Диспансерлі бақылау. Анықтамасы. Топтардың мінездемесі. «Диспансерлі бақылаудың бақылау картасы» Ф030/е не үшін керек

Тұрғындарды диспансеризациялау- бұл сырқатты тез табу, әсіресе сырқаттың жасырын өтуін және бастапқы көрінісін табу, қауіп-қатер факторы бар науқастарды табу, еліміздің тұрғындарын бүкіл өмір бойындағы денсаулығын әрдайым жүйелі дәрігерлік бақылау негізіндегі керекті емдік-сауықтыру шараларын дер кезінде өткізу жолымен, тұрғындардың денсаулығын сақтау және нығайту мақсатымен сырқатты алдын-алудын нақты әдісі.

Диспансерлік әдіс – бұл өмір ұзақтығын жоғарлату және еңбекке қабылеттілігін сақтау, қоғамдық еңбек өнімділігін арттыру мақсатында сырқат және денісау адамдарды динамикалық дәрігерлік бақылау барысындағы алдын-алу және емдік шараларды тудыратын денсаулық сақтау мекемелерінің және бөлімдерінің жұмыс түрлерінің жиынтығы.

Тұрғындардың жыл сайынғы диспансерлік тексерілуі – тұрғындардың әр-түрлі топтарының бір дәрігермен немесе бірнеше мамандармен, активті дәрігерлік тексерілу және сырқатты дер кезінде табу, әрі денсаулығын бағалау мақсатындағы лабораториялық-диагностикалық тексеруді өткізу, және де қажетті емдік- сауықтыру шараларын өткізу.

Диспансерлік бақылаудың мақсаты патологиялық жағдайларды ерте табу, олардың себебін анықтау; қоғамдық және жекелік алдын-алу шаралар жолымен сырқаттың ары қарай дамуы мен пайда болуын ескерту және сақтандыру;тұрғындарға дәрігерлік көмек сапасын үздіксіз жоғарылатуды қамтамасыз ету; меншіктіліктің барлық түрінің дәрігерлік қызметтерінің тиімділігін және деңгейін қамтамасыз ету;шығармашылық жасын ұлғайту. Сау тұрғындарды диспансерлеудің мақсаты – дұрыс физикалық және психикалық дамуды қамтамасыз ету, тұрғындардың денсаулығын жетілдіру және нығайту әрі сақтау. сау адамдарды жыл сайын диспансерлік тексеру; қоғамды қажетті сырқаттар мен кең таралған сырқаттарды бірінші реттік алдын-алу; еңбек шарттарының қолайлылығын жақсартуға ат салысу; экологиялық ортаның сапасын жақсарту; ана-әйел өмір салтын жетілдіру (жоғарғы деңгейге көтеру) және олардың денсаулықтарын нығайту; тұрғындарды гигиеналық тәрбиелеу;ішімдік ішумен, шылым шегумен, стресс жағдайларымен және басқа да кері факторлармен күрес; рациональды тамақтануды ұйымдастыру; отбасылық диспансерлеуді дамыту; сау тұлғалардың диспансерленуі және бірінші реттік алдын-алу шараларына байланысты сау халықты жағымды (позитивті) мақсатты бағытта тәрбиелеу. Сырқаттарды диспансерлік бақылау мақсаты -қоғамдық және жеке-алдын-алу шаралар жолымен сырқаттың өршуінің алдын-алу;

ауруханаға дейінгі және кейінгі емдеу кезіңде жедел сырқатпен ауырғандар және созылмалы аурумен ауыратындар денсаулығының жағдайын үздіксіз жүйелі түрде динамикалық бақылау.

Диспансерлік бақылауға және дәрігерлік тексеріске алынатын халық бөлігі және қоғамдық-демографиялық топтары. балалар; жасөспірімдер (15-18 жастағы мектеп оқушылары, ПТУ оқушылары, орта білім орындары, жұмыскер жасөспірімдер);Ұлы Отан Соғысының ардагерлері және мүгедектері; Жауынгер-интернационалистер; Чернобыль АЭС жарылысында зардап шеккендер;Арал өңіріндегі тұрғындар; Семей полигоны өңірінің тұрғындары мен Семейдегі дүмпу жарылысында зардап шеккендер;

Жүкті және босанған әйелдер; Студенттер мен арнайы орта білім беру орындарының оқушылары; Қауып-қатер факторлары бар тұлғаларды және сау тұлғаларды, сырқат адамдарды диспансерлеу инструкциясы бойынша жұмысқа қабілетті жастағы тұрғындар;

әр-дайым медициналық тексеріс кезінде қарапайым тұрғындар топтары.

Диспансерлік топтар.

Д I – дені сау адамдар – ешқандай шағымы жоқ және олардың қарау кезінде созылмалы аурулары немесе бөлек органдары мен жүйелерінің қызметтерінің бұзылулары табылмаған адамдар, олардың ішінде «шекаралық» деп аталатын жағдайлары бар аурулары кіреді (яғни, қан қысымы көрсеткіштерінің және басқа да ағзаның қызметіне әсер ет пейтін физиологиялық көрсеткіштердің азғана ауытқулары бар адамдар).

Д II – дені сау адамдар – анамнезінде жедел немесе созылмалы аурулары бар, бірақ соңғы жылдарда бұл аурулар ешқандай өршулер бермеген;

Д III – науқас – емді қажет ететін адамдар.

Созылмалы ауруы бар балалар диспансерлік есепке тұруымен қатар, педиатр және арнайы маман дәрігер есебінде тұрады. Диспансерлік бақылаудың негізгі медициналық құжаты баланың даму тарихы (форма№112) болып саналады. Диспансерлік бақылауда тұратын балаларға ұйымдастырылған сауықтыру жұмыстарын жүргізу үшін бақылау картасын толтырады. (форма№30)

Баланың дәрігерге жоспарлы келуі сол екі формамен бекітіледі.

Жүргізілген емдік және профилактикалық шаралардың нәтижесін педиатр әртүрлі маман дәрігерлер баланың даму тарихы және бақылау картасына қарап бала денсаулығын анализ жасайды. Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды сол мекемедегі педиатр дәрігер диспансерлік бақылауға алады

17 б

1) Дифузды токсикалық зоб. Анықтамасы, кауіп факторлары. Жіктелуі, диагностикалық критерилері.

Дифузды токскалық зоб-қалқанша бездің жайылмалы ұлғаюымен бірге тиреоидтық гормондардың артық өндірілуімен жүретін ауру.

Қауіп факторлары: Тұқым қуалаушылық. Қалқанша безінің жарақатталуы, стестік жағдайлар т.б

Офтальмопатия жіктелуі:

0 – Офтальмопатияның болмауы

1 – Жоғарғы қабақтың ретракциясы (аздап, орташа, айқын)

2 – Көз шарасының жұмсақ тіндерінің өзгеруі,коньюктиваның ісінуі, инъекциясы (аздап, орташа, айқын)

3 – Экзофтальм (аз 3-4мм6, орташа 5-7мм, айқын 8мм артық)

4 – Көз шарасының бұлшықеттерінің зақымдалуы (диплопия, көз алмасы қимылының шектелмеуі; көз алмасы қимылының шектелуі; көз алмасы қимылының айқын шектелуі.)

5 – Көздің мүйізгек қабығының зақымдалуы (құрғау; ойылу; бұлыңғырлану, некроз, перфорация)

6 – Көру жүйкесінің зақымдалуы (аздап, орташа, айқын)

Ауырлық дәрежесіне байланысты:

Жеңіл – жүрек соғуы 80-100мин, жыбыр аритмиясы жоқ, жұмысқа жарамдылығы аздап төмен, қолдарының дірілдеуі әлсіз.

Орташа – жүрек соғу жиілігі 100-120 мин, пульстық қысым жоғары, жыбыр аритмисы жоқ, дене салмағы 10-ға кеміген, жұмысқа жарамд төмендеген.

Ауыр – жүрек соғу жиілігі 120 дан жоғары, жыбыр аритмиясы тиреоуытты психоз, дене салмағы төмендеген, жұмысқа жарамсыз.

Диагностикалық критерийлері:

1. Клиникалық көріністері (Орталық және шеткері жүйке жүйесінің зақымдалу синдромы: психикалық эмоц. тұрақсыздық, мазасыздық, ашуланшақтық, ұйқы бұзылуы; бұлшықеттік әлсіздік, парездер мен мүшелердің салдануы,сіңірлік рефлекстердің жоғарылауы, дірілдеу).

2. Зертханалық көрсеткіштері (ТТГ төмендеген, Т3 Т4 жоғарылаған)

3. Қалқанша бездің жайылмалы ұлғаюы (УДЗ қалыпты әйелдерде 18мл, ерлерде 25мл жоғары болады)

4. Эндокриндік офтальмопатияның айқын клиникалық көрінісі

ТТГ рецепторларына және қалқанша безге қарсы денелер титрінің жоғарлауы (тиреопероксидазаға қарсы, тиреоглобулинге қарсы)

2)бауыр циррозы. Негізгі және қосымша диагностикалық шаралар, протокол бойынша емдеу тактикасы.

Бауыр циррозы дегеніміз фиброз және паринхиматозды түйіннің дамуына ағза құрылымының бұзылуымен сипатталатын бауырдағы диффузды созылмалы ұрдіс.

Мұқият сұрастыру, ауру тарихы мәліметтерінің, өмірінің, басынан өткерген ауыруларының, тұқым қуалаушылықты анықтау.

Міндетті зертханалық тексерулер:

Бір реттік: қан тобы, резус фактор, жасырын қанға нәжісті тексеру, вирусты маркерлер (HBsAg, HBeAg, B,C,Dгепатит вирусына антигендер)

Екі реттік: жалпы қан анализі(анемия, гиперспленизм синдромы кезінде панцитопения, лейкоцитоз, ЭТЖ жоғары),жалпы және тура билирубин(өршу,декомпенсация сатысында жоғарылаған), қан холестерині(өршу және декомпенсация кезінде төмендеген), ретикулоциттер, қандағы мочевина, тромбоциттер, жалпы ақуыз және ақуыз фракциялары(альбумин төмендеуі), АЛТ, АСТ(компенцирленген бц кезінде қалыпты,өршу, декомпенсация кезінде жөғары), жалпы зәр анализі(протейнурия, цилиндрурия, микрогематурия)

Міндетті аспапты зерттеу:

Бауыр, өт қабы, ұйқы безі, көк бауыр УДЗ

ФГДС көрсеткіш бойынша, биопттаты гистологиялық зерттеу.

Коагулограмма

Қанда иммуноглобулиндер

Асцитті сұйықтықты биохимиялық, бактерологиялық, цитологиялық зерттеу.

Мамандар кеңесі көрсеткіш бойынша: окулист,хирург, гинеколог, уролог.

Ем мақсаты цирроз үдеуін асқынуының дамуының алдын алу

1. Этиологиялық ем: дәрілер мен ішімдікті шектеу, вирусты этиологиялы бауыр циррозы кезінде интерферонды терапия, аутоимунды механизмдерді жою, преднизолонмен пульс терапия

2. Фиброгенезді баяулату: антифиброздық әсерлі (силирамин, эссенцияле форте) гепатопротекторлар

3. Симптоматикалық ем\

Базисті емге кіреді: диетотерапия, ферментті дәрілерді қабылдау, пробиотиктерді және антибактериалдық дәрілерді қабылдау, лактулозаны қабылдау

 

3Жаңа туған нәрестелелердің денсаулық тобын анықтау

I-топ –дені сау анадан лені сау бала, гестоз жүктіліктің 1жартысында.

2-топ: «А» подгруппа – анасында тар жамбас болган балалар, физиологиялық жетілмеген, 1 дәр шала туған балалар, токсикалық эритемасы, 1дәр ісіну синдромы, 1 дәр мерзімінен асып туған балалар.

«Б» топ – анасының асқынған соматикалық аурулары: тыныс алу жүйесінің, эндокринді жуйенің, жүрек там жүесінің, зәр шығару жүйесінің созылмалы аурулары, аллергиялық аурулар. Анасының асқынған акуш-гинек анамнезі: жыныс жолдарының жедел және созылмалы аурулары. Ұрық жамбаспен келген босанулар, вакуум-экстракция,кесір тілігі.Анасындағы гипогалктия. Жеңіл дәрежелі асфиксия (Апгар шкаласы бойынша 6-7 бал)көп ұрықты жүктіліктен туға бала, құрсақішілік дамуы кешікен балалар, дене салмағы 2000 г аз немесе 4000 г көп, көптеген ұсақ анатомиялық аномалиялар (4-5 көп) транзиторлы қызба, патологиялық салмақ жоғалту (8% көп).3-топ – орташа ж/е ауыр дәрежелі асфиксия,босану кезіндегі жарақаттар, кефалогематома, кіндік венасының катетеризациясы,Iiдәр шала туған бала, эмбриофетопатии, геморрагиялық ауру, гемолиткалық ауру, құрсақішілік инфекциялар.4-ж/е 5-топайқын декомпенсация сатысындағы туа п.б даму ақаулары бар балалар.Жаңа туған нәрестені алғаш рет уйінде бақылау бала перзентханадан шыққаннан кейін алғашқы 3 күнінде дәрігер педиатр мен учаскелік медсестрамен жасалады. Ары қарай учаскелік мейірбике өзі алғашқы 2 аптада күнделікті бақылап отырады, одан кейін аптасына 1-2 рет бақылап тұрады алғашқы қараудан кейін дәрігер келесі күні дәрігер сәбиге қайталап патронажға барады, ары қарай педиатр баланы өмірінің 14 күні барады (3 дәрігерлік патронаж), қажет болса 21 күні.Алғашқы патронаж кезіне дәрәгер баланың денсаулық жағдайын бағалайды (баланы жалпы қарау, салмағы, бойы, рефлекстер тексеріледі)анасының лактационды мүмкіндіктері(анасының сүті баласына жете ме)отбасының әлеуметтік жағдайы, орналасатын ортасы бағаланады. Дәрігер баланы қараған соң қорытынды жасайдые ол үшін: -.баланың физикалық дамуын бағалау:(сәбидің бойы мен салмағы) – нерв-психикалық дамуының деңгейін бағалау (жасына сәйкес дамыған ба)- жаңа туған кезіндегі денсаулық тобын анықтау, -баланы бақылаудағы индивидуалды жоспар(патронаж саны, мамандар консультациясы, емізу тәртібі, рахиттің алдын алуын бастау) – баланың күтімі мен емізуі жөнінде ұсыныстар)-баланың 1айлық мерзімінде дәрігер –педиатр баланы поликлиникада қарап, алдында тағайындалған профилактика шараларының эффективтілігіне баға береді, қажет болса оларға коррекция жасайды. Баланың 1 айлық жасында дәрігер педиатрдан басқа невропатолог,ортопед, окулист,лор дәрігерлері қарап, қан,з(әр анализдерін алып, жамбас сан буынына узи, нейросонография (көрсеткіш бойынша) жасалады.

5 Жүктілердің құсуы мен лоқсуы: Басқада физиологиялық себептерге байланыссыз гестационды процесс кезінде байқалатын симптомдар.

Лоқсу – құсуға шақыратын төс аймағында немесе эпигастральды аймақтағы жағымсыз сезім. Құсу – асқазан құрамының ауыз арқылы еріксіз экспульсиясы. Жүктілердің шектен тыс құсуы – жүктіліктің 20 аптасына дейін сақталатын ауыр дәрежелі құсу мен лоқсу. Ол дене салмағының төмендеуіне, дегидратацияға, электролиттік дисбаланс пен өлімге әкелуі мүмкін.Жіктелуі: 1. Құсу: - жеңіл дәреже жиілігі тәулігіне 5 реттен аспайды. – орташа ауыр дәр: жиілігі тәулігіне 6-10реттен аспайды. – ауыр дәр: тәулігіне 11-25рет. Сілекейағу – құсумен бірге жзүруі мүмкін не жеке көрінуі мүмкін. Қауіп тобы:1. қанда β-ХГЧ концентрациясының жоғ.2.Көп ұрықты жүктілік.3.Тамақтану жеткіліксіздігі.Диагностикалық крит: құсу,лоқсу, сілекейағу, жүкті әйелдің дене салмағының 5 проц төмендеуі.дегидратация көріністері.Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:1ЖЗА.2.Тәуліктік диурезді бағалау.3. Зəрде ацетон,кетондық денелердің болуы

4. Қанның биохимиялық анализі (мочевина, креатинин, билирубин, жалпы белок деңгейі).

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: жоқ. Емдеу тактикасы:

дене белсенділігін шектеу (демалыс уақытын ұзарту) жүктілердің жүрегі айну,құсу жиілігін,қарқындылығын азайтады. Құрамында имбирь бар тағам қоспаларын қолдану. -Пиридоксин (В6 дəрумені) 10мг мөлшерінде əр 8 сағатта 2-3күн бойы ішу. -10 мг доксиламин 10 мг пиридоксинмен қоса тəулігіне 4 таблеткаға дейін (түнге 2 табл.,таңертең, түсте бірден); -əйгіленімдердің персистенциясында емге прометазин 12,5-2,5мг əр 4-6 сағатта бұлшық

етке немесе метоклопрамид 5-10мг 8 сағаттан соң; -сусыздану белгілері қосылған жағдайда ауруханаға жатқызу қажет.

5)Мүгедек және мүгедектік, квалификация 088/е формасы.

Мүгедек - ауыру немесе жарақат алу нәтижесінде, өмір бойына немесе ұзақ уакытқа, еңбек қабілетін (толық немесе жартылай) жоғалтқан адам. Мүгедектік - денсаулық бұзылысына байланысты ағза қызметінің тұрақты бұзылуының нәтижесінде адам іс-әрекетінің шектелуі. I-топ мүгедектіктің анықтамасы.

Мүгедектіктің I тобы еңбек жарамсыздығының ең жоғарғы жайылуын сипаттайды. I-топ мүгедектікті негіздеу: тіршілік етудін жарақаттарға, ауруларға, туа біткен ақауларға байланысты айқын шектелуі, олар айқын әлеуметтік дезадаптацияға әкеледі, себебі адамның оқуға, тілдесуге, өз тәртібін қадағалауға, қозғалуға , өзі өзін күтуге мүмкіншілігі болмайды. Анатомиялық ақауларды немесе ағзаның бұзылған қызметтерін компенсациялау, үйде немесе кәсіп –орында арнайы еңбек жағдайын жасау кейбір еңбек түрлерін жасауға мүмкіндік береді.

II - топ мүгедектіктін анықтамасы.

II -топ мүгедектік – функция бұзылысының айқын дәрежесімен, толық еңбекке жарамсыздықпен сипатталады (тек қана кейбір мүгедектер арнайы жасалған жағдайда еңбек ете алады).ІІ-топ мүгедектері өзі-өздерін күте алады да басқа біреудін көмегін қажет етпейді. II -топ мүгедектікті негіздеу: тіршілік етудін жарақаттарға, ауруларға, туа біткен ақауларға байланысты айқын шектелуі, олар айқын әлеуметтік дезадаптацияға әкеледі, себебі адамның оқуға, тілдесуге, өз тәртібін қадағалауға, қозғалуға , өзі өзін күтуге мүмкіншілігі болмайды, анатомиялық ақауларды немесе ағзаның бұзылған қызметтерін компенсациялау, үйде немесе кәсіпорында арнайы еңбек жағдайын жасау кейбір еңбек түрлерін жасауға мүмкіндік береді.

III -топ мүгедектіктің анықтамасы

III -топ мүгедектік еңбекке жарамдылықтың жартылай жойылуымен сипатталады. III -топ мүгедектері жұмыс істей алады және жұмыс істеу керек, ал МСЭК оларға ұсыныс береді, оның ішінде мүгедектердің денсаулық жағдайына байланысты еңбек сипаты және еңбек жағдайы туралы мәлімет берілген.

III -топ мүгедектікті негіздеу болып анатомиялық ақаулар немесе созылмалы нәтижесінде болған ағза функциясының бұзылуы табылады, осының нәтижесінде еңбекке жарамдылық төмендейді.

Билет18

1 Остеоартроз (ОА) — буынның созылмалы дегенеративті прогрессирлеуші ауруы. Ол буын шеміршегінің дегидратациясымен көрініп, субхондриалды сүйек өзгерістерімен, шеткері остеофиттер дамып, шеміршектің жоғалуына ж/не ьуынның басқа компоненттерінің зақымдалуына әкеледі (синовиалды қабат, байламдар.

Классификация 1.Патогенетикалық түрі-біріншілік(идиопат) –екіншілік. 2.Клиникалық түрі –полиартроз –олигоартроз –моноартроз –омыртқа остеоартрозымен, спондилоартрозбен қосарланған түрі. 3.локализациясы –фалангааралық(геберден,бушар түйіндері). –жамбас сан буыны (коксартроз), -тізе буыны (гонартроз) –басқада буындар. 4.рентген стадиясы:1,2,3,4,5 синовит: бар, жоқ.5.буынның функционалды қабілеті:шектелген, жұмысқақаб жоғалған. –біреудің күтімін қажет етеді.

Қауіп факторы:-тұқым қуалаушылық, -механикалық зақым, -физиалогиялық шектен тыс жұмыс, -зат алмасу,қанайналым бұзылысы, -эндокринді дисбаланс, -шеміршек қоректенуінің бұзылысы.-шеміршектің жастық инволюция, -егде жас, -семіздік, -буын аурулары, даму ақауы, - кәсіптік зияндықтар.

Диагностические критерии

Шағымы мен анамнез:1.физикалық жүктемеден кейін, тыныштық күйде, түнде, пальпацияда буынның ауырсынуы.2.зақымдалған буында танертен, кез келген демалыстан кейін 30 мин аспайтын құрысу. 3.буындағы қозғалыстың шектелуі.

 

Физикалық тексеру: буын қапшығы мен шеміршектің бекінген жеріндегі ауырсыну нүктелері, крепитация.варусты девиация кезінде сан сүйегі айдаршығының остеонекрозы дамуы мүмкін. Лабораторлы зерттеулер жоқ. Инструменталды зерттеулер: зақ буынның рентгені, буын саңылауының тарылуы, буын беткейінің жиектерінде сүйектердің өсуі, буын аяқтамаларының қатаң деформациясы. Негізгі диагностикалық іс шаралар: -буынның рентгені, -кт – ямрт - узи. Қосымша диагностикалық шаралар жоқ

 

4)Нәрестенің біріншілік потранажы. Мақсаты, кіммен және қашан жүргізіледі.

Алғашқы потранажды нәресте перзентханадан шыққан соң бөлімшелік педиатр мейірбикемен бірігіп 1-2ші тәулікте өткізеді, қажет болса шыққан күні.

Алғашқы нәресте потранажында мыналар қажет:

1. Уақытымен орындалуы

2. Алғашқы потранажда анаға анықтама құттықтау әдебиеті тапсырылуы керек. Ол жайылмалы жиналмалы “Анаға сәби туралы” ақпарат бет, онда күн тәртібін, сәбидің тамақтануы мен дамуы туралы мәліметтер болады.

3. Нәресте күтімін тиянақты түсіндіріп және көрсету, ананың жаялыққа дұрыс орауын, тамақтандыруын тексеріп, шомылдыру, тазалық тәрбие туралы кеңес береді.

4. Анаға балалар емханасы жұмысы туралы мәлімет береді. Емхананың мекен жайын, телефон номері, бөлімшелік педиатр мен медбике аты жөні

1айға дейін нәрестелерге медициналық көмек үйде көрсетіледі. Нәрестені 1айға толғанша медбике 4рет, бөлімшелік педиатр 2 рет қарайды. Бөлімшелік медбике нәрестелерге потранаж жасағанда, ананың сәбиді дұрыс емізуіне көп көңіл бөлуі керек. Бұл кезде баланың көңіл күйі, салмақ қосуы үлкен орын алады.