Анус сызаты (трещина заднего прохода). Диагностика және амбулаторлыжағдайданауқастардыжүргізупринциптері

Қанды бөліністермен және үлкен дәрет кезінде немесе кейін ауырсынумен жүретін тік ішектің арты қиғаш тері қабатының дефекті. Негізгі диагностикалық шаралар:

1. ОАК (гематокрит, Hb, СОЭ) 2. Қан анализі сифилис пен ВИЧ ке 3.Нәжісті жасырын қанға тексеру 4. Ректоскопия 5. Ректороманоскопия 6. Тоқ ішек эндоскопиясы 7. Тоқ ішек пен тік ішекті екіеселік контрасттілеу 8. Құрсақ қуысының төменгі бөлігінің Рентгенографиясы 9. Ирригоскопия 10.Тоқ ішекті рентгенконстрастты тексеру. ЕміДиетасында сутті-өсімдікті тағамдарды береміз. Алкогольді ішімдіктерді, өткір, тұзды, ащщы тағамдарды шектейміз. Медикаментозды емінде инъекция түрінде ботулотоксина А- гемагглютинин және местна нитроглитсиринді қолдланудың эффектілігі жоғары екені дәлелденген. Іріңдену сатысында-іріңді ашу және дренаждау

 

В

21. Бронх демікпесі. Жіктелуі. Диагностикалық белгілері (клиникалық, зертханалық, аспапты). Диспансеризация. Бронх демікпесі – бронхтардың қайталамалы обструкциялық эпизодымен жүретін аллергиялық ауру. патогенетикалық негізіне тыныс алу жолдарынын иммунды қабынуы мен бронхтардың гиперреактивтілігі жатады. Классификациясы: клиникалық көрінісінің ауырлық дәрежесіне байланысты: 1. Интермиттерлеуші бронх астмасы. 2. Жеңіл персистерлеуші бронх астмасы. 3. Орташа дәрежелі персистирлеуші бронх демікпесі. 4. Ауыр персистирлеуші бронх демікпесі. Жеке жеке токталатын болсақ: 1. Интермиттерлеуші бронх астмасы – симптомдары / жөтел, ентігу, ысқырық сырылдар/ аптасына 1 рет көрінеді. Түнгі ұстама айына 2 реттен жиі емес, ұстама аралық симптомдар жоқ, өкпенің функционалды көрсеткіштері қалыпты. Тәуліктік ПСВ 20 процент кем емес. 2. Жеңіл персистерлеуші бронх астмасы –симптомдары аптасына 1 рет және оданда жиі, бірақ кунде емес. Түнгі ұстама айына 2 рет, ұйқының бұзылуы мүмкін. ПСВ және ОФВ2 ұстамадан тыста 80 процент, тәуліктік тербелісі 20-30 процент. 3. . Орташа дәрежелі персистирлеуші бронх демікпесі –симптомдар кунде көрінеді. Асқынуы калыпты белсенділікті және ұйқыны бұзады. Өмір сапасы төмендейді, бұл кезде түнгі ұстама аптасына 1 рет. Науқас В2-адреномиметиктердің қысқа әсерінсіз жүре алмайды. 4. Ауыр персистирлеуші бронх демікпесі – симптомдар күні бойына көрінеді. Асқыныстар дамиды. Аурудың ағымына байланысты асқыну периоды және қайталама периоды деп бөлінеді. Астманың дамуына байланысты: аллергиялық -белгілі бір аллергеннің әсерінен болады және оны анықтауға болады. Аллергиялық емес –астманың дамуна аллергиялық процес әсер етпейді. Аралас астма –аллергиялық және аллергиялық емес астманың клиникалық көріністері қатар жүреді. Белгісіз астма –аурудың негізгі себебі белгісіз. Диагностикалық белгілері: науқаста танертенгі немесе түнгі уакытта, физикалық жүктемеден кейінгі экспираторлы ентігіу, ысқырықты сырылдар, төстің артында кысу сезімі, жөтел болуы мүмкін, бірақ жиі шырышты қақырық болады. Тұншығу ұстамасы, әсіресе түнгі уакытта, кұрғақ сырылдар, ентігумен бірге, мұрын қанатының керілуі. Зертханалық: аздаған эозинофилия, тромбоцитопения болуы мүмкін, лейкопения қанда, қақырық цитологиясы –аллергиялық қабыну, эозинофилия деңгейінің жоғарлауы, лейкоцит, шыршы, флораның деңгейінің жоғарлауы. Қан плазмасында Іg Е жоғарлауы. Аспаптық зерттеу: кеуде клеткасының рентгені-ауру ағымы ұзаққа созылғанда және асқыныстарды анықтау мақсатында: өкпе суретінің күшеюі, сирек жағдайда оң өкпенің ортаңғы бөлігінде ателектаз немесе сегментарлы айтақта ателектазды көруге болады, оны көп жағдайда пневмония деп анықтап жатады. Диафрагма күмбезінің қалыңдауы, қабырғалардың көлденең орналасуы, бронхиалды обструкцияның басқа да көріністер іболады. Сыртқы тыныс функциясын зерттеу/ ФВД/ -спирометрия. Обструкцияның деңгейін аныктайды. Пикфлуметрия –бронх демікпесінің ауырлық дәрежесін және тыныс шығарудың пиктік жылдамдығын монитирлеу. Диспансеризация: профессиональды бронх демікпесі атопиялық түрі –жылына 2 рет,көрсеткіштер бойынша дерматолог, отоларинголог, Аллерголог,гинеколог, психоневролог,эндокринолог.жылына 1 рет жалпы қан анализі, қақарық анализі, спирография, рентген. Профессиональды бронх демікпесі химиялық және бактериальды аллергиямен -жылына 3 рет дәрігердің қарауына келеді. Жеке мамандарға көрсеткіш бойынша. Лабораториялық зерттеулер жоғарда айтылған анализдер. Егерде бронх демікпесінің ауыр дәрежесі болса жылына 4-5 рет қаралады.

22. Артериялық гипертензия.Жіктелуі. Қауіп стратификациясы.Скрининг.артериялық гипертензия –систололық АҚҚ 140 тан жоғары, ал диастололық АҚҚ 90 нан жоғары болатын жағдай. Классификациясы: Егерде бірінші рет, ешқандай себебі анықталмаса эссенциальды АҚҚ деп. Ал АҚҚ жоғарлауының себебі анықталса симпторматикалық деп аталады. Дәрежесіне байланысты: оптимальды САД˂120/100-119/, ДАД˂90/60-90/, қалыпты САД˂130 /120-129/ ДАД˂85 /80-84/ жоғары қалыпты САД 130-139 ДАД85-89. І дәрежесі САД 140-159, ДАД 90-99. ІІ дәрежесі 160-179, ДАД 100-109, ІІІ дәрежесі САД˃180, ДАД ˃110. Криз І тип, ІІ типке болінеді. Қауіп критериі 4 ке бөлінеді. Қауіп төмен – І дәрежесі +қауіп факторы, нысана ағзаларының зақымдануы, қосымша аурулары жок. Орташа қауіптілік ІІ-ІІІ дәрежелі АГ, + қауіп факторы, нысана ағзаларының зақымдануы, қосымша аурулары жок және І-ІІІ дәр АГ, қауіп факторы бір не бірнеше , нысана ағзаларының зақымдануы, қосымша аурулары жок. Қауіптілігі жоғары - І-ІІІ дәр АГ нысана ағзаларының зақымдануы бар, бірақ бірлескен аурулары жоқ. Аса қауіпті тобы - І-ІІІ дәр АГ қауіп факторы, басқа қосымша ауруларымен нысана мүшелерінің зақымдануы бар. Қауіп стратификациясы: І. жүрек-қан тамыр ауруларының қауіп факторы.1/ қауіп стратификациясында қолднылады- САҚ және ДАҚ жоғарлауы, жасы, ер адамдар 55 жастан жоғары, әйелдер 65 жастан жоғары, қанда жалпы холестерие 6,5 тен жоғары, қант диабеті, отбасында жүрек қан тамыр жүйесінің аурулары бар. 2/ басқа да әсер ететін фактор –холестеринде ТЖЛП деңгейінің томендеуі, ТТЛП деңгейінің жоғарлауы, микроальбуминурия, глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы, семіздік, гиподинамия, соционально-экономикалық жағдай, географиялық орналасу аймағы. ІІ. Нысана мүшелерінің зақымдануы:сол қарыншаның гипертрофиясы, протеинурия немесе плазмада креатинин деңгейінің жоғарлауы, УДЗ және рентгендік зерттеуде ұйқы, мықын және сан артерияларының атеросклеротикалық зақымданыуы, артерияның жалпы және жергілікті тарылуы. ІІІ. Қосымша аурулардың қатар жүруі.Церебро-васкулярлы аурулар: ишемический инсульт, геморрагический инсульт, транзиторлы ишемиялық атака. Жүрек аурулары: миокард инфарктісі, стенокардия, тәж артерияларының реваскуляризациясы іркілісті жүрек жеткіліксіздігі. Бүйрек ауруы: диабеттік нефропатия, бүйрек жеткіліксіздігі. Тамыр аурулары: расслаивающая аневризма, перифериялық артериялардың зақымдануы. Скрининг: артериальды гипертензияны анықтаудагы зерттеулер антропометриялық өлшемдер, артериалдық қан қысымын өлшеу, 18, 25,30,35,40,42,44,46,48,50,52,54,56,58,60,62,64 жастағы адамдардың қантағы хоестерин мен глюкоза деңгейін анықтау, сонымен қатар 40,42,44,46,48,50,52,54,56,58,60,62,64,66,68,70 жастағы адамдардың көзішілік қысымын анықтау. ЭКГ-айғақтар бойынша.

23 Тұрақты еңбекке жарамсыздық. Мүгедектер тобын сипаттау.МӘЭК (МСЭК) көрсеткіш және жолдауға арналған құжат. Мүгедектік топтарының мінездемесі.Еңбекке жарамсыздық деп бегілі бір медициналық жағдайларға сай оз мамандығы бойынша жұмысты жалғастыруға қарсы көрсеткіш. Тұрақты еңбекке жарамсыздық—созылмалы аурулардың есебінен немесе басқа да түрлі себептерден болатын ұзаққа созылған және үнемі болатын еңбек ете алмау қабілеті. Тұрақты еңбекке қабілетсіздікті МСЭК шешеді. МӘЭК ке негізгі көрсеткіш: 1. Қан тамырларының Қолайсыз аурулары, онын ішінде қайталамалы ми қан айналымының бұзылысы және басынан кешкен инсульт. 2. Мүше Функциялардың айқын бұзылысы оларды баяу қалпына келуі, қайталамалы инсульт, ауыр қосымша аурулар. 3. Арнайы амандығы бойынша жұмысқа қайта келу мүмкін емес болса оған негізгі көрсеткіштердің болуы. МӘЭК жолдауға арналған құжаттар: 1. Форма 088/у тайындалған куннен 1 айдан кеш емес. 2.жеке төл құжат көшірмесі және төлқұжаттың түпнқсқасы. . 3. Әлеуметтік жеке код куәлігінің көшірмесі. 4. Мекен жайлы анықтама. 5. Ауру динамикасы үшін медициналық амбулаторлы карта. Ауру тариханан тексеру қорытындыларының көшірмесі. 6. Еңбек жұмысын дәлелдейтін құжаттың көшірмесі. 7. Уакытша еңбекке жарамсыздық анықтамасы. 8. Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысқаны туралы анықтама. 9. Еңбек гигиенасыжәне кәсіпік аурулар ұлттық орталығынан қорытынды. Сонғы 2 жыл ішінде алыну керек. 10. Сенім орны берілген негізгі себебін анықтайтын Сенім орны берген құжат. МӘЭК ары қарай мүгедектікті шешеді. Ал мүгедектік дегеніміз денсаулық бұзылысына байланысты ағза қызметінің тұрақты бұзылуының нәтижесінде адам іс-әрекетінің шектелуі. мүгедектік топ бар. I-топ мүгедектіктің анықтамасы. Мүгедектіктің I тобы еңбек жарамсыздығының ең жоғарғы жайылуын сипаттайды. I-топ мүгедектікті негіздеу: тіршілік етудін жарақаттарға, ауруларға, туа біткен ақауларға байланысты айқын шектелуі, олар айқын әлеуметтік дезадаптацияға әкеледі, себебі адамның оқуға, тілдесуге, өз тәртібін қадағалауға, қозғалуға , өзі өзін күтуге мүмкіншілігі болмайды. Анатомиялық ақауларды немесе ағзаның бұзылған қызметтерін компенсациялау, үйде немесе кәсіп –орында арнайы еңбек жағдайын жасау кейбір еңбек түрлерін жасауға мүмкіндік береді. II - топ мүгедектіктін анықтамасы.II -топ мүгедектік – функция бұзылысының айқын дәрежесімен, толық еңбекке жарамсыздықпен сипатталады (тек қана кейбір мүгедектер арнайы жасалған жағдайда еңбек ете алады).ІІ-топ мүгедектері өзі-өздерін күте алады да басқа біреудін көмегін қажет етпейді. II -топ мүгедектікті негіздеу: тіршілік етудін жарақаттарға, ауруларға, туа біткен ақауларға байланысты айқын шектелуі, олар айқын әлеуметтік дезадаптацияға әкеледі, себебі адамның оқуға, тілдесуге, өз тәртібін қадағалауға, қозғалуға , өзі өзін күтуге мүмкіншілігі болмайды, анатомиялық ақауларды немесе ағзаның бұзылған қызметтерін компенсациялау, үйде немесе кәсіпорында арнайы еңбек жағдайын жасау кейбір еңбек түрлерін жасауға мүмкіндік береді. III -топ мүгедектіктің анықтамасы III -топ мүгедектік еңбекке жарамдылықтың жартылай жойылуымен сипатталады. III -топ мүгедектері жұмыс істей алады және жұмыс істеу керек, ал МСЭК оларға ұсыныс береді, оның ішінде мүгедектердің денсаулық жағдайына байланысты еңбек сипаты және еңбек жағдайы туралы мәлімет берілген. III -топ мүгедектікті негіздеу болып анатомиялық ақаулар немесе созылмалы нәтижесінде болған ағза функциясының бұзылуы табылады, осының нәтижесінде еңбекке жарамдылық төмендейді.

24. ДДСҰ бағдарламасы бойынша төспен тамақтандырудың 10 қағидасы. Қосымша тамақтарды енгізудің мерзімдері және ережелері. ДДСҰ бағдарламасы бойынша төспен тамақтандырудың 10 қағидасы: 1.Төспен емізуге қатысты мед.қызметкерлеріне дейін әрдайым жеткізіліп тұратын саясаттың болуы. 2. Төмпен емізудің саясатын тәжірибе жүзінде жүзеге асыруға қажетті машықтарға мед.қызметкерлерін үйрету. 3. Төспен емізудің техникасы мен артықшылықтарын барлық жүкті әйелді ақпараттандыру. 4. Бала туылған сәттен бір сағат ішінде анаға төспен емізуді бастауға көмектесу. 5. Аналарды төспен емізудің техникасына және баласынан айырылған жағдайда лактацияны сақтауға үйрету. 6. Баланы тек ана сүтімен ғана тамақтандыру, қосымша сұйықтықтарды клиникалық негізделген жағдайда ған беру. 7. Ана мен баланың тәулік бойына бірге болуын тәжірибеге енгізу. 8. Баланың сұрауы бойынша төспен тамақтандыру. 9. Емізіктерді қолданудан бас тарту. 10. Төспен емізуді қолдайтын топтардың ұйымдастыруына көмек көрсету және босану стационарынан шығарғаннан кейін аналарды бұл топқа қатыстыру. Қосымша тамақтарды енгізудің мерзімдері және ережелері. Балаүшін ең табиғи тамақ ол ана сүті. Ана сүті балаға қажетті барлық заттарға құнарлы. 5-6 айға дейн балаға қосымша тағамдар қажет емес. Ал 5-6 айда балаға қосымша тағамдар беру керек ана сүті жеткілікті болса да. 5-6 айда бала организмінің жұмысы күшейеді, соған байланысты май, көмірсулар көбірек қажет. Әр түрлі жемістерден жасалған шырындар, пюрелер беруге болады. Шырындарды балаға 3 айдан бастап күніне 2 рет шай қасығымен беруге болады, кейін біртіндеп стаканның 4 тен біріне жеткізуге болады. Шырындарды смородин, танқурайдан, сәбізден және жана піскен капустадан жасауға болады. Кейін 5-6 айда балаға ұсақ жарма ботқасын беруге болады. Қосымша тағамдарды берген кезде аса сақтықпен беру керек, тағамды бергенде баланың түріне, терісіне қарап отыру керек , қызарулар және бөрпелер шығып кетпеді ма қарау керек. Сонымен қатар қосымша тағамды танертенгі уақытта емес түскі мезгілде берген дұрыс, баланың ұйқысы келген уақытта беруге болмайды . 8 айда балаға төспен емізу 3 рет ал қосымша тамақ 2 рет болу керек, яғни танертең төспен емізу, 2 таңғы ас ½ стакан ботқа, ¼ стакан кисель, 3тамақтану төспен емізу, 4 тамақ ¼ стакан көже, ½ стакан пюре, ¼ стакан кисель , тамақтану төспен емізіу. Ана сүтін ішетін балаға конфеттер, шұжықтар, консервалар, кептірілген тағамдар беруге болмайды.

25. Терінің обыралды ауруларының диагностикасы.Қазіргі кезде терінің обыралды абсолютті аурулары пигменттіксеродерма және тері мүйізі. Аурудың бастапқы 2 формасы бар – ол біріншісі бастапқыдан ісік болып табылады ал екіншісі қатерсіз эпителиальды жана түзіліс . тері обыралды аурулары көбіне жасы үлкен адамдарда кездеседі. Диагностикасында клиникалық көрінісінен басталады. Пигментті ксеродермада терінің ашық жерлерінде қызыл қабынулық дақтар пайда болады кейн олар пигментті дақ қалыптастырады. Ол сепкіл, телангиэктазия сияқты көрінеді. Уақыт өте келе дақтар ұлғаяды, құрғайды. Ал тері мүйізінде теріде шектелген гиперплазиялы эпителий айқын гиперкератозбен көрінеді. Түсі ал кызыл түстен коңыр түске дейін өзгереді. Созылмалы жүре отырып қатерлі ісікке алып келеді. Жалпы диагеностикасында тері обырына кудік туған кезде мынандай шаралар колданылады. 1 Онкологтын карауы 2Біріншілікті ісікті және тері жамылғысын карау3 Біріншілікті ісікті және оның жан жағын пальпаторлы тексеру 4 Цитологиялык материалжинау 5 Пункциялык биопсия 6 Узи ісіктің калыңдығын және инвазиясын анықтау 7 Лимфа туйинлерінің УДЗ 8 курсақ куысы мушелерінің УДЗ 9 Кеуду куысы мушелеренің рентгенографиясы 10 Анколог және радиолог канциулымы 11 ЭКГ 12 Терапевт анезтезиолог концултация. Косымша шаралар;генеколог пен эндокринолог консультатациясы Лабараториялық тексерулер;кан тобын анықтау,қанда резусфакторды тексеру,бастерман реакциясы,ВИЧке антиденелерді анықтау,канның клиникалық анализі,ЖЗА,биохимиялық каогулаграмма,кандағы қантмолшерін анықтау.тагы цитилогия гистологиялық зерттеулер. Бұлардың ішіндегі гистологиялық зерттеу манызды. Гистологиялық зерттеуде өзгерген жерден биопсия алынып лабораторияғажіберіледі. Арнайы бояулармен бояп микорскоппен қарап жасушаларын анықтап осуін қарайды.Сол арқылы обырды анықтайды.

В