Саяси мәдениеттің жіктелуі

Саяси мәдениеттің жіктелуі - Г.Алмонд пен С.Верба ұсынған саяси мәдениет түрлері:

"патриархалдық" мәдениет, мұнда жалпыұлттық саясаттың мақсаттары мен құндылықтары туралы біліктер, сезімдер мен нормативті пайымдаулар жоқтың қасы. Қатысу мәдениетінің осы типіне негізделген жүріс-тұрыс үлгісі бүкіл ұлтқа қатысты саяси процеске деген немқұрайлылықпен, бұл саладағы еш үміттердің болмауымен және жергілікті немесе этникалық ынтымақтастыққа негізделген бірегей топталумен сипатталады;

"Бағыну, тәуелділік пен табыну" мәдениеті саяси басшылық қадағалауға тиісті нормалар мен бағынуға тиісті өкімдерді "өндіруші мен сыйлаушы" ретінде қабылданатын жүріс-тұрыс үлгісін анықтайды. Бұл үлгідегі негізгі психологиялық мотивтер игіліктерді күтушілік пен жазадан қорқу болып табылады;

"Қатысу" мәдениеті жүріс-тұрыстың біршама күрделі үлгісіне ие. Оны әлеуметтік серіктестік ретінде сипаттауға болады, мұнда мемлекеттік биліктің саналы сипаты мен тиімділігіне қарай бағынуды қажет ететін нормалар мен өкімдерді "өндіруші" ретінде де, саяси шешімдерді қабылдауға төменнен келетін қатысушы ретінде де қабылдана алады.

Саяси мәдениет құрылымы

Саяси мәдениет құрылымы - ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктер жатады. Ол саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, т.б. Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады. Ол "еркіндік", "тендік", "әділдік", т.б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруден байқалады. Келесі бөлігі - адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы. Саяси мәдениетке саяси бағдар ұстау де кіреді. Ол субъектілердің саяси құбылыстарға қатынасын білдіреді. Ол саяси білімін көтеру немесе оған мән бермеу, саяси жұмысқа белсене қатынасу немесе қатынаспау және т.б. түрде көрініс табуы мүмкін. Саяси мәдениетте әдет-ғүрып, жүріс-түрыстың да орны зор. Саяси мәдениеттің ерекше белгісіне саяси рәміздер жатады. Әр халық өздерінің ғасырлар бойғы дәстүрлеріне сай ұлттық-мемлекеттік рәміздерін жасайды. Оған ең алдымен Жалау, Елтаңба, Әнүран, Ата Заң, үлттық валюта және т.б. енеді.

Саяси мәдениетке жалпы саяси жүйе мен оның институттарының қызмет етуі кіреді. Ол мемлекеттің, партиялардың және т.б. сайлауды ұйымдастыруын, әр түрлі деңгейде қабылданған саяси шешімдердің, саяси-әлеуметтік шиеленістерді ұғыну және зерттеудің мәдениеттілігін қамтиды.

Саяси процесс

1) қоғамның саяси жүйесінің, құбылыстарының уақыт пен кеңістікте даму барысы, өзгеруі;

2) түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесс. Мысалы, қайсыбір партия не қозғалыстың қалыптасуы, сайлаудың өткізілуі, т.с.с.

Саяси процесс - күрделі құбылыс. Ол күнделікті озгерістерден бастап, қоғамның саяси жүйесінің түбегейлі өзгерісіне дейінгі аралықты қамтиды. әлеуметтік субъектілер (топтар, таптар, жеке адамдар, т.б.) қызметінің жиынтығы. Осыған байланысты қоғамда әртұрлі өзгерістер болып отырады. Саяси жүйені тұтас алсақ, оның даму процесін 4 сатыға, кезеңге белуге болады:

110. Саяси жетекшiлiктiң ұғымы және типологиясы. Саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда саяси жетекшілердің, топ бастаушылардың (лидер), серкелердің орны ерекше. Оған халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады

Қазіргі кезде саяси жетекшілерді жіктеудің кең тараған түрін американдық ппрофессор Дж. Херман ұсынды. Ол саяси топ бастаушыларды былай жіктейді:

1) Тү көтерер саяси жетекші. Оның өмірге өз көзқарасы, болашаққа болжамы бар,өмірде болып жатқан оқиғалардың сипатын жақсы түсінеді, оның өзгерту жолын айқындайды. Мысалы Үндістанда ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы Махатма Ганди,Негрлердің азаматтық құқығы үшін күрескен Мартин Лютер Кинг.

2) Қызмет етуші топ бастар. Ол өзінің жолын қуушылардың мүддесін дәлме дәл білдіре білудің арқасында құрметке бөленеді. М: Л. И. Брежнев, Д. А. Қонаев.

3) Сауда топ бастар. Оның ерекшелігі – алдына қойған жоспарды іске асыруға соңынан ергендердің бәрін жұмылдырып, сендіре білу қасиетінде. М: американың 40-президенті Р. Рейган, Ресей президенті Б. н. Эльцин.

4) Өрт сөндіруші топ бастар. Ол уақыттың талабына сай өз жақтастарын жинақтап қойған сауалына,қысылтаяң жағдайларда шапшаң шешім тауып, жол көрсете алады. М Д. Буш , Я. Арафат.

Саясат объектісі көп түрлі саясат дүниесі болып табылады, бұған мемлекетті, саяси институттарды, билік нысандарын және олардың қоғамдық жүйедегі рөлін зерттеуді жатқызуға болады, бүл оның саяси қозғалыстардың, партиялардың, сайлау жүйелерінің маңызы мен рөлін талдау, сайлаушылардың саяси мінез-құлқының әртүрлі нысандарын және олардың мотивациясын, бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін және олардың қоғамдық пікір қалыптастыруға тигізетін әсерін зертте

Саясаттағы субъект және объектСаясаттағы субъект және объект - саясат субъектілері - іс- әрекет жасаушы адам немесе әлеуметтік топ.Саясаттың субъектісіСаясаттың субъектісі деп өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады.Саясат субъектісінің құрамы, іс-әрекеттерінің түрлері, тәсілдері, көздеген мақсат-мүдделері және т.б. қоғамның нақты, тарихи жағдайымен айқындалады.Оған азаматтар, әлеуметтік топтар, ұлттар, қоғамдық-саяси ұйымдар, мемлекет жатады.Саясат объектісі

Саясаттағы субъективизм

Саясаттағы субъективизм - табиғат пен қоғамның объективтік даму зандылықтарын теріске шығаруға тырысатын көзқарас.Оны жақтаушылардың ойынша, саяси өмір саясатты жасаушы субъектілердің (әсіресе, басшылардың) ерік-жігеріне, ынта-ықыласына, мақсат-мүддесіне байланысты дамиды.

Саяси билік - таптық, топтық, жеке адамның саясатта түжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді.Саяси билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған.Саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да жүргізіледі,Саяси билік ресурстары - субъекті мақсатына сәйкес билік объектісіне ықпал етуді қамтамасыз ететін барлық құралдар. Олар: экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық, күштеу, демографиялық.Экономикалық - қоғамдық және жеке өндіріске және пайдалануға қажетті материалдық құндылықтар, ақша, пайдалы қазбалар, техника, т.б.Әлеуметтік - әлеуметтік құрылымдағы орынды, әлеуметтік мәртебені жоғарылату немесе төмендету қабілеттілігі.Ақпараттық - білім мен ақпарат, сонымен бірге оларды алу және тарату: ғылым және білім институттары, БАҚ, т.б.Күштеу - бүл қару, күшті қолдану аппараты, осы мақсатта арнайы дайындалған адамдар тобы.Мемлекетте оның ядросын әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура құрайды.

Саяси және мемлекеттiк билiктiң негiзгi түрлері.Билiк — қазақ халқының дәстүрлі санасында “ел басқару”, “өкім ету” сөздерімен мәндес ұғымды білдіреді. Қазіргі құқықтану, саясаттану ілімдерінде де ол “өкімет” атауының синонимі ретінде қолданылып жүр. Мәселен, саясаттану ілімінде билік экономиялық, идеологиялық, ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктер арқылы, сондай-ақ, беделдің, дәстүрдің, зорлықтың жәрдемімен адамдардың, әлеуметтік топтар мен жіктердің мінез-құлқына, іс-әрекетіне ықпал етуге қабілетті әлеуметтік қарым-қатынастардың пішімі.Саяси билік таптық, топтық жеке адамның саястта тұжырымдалан өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Ал мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады. Билік саяси және мемлекеттік болып екіге бөлінеді. Бұл мәселенің үлкен астары бар. Себебі, бұрынғы кеңестік дәуірде бұл ұғымдарды тенестіріп, бірыңғайлау саяси жүйенің барлық құрылымын мемлекеттендіруінің тәсілдемелік негізі болды.Саяси билік таптық, топтық жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Ал мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу апаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады. Бұдан біз саяси биліктің мағынасының мемлекеттік биліктен кең екендігін байқаймыз. Себебі, біріншіден, саяси билік адамзат тарихының барлық кездерінде болған. Мысалы, алғашқы адамдық қауым кезінде ақсақалдар кеңесінің, веченің (ежелі русьтегі азаматтар жиналысының түрі),вече соттарының және т. б. билігі болды. Екіншіден, саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар (БҰҰ, НАТО және т.б.) сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да билігін жүргізеді. Үшіншіден, мемлекеттік билік, жоғарыда көрсетілгеніндей, ерекше күштеу аппаратына сүйенеді және оның билігіне қоғамның барлық мүшелері тегіс бағынады. Мемлекеттік билік саяси биліктің ең жоғары, ең толық, ең дамыған түрі, оның өзегі болып табылады

Саяси жүйе - билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда түрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы.Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және т.б. жатады.

Саяси жүйе - билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда түрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы.Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және т.б. жатады.

Саяси жүйелердің жіктелуі - саяси жүйенің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ.Саяси жүйені жіктеу зерттеушілер таңдаған өлшемге байланысты.Саяси жүйені жіктеудің ең кең тараған түрі, оның саяси тәртібіне қарай тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық деп бөлінуі.либералдық демократия. Ол саяси, мемлекеттік шешімдерді қабылдағанда меншікке иелік етуі, жекешілдік, еркіндік сияқты құндылықтарды басшылыққа алады; коммунистік жүйе. Ол әлеуметтік игілікті тең белуге бағдар ұстайды;дәстүрлі саяси жүйе. Ол ат төбеліндей ақсүйектердің саяси және экономикалық үстемдігіне негізделеді; Дамып келе жатқан елдерде қалыптаса бастаған саяси жүйе. Онда авторитарлық басқару белең алады; авторитарлы-консервативтік жүйе. Онда әлеуметтік және экономикалық теңсіздік сақталады, халықтың саяси билікке қатысуына шек қойылады.

Саяси жүйелердің жіктелуі - саяси жүйенің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Саяси жүйені жіктеу зерттеушілер таңдаған өлшемге байланысты. Саяси жүйені жіктеудің ең кең тараған тгрі, оның саяси тәртібіне қарай тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық деп бөлінуі.Француз саясаттанушысы Ж.Блондель саяси жүйені басқарудың мазмүны мен түрлеріне сай оны 5 түрге бөледі:либералдық демократия. Ол саяси, мемлекеттік шешімдерді қабылдағанда меншікке иелік етуі, жекешілдік, еркіндік сияқты құндылықтарды басшылыққа алады;коммунистік жүйе. Ол әлеуметтік игілікті тең белуге бағдар ұстайды;дәстүрлі саяси жүйе. Ол ат төбеліндей ақсүйектердің саяси және экономикалық үстемдігіне негізделеді;дамып келе жатқан елдерде қалыптаса бастаған саяси жүйе. Онда авторитарлық басқару белең алады;авторитарлы-консервативтік жүйе. Онда әлеуметтік және экономикалық теңсіздік сақталады, халықтың саяси билікке қатысуына шек қойылады.

Саяси қатынастар - саяси билікті пайдалану, оған ие болу және оны қайтадан бөлу төңірегіндегі саясат субъектілерінің өзара қарым-қатынасы. Саяси қатынастар саласы қоғам өмірінің саясилану деңгейіне және саяси-мемлекеттік бақылау ауқымына тәуелді. Саяси қатынастар қоғамның саяси жүйесінің қызметін анықтайды.Саяси қатынастарды келісім, бітімгершілік, ынтымақтастық, қақтығыстық, бәсекелестік деп жіктеуге болады. Саяси қатынастарға саяси дәстүр мен мәдениет, саяси-мемлекеттік институттар және саяси-құқықтық ережелер ықпал етеді.Keлісім - тараптардың бәсекені шектеуге немесе жоюға, кәсіпкерлік қызметте негізсіз артықшылық алуға бағытталған кез келген шарттық (тікелей, деңгейлес немесе конгломераттық) қатынасы.Бітімгершілік- 1. тұлғаның әлеуметтік-психологиялық позициясы, барынша қоғамда қақтығыстарды мақсатты түрде болдырмау; бітімгершілік пацифизм идеологиясында аяқталған идеология формасын алған; 2. сыртқы саяси салада - халықаралық қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге бағытталған мемлекеттер, саяси және мемлекеттік қайраткерлердің, т.б. инициативасы.[1Ынтымақтастық – түрлі мүдделі топтардың бейбіт қатар өмір сүру жағдайында экономикалық, саяси-әлеуметтік, рухани-мәдени және халықаралық мәселелерді бірлесіп шешудегі қабілеттілігі. Ынтымақтастық қоғамдық қатынастардың әр түрлі деңгейінде көрінеді. Микродеңгейдегі ынтымақтастық ретінде түрлі топтардың, ұйымдардың, партиялардың, қоғамдық ұйымдардың белгілі бір мәселелерді ұйымдасып шешіп отыруға ниетін атауға боладыИндивид:адам табиғаттык жалкы жан иесі, Homosapiens тұрінің өкілі. Индивид түсінігінің өзі адамның адамзаттык түрімен бірлікте екенін керсетеді (адамды тұлга ретінде және индивид ретінде танытатын - жекелік түсінігімен шатыстырмау керек);адамзат қауымдастығының жеке өкілі.Саяси қатынастар субъeктілepi - жеке индивидтер, топтар, қауымдар мен түтастай қоғам болып табылады. Осыған орай, саяси қатынастар көп деңгейлі, күрделі және өзара тәуелді болып келеді. Жеке-топтық деңгейде олар саяси және әлеуметтік-экономикалық құрылымдағы осы қатынастар субъектілерінің мәртебесі мен рөліне, мүдделері мен құндылықтарына, әлеуметтік-психологиялық қасиеттеріне тәуелді. Саяси қатынастар деңгейі жоғарылаған сайын оған ұлттық саяси мәдениет, қоғамдық-экономикалық жүйе және өркениет ерекшеліктері ықпал етеді

Саяси қатынастардың ұғымы. Саяси қатынастардың субъект және объекттерi. Саяси қатынастар - саяси билікті пайдалану, оған ие болу және оны қайтадан бөлу төңірегіндегі саясат субъектілерінің өзара қарым-қатынасы. Саяси қатынастар саласы қоғам өмірінің саясилану деңгейіне және саяси-мемлекеттік бақылау ауқымына тәуелді. Саяси қатынастар қоғамның саяси жүйесінің қызметін анықтайды. Саяси қатынастарды келісім, бітімгершілік, ынтымақтастық, қақтығыстық, бәсекелестік деп жіктеуге болады. Саяси қатынастарға саяси дәстүр мен мәдениет, саяси-мемлекеттік институттар және саяси-құқықтық ережелер ықпал етеді.Саяси қатынастар субъeктілepi - жеке индивидтер, топтар, қауымдар мен түтастай қоғам болып табылады. Осыған орай, саяси қатынастар көп деңгейлі, күрделі және өзара тәуелді болып келеді. Жеке-топтық деңгейде олар саяси және әлеуметтік-экономикалық құрылымдағы осы қатынастар субъектілерінің мәртебесі мен рөліне, мүдделері мен құндылықтарына, әлеуметтік-психологиялық қасиеттеріне тәуелді. Саяси қатынастар деңгейі жоғарылаған сайын оған ұлттық саяси мәдениет, қоғамдық-экономикалық жүйе және өркениет ерекшеліктері ықпал етеді.

Саяси мәдениет (ағылш. politicalculture, ағылш. cultura - воспитиние, образование, развитие) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жүмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.

Саяси мәдениет құрылымыСаяси мәдениет құрылымы - ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктер жатады.Ол саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, т.б. Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады.Ол "еркіндік", "тендік", "әділдік", т.б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруден байқалады.Келесі бөлігі - адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы.Саяси мәдениетке саяси бағдар ұстау де кіреді.Ол субъектілердің саяси құбылыстарға қатынасын білдіреді.Ол саяси білімін көтеру немесе оған мән бермеу, саяси жұмысқа белсене қатынасу немесе қатынаспау және т.б. түрде көрініс табуы мүмкін.Саяси мәдениетте әдет-ғүрып, жүріс-түрыстың да орны зор.Саяси мәдениеттің ерекше белгісіне саяси рәміздер жатады.Әр халық өздерінің ғасырлар бойғы дәстүрлеріне сай ұлттық-мемлекеттік рәміздерін жасайды.Оған ең алдымен Жалау, Елтаңба, Әнүран, Ата Заң, үлттық валюта және т.б. енеді.

Саяси мәдениет ұғымының жалпыға бірдей ортақ анықтамасы жоқ. Қазіргі саяси әдебиетте оның 30-дан астам анықтамасы кездеседі. Бұл мәселенің күрделілігімен әлі жете тексерілмегендігін білдірсе керек. Сонымен қатар, саяси мәдениет деп белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығын айтады. Оның қызметі: танымдық, реттеушілік, тәрбиелік, біріктірушілік, қорғау, сабақтастық қызметтері жатады. Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндылықтар жатарды. Ол еркіндік, теңдік, әділдік, әлеуметтік қорғанушылық, автономия, төзімділік және т.б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруінен байқалады

Саяси партия - мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы; қандай да бір таптың немесе оның қабатының мүдделерін көрсететін, белсенді және ұйымдастырылған бөлігі.Алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған. Ал қазіргі біздің түсінігіміздегі саяси партиялар Еуропада XIX ғ. II жартысында пайда бола бастаған. Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік, бұқаралық партия бола калған жоқ. Мысалы, неміс ойшылы М.Вебер саяси партиялардың дамуында келесі кезеңдерді атап көрсеткен:

Саяси партиялардың жіктелуі - М.Дюверже сайлаушылар мен белсенділер санына байланысты:маманданған;бұқаралық деп жіктейді.