Белгілеулер мен қысқартулар

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

 

Нер факультеті

Бейнелеу өнері кафедрасы

Мурат Нұрғиса

 

 

Жалпы білім беретін мектептердің оқу шеберханаларын қазіргі заман талабына сай жабдықтау мүмкіндіктері

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

5В012000 – «Кәсіптік оқыту»мамандығы

Түркістан 2014

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті   Өнер факультеті   Бейнелеу өнері кафедрасы   «Қорғауға жіберілді» ___________ кафедрамеңгерушісі ________ п.ғ.к., доцент м.а. Әуелбеков Е.Б.   КУРСТЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы: Жалпы білім беретін мектептердің оқу шеберханаларын қазіргі заман талабына сай жабдықтау мүмкіндіктері 5В012000 – «Кәсіптік оқыту»мамандығы Орындаған Мурат Н. Ғылыми жетекшісі, п.ғ.к., доцент м.а. Күнпейіс Ж.Қ. Түркістан 2014

 

А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

"Бейнелеу өнері" кафедрасы

 

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі

Е.Б.Әуелбеков

Жалпытехникалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі

пәнінен курстық жұмысқа

ТАПСЫРМА №___

СТУДЕНТ___________________________________ ТОБЫ ____________

аты-жөні

Жұмыстық тақырыбы _____________________________________________

_______________________________________________________________

Тапсырма мазмұны

 

1. Оқу бағдарламасымен танысып, берілген тақырыптың мазмұнын

және мақсатын анықтау.

2. Тақырыпқа сәйкес арнайы және әдістемелік әдебиеттерді іріктеу және зерделеу.

3. Орындалатын тақырыпқа сәйкес жұмыс объектісін немесе лабораториялық жұмысты іріктеу.

4. Орындалатын тақырып мазмұнына сӨйкес жоспар түзу.

5. Кіріспеде тақырыбтың қоғамда алатын орны, мақсатын және әдістемелік міндеттерін шешу көрсетіледі (1,5 – 2 парақ көлемінде).

6. Тақырыпқа байланысты бағдарламаларға шолу жасау.

7. Күнтізбелі тақырыптық жоспар құрастыру.

8. Оқытудың тиімді әдістері мен формаларын ұсыну.

9. Технологиялық және нұсқау карталарын жасау.

10. Шеберхананы жабдықтау.

11. Қорытынды.

12. Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі.

13. Қосымшалар

14. Жұмыстық мазмұны туралы қысқаша аннотация жазу (0,5 бетке дейін).

15. Сызбалар мен техникалық құжаттар ГОСТ талаптарына сай орындалады.

16. Жазбаша жұмыс көлемі 25-30 парақ компьютерде терілген, тексерілген болуы тиіс.

17. Курстық жұмыс жетекшісі пікір жазып, қорғау үшін комиссияға жолдайды.

 

 

Негізгі мәліметтер_______________________________________

_________________________________________________________

Түсінік хаттың мазмұны Орындалу мазмұны Жұмыстың парақ санының көлемі
       
       
       
       
       

 

Графикалық бөлімнің мазмұны Орындалу мазмұны Жұмыстың парақ санының көлемі Формат
         
         
         

 

Әдебиеттер:

1. ____________________________________________________

2. ____________________________________________________

3. ________________________________________________________________

4. ________________________________________________________________

5. ________________________________________________________________

6. ________________________________________________________________

Тапсырманы өткізу мерзімі ___________________________________

Жұмысты қорғау мерзімі ______________________________________

Жұмыстың жетекшісі _________________________________________

(қызметі, аты-жөні, қолы)

Тапсырманы орындауға қабылдадым:

______________________________________________________________

(студент қолы, тобы)

 

 

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер......................................................................................................

Анықтамалар........................................................................................................................

Белгілеулер мен қысқартулар.............................................................................................

Кіріспе ..................................................................................................................................

1. Жалпы білім беретін орта мектептің технология пәнінен оқу процесі.............

1.1. Оқу шеберхана талаптары.........................................................................................

1.2. Оқу шеберхананы станокпен қамтамасыз ету........................................................

2. Оқу шеберханасында бұйым дайындау...................................................................

2.1. Технология пәнін оқытуда оқу - материалдық базаның рөлі..................................

2.2. Технология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелері...................................................

2.3. Үлгілік сабақ жоспары.................................................................................................

Қорытынды...........................................................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................................................

 

 

Нормативтік сілтемелер

 

 

Курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтеме жасалған:

 

- ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауы.

- Қазақстан Республикасының «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасы;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты:

- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде №8424 тіркелген. Жалпы білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына арналған "Технология" білім саласы пәндерінің оқк бағдарламалары - Астана, 2013. - 55б.

- Қазақстан Республикасының және Ғылым Министрінің 2013 жылғы 3- сәуірде № 115 бұйрығымен бекітілген. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2013 жылы 10сәуірде № 8424 тіркелген. Университеттің ішкі нормативтік ережесі:- УЕ-ХҚТУ-015-2014, Курстық жұмысты әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар

 

Анықтамалар

Белгілеулер мен қысқартулар

 

 

ҚР – Қазақстан Республикасы

ЖОО - Жоғары оқу орны

СТД-120 - ағаш өндеу станогі

% - пайыз

м/с – метр секунд

Гц – гига герц

ОВП-5 - өрт сөндіргіш баллоны

м2 – метр квадрат

мм – миллиметр

ЭТ-62 - электроқайрақ

НС-12 типтегі бұрғылау станогы

Квт – киловатт

И-78 - марклі дискалы ара

И-93 - маркілі электролобзик

И-2УА – электросүргілер

°С - градус цельский

См – сантиметр

ОТҚ - Оқытудың техникалық құралдары

 

Кіріспе

Зерттеудің көкейтестілігі. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде егемендік алған жылдардан бастап әлемдік білім беру стандарттарына сай білім берудің талаптары күшейтілуде. Осындай талаптардың қойылу арқасында Елбасының жыл сайынғы кезекті жолдауында бүгінгі жастарға білім беру мәселесі бірінші кезекте қойылып үкімет тарапынан қадағалануда. Жауапты міндеттерді атқару жоғары оқу орындары құрлымында «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша білім беріп жатқан оқытушы-профессорлар құрамымен мектеп мұғалімдеріне жүктеленетіні белгілі. Жалпы білім алушылармен мектеп оқушыларының білім деңгейлерін жан-жақты дамыта түсуде күнделікті сабақтардың ролімен бірге мектеп оқушыларын ұлттық қолөнерге деген қызығушылықтарын арттырудың маңызы зор болып саналады.

Сондықтан, ең бірінші кезекте ұлттық мәдениетімізді меңгермей, мәдениетті адамзат тәрбиелеу және ұлттық сананы қалыптастыру мүмкін емес. Қай кезеңде болсын адамзат алдында тұратын мұрат-міндеттердің ең бастысы, өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу болып табылады.

Білімді, жан-жақты тәрбиелі жастар ұлтымыздың баға жетпес қазынасы, сондықтан бүгінгі жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсірудегі халық қолөнерінің тәлім-тәрбиелік, танымдық ролі орасан зор. Халық бұрын ғылым мен білімге қолы жетпесе де, сұлулық пен әсемдікті талғай да, таңдай да білген. Өз тұрмысы мен мәдениетін де, қолөнерді мұрат тұтып жетілдіре білген. Әрбір өнердегі шеберліктің сан саласын асқан ұқыптылықпен көкірегінде қастерлей сақтап, меңгеріп, біздің дәуірімізге ұштастырғаны белгілі.

Елбасының кезекті «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды құру жеке адамдардың, қоғамның және еңбек нарығының талаптарын қанағаттандыра алатын бәсекеге қабілетті отандық білім беру жүйесін қалыптастыруды талап етіп отыр. Осыған орай, бүгінгі таңдағы білім жүйесінің ерекшелігінде ұстаз тек қана жалпыға міндетті стандартты орындаушы ғана емес, ол шығармашыл ұстаз ретінде қызмет көрсете алатын мүмкіндікке ие болуы керек деп атап көрсетеді.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласындағы тың өзгерістерді жаңаша дамытуда Елбасының өзі тікелей үкімет алдына қоя білгендігін, еліміздің әрбір өңірінде орналасқан білім беру мекемелерінде атқарылып келе жатқан жұмыстарды атап кетуге болады. Оның айғағы ретінде елімізде соңғы жылдары қабылданып жатқан ҚР Президенті Жолдауында атап өтілген кәсіптік техникалық білім беруді дамытудың негізгі талаптарына аса зор көңіл бөлініп отырғанын білеміз.

Осындай жауапты жұмыстарды атқаруда кәсіптік білім беретін оқу орындарымен мектептің барша ұстаздар қауымы жемісті еңбек ете білуі керек. Әрбір пәннің мақсат міндеттері де біз атап отырған өзекті мәселелерді шеше білуі керек. Негізгі мектептегі технология сабағьнда 5-11 – сынып оқушыларының технологиялық дайындығын арттыру мақсатымен оқушыларда технологиялық білім мен ептілікті қалыптастыруды қамтамасыз ететін дидактикалық кұралдардың, тәсілдердің, әдістердің жиынтығының тиімділігі көп жылғы тәжірибе барысында қалыптастыратыны белгілі.

Жалпы білім беретін орта мектептердегі өтілетін технология пәні сабақтарының тақырыбын жоспарлауда оқу материалын қайталамауға, зерделенетін фактілер мен кұбылыстардың мәнін түсіндірудегі тәсілдерді анықтау мен жекелеген ұғымдарды қалыптастырудағы дәйексіздікті түзетуге ұмтылу қажет. Технологиялық принципті жүзеге асыру мақсатында оқыту әдістерінің, тәсілдерінің және дидактикалық құралдардың ең тиімдісін қолдану мектеп оқушыларын практикалық оқытуға дайындаудағы мұғалімнің іс - әрекетінің кажетті буыны болып табылады.

Қазіргі кезде оқушыларға меңгертілетін қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер түрлерін жүйеге келтіруде және оны оқытушылар тарапынан басқаруға байланысты бірқатар талпыныстар жасалуда. Бұл мектептің «Технология» пәні бағдарламалары бөлімдеріне қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер бағыттарын ендіруге байланысты туындап отыр.

Технология пәні сабақтарының негізгі мақсаттарының бірі - алғаш білімдерін практикада қолдануға үйрету, дағдыландыру, теориялық білімнің негізінде практикалық дағдыны, ептіліктерін қалыптастыру жолын қарастыру, яғни:

- оқушы өзінің болашақ мамандығын таңдауына бағыт алады;

- еңбек етуге машықтандыру арқылы икемділігін, ептілктерін, іскерлік пен шеберлік дағдыларын қалыптастырады;

- мектеп оқушылары қолөнер сабақтарында өздерінің шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға жол ашады.

Жоғарыда атап өтілген негізгі міндеттерді атқаруда ЖОО-дың құрамында арнайы мамандар даярлап шығаратын «Кәсіптік оқыту» мамандығының студенттеріне сәндік қолданбалы өнер негізінде көптеген бұйымдарды дайындап үйренуге оқу жоспарларындағы кәсіптік бағыттағы негізгі пәндердің бірі болып енгізілген. Сондықтан болашақ мамандар қазақ халқының ұлттық өнері туралы теориялық білімдермен бірге практикалық жағынанда жан-жақты білім алып шығады.

Дегенмен, студент жастарымызбен мектеп оқушыларының білім сапасын арттыру бірінші кезекте ұстаздар қауымымен мектеп мұғалімнің кәсіби шеберлігіне, оқушылардың оқу іс-әрекеттерін педагогикалық сауатты ұйымдастыра білуіне байланысты болса, екіншіден мектеп оқушыларының сабақтарда ұлттық қолөнерге деген қызығушылықтарына да байланысты болып келеді.

Бүгінгі таңда мектеп оқушыларын еңбекке дайындауда оқыту әдістемесіне ресейлік педагог ғалымдар П.Р.Атутов, В.А.Поляков, Д.Тхоржевский, қазақстандық педагог ғалымдар О.Сыздықов, К.Өстеміров, С. Жолдасбекова, Ж.Күнпейіс, Б.Ортаев және т.б. ғалымдардың еңбегін атап өтуге болады.

Зерттеу жұмысының нысаны: Жалпы білім беретін орта мектептің оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеу пәні: Технология пәні арқылы жоғары сынып оқушыларын ұлттық қолөнерге баулу.

Зерттеу мақсаты:«Технология» пәнінде сәндік қолданбалы өнер жұмыстары арқылы жоғары сынып оқушыларының ептіліктерін қалыптастырудың мүмкіндіктерін, мазмұнын анықтау.

Зерттеу міндеттері:

- технология сабақтарында сәндік қолданбалы өнер жұмыстарын ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің мәнін анықтау;

- дәстүрлік қолөнер түрлерін үйретудің, ұйымдастырудың әдістемесін айқындау;

- оқушылардың ептілігі мен дағдыларын қалыптастыруда қолөнер жұмыстарына оқушылардың қызығушылықтарын айқындау;

Зерттеу әдістері:

- психологиялық, педагогикалық, этнографиялық көркем әдебиеттермен бірге әдістемелік және арнайы оқу құралдарына шолу жасау;

- тақырыпқа байланысты қажетті материалдарды жинақтау, талдау, сараптау;

- мектептің пәндік жоспарына сәйкес технология сабақтарында ұйымдастырылатын сәндік-қолданбалы өнері негізінде практикалық сабақтарын оқыту үдерісін бақылау;

Курстық жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.