзімі қандай?

3. Дәріханаға наркозға арналған эфирге жазылған рецепті бар науқас келді. Сіздің әрекетіңіз?

4. Штамппен, дәрігердің қолымен және жеке мөрімен, ЕАҰ «Рецептер үшін» деген мөрімен куәландырылған бланкте 100 г бор спирті жазылған. Дәріханада тек 50 г босатты. Фармацевттің іс-әрекетіне жазбаша түсінік беріңдер.

5. Фармацевт-технолог 2 жастағы балаға кәдімгі бланкте жазылған рецепті қабылдады (тұз қышлықының 1%ерітіндісі). Рецепт қалай ресімделуі керек, бланк формасы қандай?

6. Фармацевт-технологқа этилморфин гидрохлоридіне 2% 10 мл; көз тамшысы жазылған рецепті бар науқас келді. Рецепт кәдімгі бланкте жазылған, дәрігердің қолымен, оның жеке мөрімен және ЕАҰ мөрімен куәландырылған. Қандай қателіктерді байқадыңыз?

4 тапсырма. Рецептің құнын анықтаңдар.

1) Тапсырманы орындау үшін «Тарату материалында» берілген рецептерді қолданыңдар.

2) Рецептуралық журналды толтырыңдар.

5 тапсырма. Құны есептелген рецептің біреуіне квитанцияны жазыңдар. Тапсырманы орындау үшін квитанциялық ктіапшаның формасын қолданыңдар (№ АП-59).

 

Тапсырыс берілген дәріге квитанция

рецепт № _____________     Ф.А.Ж. ________________ ҚҰны _____________ Дәрілік қалып _________________ Дәріхана № 84 рецепт № ________
11 12 1 10 2 9 3 8 4 7 6 5
Науқастың Ф.А.Ж _____________________

 

Бағасы __________

_________________________________

Микстура Тамшы Ұнтақ Пилюля

Жағылма Балауыз Тері астына Сұйық

  Дәріхана № 84_   Дәрілік зат № ________   Дайындады _________ Тексерді ___________ Босатты ___________

 

Рецептуралық журнал

а «____»_________________

  Күні Экстемпоральды дайындалған дәрілік зат   Науқастың мекен-жайы, телефоны   Ескерту
  рецепт№   Ф.А.Ж.   дәрілік қалып дәрінің құны
             
             

 


 

Прейскурант

  Атауы   Өлш.бір.   Бағасы   Атауы   Өлш.бір.   Бағасы
Стрептоцид г 03–20 Натрий гидрокарбонаты г 00-70
Глюкоза г 00-70 Oleum Helianthi г 00-27
Бор қышқылы г 01-50 Oleum Hyoscyami г 01-00
Кристалды йод г 09-00 Метилсалицилат г 01-00
Калий йодаты г 10-00 Салицил қышқылы г 03-00
Тазартылған су 10 мл 00-80 Висмут нитраты г 06-00
Кристалды новокаин г 06-00 Вазелин г 00-70
Папаверин гидрохлорид, ұнтақ г 06-00 Белладонна сығындысы г 01-00
Какао майы г 05-00
Жалбыз суы 10 мл 03-50 Рибофлавин г 50-00
Ихтиол г 06-00 Аскорбин қышқылы г 04-00
Глицерин г 01-40 Шабдалы майы г 08-00
Натрий хлориді г 00-60 Ментол г 08-88

 

ТАРАТУ МАТЕРИАЛЫ

Рецептік-өндірістік бөлімнің функциясы (РӨБ)

 
 


жеке рецептер мен ЕАҰ талаптарды қабылдау

 

жеке рецептер мен талаптар бойынша дәрілерді

дайындау

 

дайындалған дәрілердің сапасын бақылау

 

рецепт және талап бойынша дайындалған дәрілерді

ресімдеу және босату

 

ДДЗ босату

Кейбір дәріханаларда рецептік-өндірістік бөлімде лабораторлық-қаттау жұмыстары жүргізіледі.

Дәріхананың өндірістік бөлмелерінің сипаттамасы

Қызмет көрсету залы (сауда залы) қол сауда және дайын дәрілік заттар бөлімін орналастыруға, рецептерді қабылдауға және олар бойынша дайындалған дәрілік заттарды босатуға арналған. Залда санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізуге арналған стендтер, көрмелер, витриналар ұйымдастырылады.

Дәріхананың өндірістік бөлмелері. Ірі дәріханаларда рецептерді қабылдауға және дәрілерді беруге (рецептуралық) арналған бөлме бөлек болу керек. Дәріханаға келушілерден ол рецепті қабылдауға және дәріні беруге арналған терезесі бар әйнек перегородка арқылы, ал ассистенттік бөлмеден тегіс перегородка арқылы бөлінеді.

Дәрілерді дайындауға арналған бөлме – ассистенттік. Бұл бөлме материалдық бөлмеге, жуу бөлмесіне, рецептуралық және фармацевт-аналитиктің бөлмесіне жақын орналасады.

Асептикалық стерильді дәрілік қалыптарды дайындау үшін жабдықталады.